Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 884

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары



- информатиканы ертерек (бастауыш сыныпта) оқытуға арналған информатика оқулықтарының, жұмыс дәптерлерінің бар болуына қарамастан (мысалы, Е.Ы.Бидайбеков, А.Б.Ибашова, С.Т.Мұхамбетжанова, Г.К.Нурмуханбетованың 3-сыныпқа арналған «Балбөбек ақпарат әлемінде» жұмыс дәптері, Г.А.Абдулкаримова, А.Е.Сағымбаева 3-4 сынып оқулықтары және Е.Қ.Балафанов, Б.Б.Бөрібаев, С.Т.Мұхамбетжанова, Г.С.Кабулова, Б.А.Айтбақина, Ғ.Б.Мамырбек т.б. «Ақпараттық мәдениет негіздері» 1-4 сыныптарға арналған жұмыс дәптері және т.б.; ), оларды бастапқы жалпы білім берудің мазмұны мен оны оқытудың әдістемелік жүйесіне сәйкес қайтадан қарап шығу, «Информатика» оқу модулі шеңберінде бастауыш мектепте информатиканы оқыту мазмұнын іріктеу қажет;

- информатиканың мазмұнын анықтауда және оны оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда Қазақстан Республикасының ерекшеліктері ескеріліп, яғни мәдени бейімділіктің дидактикалық принциптері, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде Қазақстан Республикасының ұлттық мәдениет элементтерін неғұрлым көбірек қолдану қажет. Осы айтылғандарды ескерсек, информатика пәні оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін жете түсінуге, халықтар мен ұлттардың әлемдік мәдени бірлестігіндегі орнын түсінуге мүмкіндік туғызады;

- мектеп информатикасы бойынша терминдердің мемлекеттік тілдегі бірлігіне қатаң бақылау қажет;

- мектептің жоғарғы сатысында кәсіптік оқытуды енгізуге байланысты қазіргі уақытта информатикадан оқулықтаруға негізделген кәсіптік және таңдамалы курстар бағдарламасы шеңберінде практикалық қызметке дайындауға бағытталған информатиканың іргелі, қолданбалы кәсіптік курстарын жасалып, ақпараттық технологиялар саласында білімді тереңдетуге көңіл бөлу қажет.

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар

Тақырыбы: Мектептiң оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны.

Негiзгi сұрақтар:

  1. Мектептегi информатика курсының алатын орны мәселесi – пәнді мектепке енгiзуден бастап Базистiк оқу жоспарын жасауды бастауға дейiн.

  2. 1998 жылғы базистiк оқу жоспары.

  3. 2002 жылғы базистiк оқу жоспары.

  4. 2010 жылғы типтік оқу жоспары.

  5. 11-жылдық орта білім беруден 12-жылдыққа өту аралығындағы типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына талдау.

  6. Қазақстанның 12-жылдық оқу жоспарында мектепте информатиканы оқыту мәселелері.


Әдебиеттер

  1. Гейн А.Г. и др. Информатика.VIII-IХ классы. - М.: Дрофа, 1999.

  2. Гейн А.Г. и др. Основы информатики и вычислительной техники для Х-ХI классов средней школы. - М.: Просвеще­ние, 1991.

  3. Горячев и др. Информатика в играх и задачах: Учебник тетрадь. I-IV классы. - М.: Баллас Лдт., 1997.

  4. Информатику необходимо сохранить //ИНФО. - 1990. - №5.

  5. Коган Е.Я., Первин Ю.А. Курс "Информационная культура" региональный компонент школьного образования //ИНФО. - 1995. - №1.

  6. Кравцова А.Ю. Опыт использования информационных технологий в школах Великобритании. - М.:Информатика и образование, 1997. - 24 с.

  7. Кузнецов А.А., Апатова И.В. Информатика. VII-IX классы. М.: Дрофа,1999.

  8. Кушниренко А.Г и др. Информатика. VII-IX классы. - М.: Дрофа, 1999.

  9. Кушниренко А.г. и др. Основы информатики и вычислительной техники: Учебник для средних учебных заведе­ний. - М.: Просвещение, 1990-1991.

  10. Лапчик М.П. Информатика и технология: компоненты педагогического образования //ИИФО. - 1991. - №6; 1992. - №1.

  11. Методическое письмо "О преподавании курса информатики в 1998/99 учебном году" //ИИФО. - 1998. - №5.

  12. Қазақстан Республикасы орта білім мемелекеттік стандарты. 2-кітап. Математика. Жаратылыстану пәндер. –Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998 ж., 382 б.

  13. Первин Ю.А. и др. Информационная культура. I-Vl классы. М.: Дрофа,1997.

  14. Самовольнова Л.Е. Курс информатики и базисный учебный план //ИИФО. - 1993. - №3.

  15. Семенов А.Л. Математическая информатика в школе //ИНФО. - 1995.- № 5. - С 54-58.

  16. Семенов А.Л. Образование, информатика, компьютеры //ИНФО.1995.-№5.-С 6-11.

  17. Семенов А.Л. Программа информатизации российского общего образования /Материалы к обсуждению на Коллегии Минобразования РФ 26.12.2000 г.

  18. Семенов А.Л. и др. Алгоритмика. V-VI классы. - М.: Дрофа, 1996-1997.

  19. Уваров А.Ю. Информатика в школе: вчера, сегодня, завтра //ИИФО. - 1990. - №4.

  20. Хеннер Е.К Проект стандарта образования по основам информатики и вычислительной техники //ИНФО. - 1994. - №2.

  21. Государственная программа развития образования РК на 2005-2010 годы, Утверждена Указом Президента РК от 11.10.2004., Приказ № 1459, Астана 2004 г., Каз.правда от 16.10.2004

  22. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  23. Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты. Математика. Жаратылыстану пәндер. –Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2002 ж., 382 б.

  24. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты //http://www.nao.kz/

  25. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С., Криворучко В., Кафтукина Л. Жалпы білім беретін мектепке арналған информатиканы тереңдетіп оқыту курсының бағдарламасы //Информатика негіздері 2004, - № 4, 5

  26. Бидайбеков Е.Ы., Абдулкаримова Г.А., Сагимбаева А.Е., Аштаев Т. К вопросу о содержании обучения информатике в классах общеобразовательной средней школе. //Вестник КазНПУ, - №2 (10), с. 52.

  27. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны. Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы, 2005. -224 б.

  28. 12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты) –Астана: 12-жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 2004ж. -92 б.

  29. Вьюшкова Е.А., Аштаев Т.Б., Информатика //Программы 1-4 класса 12 –летней общеобразовательной школы (Проект), Алматы: Атамура, 2004.

  30. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Учебник для 3-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант, на каз.яз). -Алматы, Атамура, 2005. -120 с.

  31. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Учебник для 3-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант, на рус.яз). -Алматы, Атамура, 2005. -113 с.

  32. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Учебник для 4-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант, на каз.яз). -Алматы, Атамура, 2007. -128 с.

  33. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Учебник для 4-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант, на рус.яз). -Алматы, Атамура, 2007. -119 с.

  34. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Методика обучение. Для учителей 3-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант). -Алматы, Атамура, 2005, -96 с.

  35. Абдулкаримова Г.А., Сағымбаева А.Е., Вьюшкова Е.А. Информатика. Методика обучение. Для учителей 4-класса 12-летней общеобразовательной школы (пробный вариант). -Алматы. Атамура, 2007, -93 с.

  36. Бидайбеков Е.Ы., Сағымбаева А.Е. 12-жылдық білім беру жағдайында информатиканың мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесі жайында // Матер. республ. сем. «Нормативное обеспечение учителей в условиях перехода к 12-летнему образованию» Тараз, 2009, С. 60-64.

  37. Бидайбеков Е.Ы., Балыкбаев Т.О., Сағымбаева А.Е. Особенности раннего обучения информатике в условиях 12-летнего образования. Оқу құралы. Алматы, НАО им.Алтынсарина, 2009. -80 б.

  38. http://www.pedsovet.kz/

  39. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Информатика» оқу бағдарламасы. Қазақ тілінде. Астана, 2010. -14 б.

  40. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Информатика» оқу бағдарламасы. Қазақ тілінде. Астана, 2010. -12 б.

  41. Бидайбеков Е.Ы., Нұрбекова Ж.К., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Информатика» оқу бағдарламасы. Қазақ тілінде. Астана, 2010. -12 б.

  42. Бидайбеков Е.Ы., Нурбекова Ж.К., Мухамбетжанова С.Т., Сагимбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Учебная программа «Информатика» для 7-9 классов общеобраз. Школы. Астана, 2010. -12 с.

  43. Бидайбеков Е.Ы., Нурбекова Ж.К., Мухамбетжанова С.Т., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Учебная программа «Информатика» для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобраз. Школы. Астана, 2010. -12 с.

  44. Бидайбеков Е.Ы., Нурбекова Ж.К., Мухамбетжанова С.Т., Сагимбаева А.Е., Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Учебная программа «Информатика» для 10-11 классов естественно-математического направления общеобраз.школы. Астана, 2010. -11 с.


6-ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (АКТ) ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері
Жалпы білім беру мектептерінде қазіргі АКТ экспансиясына алып келетін білім беруді ақпараттандыру оқушылар мен мұғалімдержің қызмет түрлері мен әдістерін өзгертеді. Алайда, мұғалімдердің оқытудың жаңа технологияларын меңгеру деңгейлері әртүрлі болады.

Неғұрлым АКТ-ні жақсы меңгеретін мектептегі педагогикалық ұжымның бөлігі, яғни өз кәсібіне байланысты информатиканың әдістері мен тәсілдерін оқып, қолдана алатындар - бұл информатика мұғалімдері.

Практика көрсететіндей, мектептегі білім жүйесіне жаңа дидактикалық идеяларын енгізілуімен қатар, АКТ-ні енгізу үдерісі жаңа, тіпті күтпеген идеяларды тудыруға мүмкіндік жасайды, сондай идеялар бекітілген оқыту үдерісінің формалары мен әдістеріне әсер етеді. Сондай-ақ АКТ тәсілдерін оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі дидактикалық принциптерге негізделуі керек.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар тиімді ақпараттық ортаны жасауға мүмкіндік береді, ол түрлі әдістемелік оқыту жаттығуларын орындауда қолданылады.

Бұл АКТ анықталған дидактикалық мүмкіндіктерді қамтитынын білдіреді.Олар[7]:

  • оқушылар мен АКТ құралдарының арасында кері байланыс тоқтамайды;

  • объектілер, үдерістер мен құбылыстар, шын өтілетіндермен қатар виртуальды құбылыстар туралы оқыту ақпаратының компьютерлік визуализациясы;

  • үлкен көлемді ақпаратты сақтау және оған оңай кіру мүмкіндігі;

  • оқытылатын немесе зерттелетін құбылыстар мен үдерістерді компьютерлік модельдеу;

  • есептеуіш, ақпаратты іздеу қызметтері үдерістерінің автоматизациясы, оқыту тәжірибесінің нәтижелерін өңдеу;

  • оқыту қызметінің басқару үдерістерін автоматтандыру және оқу материалын меңгеру нәтижелерін бақылау;

Төменде айтылатын мүмкіндіктерді айқындау оқушылардың ақпаратттық қызметінің жаңа түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді:

  • құбылыстар, үдерістер сондай-ақ шын өтіліп тұратын құбылыстар туралы зерттелетін ақпаратты тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу және алуан түрлі, кең көлемді ақпаратты жіберу;

  • әр түрлі объектілер мен үдерістердің, құбылыстардың моделін экранында бейнелеуді басқару;

  • түпнұсқалық ақпараттық өнімді ашу;

  • интернет желісіндегі ақпараттық ізденіс және ақпараттық байланыс;

  • аудиовизуалдық және компьютерлік оқу құралдарымен интерактивті сұхбат құру;

  • оқу қызметінің нәтижелеріне өзіндік автоматтандырылған бақылау жасау;


Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дидиктикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, білім алушылардың оқу үдерісіне ақпараттық қызметтің жаңа түрлерін қосу арқылы оқытудың инновациялық модельдерін ашады.

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері
Ақпараттық-қызметтік оқыту модельдері педагогикада кеңінен қолданылатын ақпараттық және қызметтік қадамдардың негізінде құрылады. Осы қадамдарға оқу үдерісінде ең кең тараған қызмет – танымдық қызмет жатады, ол басымды ақпараттық сипатта болады және ақпараттық үдерістер жиынтығы түрінде көрсетіледі.

Информатиканы оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану екі оқыту моделін құруға мүмкіндік береді.

  1. Ақпараттық қызмет негізінде оқыту моделі әр түрлі ақпаратты өңдеумен, жинақтаумен, продуцирлеумен байланысты.

2. Ақпараттық жүйелер мен ғаламдық желі интернеттің программалық құралдарының негізінде интерактивтік қатынас негізінде оқыту моделі.

