Файл: Дипломды жмыс 5В010500 Арнайы жне инклюзивті білім беру мамандыы араанды . 2022 азастан Республикасы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 174

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті


А.Т. Марат

Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамыту жолдары

Дипломдық жұмыс
5В010500 – Арнайы және инклюзивті білім беру мамандығы

Қарағанды қ.

2022

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды университеті


«Қорғауға жіберілді»

кафедра атауы____________________

кафедра меңгерушісі___________

А.Ә. Тегі

Қолы


5В010500 – Арнайы және инклюзивті білім беру мамандығы бойынша

«Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамыту жолдары»

тақырыбындағы

Дипломдық жұмыс

Ізденетін дәреже: бакалавр
Орындаған: студент

А.Т. Марат

____________

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы

А.Т.Арбабаева

____________

Ғылыми кеңесші: м.ғ.д., профессор

Қ.С.Тебенова

____________

Қарағанды қ.

2022

Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3

1 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері.................................................9

1.1 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетінің ерекшеліктері мен дамыту жұмыстарының мазмұны ...........................................................................................9

1.2 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға берілетін ұсыныстар.................................................................29

2 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыс дәптерін құрастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері..................................................................................................36

2.1 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыс дәптерінің мазмұны...............................36

2.2 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау, эксперимент нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау...........................................................................................................................42

Қорытынды..........................................................................................................53


Пайдаланылған дереккөздер тізімі....................................................................56

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан – жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Яғни, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар отбасының әлеуметтік – педагогикалық мәселелерін зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Психикалық дамуы тежелген балалар тұлғасын зерттеу мәселесі қазіргі әлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайындағы дамуына үлкен өзгерістер келтіреді, яғни оның тұлғасының қалыптасу процесіне әсер етеді.

Балалар құқығы (1959 ж.) Декларациясында былай деді: «Барлық балалар нәсіліне, түріне, ақ – қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да қоғамдық түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы. Ерекше мейіріммен қорғалуға, сондай – ақ дұрыс тамақ ішуге, баспана және медициналық, әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуге, тәрбиеленуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата – анасының және де басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын – туыстары жәрдемдесе алмаса, онда мемлекеттің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы...»

Жыл санап білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларға деген қоғамның көзқарасы оң тарапқа өзгеріп келеді. Бұл ерекше балалардың өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға тез бейімделуіне ықпал етеді және өздерін сол ортада еркін ұстауға мүмкіндіктер туғызады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын қалыптастыруда және ойлау ерекшеліктерін дамытуда күнделікті сабақта ойындарды қолдану маңызды рөл атқарады. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға әртүрлі ойындарды ойнатып, жаттығуларды қолдану арқылы олардың ойлау әрекеттерін дамытамыз және олардың психикалық қабілеттерінің дамуына және өз ортасындағы адамдармен қарым – қатынас орнатуына ықпал етеміз.

Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығы және оқыту, тәрбиелеу проблемалары маңызды және өзекті болып саналады. Қазіргі арнайы мектеп, оның ішіндегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп өзінің тәрбиеленушілерін өзіндік өмір сүруге дайындап, түзету және оңалту жұмыс барысында жеке даму қабілетін қалыптастырады.



Қазіргі таңда психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамыту өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамыту ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыс дәптерін теориялық негіздеу және тәжірибе жүзінде өңдеп, тиімділігін тексеру.

Зерттеу жұмысының объектісі: психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілеті.

Зерттеу жұмысының пәні: психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау ерекшеліктерін дамыту процессі

Зерттеудің міндеттері:

  • Зерттеу мәселесі бойынша теориялық тұрғыда қарастыру және аша түсу.

  • Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетіне психологиялық зерттеу жасау және жүргізу

  • Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыс дәптерін өңдеу, эксперимент жасау.

  • Эксперимент барысында психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыс дәптерінің тиімділігін тексеру.

  • Зерттеу барысында алынған нәтижелерге талдау жасау және жүргізілген зерттеу бойынша қорытынды жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыс дәптерін оқу процессінде қолданса психикалық дамуы тежелген оқушылардың оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетінің даму деңгейі ғана емес оқуға деген ынтасын да біршама жоғарылатуға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және теориялық маңыздылығы:

  • психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетінің ерекшеліктері анықталды;

  • психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамыту бойынша жұмыс мазмұны мен бағыты анықталды;

  • психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін дамытуға арналған жұмыс дәптері өңделді.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетін жұмыс дәптері арқылы дамыту, сабақ барысында және түзету сабақтарында қолдануға болатындығында.


Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың ғылыми – теориялық негіздері

1.1 Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық дағдыларындағы ойлау қабілетінің ерекшеліктері мен дамыту жұмыстарының мазмұны

Психикалық дамудың тежелуі – бұл 60-шы жылдары орыс психологиясында қалыптасқан тұжырымдама. ХХ ғасырдың негізінде және осыдан он жыл бұрын басталған, қарапайым мектепте оқуда тұрақты проблемалары бар және ақыл-есі кем деп диагноз қойылған, арнайы оқу кезеңінде қысқа оқу кезеңінен кейін (көмекші) мектеп өте сәтті алға ұмтыла бастады және айтарлықтай әлеуетті мүмкіндіктерді тапты. Көптеген жағдайларда, оларға тиісті педагогикалық көмек пен ұйымдастырушылық көмек ұсына отырып, қарапайым мектепте білімін жалғастырды. Бірінші жағдайда балалар тұрақты сәтсіз деп сипатталды, екіншісінде – көмекші мектепте «психикалық дамудың тежелуі» терминін енгізгенге дейін — балалардың жағдайы псевдо – олигофрения ретінде анықталды.

Балалардың екі тобын егжей – тегжейлі әдістемелік психологиялық зерттеу олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді және осы санаттағы барлық балалар психикалық дамудың уақытша тежелуі ретінде сипаттала бастады. Осыдан кейін балалардың осы тобының атауындағы белгілі бір артықшылық жойылып, «психикалық дамудың тежелуі» термині бекітілді. Батыс елдерінің психология мамандары, тәрбиешілері мен медицина қызметкерлері де осы типтегі балалармен кездесіп, оларды зерттеумен айналысты, ал тәсілге байланысты (медициналық немесе психологиялық – педагогикалық бағдарлау) әртүрлі терминология қолданылды және зерттеу мазмұны әртүрлі міндеттерге шоғырланды. Мұндай балалар туралы алғашқы іргелі жария басылым 1947 жылы АҚШ-та шыққан А. Страус пен Л. Летиненнің «Психопатология және мидың зақымдануы бар баланы оқыту» монографиясы болды, онда мұндай балалардың ерекшеліктері сипатталған [4].

Психикалық дамудың тежелуі педагогтар мен психологтардың алдыңғы қатарлы маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Олар кемақылдылар қатарына жатпайды, десек те білім қорының көлеміне қарай олар бастауыш сыныптарда мектеп бағдарламасын игеруге мүмкіндіктері жетпейді. Психикалық дамуы тежелген балаларды барлық жағынан зерттеу 1960 жылдардан бастау алады: осы уақыттары енгізілген білім беру жүйесіндегі өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделене бастауы көптеген оқушылардың сабаққа деген үлгерімін төмендетті. Осы кезеңдерде шет мемлекеттерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми – зерттеулер қалыптаса бастады. Англия, Германия, Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға қызығушылығы жоқ балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілдермен зерттеу арқылы нәтижесінде «оқытуда қиындықтар кездесетін», «тәртібі бұзылған», «оқуға қабілеті төмен», «миында болмашы зақымданулары бар», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған» деген балалар тобы шыға бастады. Мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың бәріне тиісті кемістік ол – үлгермеушілік. Оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық көрінетін танымдық әрекеттердің кейбір түрлерінің уақытша тежелуі немесе қалыптаспауы. Психикалық дамуыдң тежелуі көп жағдайда 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды кемақылдылықтың дәрежесі бар балалармен айырмашылығын ажырату үшін, Г.Е. Сухарева «психикалық дамуы тежелген балалар» деген терминді енгізді. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданыста. Бұл балалардың интеллектісі кемақылдылықтан жоғары, ал қалыпты дамыған интеллектіден көп төмен. Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуы да мүмкін [5].


