Файл: Бидайбеков Е. Ы., Лапчик М. П., Нрбекова Ж. К., Саымбаева А. Е. Жарасова Г. С., Оспанова Н. Н., Исабаева Д. Н.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 882

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫСӨЗ........................................................................................................

3

1-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-тарау. Орта мектепке информатиканы енгізу кезеңдері....................

1.1 Бастама......................................................................

1.2 Математикалық бағдардағы мектептер негізінде программалауға мамандандыру.....................................................................

1.3 Оқушыларға кибернетика элементтерін оқытудың бастапқы тәжірибелері

1.4 Арнайы факультативтік курстарды енгізу ......................

1.5 Оқу өндiрiстiк комбинаттары базасында мамандандыру мәселелері...........................................................................................

1.7 “Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу.................................................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

ююОқ22мттттттт

2-тарау. Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәні...................

2.1 Информатика ғылым және оқу пәнi............................

2.2 Информатика орта мектептегi оқу пәні.....................

ғылымның жаңа саласы және информатика мұғалімін дайындайтын оқу пәні........................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар....................................................б

Әдебиеттер.................................................

3-тарау. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен міндеттері

3.1 Мектеп информатика пәнінің жалпы және нақты мақсаттары жайлы.....................................

3.2 “Информатика және есептеуіш техника негіздері” курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы..................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар..................................................б

Әдебиеттер...............................................................................................

5-тарау. Оқу пәндерi жүйесiндегi информатика курсының алатын орны және мектептiң базистiк оқу жоспары

5.1 Мектептегi информатика курсының алатын орыны жайлы мәселелер ........................................................................................................................

5.2 Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының базистік оқу жоспарлары ......................................................

5.3 12-жылдық мектеп оқу жоспарындағы информатиканы оқыту құрылымы жайында.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

6-тарау. Информатиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың дидактикалық негіздері

6.1 АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері……………….

6.2 Информатиканы оқытудың ақпараттық-қызметтік модельдері

6.3 Ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасы................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

7-тарау. Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары

7.1 Информатиканы оқыту түрлерi мен әдiстерi..........................

7.1.1 Информатиканы продуктивті оқыту әдістері...............

7.1.2 Информатиканы оқытуда модульдік технологияны іске асыру.......

7.2 Информатика кабинеті және оның жұмысын ұйымдастыру және программалық жабдықтау.........

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

8-тарау. Информатиканы қосымша оқыту түрлері

8.1 Қосымша білім беру. Негізгі ұғымдар. ................

8.2 Информатикадан олимпиада және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру…….......................................

8.3 Информатикадан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері...........................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

Өздік жұмыстарға ұсынылған тақырыптар............................................б

Әдебиеттер.................................................

2-БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ӘДІСТЕМЕСІ

10.1 Ақпаратты анықтаудың әдістемелік мәселелері................

10.4 Сандарды беру тілдері: санау жүйесі.......................

10.5 Логика тілі және оның негізгі курстағы орны.........................

10.6 Ақпаратты компьютерде өрнектеу..........................

Практикалық тапсырмалар..............................

Әдебиеттер.....................

11.1 Ақпаратты сақтау үдерісі................

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-ТАРАУ

ОРТА МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ЕНГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРАЛДАРЫ

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқыту түрлері, әдістері және құралдары


Жоғарыда көрсетілген алгоритмдік мәдениеттің құрамды бөліктерін меңгеру алгоритмдер құру – алгоритмдеу, демек, ЭЕМ үшін программалау дағдыларын қалыптастырудың негізiн қалайды. Дегенмен, алгоритмдік мәдениетті құрайтын құрамды бөліктердің ерекшелігі олардың тек оқушының ЭЕМ-мен қарым-қатынасына ғана бағытталғандығынан ғана емес, жалпы айтқанда, программалаудан тәуелсіз кең мағынасы бар екендігінен тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, оқушының алгоритмдік мәдениеті жалпы «программалауға дейінгі» түсініктер, біліктілiктер мен дағдылардың жиынтығы ретiнде оқушының алғашқы бір сауаттылық деңгейiн қамтамасыз етеді. Бұл тек «оқушы-компьютер» жүйесінде ғана емес, сонымен бірге формальды емес «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» т.с.с. машинасыз жүйелерде де жемісті жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, яғни, жеке алғанда, «компьютерлік» жағдайдан тыс оқу пәндері шеңберінде оқушылардың іс-әрекетіне қызмет жасайтын операциялық толықтыру жасайды деуге болады.

