ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 183
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Аннотация
Пәннің мақсаты мен міндеттері: |
Мақсаты: 7 модульді пайдалана отырып, студенттердің болашақ педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыра білуді меңгерту. Адамдардың өмір сүру іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процестегі тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру. |
Міндеттері:
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: |
-мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің міндеттері мен оларға қойылатын талаптарды; -педагогикалық кеңесті өткізу әдістемесін; -семинар,семинар-практикумды өткізу жолдарын; -әдістемелік жұмыстардың жаңа формаларын; -мектепке дейінгі ұйым және мектепке дейінгі тәрбие жұмыс жоспарын, бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендерін; -ата-аналармен жұмыс формаларын білуі; -педагогикалық ұжымды басқара білу біліктілігі; -оқу-тәрбие үрдісіне басшылық,бақылау жасай білуі; -педагогикалық үрдістерді талдай білуі; -мектепке дейінгі ұйымның жұмыстарын жоспарлай білуі. Пререквизиттер: педагогика, дидактика |
2. Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары
№ | Сабақ тақырыбы | Сағат саны |
Чат-сабақ бойынша | ||
1 | Конструктивті оқыту әдістемесі Конструктивті оқыту әдістемесі пәні және оның негізгі ұғымдары; Оқыту және оқу салалары Конструктивті оқыту әдістемесі Ұстаздың жаңа қызметтері | 1 |
2 | Бірлескен және топтық жұмыс Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» туралы түсінік. Топты ұйымдастыру ережелері. | 1 |
3 | Оқыту мен оқудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану ЮНЕСКО әзірленген АКТ құзіреттілігі стандарттары Мұғалімнің кәсіби дамуы және білім беру реформасы. АКТ ны қолдану жолдары. Аудио және подкастинг. Білімнің технологиялық аспектілері | 1 |
4 | Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау дағды ретінде. Сын тұрғысынан ойлау психикалық үдеріс ретінде. Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика | 1 |
5 | Талантты және дарынды балаларды оқыту. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. | 1 |
6 | Пікірталас. Пікірталас және оны ұйымдастыру жолдары Пікірталастың ережелері, Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер. | 1 |
7 | Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Білім беру міндеттері. Тәрбиелік міндеттері | 1 |
8 | Оқу үшін бағалау және оқудағы бағалау Бағалаудың мақсат міндеттері. Бағалаудың түрлері | 1 |
9 | Оқытуды басқару және көшбасшылық | 1 |
10 | Lesson Study әдісінің тиімділігі Lesson Study тәсілін қолдану Lesson Study тәсілін қолдануда 7 қағидат. | |
| Барлығы | 10 |
Форум бойынша | ||
1 | Ойындар Рөлдік ойындар және оны ұйымдастыру жолдары. Іскерлік ойындары. Өндірістік ойындар. Имитациялық ойындар | 3 |
2 | Оқытудағы басқару және көшбасшылық Балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар | 3 |
3 | Оқу сапасы және оқушылардың білімін бағалау. Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері. Бағалаудың мағыналары. Бақылаудың түрлері | 3 |
4 | Lesson Study тәсілін қолдануда, Lesson Study-ді жоспарлауды ұйымдастыру | 3 |
5 | Оқу үшін бағалау және оқудағы бағалау. Оқыту үшін бағалаудың маңызы. Табыс критерилері | 3 |
6 | Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс | 3 |
7 | Оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау | 3 |
8 | Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Танымдық даму және жас ерекшеліктер. Оқытудағы тәсілдер(бихиоверистік, гуманистік,танымдық,әлеуметтік жағдаяттық тәсілдер) | 3 |
9 | Оқытудағы басқару және көшбасшылық. Терең кәсіби біліктілік. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жолдары | 3 |
10 | Lesson Study әдісінің тиімділігі. Lesson Study тәсілін қолдану. Lesson Study тәсілін қолдануда 7 қағидат | 3 |
| Барлығы | 30 |
3. Студенттің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№ | Өзіндік жұмыстардың тақырыбы | Сағат саны |
1 | Конструктивті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері | 1 |
2 | Сабақты даярлау үшін конструктивті оқыту әдістемесінің компоненттерін пайдалану | 1 |
3 | БАОӨЖ және БӨЖ даярлау және ұйымдастыру үшін қазіргі білім беру технологиясының компоненттері | 1 |
4 | Метатану туралы түсінік,аспектілерін санаттау | 1 |
5 | Білімнің технологиялық аспектілері | 1 |
6 | Топтық жұмыс | 1 |
7 | Талантты және дарынды балаларды анықтайтау жолдары . | 1 |
8 | Мектептегі жаңа білім беру технологиялары | 1 |
9 | Lesson Study тәсілін қолдануда, Lesson Study-ді жоспарлауды ұйымдастыру | 1 |
10 | Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс | 1 |
11 | Оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау . | 1 |
12 | Жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну; пән бойынша педагогикалық білім. | 1 |
13 | Оқушының дербес қабілетін айқындау | 1 |
14 | Отбасы портретінің диагностикалық картасын жасау | 1 |
15 | Сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық ағартудың жоспарын жасау. | 1 |
4. Глоссарий
Білім мазмұны-оқыту үдерісі компоненттерінің бірі.
Білімнің базалық мазмұны - жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемі.
Міндетті оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін әрбір оқу пәні бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Вариативтік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне енетін әрбір оқу курсы бойынша білім, шеберлік және дағды мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Білім алушының дайындық деңгейі – тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.
