ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 406
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамыту жөніндегі ұсыныстар
Қызметтің аффекттік саласын дамыту жөніндегі ұсыныстарОқушылардың оқудағы эмоционалдық, әлеуметтік және мінез-құлықтық кедергілерді жеңу үшін Сіз жеңіл қолдана алатын бірқатар стратегиялар бар:
Дәріс – 2. Бірлескен және топтық жұмыс
Дәріс -3 Оқыту мен оқудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануЮНЕСКО әзірленген АКТ құзіреттілігі стандарттарыМұғалімнің кәсіби дамуы және білім беру реформасы.АКТ ны қолдану жолдары. Аудио және подкастинг. Білімнің технологиялық аспектілеріДиалогтық оқытуСыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
Зерттеушілік әңгіме Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Сұрақ қоюСұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
-
визуалды нұсқаулықтарды пайдаланыңыз: сөйлеу кезінде қолданылатын тірек сөздер мен белгілер; -
ең маңызды ақпарат сөйлемнің басында берілген қысқа әрі нақты сөйлемдерді пайдаланыңыз; -
оқушыға топтағы, сыныптағы пікірталастарда өз пікірін айтуға көмектесіңіз; -
мәжбүрлі баламасы бар сұрақтар ұсыныңыз («ол кезде күн бе еді әлде түн бе еді?»); -
түйінді сөздер жазылған арнайы плакаттарды бірлесіп жасаңыз.
-
Қызметтің аффекттік саласы: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму
| Мынадай тұжырымдарды талқылаңыздар: Оқушылар белгілі бір жағдайларда неліктен өздерін олай ұстайтынын түсіну үшін мұғалім олардың әлеуметтік және эмоционалдық дамуы туралы мейлінше толық хабардар болуы тиіс дегенмен келісесіз бе? |
-
бірінші және ең маңызды жол – оқушыларды мойындау және қабылдау; бұған оқушылардың әуестенетін нәрселеріне қызығушылық таныту, тапсырма құрастырғанда олардың мүдделерін ескеру немесе білдірмей көмек ұсыну арқылы қол жеткізуге болады; -
оқушыларға көбірек көңіл бөлу қажет, белгілі себептермен ерекше ықылас пен қамқорлықтан тыс қалған балаларды таңертең қарсы алып, амандасқан дұрыс, осының салдарынан олардың демалыс күндері жақсы өтеді; -
зейінсіз оқушылармен қатар отыратын оқушылар олардың жинақталуына және оқуға тартуға көмектесе алады; -
мұғалім зейінсіз оқушыларға жиі сұрақтар қоя отырып, олардың назарын бағыттай алады; -
оқытуға ынталандыру мен өзін-өзі сыйлау сезімін дамыту үшін жағымды кері байланыс ұсыныңыз; артық күш жұмсаудан қашқақтай отырып тапсырмалардың қиындығын біртіндеп көбейту және қысқа мерзімді, жеңіл қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілеу маңызды. -
оқушыларға тапсырмамен айналысып, оны орындауға жеткілікті уақыт ұсыныңыз. -
әлдебір ерекше бағдарламалар мен оқыту әдістеріне қарағанда, сіздің сөйлеу мәнеріңіз сенімді оқу ортасын құруға көбірек ықпал етеді.
Дәріс – 2. Бірлескен және топтық жұмыс
-
Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі. -
«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» туралы түсінік. -
Топты ұйымдастыру ережелері.
Дәріс -3 Оқыту мен оқудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануЮНЕСКО әзірленген АКТ құзіреттілігі стандарттарыМұғалімнің кәсіби дамуы және білім беру реформасы.АКТ ны қолдану жолдары. Аудио және подкастинг. Білімнің технологиялық аспектілеріДиалогтық оқытуСыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
-
оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; -
басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; -
оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; -
мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
| Әңгіме-дебат барысында: 1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; 2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады; 3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; 4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған. | Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар: 1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; 2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; 3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. |
| Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде: 1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; 2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; 3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды; 4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»; 5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу). | |
Зерттеушілік әңгіме Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Сұрақ қоюСұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет.Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
-
оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; -
оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; -
білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; -
оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; -
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; -
оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі; -
оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді; -
әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады; -
оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
| Қызыл түс – тұжырымдамалар, идеялар, пікірлер |
| Қызғыш түс (оранжа) - әртүрлі қорытынды, пікірлерге көзқарас |
| Сары түс - өзгерту, құбылту, түрлендіру, орын ауыстыру төңірегіндегі ой-пікірлер |
| Жасыл түс – маңызды идея, заңдар, заңдылықтарды анықтау |
| Көгілдір түс – қай салада қолдануға болады |
| Көк түс – иедяның оң, теріс жақтары |
| Күлгін түс – қолдану функциялары, практикалық қолдану, формалар |