ИЕТН пәнін мектепке енгізуге байланысты академик Е.П. Велихов атап өткендей, «информатика – компьютерлерді пайдалануға келтірілмейтін, көшеде жолаушыға жол бағытын түсiндiре алу икемділігі сияқты жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады» [11].

Орта мектептің программалау курсына жалпы білім беру материалы айқындауға бағытталған зерттеулер ақыр соңында мектептiң оқу жоспарына ары қарай жаппай ендiру мақсатында программалау курсынан жалпы білім беретiн пәндi (бөлімді) қалыптастырудың педагогикалық мәселесіне әкеп тіреді. Осындай әрекет 1970 жылдардың ортасында ең алғаш рет жүзеге асырылды: 8-сыныптың алгебра курсында «Есептеу және алгоритмдер» тақырыбы бойынша әңгімелесуге арналған материал, ал кейінірек 11-сағаттық «Алгоритмдер және программалау элементтері» бөлiмi пайда болды [2].

Мектептiң бiлiм берудiң жүйелі мазмұнына ЭЕМ-ге арналған программалау туралы мәліметтердің кенеттен «бұзып өтуінің» мәнін бағалау қиын, бұған қарамастан бұл әрекет бүтіндей алғанда сәтсіз болып шықты және бұл жаңа бөлiм көп кешікпей алгебра оқулығынан алынып тасталынды. Себебi сол уақытқа дейiн жасалынған алгоритмдеуді көрнекі оқытуға арналған аз да болса оқу-әдістемелік құралдарды ендiрудiң орнына оқулыққа Алгол-60 тілінің формальді ағылшын тіліндегі нұсқасы енгізілді, ал бұл өз кезегiнде дайындықсыз математика мұғалімдерін естен тандырды. Нәтижесінде оқушыларға алгоритмдік мәдениеттің құрамды бөліктерін қалыптастыру үшiн оқу машинасы (гипотетикалық) және алгоритмдеу тілдерін пайдалану идеяларының дамуы жандандырылды (И. Н. Антипов [6, 3], М.П. Лапчик [46] және т.б.). Мерзімді әдiстемелiк басылымдарда мектепке кибернетика элементтерін, ЭЕМ мен программалауды оқытуға арналған жалпы білім беретін курстарды табанды түрде енгізу керектігі жайында мәселе қойылып, оны талқылауға әдіскерлермен бірге атақты математиктер де [7, 8, 12, 30, 32, 36, 56 және т.б.] қатысты. Сол кезде алгоритмдеудiң мазмұндық-әдiстемелiк аспектілерiнiң дәстүрлі мектеп пәндеріне пәнаралық ықпалы, ең алдымен, математикаға тіл арқылы, мазмұнының алгоритмдік бағыттылығы, білімнің қолданбалы жағына назардың күшеюі және т.с.с [9, 46, 56, 59, 75] арқылы ықпалы зерттелді. Осы жұмыстардың болашақтағы маңыздылығы - олардың программалау идеялары мен әдістерінiң оқыту мазмұны мен үдерісіне терең ықпал етуі қырларын қарастырғандығында. Олардың кемшiлiктері он жыл өткеннен кейін мектептерді батыл түрде компьютерлендiру етек алғанда толығымен біліне бастады.

