Файл: Диссертация ылыми жетекшісі П.. к., доцент Навий Лиза азастан Республикасы к кшетау, 2023.docx
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 408
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоспарланған білім беруді ұйымдастырып іске асыруда оқушылардың қол жеткізген нәтижелерінде зерттеушілік іс-әрекетінің мәні мен маңыздылығын, зерттеу жүргізудегі әрекеттердің дағдыларын анықтап, негіздеп беретін еңбектердің болуына қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі арнайы жүйелілікпен қарастырылмағандығының орын алып отырғандығын жою бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға негіздейді. Осының негізінде орта білім беруде зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру жүйесіне, соның ішінде бастауыш білім беру кезеңінде сатылы-кезеңдік дамуына мұқтаж оқушылардың зерттеушілік құзыреттілік негіздерін жетілдірудің құрылымды-мазмұндық моделін дайындау мен оны теориялық негіздеу мәселесі басшылыққа алынып отыр.
Рухани - көркем бейнелік сферасы қалыптасқанда оқушы өзге адамдар мен өз табиғаты мен ішкі әлемі, көркем шығарма туралы пайымдай алады.
Шығарма мазмұнының өрбіуін, кейіпкерлердің жан дүниесін, мінез - құлқындағы өзгерісті, табиғат құбылыстарын түсініп қабылдайды.
Адам сөзінің әсерін, әдеби шығарманың тілін ұғына отырып, сипаттай алады.
Мұғаліммен басшылығымен әдеби шығармалардағы адам қарым- қатынасының эмоционалды - эстетикалық мәнін түсіне отырып, шығарманың рухани мәнін қабылдайды.
Көркем шығарма кейіпкерлерін өз қиялындағы идеал бейнеге қосып алады. Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдайды. Көркем шығарма мазмұны талдай отырып, шығарма мазмұны бойынша өмірлік жағдаяттарды шешу жолдарын біледі. Шығармадағы оқиғаға байланысты өз көзқарасын
білдіре алады. Мәтінді талдау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алады. Кейіпкердің шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
Ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) Сай өңдеп, жүйелеуді.
Көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді [4].
Мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді.
Әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды. Көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды. Ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды.
Сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды.
Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды.
Көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым- қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді. Қарым - қатынас сферасы
Бастауыш сынып оқушысының мұғаліммен, сыныптастарымен, басқа балалармен ынтымақтасуға жеке белсендік танытуы. Адамдармен диолог құруды әңгімелесудің ерекше формасы ретінде қалыпты мінез - құлық танытуды қажет етіп, диалог мақсатын ұғынуы.
Мектепте оқу еңбегін, қоғамдық тәртіпті сақтау, табиғатқа қатынасты, даулы жағдайды мәдениетті шеше білу қарым- қатынас нормаларын игеруі.
Әңгімелеу жағдайына бағдары бар: әңгімелесуші сөзін тыңдай алады, әңгімелесушінің коммуникативті еміренуін түсіне алады, әңгімелесуде өзгенің реакциясын бағалай алады, сөзін дұрыс құра біледі, қажетінше өзгертіп, түзете алады.
Әртүрлі топтардың
әрекетіне (ұйымдастырады, орындайды, сынайды, топтың позициясы жақтап сөйлейді, бақылай) кірісе алады, ым- ишыра, белгіні диалогке түскенде, сабақ барысындағы пікірталаста көрсете біледі.
Кебір жағдайларды анықтау үшін сұрақ қоя алады, тыңдай, түсіне, өз түсінгенін тексере алады [5].
Автор шығармасын сынай алады, автордың негізгі ойын, идеясын түсініп, өзге шығармалармен ұқсастығын анықтайды, ойды өрбітеді, қарама- қайшылықты анықтайды, кемшіліктерді көреді.
Сыныптастарымен шағын топтардың жұмыстарын сараптай алады.
Хат, құттықтау, хабарландыру жаза алады. Біріккен іс- әрекетте өзі үшін, өзге үшін жауапкершілік алады. Білімді игеру әрекеті сферасы арқылы.
Оқушы өзін - өзі реттеу мен өз іс – әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін меңгерген, оқу әрекеті тек өзіне қатысты екенін түсінеді, өзін- өзі ұйымдастыру қабілеті келесі функционалдық әрекетінде байқалады:
-
Дене жаттығуларын жұмыс қабілетін жақсарту, зейінін шоғырландыру, ой – еңбегі арқылы, сөз, дене шаршауын басуда қолдану. -
Әңгімеге тарта алады, әңгімені көзқарасымен, ым - ишрасымен, сұрақтарымен қолдай алады. -
Өз жұмыс орнын, уақытын ұйымдастыра алады. -
Оқу- әрекетінде белсенділік танытады, өздігінен пікір, байлам жасайды, түсінбеген тақырыптарды анықтауға талпынады, оқу әрекетінің құралдары мен тәсілдерін біледі, қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. -
Есте сақтаудың рационалды тәсілдерін біледі.
Оқудың мұғалім анықтаған мақсаттарын түсінеді, өз бетімен мақсат келесі жұмыстарда анықталады:
-
Мұғалімнің басшылығы, сыныптастарымен бірге оқу жағдаятын талдай алады, өз мүмкіндіктерін бағалау мен ондағы мәселелерді көре алады. -
Біліміндегі кемшіліктерді өздігінен түсінеді, жаңа міндеттерді шеше алады. -
Сыныптастарымен бірге сызбаға қажетті сұрақты, жетімсіз немесе қажет амалдың мақсат міндетін түсінеді, өздігінен оқу тапсырмасы мақсатын анықтай алады. -
Мұғалім басшылығымен әртүрлі оқу мақсаттарының ара- қатынасын топтық жұмыста анықтайды, талдайды.
