Файл: Пнні масаты мен міндеттері Масаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 187

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Бірақ, жаңа заман талабы мұны талап етеді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың да жолдары бар. Ол үшін түрлі пікірталас клубтарының сайыстарын көріп, тәжірибе жинаудың маңызы зор. Ал ең бастысы – білім екенін ұмытпаған абзал. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді. 
Дәріс -7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

1. Білім беру міндеттері.

2. Тәрбиелік міндеттері

Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез – құлықты психология ғылымы зерттейтіні баршаға мәлім. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық бағыты адамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін пайдаланылады.Бихевиоризмнің негізін салушы Джон Б. Уотсон болған. Ол зертханалық эксперименттерге сүйене отырып тәжірибе жүргізген. Соның нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі жасалды. Бұл модельде жеке тұлға қоршаған ортаға қарай іс – әрекет ететін түрткі жасаушы ретінде қарастырылған. Кейін келе Эдвард Л. Торндайк және Скиннер секілді зерттеушілер осы модельді негізге ала отырып бұл көзқарасты ары қарай дамытты. Осы теорияға сүйенетін болсақ, адамның іс – әрекеттерін ынталандыру үшін оларға қолдау көрсетіп, көтермелеу және жат мінез – құлықтан арылту үшін оны тоқтату немесе жаза қолдану керек екендігі айтылған.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыруда балалардың танымдық танымдық қасиеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі және ойлауы ескеріледі. Жан Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский секілді ғалымдар балалардың танымы ерте жастан дамитынын атап айтқан. Олардың айтуы бойынша кішкентай балалар өзін қоршаған орта мен адамдардан оқып, үйренеді. Осы арқылы балалардың танымын ерте жастан бастап-ақ дамытуға болады. Балалардың зейіні әр жаста әртүрлі болатындығын Хаген және Хейл (1973ж) зерттеп, анықтады. Олар зерттеуінде бірнеше ашықхат суреттерін пайдаланып, оларды 5-6 және 14-15 жастағы балаларға көрсетті. Онда екі сурет қолданылды, бірақ оның біреуін ғана есте сақтау қажет еді. 14-15 жастағы балалар қажетті суретті есте сақтаған, ал 5-6 жастағы балалар керісінше есте сақтауға қажет болмаған суретке көбірек зейінін аударған. Бұдан шығатын қорытынды, ересек балалар зейінін дұрыс әрі тиімдірек пайдаланады, ал кіші жастағы балалар оны толық түсіне алмағандықтан зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды. Демек мұғалім оқыту процесінде тапсырмаларды тартымды, қызықты және оқушыларға лайықты етіп жасау қажет. Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауды өздерінің зерттеулерінде анықтады. Олардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, қысқа мерзімді жады адамның жадында негізгі орын алады. Ұзақ мерзімді жады негізгі үш компоненттерден тұрады. Олар: рәсімді жады, эпизодтық жады және семантикалық жады. Рәсімдік жады адамдардың іс – әрекеттерді қалай орындау қажет екендігін үйренгенін есте сақтайтын «қойма» болса, эпизодтық жадыға көзбен көрген, сезім мүшелерімен келген мәліметтерді есте сақтау кіреді, ал семантикалық жадыға келер болсақ, ол адамның естеліктерін, өмірінде орыналған эпизодьары мен оқиғаларын, идеяларын, пікірлерін және жалпы тұжырымдамаларын есте сақтау үшін қолданады. Жоғарыда айтылған бихевиористикалық көзқарастарға сүйенетін болсақ, балалардың тілді фрагментін ғана айтады. Уақыт өте келе ол сөздерді толық айтуға, сөйлемдер құрауға үйренеді. Жасы ұлғайған сайын балалардың сөздік қоры артады. Демек осы жағдайларды ескере отырып біз әртүрлі жастағы балаларда кездесетін кедергілерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып оқыту үдерісін іске асырамыз. Ол үшін мұғалім жоспар жасап, оны орындау үшін қолайлы тәсілдерді таңдап, оны дұрыс, әрі ұтымды пайдалана білуі керек. Сол кезде оқыту процесінде мұғалім жақсы нәтижеге қол жеткізе алады деп ойламын. Ал оқушы болса, өзіне лайықты әрі қажетті деңгейде білім ала алады.


Дәріс -8. Оқу үшін бағалау және оқудағы бағалау

1. Бағалаудың мақсат міндеттері.

2. Бағалаудың түрлері

Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн Бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс – тәжiрибеде  ұштастырғанда ғана түсiндiк. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.

Өтiлген тақырыптарды еске түсiру арқылы жаңа тақырыпты байланыстырып, ұштастырып отыру тиiмдiрек. Мұғалiмнiң ғана емес оқушылардың да өзiндiк оқуға белсендi қатысуы қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгертудiң маңызы зор. Балалардың өзiн-өзi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнуi қажет. Бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.Сондықтан да мен келешекте оқушыларды бағалауда жиынтық бағалау мен формативтi бағалауды қатар қолданамын. Бұл бағалаулар оқушыны оқу үшiн бағалауға және оқыту үшiн бағалауға тиiмдi деп ойлаймын.

Оқушылардың сабақ барысындағы iс-әрекетiн бақылау, яғни, балалардың өзара қарым-қатынасын, олардың арасында болып жатқан әңгiме барысын тыңдап, берiлген тапсырмаларды қадағалаудың өзi оқушыларды бағалау үшiн көп ақпарат беретiнiн байқадым. Осының өзiн iске асыру үшiн де әр  түрлi  әдiс пайдалануыма тура келдi.

«Формативтi бағалау дегенiмiз –  оқушының әр сабақта, әрбiр материалды қалай меңгергендiгiн бағалау. Оқушының ағымдық деңгейiн анықтау, келесi сабақта мұғалiм ненi енгiзу керектiгiн бiлуi. Формативтi бағалауды қолдану үшiн алдымен оқушыны өзiн-өзi бағалауға үйрету керек, кейiн жұптық, топтық, критериалды бағалау түрлерiн қолдануға болады». (МАН. 56-бет)



«Критериалды бағалау –оқушылардың бiлiм жетiстiктерiн ұжыммен келiсiлген, оқу үрдiсiне қатысушыларға алдын-ала белгiлi, оқушылардың негiзгi құзыреттiлiктерiнiң қалыптасуына жағдай жасайтын, бiлiм берудiң мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша  салыстыруға негiзделген үрдiс».

Оқыту үшін бағалаудың білім сапасын

арттырудағы ролі

Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм.

Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту?» күрделеніп барады. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Біздің еліміз де әлемдегі білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру  жұмысын арттыруда.

Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрстетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен  істеген жұмыстарды саралап, қортындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет.

Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс.

Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.



Дәріс -9. Оқытуды басқару және көшбасшылық

 Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.     Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.