1.7 Информатика және есептеуіш техника негiздерi” пәнін мектепке енгізу
Сонымен, мектептерді компьютерлендіру саласындағы нақты ұйымдастыру-әдістемелік шараларды талқылауға «жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағыттары» түрткі болды (1984 ж.) [64]. Сол уақыттағы мектеп реформасының басты қағидаларының бірі ол алғашқы рет ашық декларацияланған информатика және есептеу техникасын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, жастарды жалпы компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету мәселесi болды. 1984 жылдың соңында КСРО Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің Есептеу орталығы (А.П.Ершов) және КСРО ПҒА оқытудың мазмұны мен әдістері ғылыми–зерттеу институтының (В.М.Монахов)  біріккен жетекшілігімен еліміздің түкпір–түкпіріндегі педагог–информатиктер тобын жұмылдыра отырып, жалпы білім беретін мектепте «Информатика және есептеуіш техника негiздерi» деп аталатын жаңа жалпы білім беру пәнінің бағдарламасын жасау жұмысы өріс алды. 1985 жылдың ортасында осындай жұмыс орындалып, КСРО оқу-ағарту министрлігімен мақұлданды [67]. Үкіметтің келесi шешімдерімен жастардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру мәселесін тез шешуге мүмкіндік беретін негізгі стратегиялық жол ретiнде орта мектепке «Информатика және есептеуіш техника негiздерi» пәнін міндетті түрде енгізудің нақты мерзімі – 1985 жылдың 1 қыркүйегі болып қабылданды. Бағдарламадан кейін қысқа мерзім ішінде оқушыларға арналған оқулықтар [65, 66], мұғалімдерге арналған көмекшi құралдар дайындалды [27,28]. Мемлекеттің мектепті компьютерлендіру мәселесiне үлкен көңіл аударғанына «Информатика и образование (ИНФО)» деп аталатын жаңа ғылыми-әдістемелік журналдың құрылуы куә болады, бұл журналдың бірінші нөмірі 1986-1987 оқу жылында шықты. Қазiргi кездегі Ресейдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан ИНФО журналының бүгiнгi күнге дейін қазiргi бiлiм беру жүйесi үшiн маңызы ерекше, информатика мен ақпараттық технологияларды бiлiм беру ауқымына ендiру үшiн қажеттi әдістемелік, дидактикалық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, психология–педагогикалық мәселелердi қарастыратын арнайы ғылыми-әдiстемелiк журнал болып отыр.

Ал, Қазақстанда 1992 жылы Қазақстан Білім Министрлігінің ғылыми-әдістемелік педагогтік «Қазақстан мектебі» журналының «Информатика, Физика, Математика» атты қосымшасы жарық көре бастады.

Жаңа пәнді оқыту үшін 1985 және 1986 жылдардың жаз айларында мұғалімдерді жедел дайындау курстары өткізілді, олардың қатарында негізінен физика, математика мұғалімдері мен білім беруді ұйымдастырушылар болды. Бұл құрам информатика және есептеу техникасы саласы бойынша тездете тереңдетіп дайындау жолымен физика – математика факультеттерінің 1985–1986 жылдардағы түлектерімен - болашақ жас мұғалімдермен толықтырылды. Сол кезде КСРО Оқу министрлігінің шешімімен педагогикалық институттардың физика–математика факультеттерінің негiзiнде информатика және есептеу техникасы пәнінен жүйелі түрде мұғалімдер дайындауды ұйымдастыру бойынша жедел ұйымдастыру-әдістемелік шаралары қабылданды [47,48].



1985 жылдан бастап педагогикалық жоғарғы оқу орындарында физика-математика факультеттерінің қызметі халыққа білім беру мен халық шаруашылығына жоғары мамандандандырылған мамандар: математика мен информатика мұғалімдерін; физика-математика ғылымы және орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика мен информатиканың кейбір тарауларынан сабақ беру әдістемесі салаларынан ғылыми қызметкерлер дайындауға бағытталды. Осыған орай, 1985-1987 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының қызметкерлері республикадағы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты мектеп курсының мазмұны мен оны оқыту әдістемесін қалыптастыруға ат салысты.

1985 жылдан бастап Қазақстандағы мұғалімдер дайындайтын қара шаңырақ Абай атындағы АлМУ-да «Математика және информатика», «Физика және информатика» мамандықтарының оқу жоспарлары жасалып, солар бойынша орта білім беретін оқу орындары үшін «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бойынша мектеп мұғалімдерін дайындау жүзеге асырыла бастады.