Оқу мақсатына жету үшін, оқу міндетін шешу үшін іс - әрекет ұйымдастыра алады:
-
Ойластыра отырып, міндеттерді шешу үшін өздігінен бірнеше әрекет түрін жоспарлайды. -
Бір мақсатты шешуде әртүрлі жоспарды салыстырады, таңдау жасай алады. -
Оқу міндетін шешу үшін ең тиімді құралды таңдай алады. -
Үлкендердің көмегімен уақытқа тапсырманы бағдарлай алды.
Оқу міндеттерін орындауда қолдану шегін, шешу тәсілі мен шарттарын нақтылай алады:
-
Мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптардан төмен емес деңгейде таныс өмірлік жағдаяттарды өздігінен тапсырмалық тұрғыда орындайды. -
Сыныптастарымен бірге жаңа шарттардың белгілі тәсілдердегі өзгерісі мен ерекшелігін анықтай алады. -
Өздігінен немесе өзімен жастылармен қолданылатын тапсырмалар іріктейді, тапсырманы орындау тәсілдерін түсінеді, игерген, игермеген білім шегін кіші жастағылармен анықтай алады. -
Шапшаң, мәнерлеп, дұрыс оқи алады, оқыту барысындағы графикалық тілді қолданады, кесте, сызба, модельдермен жұмыс істей алады. -
Қолданыс жағдайында пайда болған, іс - әрекет нәтижесіне жету үшін, кедергілерді жеңу бағытында, шешуге қатысты мәліметтер мен туындаған сұрақтарды жинақтайды, тіркейді. -
Заттарды сөзбен, ғылыми тұрғыда, бейнелік тұрғыда сипаттай алады, шынайы түрде бір - бірне байланысы мен қатынасын түсінеді [6].
Бағдарлық (нысаналық) ептіліктер:
-
Қажеттілігіне орай мұғалім, кітапханашы ұсынған әдебиеттерді өздігінен таңдай алады. -
Оқу мәтінінің тақырыбымен, оқу мазмұны жайлы ақпаратпен, мұқабамен, алғы сөзбен жұмыстар жасай алады. -
Автордың негізі ойын, мәтін тақырыбында тұрған сөздің тұру мақсатын анықтап, мәтіннің сезіміне қалай әсер ететінін сипаттай алады. -
Қандай жаңа ақпарат алатынын, оқудың барысында қандай мақсатқа жететінін, аталған ақпаратты алудың қажеттігін түсінеді.
Ақпарат құрылымы мен оны оқып- танысу тәсілін игеруі
-
Мәтінмен жұмыс істеу мақсатын анықтап, мақсатқа жету жолын жоспарлап, өзбетінше мәтінмен танысып, мазмұнын түсініп, мәтінді мағыналық бөлімдерге бөледі, мәтінді автордың жазу мақсатына сай негізгі ойды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, логикалық және мағыналық байланыстарды көре алады, мәтінді қорытындылап, жалпылай алады. -
Мәтін барысында анықталған оқиға желісіне байланысты мағынанық ойларды анықтап, оларды бір бөлімге біріктіре алады. -
Мұғалім басшылығымен анықталған ақпараттың маңыздылығына баға бере алады. -
Мәтін тақырыбының мақсаты, тақырып бойынша сұрақтардың, оқу нәтижесімен, басқа зерттеу көздерінен түскен ақпаратпен ара - қатынасын сыныптастырымен бірге ақпаратты синтездей алады.
Мәтінмен жұмыс нәтижесіне байланысты қорытынды ойды жазба түрінде жаза алу тәсілдерін игеруі
-
Өздігінен жазбаша түрде мәтіннің қарапайым не күрделі жоспарын құра алуы. -
Сыныптастарымен бірге оқыған мәтін мазмұнына байланысты графикалық кескін немесе сурет, сызба түрінде сипаттай білуі. -
Мұғалім басшылығымен мәтінді игеру алгоритімін құра алуы. -
Негізгі мәтін мазмұнымен графикалық кескін немесе сурет, сызбаның ара - қатынасын анықтай алады. -
Мұғалім басшылығымен бір тақырыппен жазылған әртүрлі мәтіндерді салыстыра алады.мәтін мазмұнына орай сұрақтарды құрай алуы [7].
Таныс мәтінді еске түсіре отырып, талдай алу білігі:
-
Ауызша мәтін бойынша сұрақтар жүйесін, негізгі ойды қысқаша сипаттап, баяндай алуы. -
Мәтін мазмұнын, оқылған ақпаратты жоспар, сызба бойынша кең көлемде баяндай алуы. -
Сыныптастарымен бірге мәтін мазмұнының кейіпкерлері бейнесінде, мұғалім немесе сыншы көзқарасымен шығармашылық тұрғыда мазмұнын баяндай алуы. -
Тақырыптары ұқсас мәтін мазмұндары бойынша оқытылған мәтін кейіпкерлер бейнесін салыстыра отырып, өздігінен мысалдар келтіре алуы, жалпы тақырып құрылымына қолдана алуы.