ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 186
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мен осы жерде табыс критерийлеріне зерттеушілік әңгімеге тән «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолдану қажет деп ойладым, сонымен қатар студенттердің өз идеяларын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенудің маңыздылығы жайлы түсіндірдім.
Сабақты жоспарлау барысында жобалағандай бұл тапсырма оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырды; оқушылардың сабаққа шынайы қызығушылығын арттырды; олардың білімге деген құштарлығы жоғарылады, оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектесті; оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етті; оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін кедергілерді жоюға ықпал етті.
Сабақтың келесі кезеңінде студенттерге оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болатындығы туралы түсіндірдім (Студентке арналған нұсқаулық Бірінші басылым, 2015 – 37 бет). Мысалы, түрткі болуға арналған сұрақтар оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау. Слайдта көрсетілген бұл ақпарат бойынша «Джигсо» стартегиясы ұсынылды.
Сабақ соңында студенттерге бағалау парағын толтыруды ұсындым. Ол үшін екі жұлдыз бір тілек әдісі берілді. Берілген әдіс негізінде студенттер бүгінгі тақырып бойынша пікірлері жақсы/нашар және тақырып аясында жетілдіретін мәселелер қарастырылды.
Сабақтың табыс критерийлерін ұсыну және талқылау
(мақсат - оқушылардың оқу мақсатына жетуі үшін олар жасауға тиіс қадамдарды немесе оны ұғыну деңгейін түсіндіру).
Кейде бұл оқушылармен бірлесіп жасалады.)
ОүБ осы екі стратегиясы бір-бірімен байланысты және төменде оларды әзірлеуге қатысты ұсыныстар келтірілген.
Кіріспе
Дәріс 4. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
-
Сын тұрғысынан ойлау дағды ретінде. -
Сын тұрғысынан ойлау психикалық үдеріс ретінде. -
Сын тұрғысынан ойлау және тәжірибе жүзіндегі педагогика
Зерттеу оқушылардың оқу бағдарламасының түрлі салаларында және олардың оқушы ретінде дамуының түрлі деңгейлерінде ненің жетістік болып саналатынын ұғынуы қаншалықты маңызды болып табылатындығын көрсетті. Бұл мұғалімдердің «ниеттерін, үміттерін, мақсаттарын, міндеттерін» (бұл сөздер бірінің орнына біреуі қолданылып жатады) және оқытудың «табыс критерийлерін» оқушыларға жеткізуінен тұрады. Егер оқушылар өз оқулары үшін көп жауапкершілікті өздеріне алса, онда олар не оқып жатқандарын, табысты оқудың не екенін және олар табысқа жеткендігін қалай түсінуі мүмкін екендігін білуі тиіс.
Бұл оқытудың айқын ниеттерін/мақсаттарын және табыс критерийлерін пайдалану үдеріске қалай ықпал ететіндігі сияқты. Алайда олар әдетте жалпылама әдістермен жасалатындықтан, олар өз беттерінше жеткілікті емес. Оқушылар өзінің немесе бөтен жұмыстың мәтініне байланысты не ескерілетінін түсінуі тиіс. Олар критерийлерді бірден түсінбеуі мүмкін, бірақ нақты мысалдарды үнемі талқылау оқушыларға сапаны түсінуді дамытуға көмектеседі.
Сонымен қатар, оқу үдерісінде Оқыту мақсаттары/Табыс критерийлері және ниеттер деген ұғымдардың нені білдіретіндігін түсінуде оқушылардың біршама шатасып қалуы мүмкін. Олардың анықтамалары:
Оқыту мақсаттары (немесе ниеттері - Сіз қай ұғымды пайдаланатыныңызды өзіңіз шеше аласыз) балалардың нені оқығанын қалайтыныңызды білдіреді. Олар оқушылар не білуі, не түсінуі тиіс екендігін немесе сабақтың соңына немесе бірнеше сабақтан кейін олардың не істеуге қабілетті екендіктерін сипаттайды.
Табыс критерийлері (ТК) мұғалімдердің оқушыларға нені оқығандарын нақты тұжырымдауға көмектесу үшін пайдаланатын және оқушылармен олардың жұмысы туралы диалогқа және өзара іс-қимылға негіз бола алатын өтініштері.
.
Бастауыш мектептен алынған мысалдар
Төменде бастауыш мектептегі жаратылыстану сабақтарынан алынған сұрақтың мәнін көрсететін кейбір мысалдар келтірілген:
A. Сүзу
Оқыту мақсаты:
1. Суда ерімейтін қатты бөліктерді сүзу арқылы бөліп алуға болатынын оқыту.
2. сүзу үдерісін орындап, оны сипаттай алуы.
Табыс критерийлері:
1. Сүзгі ұсақ торға ұқсайтынын білемін.
2. Сүзгі сұйық заттан қатты бөліктерді бөле алатынын және оны тазартатынын білемін.
3. Сүзу сұйық заттан барлық қатты бөліктерді бөле алмайтынын білемін.
B. Қайтымды және қайтымсыз өзгерістер.
Оқыту мақсаттары:
1. Материалдар бірге араласып кеткенде не болатындығын түсіну.
2. Өзгерістер қайтымды немесе қайтымсыз болатынын түсіну.
Табыс критерийлері:
1. Мен әртүрлі қатты бөліктер мен сұйықтықты бірге араластырған кезде болатын, көзге көрінетін өзгерістерді бақылай аламын.
2. Мен қайтымды және қайтымсыз деген ұғымдарды түсіндіре аламын.
3. Мен қандай қоспалар толығымен өзгеруі мүмкін екендігін сәйкестендіре аламын.