В. Филип пен П.Бочкур үлгерімі төмен оқушылар арасында «Субнормальды оқушылар» тобын бөліп көрсетті, оған ақыл-ой кемістігі мен психикалық инфантилизмнің «жұмсартылған формалары» бар балалар кірді, олардың төмен оқуы уақытша сипатқа ие. Авторлар бұл балалар тобын уақытша қалыпты емес деп атады.

Отандық зерттеушілер үлгермеуші оқушыларды клиникалық саралау мәселесіне көп көңіл бөлді. И. Борисов педагогикалық немқұрайлылық пен олигофрениядан ерекшеленетін «жалпы дамуы төмен» балалар тобын анықтады. Оның айтуынша, мұндай балалардың саны жасына қарай біртіндеп азаяды. Е.М. Захарян және М.А. Голозко «қиын» және оқуда үлгермеген балалардың психофизикалық жағдайын сау, тәртіпті және жақсы жұмыс істейтін құрдастарының бақылау тобының ұқсас мәліметтерімен салыстыра отырып, алғашқы физикалық жетілмегендіктің, жалпы дамудың нашарлығы, қызығушылықтың жоқтығы, есте сақтау қабілетінің төмендігі, психикалық процестердің тежелуі, эмоциялардың дамымауы және психикалық тонның төмендеуі сияқты белгілерді атап өтті. Олардың кейбіреулерінде абайсыздық, эгоцентризм, шамадан тыс қозғалыс белсенділігі байқалды.

С.И. Федоров 500 үлгерімі нашар оқушыны тексергеннен кейін денсаулығы нашар және дене бітімі жетілмегендігімен ерекшеленетін дамуы тежелген балаларды анықтады. Автор ақыл – ойдың бірқатар аспектілерін бағалаудың өзіндік әдістерін жасады: қабылдау, есте сақтау, зейін, комбинаторлық және конструктивті қабілеттер, жүйелеу қабілеті, логика. Н.И. Озерецкий дамудың баяу қарқынында олигофренияға қарағанда әлеуетті мүмкіндіктер әлдеқайда жоғары екенін анықтады. Оларды жүзеге асыру балалармен педагогикалық және тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.

Психикалық дамуы тежелген балалардың қалыптасуын жан – жақты зерттеу 60-70 жылдары арнайы психологияда дамыды. Бұл мектеп практикасының қажеттіліктеріне негізделген, жаңа күрделі бағдарламаларға көшуге байланысты тұрақты үлгермеуші оқушылар арасында білім беру проблемалары тез өсті. Т.А. Власова және М.С. Певзнер мұғалімге көмектесу үшін психикалық дамудың тежелуі бар балалар туралы клиникалық деректердің алғашқы жалпылауын және олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жалпы ұсыныстарды берді [6]. Психикалық дамудың тежелуі, оның белгілерінің алуан түрлілігіне қарамастан, оны ұқсас бұзылулардан шектеуге көмектесетін бірқатар белгілермен сипатталады: педагогикалық немқұрайлылық және ақыл – ойдың дамуы. Психикалық дамуы тежелген балаларда жеке анализаторлар мен мидың органикалық жарақаттарының бұзылуы болмаса да, олар тез шаршау, өнімділіктің төмендеуі аясында мінез – құлықтың күрделі формаларының жетілмегендігімен, мақсатты белсенділігімен ерекшеленеді.