Файл: Таырыбы Сзжасамды оыту барысында жаа дістсілдерді тиімді пайдалану жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 127
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шәкірт:
- Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
- Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
- Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Мысал:
«Сiздiң ойыңызша бұл дұрыс/бұрыс, маңызды ма/емес пе, жақтайсыз ба/ қарсысыз ба?» деген пiкiрталас, полемика мен дау-дамай туғызатын сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
Қортынды
Сөзжасамның қазіргідей дәрежеге жетуінің негізі әріде. Басқаша айтар болсақ, тіліміздің әбден қалыптасқан, орныққан, күрделі,өте жүйелі сөзжасамы – ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Абдирасилова Гүлмира өзінің кандидаттық диссерта-циясында сөзжасам мәселесіне қатысты еңбектерге шолу жасай отырып, қазақ тіл біліміндегі сөзжасамның зерттелуін мынадай кезеңдерге бөліп қарастырған /8/:
-
ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам қосымшалары туралы ілімнің негізі қаланды. -
ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы зерттеулердің жарық көруі. -
ХХ ғасырдың І жартысы көптеген ғылыми грамматикалардың жарық көріп, сөзжасамның морфологиялық бір элементі ретінде қарастырылды. -
1950 жылдардан кейінгі кезең. Негізінен морфологияда қарастырылғанымен, сөзжасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді, өнімсіз,құнарлы-құнарсыздығы) зерттелуі, дербес сала ретінде арнайы зерттеу нысанасына айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы /9/. -
1989 жылдан кейінгі кезең. Бұл кезеңде сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде жан-жақты зерттелуі.
Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек. Тіл білімінде сөзжасам термині екі түрлі мағынада қолданылады:
1. Сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы;
2. Тілдік құбылысты зерттейтін ғылым. Сөзжасам – ғылым ретінде сөз тудыру жүйесін, оның өзіне тән заңдылығын, жаңа сөздің пайда болу әдіс-тәсілін, тілдік құбылыс ретінде жаңа сөз жасау процесін зерттейтін тіл білімінің жеке бір саласы. Сөзжасам ғылымының да тілдің басқа салалары сияқты зерттейтін нысаны бар, ол- сөз. Мысалы, тілдің лексикология саласы кез-келген сөзді мағынасына қарай, морфология құрамына, тұлғаларына сөз табына қатысы тұрғысынан, синтаксис сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылыс материалы ретінде, фонеткалық дыбыстық құрамына қарай зерттейді. Ал сөзжасам ғылымының негізгі зерттеу нысаны- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің жасалу нәтижесін, туынды сөз құрылымын, жасалу жолын зерттеу. Сонымен, сөзжасам мәселесін тіл білімінің бір саласы деп тануды мынадай деректерге сүйенеміз: сөзжасамның өзіне тән
зерттеу нысаны бар, ол-туынды сөз; өзіне тән салалары бар; Морфемика мен дериватология (сөзжасам); мазмұны бар: оған сөзжасамдық ұғымдар жатады; сөзжасам тәсілдері бар; ғылыми терминологиясы бар.
Жалпы алғанда, түрколог ғалымдар, сөзжасамды арнайы зерттеп жүрген қазақ тіл мамандары сөзжасам тәсілдерін үшке бөліп көрсетіп жүр:
-
Синтетикалық (морфологиялық) -
Аналитикалық (синтаксистік) -
Лексика- семантикалық
Яғни осы тәсілдер арқылы сөз таптары қалыптасып, дамыған.
Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі орыс түркітанушыларының алғашқы қазақ тілімен байланысты еңбектерінен бастау алды.