C. Тіс және тамақтану
Оқыту мақсаты:
1. Адамдарда болатын әртүрлі тістерді атай алу.
2. Әрбір тістің не істейтіндігін түсіндіре алу.
3. Тістің пішіндері оларға түрлі жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретінін білу.
Табыс критерийлері:
1. қандай тістер азу, ұры және күрек тіс екендігін атай аламын.
2. Азу тіс шайнауға, ұры тіс жаруға, күрек тіс кесуге арналғандығын білемін.
3. Түрлі тістер қандай пішінде болатынын білемін.
Осылайша, табыс критерийлері оқушылардың білуі мен оқыту мақсаттарына қол жеткізуді ұғынуы үшін істеуі қажет шешуші ұғымдар болып табылады. Табыс критерийлері жоғарыда көрсетілгендей «мен жасай аламын» немесе «білемін» деген пікірлер түрінде айтылуы мүмкін немесе төмендегідей жалпы түрде айтылуы мүмкін (тағы да бастауыш мектептен мысал):
A. Өзара байланысты сабақтардың қысқа тізбегін жоспарлаңыз (кем дегенде тізбектелген екі сабақ болуы керек), оқушыларыңыз түсінетін тілде сабақтың міндеттерін жазыңыз. Олар туралы сабақтың басында өз оқушыларыңызға ауызша айтыңыз немесе тақтаға жазып қойыңыз – және міндеттерді пайдалана отырып, сабақтың мақсатын қарастырыңыз.
Сонымен қатар, сабақтар үшін тиісті табыс критерийлерін (сонша көп емес!) әзірлеңіз және олар туралы да балаларға айтыңыз. Оларды қалай жазатыныңызды өзіңіз білесіз (бірақ олар оқушыларға түсінікті тілде жазылуы тиіс). Олар өйткені оқыту мақсаттарына қол жеткізуде «табысқа жету қадамдарын» көрсетіп отырады, әрі оқушылар оларды сабақтың басында талқылайды және сабақ барысында қолданып отырады.
B. Осы тәсіл туралы оқушыларыңыздың пікірін сұраңыз?
Мысалы, Сіз смайликтерді не цифрларды пайдалана аласыз, өз сұрақтарыңызды қосыңыз.
1) Төмен сыныптағы оқушылар үшін смайликтерді пайдалана аласыз, оларды дөңгелетіп немесе бояп белгілейді.
Мен өзімді былай сезінемін
Өз жұмысымды өзім бағалағанда
Өз достарымның қасында болғанда
2) Немесе жоғары сыныптағы оқушылар үшін сандарды пайдаланыңыз
бұл жерде сабақта оқытудың кейбір әдістері берілген.
Сіздің әрбір қызмет түрінен қаншалықты көп білгеніңізді сипаттайтын санды дөңгелетіңіз:
| Мен көп нәрсені үйрендім | Мен аз нәрсе үйрендім | Мен ештеңе үйренбедім |
Өз жұмысымды бағалағанда | 3 | 2 | 1 |
Өз бетімше жұмыс істегенде | 3 | 2 | 1 |
Дәріс - 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
1. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРДІ ТИІМДІ ҰСЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ҚАДАМДАР
-
Бірінші қадам: Табыс критерийлері туралы айту: табыс критерийлерін оқушылар жақсы игеру үшін олар сынып ішінде әңгіме түрінде талқыланады. Табыс критерийі сәтті орындалған жұмысты мысалға ала отырып (өткен жылдардағы тәжірибені алуға болады) түсіндіріледі. -
Екінші қадам: Бастапқы жоспар дайындау: оқушылар бағалаудың алғашқы жоспарын өз дәптерлерінде дайындайды. Оны үйде немесе сыныпта орындауға болады, содан кейін мұғалімге тапсырады. -
Үшінші қадам: Жетістікті анықтау: Оқушылардың үш жетістігі анықталады және табыс критерийінің сақталғаны туралы белгі қойылады. Жұмыстың төменгі жағына «смайлик» суреті салынады және үш жетістік бойынша оқушылар жұмысының қорытындысы жасалады. -
Төртінші қадам: Алдағы жұмыстарды жақсарту үшін мақсатты анықтау: бұдан әрі, табыс критерийіне толық қол жеткізілмеген жұмыс бөлігінің жанына жұлдызша қойылады. Сондай-ақ, жұмысты әлі де жақсартуды қажет ететін жұмыс бөлігінің төменгі жағына да жұлдызша қойылады. -
Бесінші қадам: Берілген түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы және жауабы: оқушылардың жұмыстары қайтарылады және оларды бағалаудың соңғы нұсқасы дайындалады. Олардың бағаларында жұмысты жетілдіру жолдарын ұсынуды ескеру қажет. -
Алтыншы қадам: Деңгейлерін анықтау және оқушыларға жұмыстарын қайтару: соңғы нұсқаның деңгейі анықталады. Оған түсініктеме жазылмайды. Бұл оқушы өз деңгейін сыныптастарының деңгейімен салыстыра алады деген сөз. Алайда, бұл жылына тек үш рет өткізілетіндіктен, оқу үлгерімі төмен оқушыларға теріс ықпал ету мүмкіндігі шектеулі.
Дәріс -6. Пікірталас.
1. Пікірталас және оны ұйымдастыру жолдары
2. Пікірталастың ережелері,
3. Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер.
Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады: түсіндірме сұрақтар; қосымша сұрақтар; Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады: Пікіралмасу Ойталасы Пікірсайыс Ойбөліс Айтыс Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой. Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі,