Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 876
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................
1.1 Бастама......................................................................
1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері
1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................
2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................
2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б
Әдебиеттер.................................................
3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….
6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................
7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............
7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......
7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері
8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................
8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б
Әдебиеттер.................................................
2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ
10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................
10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................
10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................
10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................
Практикалық тапсырмалар..............................
Әдебиеттер.....................
11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ
МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ
5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.
Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау
Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары
Оқушылардың оқу-тану қызметін ұйымдастыру үшін мұғалім Интернеттегі веб-сайттарды белсенді қолдана алады. Мысалы, мұғалім оқушыларға электрондық кітапхананы қолдануды ұсына алады.
Электрондық кітапхана – оқырманға кез келген уақытта керек болып қалатын әртүрлі мәтінді (көбінесе әдеби, сонымен қатар басқа тақырыпты, тіпті компьютерлік программалар туралы) жинауға арналған веб-сайт. Шығармалардың электрондық кітапханасында таратылған форматтарды екі категорияға бөлуге болады: он-лайн мәтінін оқуға арналған формат және оқырманның компьютеріне жазып алуға арналған формат.
Электрондық кітапхананың арасынан Free Computers Book http://www.freecomputerbook.com) және программалау мен компьютер бойынша(http://books.kulichki.net.) кітап қорын ерекшелеуге болады.
Кітапхана информатика, программалау (Delphi,C,C++), операциялық жүйелер (Unix, FreeBSD, Linux, Netware), мәліметтер қоры (SQL,Access), компьютерлік жабдықнама, желілер және программалық қамтамасыз ету (Photoshop, Flash MX) бойынша оқулықтардан тұрады. Оларды оқуға да, жазып алуға да болады. Сонымен қатар, сайттың форумында немесе чатта әртүрлі мәселелерді талқылауға болады.
Қатысушылармен зерттеулерді өткізу үшін виртуалдық мұражай саяхаты секілді Интернет ресурстарын қолданудың формасы үлкен мүмкіндікке ие болады. Виртуалдық мұражай (мұражайдың веб-сайты) – мұражай материалдарының экспозициялары үшін ұтымды веб-сайт типі. Қарастырылған мәліметтер әртүрлі аумақтарда, яғни тарихи артефакт пен өнер құралдарынан бастап ата-тектік жәдігерлер мен виртуалдық топтамаға дейін болуы мүмкін. Виртуалдық мұражай экспонаттарды сақтаудың мәселелерін шешу үшін интернет-технологияларды қолданудың сәтті мысалы болып табылады.
1991 жылы Интернетте алғашқы веб-сайт-мұражайлары шыға бастады. Алғашында шынайы мұражайдың сайты болды, кейіннен виртуалдық мұражайлар да шыға бастады. Алғашқы виртуалдық мұражай 1994 жылы ашылды.
Кез келген құжаттар мен суреттер жиыны веб-сайт мұражайы бола алмайды. Виртуалдық мұражайдың сандық топтамалары екі айрықша мінездемелерді ұстануға тиіс: виртуалдық саяхат және іздестіру жүйесі.
Интернетте мұражайдың көптеген саны бар – виртуалдық мұражай мен шынайы мұражайлардың электрондық көрсетілімдері. Мысалы: виртуалдық компьютерлік мұражайда компьютер дәуіріне дейінгі жарықтандырылатын есептеу тарихы, біздің және шетелдердегі есептеу техникасының даму тарихы, электр байланыстар тарихы http://computer-museum.ru құжатында жинақталған.
Қатысушылардың іздестіру жұмыстары мен медиабілімдер үшін интернет-басылым қолдануға болады. Бұл интернет арқылы өзінің өнімін тарату бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Әдетте, дәстүрлі басылымдық және эфирлік БАҚ-ның өзінің веб сайттары болады. Олар кейде өзінің мазмұны жағынан толығымен қайталанып келеді, кейде тек мақала анонстарын немесе өткен сандағы мәтіндерді құрайды. Мысалы: «Ашық жүйе» веб-сайт басылымынан “Computerwold”, “Cети”, “LAN”, “Windows IT Pro”, “Мир ПК” журналдарының жаңа сандарын табуға болады. Таспалық формада шықпайтын, эфирден жіберілмейтін, тек өзінің веб-сайтында жарияланатын интернет басылымдар да кездеседі.