6.2.1 Таратылған ақпараттық ресурстардан ақпараттың гипермәтіндік құрылымын құру және таңдау, іздеуді ұйымдастыру негізінде оқыту
Іздеуді ұйымдастыру мен интернет желісінен алынған таңдаулы ақпарат бойынша оқыту моделі ғаламдық ақпараттық ортадағы жинақталған ресурстар мен ерекше дидактикалық және әдістемелік мүмкіндіктерге негізделеді. Арнайы іздеу технологиялары мен жүйелері дәстүрлі оқу-тәрбиелік үдерісті өзгерте алатын үлкен әлеуетке ие. Олар білім алушылардың өзін-өзі тану мен дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ізденуші ісін итермелеуді жоғарылатуға, оқыту үдерісіне қарым-қатынасын өзгертуге қосымша дидактикалық шарттарды құрады. Осы технологиялардың өзгешелігі білім алушыны үлкен таңдау мүмкіндіктерін және әр бағыттағы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді.

Іздеу технологиялары адамға қажетті ақпаратты табуға көмектесетін әртүрлі ақпараттық-анықтамалық жүйеде жүзеге асырылады. Осыған мысал ретінде тақырыптық каталогтар мен іздеу жүйелерінің қызметтерін келтіруге болады.

Тақырыптық каталогтар – бұл Интернетте жиналған ақпараттың негізіндегі осы жүйелерде редакторлардың қолмен дайындаған ақпараттық-анықтамалық жүйелер. Тақырыптық каталогтағы керек бөлімге тез өту үшін кілт сөздерін пайдалана отырып автоматты іздеуді қолдануға болады. Тақырыптық каталогтың мысалдары:


  • Ресейлік Интернеттің балаларға арналған ресурстарының каталогы (http//www.kinder.ru);

  • «Ресейлік білім беру» федералдық порталы (http//www.portal.edu.ru);

  • Оқушы әлемі: білім беру ресурстарының каталогы (http//www.school.holm.ru)

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым минисрлігі (www.edu.gov.kz/ru)

  • Білім алушыларға арналған білім беру ресурстарының каталогы www.pushkinlibrary.kz

Іздеу жүйелері Интернеттен желілік программа-роботтармен автоматты түрде жасалатын мәліметтердің негізіндегі күрделі ақпараттық-анықтамалық жүйелерді және адамға керекті сұрақтарға жауап беретін әртүрлі ақпараттық ресурстарды сілтемені қамтамасыз етеді. Оларға мысал:

  • Google (http//www.google.kz);

  • (http//www.rambler.com);

  • (http//www.yandex.ru).

Іздеу технологиялары мен жүйелерінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, информатика мұғалімі оқушыларға баяндама, реферат дайындап, белгілі бір оқуға байланысты сұрақтар туралы іздеу мен салыстырулар жүргізуді ұсына алады. Бірақ, оқушылардың зерттеу қызметіндегі ақпараттық ресурстармен жұмыс (керекті ақпаратты табу, оны талдап, зерделеу мақсатында қолдана алу) істеу маңызды болып табылады. Ақпаратты іздеу – зерттеу қызметінің бір кезеңі және таратылған ақпараттық ортада құрылымсыз құжаттық ақпаратты іздеу үдерісі. Осы жағдайда ол белгілі құжаттардың жиынының арасынан берілген тақырыпқа арналған, алдын ала берілген іздеу шарттарын қанағаттандыратын немесе дәйектер, мағлұматтар және мәліметтерден құралған бір құжатты анықтайды.

Іздеу үдерісі керекті ақпаратты жинауға, өңдеуге, ұсынуға арналған біртекті операциялардан құрылады. Әдетте ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:

  1. Ақпараттың қажеттілігін анықтау және ақпараттық сұраныс құру.

  2. Ақпараттың қайнар көзін анықтау.

  3. Айқындалған ақпараттық массивтерден ақпаратты бөліп алу.

  4. Қабылданған ақпаратпен танысу және нәтижелерді бағалау.

Ақпаратты іздеуді дұрыс ұйымдастыру үшін Интернет ресурстары веб-сайт, веб-портал және веб-сақиналардан құралғанын білу керек.

Веб-сайт немесе сайт ол – Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын, бір тақырыпен байланысқан веб-беттер жиынтығы. Барлық ашық веб-беттердің жиынтығы бүкіләлемдік торды (WWW) құрайды. Веб-бет – бүкіләлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-беттерде мәтіндермен қатар бейнелер мен басқа беттерге тез көшуге арналған сілтемелер орналасады. Ол жерде медиафайлдар, мысалы, дыбыстық файлдар мен бейнелер (бейне), апплеттер, сонымен қатар беттің мазмұнын динамикалық ететін скрипттер орналаса алады.