Ең алғашқы қазақ тілі туралы жазылған еңбектер Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия», П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка», М.А. Терентьевтің түркі тілдеріне арналған «Грамматика турецкая, персицкая, киргизская и узбекская» атты грамматикаларында түркі сөз таптарының сөзжасамдық жұрнақтары аталып, олардың мағыналары көрсетілгені үнемі ғылымда айтылып келді. Одан соң В.Г. Архангельский 1927 жылы «Грамматика казахского языка» деген еңбек жазғаны белгілі. Онда ғалым әр сөз табымен байланысты сөзжасамдық бірсыпыра жұрнақтарды көрсетіп, олармен жасалған туынды түбірлерді көрсетіп, олардың мағынасын анықтаған.
Бұдан қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі алғаш түрлі сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау арқылы сөзжасамның бір негізгі мәселесінен мағлұмат беруден басталғаны көрінеді. Бұл ретте түркологтар еңбегін дұрыс бағалау, оны көрсеткен орынды деп білеміз.
Қазақ ғалымдарының ішінен сөзжасам туралы алғаш ғылыми мәлімет А.Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» оқулығында берілген. Осы оқулықтың «Сөз тұлғалары» тақырыбында сөз тұлғасының 5 түрін көрсетеді. Солардың бірі ретінде туынды сөзді көрсетіп, оған мынадай анықтама береді: «Туынды түбір дегеніміз- бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерген сөз: мәселен, бастық, тастақ, шашақ, қастық». Міне, бұл – қазақ тіл білімінде, қазақ тілінде туынды сөзге тұңғыш рет берілген анықтама. Туынды түбірге берілген бұл анықтамада артық сөз де, қате пікір де жоқ. Туынды түбір сөздің негізгі түбірден тұлғасы да, мағынасы да басқа екені шындық және тұңғыш рет қолданылған туынды түбір деген термин әлі де қолданыста екенін атап өту дұрыс деп санаймыз.Ол терминнің авторы – А. Байтұрсынов.
Осы еңбегінде ғалым сөз тұлғасының бір түрі деп қосымшаларды көрсеткен. Қазіргі тіл білімінде бұл ретте көзқарас өзгерді. Бірақ тілде қосымша терминін тұңғыш қолданып, оған анықтама берген де Ахмет Байтұрсынов. А. Байтұрсынов қосымшалардың екі түрін көрсеткен, олар: жалғау және жұрнақ, бұл терминдер әлі де қолданыста, олардың да авторы –А. Байтұрсынов. Сонымен бірге ғалым жалғауға да, жұрнаққа да анықтама берген, ол қосымшамен бірге көрсетілген. Өз сөзін келтірейік: «Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді, екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады» .
Осында А.Байтұрсынов жұрнақты анықтап, оның туынды сөз жасап, сөз мағынасын өзгертіп, туынды сөз құрамында қолданылып, түбірмен бірге жазылатынын, тілде жұрнақтардың саны да көп екенін нақтылы мысалдармен дәлелдеген. Осы оқулықта – лық, - шы, -шыл, -лас, - лы , - лау, - сыз, - ғы, - еке, -ншы, - у, - ғыш, - ғын,- қы, -ақ, -с, -м, -нды,- ма жұрнақтарына жаттығулар беріп, олардан туынды сөздерді жасауды талап еткен. Мұнда жұрнақтарды қолдануға, ажыратуға, тануға жаттықтыруды көздеген.
1915 жылы Орынборда шыққан «Тіл – құралы, 2-ші жылдық» деген оқулықта жұрнақтардың құрамы мына жұрнақтармен толықтырылған: -шақ, - а, - е,- ла, (-ле,-да,-де,-та,-те),-ғар (-қар-, кер), - сын, -шыла (-шіле), -ай (-ей),- гер,- дай (-дей),- дағы (-дегі),- лау (-леу,-деу,-тау,-теу),- шыл,- ғыл ,- ғылт,-ғылтым,- шылық (-шілік),- ар(-ер),- ай(-ей) жұрнақтарын қосқан. Бұдан басқа, ғалым оқулықта сөздердің осы жұрнақтар арқылы жасалу жолдарын баяндаған [9].