Мектепке ИЕТН пәнін енгізуді мамандармен қамтасыз ету ауқымында, егер кеңiрек айтсақ, бүтіндей мектепті компьютерлендіру ауқымында қысқа мерзiм ішінде шешілуi қажеттi мәселелердiң қиындық деңгейі мен сипатын нақтырақ түсіну үшін 1980 жылдардың ортасында КСРО мектептерінде информатика және ЭЕМ саласында жұмыс істеген мұғалімдердің нақты дайындық деңгейінің қандай болғанын ескере түсіре кеткен абзал.

Алғаш ЭЕМ–ге программалаудың қысқа таныстыру курсы – «Математикалық машиналар және есептеу практикумы бар программалау» деген оғаш аты бар 1964 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарында пайда болды. 1970 жылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің оқу жоспарына жаңартылған «Есептеу машиналары және программалау» (50 сағат) курсы енгізіледі, бірақ бұл курс бағдарламасының мазмұны программалаудың болашақ даму бағытына сәйкес келмеді. Келесі «Есептеу математикасы және программалау» жалпылама курсының ресми түрдегі бағдарламасы программалауға 70 сағатқа жуық бөліп, дербес жағдайда, жоғарғы деңгейдегі Алгол-60 тілімен танысуды ұйғарды [45]. Сол кездегі санаулы педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, техникалық қамтамасыз етудің жоғары деңгейі болып саналатын, бір-екі «Найри», «Промин», «Мир» және т.с.с. кiшiгірім ЭЕМ–дің болғандығын айта кеткен жөн. 1970 жылдардың соңына қарай педагогикалық жоғарғы оқу орындарында программалау мене есептеу математикасы бойынша бар болғаны төрт кафедра ашылды (Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Омбы), ал алғашқы дербес ЭЕМ-дер (отандық ДЭЕМ-дер «Искра», «ДВК», «Электроника») тек, 1980 жылдардың ортасында ғана санаулы жоғарғы оқу орындарында өте аз мөлшерде пайда бола бастады.


Жоғарыда айтылғандардан, информатиканы орта мектепке енгізу кезеңінде (1985 жылы), сол кезде мектепте жұмыс істеп жүрген педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультеттері түлектерінің компьютерлік дайындық деңгейі жаңа ИЕТН курсын оқытудың талаптарына еш сәйкес келмегенін байқауға болады.

Оның себептерi айқын:

  • педагогикалық жоғары оқу орнында білім беру информатика саласын оқытпады, ол тек программалаудың алғашқы элементтерiмен, информатика курсын мектепке енгізу кезiндегі деңгейге қарағанда, едәуір, одан қалық идеялық деңгейде, танысуға бағытталған болды;

  • педагогикалық жоғары оқу орындарында программалауға дайындау тек білім беру сипатында ғана болды, ал ол осы пәннен оқушыларға сабақ беруге бағытталмады (мұндай мәселе болған жоқ едi).

Әлбетте, 1980 жылдардың екiншi жартысында мемлекеттік және аймақтық білім беруді басқаратын ұйымдармен қабылданған ең батыл және жедел түрде информатика және есептеу техникасын оқытатын физика, математика мұғалімдерін қайта дайындауды қамтамасыз ететiн ұйымдастыру - әдістемелік шаралары, тек ИЕТН мектепке енгізудің бірінші кезеңінің шұғыл шаралары ретiнде ғана жарамды болды. Ал, педагогикалық жоғарғы оқу орындары физика-математика факультетінің негiзiнде информатика мұғалімдерін және мектептерді компьютерлендіруді ұйымдастырушыларды жүйелі түрде дайындауды қалыпқа келтіру, сол сияқты басқа мектеп пәндері мұғалімдерінің компьютерлік білімін лайықты жағдайға келтіру шараларын ары қарай жүзеге асыру шаралары түбегейлі ғылыми-әдістемелік негіздемелер мен талқылауларға сүйенуі керек.