Веб-порталдар сайты ақпараттық ресурстар ұйымының басқа типі болып табылады. Ол интернет қолданушыға басқа сайттардан әрі қарай мәліметтер алуға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда көптеген ішкі сілтемелерді құрайды. Ережеге сәйкес, порталдар қолданушыға оның қызығушылығын қанағаттандыратын ақпарат құрылымы мен талғамына сәйкес қосымша мүмкіндіктер тізімін ұсынады.
“Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технология” порталы (http://www.ict.edu.ru) федерациялық білім беру порталдар жүйесіне кіреді. Ол қазіргі кездегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар аумағында білім берудің кешендік ақпараттық қолдауын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл порталдың сілтемелері электрондық кітапханаға, кітаптар топтамасына, интернет-ресурс бумасына, конференция материалдарына апарады. Порталдың әртүрлі параметр бойынша керекті материалдарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін іздеу жүйесі бар.
Интернет ресурстар ұйымының тағы бір тәсілі тақырыптары ұқсас веб-сайттарды біріктіретін веб-сақина болып табылады. Сондықтан осындай сақинасы бар қатысушының әрбір сайты өзінің веб-беттерінде сақинаның келесі және алдыңғы мүшесіне өтетін сілтемелерді орналастырады. Сілтемелерге өту арқылы сақинаның барлық мүшелерінің сайттарын көруге болады. Веб-сақина іздеу жүйелері және каталогтармен интернетте сайттарды бірыңғайлаудың тәсілі болып табылады.
Ақпараттың әртүрлі түрлерін продукциялауға және іздеуге бағытталған оқушылардың ақпараттық қызметі информатиканы оқытуда медиа білім беру элементін сабақтастыру кезінде белсенді түрде қолданылуы мүмкін. Медиа білім беру оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуымен, әрі коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының ортасында баланың жеке шығармашылық «леуетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерімен байланысты. Информатиканы оқытуда медиа білім беру элементтерінің түрі өте көп. Бұл – медиамәтінді құру, виртуалдық экскурсия, көрмелер және т.б.
Жасалынған жұмыстар мұғалімдермен және басқа оқушылармен талданады, олардан мүмкін болатын қателер ізделінеді. Содан кейін бұл жұмыстар нақтыланады және модификацияланады.
6.2.2 Оқытудың интерактивті технологиясы
“Интерактив” сөзі ағылшын тілінің interact (inter – өзара, act - әрекет ету) сөзінен енген. Интерактивтілік өзара әрекеттесу немесе бір нәрсемен (мысалы, компьютер) не біреумен (адаммен) сұхбаттық режимде болу мүмкіндіктерін білдіреді. АКТ интерактивті мүмкіндіктері ақпараттық жүйелермен, программалық құрылғылармен, Интернет ғаламдық желісі мен қатысушылардың ақпараттық өзара әрекеттесуі негізінде информатиканы оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Интерактивті оқыту технологиясы тек қана бұрын оқытылған материалдарды бекітуге ғана емес жаңаларын да оқытуға бағытталған.
Ол үшін сабақтарда өздік, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары қолданылады, рөлдік ойындар, құжаттармен және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыстар жүргізіледі, шығармашылық тапсырмалар орындалады.
Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері аудиовизуалдық және компьютерлік қосымшаларды қолданумен ауқымданады. Информатика сабақтарында есептеу техникасы сыныбының өзі интерактивті оқыту ортасын жасайды. Интерактивті оқыту технологиясын іске асыратын компьютерлік программаларды қолдану, дидактикалық және әдістемелік мәселелер қатарын шешуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, оларды қолдану қатысушыға интерактивті ортада өз бетімен жұмыс жасау режимін таңдауға мүмкіндік беру арқылы оқу мотивациясын біршама жоғарылатады, әртүрлі жеке жұмыстар түрлерімен, компьютерлік визуалды оқу материалдарымен, ойын жағдайларын қолдануды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, жаңа үлгідегі компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін интерактивті ортада іске асыру және мультимедианы көрнекі түрде-бейнелі, көрнекі түрде-пәрменді ойластыру түрлерін қалыптастырып, дамытады.