Олай болса, А. Байтұрсыновты қазақ тілінің сөзжасам мәселесінің алғаш негізін қалаған, ол туралы алғашқы ғылыми пікір айтқан, оның негізгі терминдерін жасаған ғалым деуге толық болады деп есептейміз.
Профессор Қ. Жұбанов 1936 жылы 5- сыныпқа арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығында «жұрнақ» деген терминнің орнына «үстеу» деген терминді қолданды және «туынды сөз» деген терминді қолданбады. Бірақ ғалым «Образование сложных слов» деген мақаласында сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер мәселесі туралы пікір айтқан: «Сложение, или композиция, есть образование нового слова путем соединения двух или более слов в одном»[10]. Міне, бұл сөзжасамның аналитикалық тәсілі туралы айтылған алғашқы пікір деуге болады. Өйткені грамматикаларда біріккен сөз, қос сөз туралы мағлұмат беріліп жүргенімен, оның сөзжасамға жататыны айтылмай келген болатын. Сондықтан Қ.Жұбановтың күрделі сөздер деп бөліп, оны туынды сөздер тобында қарастыруы сол кез үшін жаңалық деуге болады.
Қазақ тіл білімінде жалғау, жұрнақтар туралы мақала бастырып шығару 1930 жылдардан басталады. Х.Басымовтың «Қазақ тілінің жалғау, жұрнақтары» деген мақаласы 1930 жылы «Жаңа мектеп» журналының 6-7 нөмірлерінде шықты[11]. Бұл алғашқы мақала болғандықтан оны арнайы атаған дұрыс деп ойлаймыз.
І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілі», М.Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы», Г.Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы», С.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулықтарында да жұрнақтар сөз тудырушы сөз түрлендіруші деп екі топқа бөлініп беріліп, сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналары сөз болады, Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілі», А. Ысқақов және К.Аханов жазған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулықтарында негізгі түбір, туынды түбір, олардың жасалуы және түбірлес сөздер сияқты мәселелер ғана қарастырылса, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен шыққан алғашқы ғылыми грамматикада сөзжасам әр сөз табына қатысты, бірақ, әдеттегідей, морфология шеңберінде беріледі. Алайда, бұл ауқымды еңбек жеке сөз табы сөзжасамына арналған бірнеше еңбектердің жазылуына себепші болады. 1960 жылдары жоғары оқу орындарына арналып жазылған оқулықтардың ішінде А.Ысқақовтың «Қазақ тілі» мен И.Е.Мамановтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулықтары ерекше орын алады. А. Ысқақовтың оқулығында сөзжасам әр сөз табымен берілсе, И.Мамановтың оқулығында етістіктің сөзжасамы жеке қарастырылады. Автор туынды етістік жасайтын жұрнақтардың өнімділерін, жиі қолданылатын құранды жұрнақтарды келтіреді, ал бір сөзден әр түрлі жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің тобын «ұялас түбір сөздер» деп атайды. Қазақ тіл біліміндегі барлық бұрын-соңды жетістіктер туралы 1967 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақ тілнің грамматикасы» атты еңбек мәлімдеді. Кітапта сөзжасам мәселелері бұрынғыша морфология саласында қарастырылады. Сөзжасам мәселелері зерттеліп, одан біртіндеп диссертациялар да қорғала бастады. Осы бағыттағы алғашқы диссертация – Ә. Төлеуовтың диссертациясы. Ол «Словообразовательные аффиксы имен в современном литературном языке» деп аталған. Төлеуов бұдан кейін де есім сөздердің сөзжасамы туралы бірнеше еңбек жариялады. Соның бірі – зат есім мен сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуын зерттеуге арналған еңбегі. Ал «Қазақ тіліндегі зат есім категориясы» деген еңбегінде зат есім сөзжасамынан мәлімет беріледі. «Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы» атты еңбегі 1973 жылы жарық көрді. А.Хасенова- Қалыбаева «Қазақ тіліндегі етіс категориясы», «Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер», Г. Н. Жаркешова «Сметные слова в современном казахском языке», Б.Құлмағамбетова «Аффиксальное словоообразование глаголов в современном казахском языке» деген тақырыпта диссертация қорғады, А. Хасенова «Глагольные основа казахского языка» деген тақырыпта қазақ әйел ғалымдарының ішінде тұңғыш рет докторлық диссертация қорғады, З.Бейсембаева ғылыми жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтардың белгілі бір тобын зерттейді. Сондай-ақ, Б.Қайымованың диссертациялық жұмысында етістіктен есім тудыратын жұрнақтар талданады, етістіктен зат есім және сын есім тудыратын ортақ жұрнақтардың өнімді, өнімсіз түрлері, олардың жаңа сөз жасаудағы рөлі айқындалады.