Сол кездерде оқу орындарының, мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының даму ерекшеліктері (менеджмент, ақпарат қажеттілігі және т.б.) нарықтық экономика жағдайында «информатика» мамандығы бойынша «информатика (оқытушысы) және компьютерлендіру менеджері» мамандандыруы, сол сияқты «информатика және ағылшын тілі», «информатика және экономика», тағы сол сияқты қосалқы мамандықтағы мамандар даярлауды талап етті. Мұндай мамандар дайындауды физика-математика факультеті базасында көп сатылы құрылымы бар оқу жоспарларына көшу арқылы іске асырылды. Осындай мамандарды дайындауға республикаға белігілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Ұ.М.Сұлтанғазин, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Ш.С.Смағұлов, ғылым докторлары Н.Т.Данаев, Т.Н.Бияров, С.С.Оспанов, С.Я.Серовайский, А. Дүйсембаев және т.б. ғалымдар физика-математика факультеті информатика және қолданбалы математика кафедрасында қосымша оқытушылық қызмет атқара отырып ат салысты.


«Информатика және есептеуіш техника негiздерi» курсын программалық қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мұндай жағдай 1985 жылы қалыптасты, яғни информатика және есептеуiш техника негiздерi курсын сүйемелдеуге арналған алғашқы кешенді программалар сол жылдары пайда бола бастады. Бұл жұмыстар оқулықтар мен оқу құралдарының авторларымен тығыз байланыста болды [21]. Кейiннен компьютерлердiң әрбiр түрлерi үшiн программалық-әдiстемелiк кешендердi жасау мәселесi алдыңғы орынға шықты. Бұл оқу жоспарында қойылған мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету үшiн онсыз да мүмкiндiгi шектеулi оқулық-есептеу машиналарын мейлiнше кеңiнен пайдалануды қажет етедi. Дегенмен, 1990 жылдардың басында ТМД-ның республикаларында, соның iшiнде Қазақстанда да есептеу техникаларын таңдауда, IBM-PC тектес компьютерлердi таңдау арқылы соңғы нақты шешімдері қабылданды. Сол жылдары отандық мұғалiмдер мен оқушылардың қолында А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың және А.Г.Кушниренконың редакциялауымен дайындалған оқу құралы мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал болды.

1985-1987 жылдары Қазақстанда Абай атындағы АлМУ-дың «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының меңгерушісі Е.Ы.Бидайбеков «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсын оқыту әдістемесі мен мазмұнын қалыптастыруға тікелей ат салысты. Ол А.П.Ершов, М.В.Монаховтың редакциясын басқарумен дайындалған 2-бөлімнен тұратын «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталатын оқушылар үшін байқау оқу құралын және мұғалімдер үшін «Информатика және есептеуіш техника негіздерін оқыту» әдістемелік құралының қазақша аудармасының арнайы редакторы болды [88-91]. Сонымен қатар, арнайы редактор ретінде аударудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің тек дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептеріне жаңа пәнді енгізуді қамтамасыз ететін информатика бойынша қазақ тілінің терминологиясын енгізіп, тағайындады.

Бұл оқулықтардың екi нұсқасы үшiн де қажеттi қазақ тiлiндегi педагогикалық программалық құралдар жоқ болды. Тек Абай атындағы АлМУ-дың есептеу зертханасында университеттің барлық факультеттерінің информатика және басқа пәндері бойынша оқу үдерісін сүйемелдеуден ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қазақ, орыс тілдерінде педагогикалық программалар пакеттері (ППП) жасала бастады. Атап айтқанда, қазақ және орыс тілдерінде тілінде мынадай программалық өнiмдер: Е-практикум, ПРОЛОГ-Д, ПРОЛОГ-Б, ТІЛДІК ОРТА, ИЕРАРХИЯ, «Информатиканы оқыту әдiстемесi», «Есептеуіш техниканы оқу үдерісінде қолдану» пәндерiнде қолданылатын программалық құралдар пакетi жасалынып, ал кейбiреулерiнiң аудармасы, оқу үдерісіне енгізу масатында таратылып отырды. Кафедрада жасалған «ТІЛДІК ОРТА» программалық құралдар пакетi 1994 жылы Республикалық көрме-жәрмеңкеде бірінші дәрежелі