Білім мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
Білім мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі – білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басым мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу –тәрбие үдерсін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнның, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелерінің, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығы.
Модуль –қандайда бір жүйенің, ұйымның нақты біршама дербес бөлігі.
Педагогикалық диагностика - 1. оқу-тәрбие үдерісін тиімді ету немесе оның нәтижесінің қоғам үшін маңызды екенін негіздеу мақсатымен оқу-тәрбие үдерісінің барысында оның алғы шарттары, жағдайы және нәтижесі зерттелетін іс-әрекет; 2. оның нәтижелерінің жағдайының себептерін анықтайтын іс-әрекет.
Іскерлік ойындар - болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Проблемалық оқыту –дидактика мен озық педагогикалық тәжірибенің дамуының қазіргі деңгейі.
5. Дәрістер жиынтығы
Дәрістік сабақ конспектілері (тезис)
Дәріс -1. Конструктивті оқыту әдістемесі
1. Конструктивті оқыту әдістемесі пәні және оның негізгі ұғымдары;
2. Оқыту және оқу салалары
3. Конструктивті оқыту әдістемесі Ұстаздың жаңа қызметтері
-
Таным және оқу
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Мұғалімнің рөлі оқушыларға:
● ақпаратты сақтауға және толықтыруға (жады); ● мәтінді оқудағы, жазудағы және математикалық есептегі қиындықтарды жеңуге мүмкіндік беру деген тұжырыммен келісесіз бе? |
Ең маңыздысы, мұғалімдер оқу мақсаты – бұл оқушылар істеуге тиіс нәрселер ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз бетінше жұмыс істеуге көмектесу екендігін түсінулері керек.
Мұғалім көптеген жолдар арқылы оқушыға оқу жоспарын меңгеруіне көмектесе алады.
Төменде келтірілген стратегияларды талқылаңыздар. Топтық пікірталас кезінде қалыптасқан өз идеяларыңызды ұсыныңыздар.
Біз бірнеше стратегия ұсынамыз. Бірақ жекелеген оқушылардың қажеттіліктері, Сіз жұмыс істейтін жағдайлар жекелеген оқушыларға оқуға көмектесетін бірқатар шығармашылық тәсілдерді қолдануға жетелеуі мүмкін.
Түсінуді дамыту жөніндегі ұсыныстар:
● оқушыларға оқу мен нұсқаулықты дұрыс түсіндіруіне көмектесуде ым, визуалды белгілерді қолданыңыз және басқа да көмек көрсетіңіз;
● сұрақты түсінбеушілік танытып, сұрақ қойып немесе мәселе көтеріңіз, бұл Сізге жұмыс барысында нұсқаулықты ұстанып отыруға мүмкіндік береді;
● оқушылардан не істеулері керектігін түсіндіруге өтініш білдіріп, олардың мәселені түсінетінін тексеріңіз;
● нақты обьектілерді, белгілерді, символдарды, фотосуреттерді, сандық осьтер және компьютерлік анимацияларды қолдану арқылы абстрактілі ұғымдарды нақты ұғымдарға айналдырыңыз;
● жазбаша тапсырмаларды орындауға арналған шаблондар мен жауаптардың болжалды нұсқалары бар тапсырмаларды ұсыну арқылы тапсырмаларды орындауға көмектесіңіз.
Жады:
-
оқушыларға оқу мақсаты туралы естеріне салыңыз; егер бұл мүмкін болса, суреттер мен артефактілерді пайдаланыңыз; -
көрнекі құралдар пайдаланыңыз; -
тапсырманы орындауда жасалатын амалдар реті бар объектілер, суреттер, белгілерді немесе түйінді сөздерді пайдалана отырып, карточка-еске түсіргіш дайындаңыз; -
оқушы өздігінен тыңдай алатын нұсқаулықтардың дыбыстық жазбаларын жасау үшін диктофонды пайдаланыңыз; -
ескертпелерге арналған стикерлерді, қысқаша жазбалар, жеке тақтаны қалай пайдалану керектігін іс жүзінде көрсете отырып, түйінді сөздерді жақсы есте сақтау үшін оқушыларды соларды пайдалануға ынталандырыңыз.
Сауаттылық және тілді үйрену кезіндегі қиындықтар:
● бастапқыда оқушыларға сұрақ қоя отырып, оларды мәтінді қабылдауға дайындаңыз;
● сабақта оқушылардың өзара жәрдемдесуін және өзара әрекеттесуiн ынталандырыңыз;
● мәтіндегі жаңа сөздерге көңіл аударта отырып, оқушыларға мәтінді оқу кезінде көмектесіңіз;
● жазудың балама нысандарын пайдаланыңыз: зияткерлік карта құрастыру, оқу материалының ауызша таныстырылымы, белгілері бар карточкаларды сыныптауға арналған тапсырмалар, мәтінді өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтама, диаграммаларға, диктантқа ат беру (тақырып қою), екі өлшемді және үш өлшемді көрсетілімдерді даярлау.
-
Қызметтің әлеуметтік саласы: қарым-қатынас және өзара әрекеттестік
Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Сіз оқушылардың дағдылары мен баламалы қарым-қатынас әдістерін дамыта отырып, топтық және ұжымдық тапсырмаларға қатысуға мүмкіндік беру арқылы мұғалімдер оқушылардың оқуын бақылап отыруы керек деген көзқараспен келісесіз бе? |