Үшіншіден, интерактивті орта көмегімен ұйымдастырылған оқылатын экспериментальді-зерттелетін қызметтің орындалуы, оның зерттей алу қабілетін қалыптастырады, өз бетінше білімін жетілдіруге әкеледі.
Төртіншіден, интерактивті ортада алгоритмдеуді оқыту идеяларын іске асыру қатысушының тиімді анықталған сыныптағы тапсырмаларға жауап іздеу стратегиясының қалыптасуына әкеледі, оқушының алгоритмдік, логикалық ойлау стилін дамытады.
Интерактивті оқыту технологиясы тек кана программалық құралдар көмегімен іске асырылмайды. Есептеу техникасы сыныбы ақпараттандырудың техникалық интерактивті құралдарымен камтамасыз етіледі. Оған интерактивті тақта [8] (және де http://smartboard.ru қараңыз) мысал болып табылады.
Тақтаның ақ беті компьютерден визуалды ақпаратты тұжырымдауға арналған экран рөлін атқарады. Ал датчиктер және мәліметтерді өңдеу олардан тақтаның бетін басуға сезімтал етеді. Кез келген маркермен және жай ғана саусақпен қолданыстағы прогрммалық ортаны тышқанмен басқарғандай басқаруға болады. Тақтаның бетіне қол тигізгенде немесе оған маркермен не саусақпен сурет салғанда слайдтарды дайындау, құжаттарды редакциялау, тест тапсырмаларын орындау
, аудио және бейне үзінділерді жүргізуді басқару, графиканы редакциялау немесе виртуалды зертханалық орта жұмысын жасау барысында, экран түймесін басу, орнын ауыстыру, масштабтау және объектіні бұру, қолданушы интерфейсінің кез келген компонентімен жұмыс жасау, тақта бетіне шығару мүмкін болады. Тіпті виртуалды пернетақтаның пернелеріне маркерді тигізу арқылы және де сурет салынған экран-тақтасында мәтінді теруге болады.
Интерактивті тақтаны информатика сабағында қолдану компьютердегі тым жеке жұмыстан туындаған мәселелерді топтық талқылауға көшуге мүмкіндік береді. Мұғалім интерактивті тақтада кезекті тапсырмасын көрсету барысында тапсырманы ашық орындау үшін оған бір емес бірнеше оқушы шақыра алады, жауап қате болған жағдайда дискуссия ұйымдастыруға немесе жергілікті желіде жұмыс жасау барысында жеке жұмыс жасаушының нәтижесін өз қолжазбасы және графикалық пікірі арқылы жариялай алады.
6.2.3 АКТ қолданудағы білім алушылардың өзіндік танымдық қызметі
Информатика саласында ақпараттық-іскерлік моделін үйрету сабақта ғана емес, қатысушылардың іскерлігін өзіндік таныту ұйымымен қарастыруға болады. Ол жоспарлық,телекоммуникациялық немесе ойындық ұйымдастырылуы мүмкін.
Білім алушылардың жобалық қызметі – ортақ мақсаттары бар және сол мақсатқа жету үшін келісілген амалдар жиынтығынан тұратын оқу-танымдық қызмет. Жобалық қызметтің міндетті шарттарының бірі – жобаның соңғы өнімі жайлы алдын-ала қалыптасқан көзқарастың болуы.
Жобалық қызмет компьютерлік қолдаудың арқасында біршама әсерлі болады. Мысал ретінде «Ғаламдық торлардың адамзат үшін мәні» жобасын алуға болады. Бұл жоба «Интернет – ғаламдық компьютерлік тор» тақырыбын оқығанда қолданылады. Білім алушылардың жобалық қызметі үш кезеңде өтеді, бұл кезеңдерде Интернетте іздеу жолдарын үйрету мен ғаламдық торлар тарихын және қазіргі кездегі Интернет құралдарымен танысу өтеді.