Бұл еңбектер – қазақ тіл біліміндегі алғашқы диссертациялар. Сондай-ақ тіл білімінде алғашқы ғылыми зерттеулердің нысаны сөзжасам жұрнақтары болды. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесін зерттеу шындап қолға алынуы 1988-1989 жылдардан басталады.
1988 жылы Н. Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі»деген монографиясы жарық көрді. Онда ғалым қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне толық сипаттама берді. Бұл-қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасам жүйесіне берілген тұңғыш ғылыми сипаттама. Бұған дейін ол-мәселе ретінде қойылған емес. Онда қазақ тілінің қалыптасқан өзіндік жүйесі ұзақ уақыт ішінде басынан талай өзгерістерді өткізіп қалыптасқаны дәлелденді. Ұзақ уақыт ішінде сөзжасамдық бірліктер қалыптасып, олардың қолданылуы, туынды сөздердің жасалу заңдылықтары қалыптасқаны ғылыми тұрғыда дәлелденді, сан есімдердің сөзжасам жүйесі түңғыш рет сипатталып, оның өзіндік ерекшеліктері көрсетілді. Сан есім сөзжасам жүйесінде негізінен аналитикалық тәсіл қолданылады деген тұжырым еңбекке өзек болып, дәлелденіп отырады. Сан есімнің сөзжасамдық бірліктері сан атаулары деп дәлелдеген ғалым сан атауларының қосылу (он+бір) және көбейту (2 жүз) заңдылығы арқылы жасалатынын нақты тілдік деректер негізінде дәлелдеп, оның түрлі модельдерін жасаған.[12]
1989 жылы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген тіл білімі институтының грамматика бөлімінің ғылыми қызметкерлері дайындаған монография жарық көрді. (Бұл монографияның авторлары: М.Балақаев, А.Қалыбаева, Н. Оралбаева, Қ Есенов, Е. Жанпейісов, С.Нұрханов). Монография сөзжасам мәселесін жаңа бағытта, жаңа ғылыми негізде жоғары дәрежеге көтерді және оның сөзжасамның кейінгі зерттелуіне соны бағыт сілтеуге, сөзжасамға көзқарасты өзгертуге, жаңа идеяларға бастауға маңызы күшті болды.
Монографияда қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөзжасамның жалпы теориялық мәселелерінің ғылыми негізі жасалды. Шолудан байқалғандай, 1988 жылға дейін сөзжасам жүйесі, оның жалпы заңдылықтары сөз болған емес, зерттеулердің бәрі негізінен жеке сөз таптарының жұрнақтар арқылы жасалуы туралы болып келді [13].
Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі нысанасы-туынды сөздер. Туынды сөздер – тілдің сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалған лексикалық нұсқалар (единицалар). Мысалы, ағар, бітім, келісім, белдік, кәсіптік, қаламгер, озат, сөзшең сияқты туынды түбірлер сөзжасамның морфологиялық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер. Ал баданакөз (өсімдік), бірталай, жел