Білім алушылар бірінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:
1. Интернеттің негізгі ақпараттық-анықтамалық жүйелерімен танысады (отандық және шетелдік)
2. Ақпараттық-анықтамалық жүйелерді іздеуге арналған,каталогтарға арналған, метапоиск және аралас іздеуге арналған жүйелерге жіктеуді үйренеді.
3. Мультимедиа файлдарын, суреттерді, әртүрлі саладағы ақпараттарды іздеуге арналған арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерімен танысады.
4. Екі-үш жүйелердің сұраныс тілдерімен оқып танысады. Сұраныс тілдерінің көмегімен қажет емес нәтижелерді алып тастауды үйренеді.
5. Үстел үстіндегі баспалық жүйеде «Интернеттегі нәтижелі іздеу» тақырыбында жариялауды жүзеге асырады. Жариялау құрамында ақпараттық-анықтамалық жүйелердің жіктемесі, негізгі ақпараттық жүйелерге мысалдар, іздеу нәтижесін арттыруға арналған кеңестерді қамтиды.
Білім алушылар екінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:
-
Іздеу жүйелерінің көмегімен Интернеттен жаһандық торлар жайлы ақпаратты іздейді. -
Тақырыпқа байланысты мысалдар іздеу (іздеу үшін арнайы мамандандырылған іздеу жүйелерін қолдану) -
«Интернет тарихы. Күнтізбелік күн, адамдар» тақырыбында веб-сайт ашады.
Білім алушылар үшінші кезеңде келесі тапсырмаларды орындайды:
-
Іздеу жүйелерін пайдалана отырып, Интернет құрылғылары жайлы ақпаратпен танысады. -
TCP/IP хаттамалары жайлы мәліметтер іздейді. -
Интернет ресурстарына ат беру жүйелерін зерттейді. -
Ғаламдық тор сервистарының негіздерімен және олардың жұмыс істеу принциптерімен танысады. -
Алынған ақпарат негізінде «Интернеттің негізгі қызметтері» тақырыбында презентация құрастырады.
Жобалық қызметтің ісінің түрі телекоммуникациялық бола алады. Мұндай қызмет педагогикалық жағынан нәтижелі, егер:
-
қойылған мәселені шешу үшін мәліметтерді әртүрлі облыстардан жинақтауды қажет ететін көптеген жүйелі зерттеулер қарастырылады; -
әр түрлі облыстарда пайда болған немесе бар фактілерді, зерттеулерді, салыстырмалы зерделеулерді анықтауда, шешуде, құрастыруда қолданылатын ұсыныстар қарастырылады; -
мәселені шешудің әр түрлі немесе бір ғана түрін салыстырмалы бақылау арқасында нәтижелілігі жоғарысын анықтау; -
ортақ шығармашылық жұмыстарды ашу ұсынылады (журнал, газет, пьеса, кітап, музыкалық туындылар).
Телекоммуникациялық мысал ретінде Летописи.ру желілік жобасын келтіруге болады («Үйге қайту уақыты»). Ол гипертексттік энциклопедия ашуға бағытталған және қызыққан білім алушыларға http://Letopisi.ru адресінде ашық және қолжетімді. Intel корпорациясының және ТрансТелеКом компаниясының бастамасымен ВикиВики технологиясы негізінде жасалып жатқан жобаның Википедия бүкіл дүниежүзілік энциклопедиясының арқасында атағы шықты.
Летописи.ру жобасы білім алушыларға өздерін орыс ауылдарының, кіші және үлкен қалаларының жылнамашысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Жоба ВикиВики-дің мүмкіндіктерін зерттеудегі масштабты тәжірибе болып табылады. Әр түрлі облыстардағы мектептердің білім алушыларының ортақ қызметінің нәтижесінде ұжымдық гипермәтін пайда болады.Ол өзіндік бір электрондық тақта болып табылады және оған оның барлық қатысушылар жаза алады. Ұжымдық гипермәтін бір қызметтегі адамдар тобының ортақ ресурстарды қолдануы, ортақ кеңістік ретінде мысал бола алады. Қатысушылар мәтіндері бірін-бірі толықтырады, кеңейтеді және байытады.