Файл: Таырыбы Сзжасамды оыту барысында жаа дістсілдерді тиімді пайдалану жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 131
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау;
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады”
белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар сөзжасам ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді.
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ-ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелер:
1. Жаңа құрылым пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны ашу сатысы.
а) Топпен жұмыс.
ә) Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
а) Венн диаграммасы.
ә) Бағалау.
б) Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
-белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
Мен жұмыс жасап отырған технологиямен дәстүрлі сабақтан шығатын нәтижені мына кесте арқылы салыстыруға болады:
Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р | |
Мұғалімнің әдістері | Оқушының іс-әрекеті |
Тақырыпты түсіндіреді | Мазмұнын айтып береді |
Кейіпкерлер туралы айтып береді | Кейіпкерге мінездеме береді |
Мәтіннің идеясын анықтайды | Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады |
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді | Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады |
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады | Шығарма жазады |
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады | Жауап береді |
RWCT с а б а қ т а р ы | |
Мұғалімнің әдістері | Оқушының іс-әрекеті |
Топқа бөліп, ой қозғайды | Ұжыммен жұмыс жасайды |
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды | Мәтінмен өздері танысады |
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады | Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді |
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды | Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады |
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды | Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды |
Өз ойларын жазуды ұсынады | Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді |
Ойларын қорытуға бағыттайды | Өз тұжырымдамасын жасайды |
«Ой шақыру стратегиясына» ілінген шеңбер
(Сөзжасам сөзінің мағынасын ашу)
ІІІ. Жаңа сабақ :
.Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.
Жер,жер серігі, бұлт, кемпірқосақ, күн, күн сәулесі,аспан, көкжиек,жұмыс,жұмысшы,жұрт, ағайын-жұрт,жер-көк,тау-тас.
Ү. Жаңа сабақты меңгеру.
ҮІ Бекіту: Суретпен жұмыс.
1. Суретші, биші, күйші (жұрнақ арқылы)
2. Атжарыс (екі сөзді біріктіру арқылы)
3. Ыдыс-аяқ (Қосарлану арқылы)
4. Күн сәулесі (тіркесу арқылы)
5. 1) Жаз мезгілінің суреті
2) Жазу жазып отырған баланың суреті (лексикалық жолмен жасалған)
ҮІІ Бекіту: Қорытынды..
Сабақта қолданатын келесі әдіс ИНСЕРТ, яғни түртіп алу стратегиясы арқылы бүгінгі сабақта не білдік және бұл сабаққа дейін не білгенмін деген сұрақтарға жауап бере отырып сабағымызды қорытындылаймыз.
Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.
Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
Біреу күн нұрына малынса, біреу ай сәулесіне зәру.
Аққу көлін сағынар, ер жігіт елін сағынар.
Ата-ананы құрметтеген жан халқының да қадіріне жетеді.
Сөздерді дұрыс орналастырып, мақал-мәлелді тап және асты сызылған сөзге лексика-грамматикалық талдау жасау.
«Жорға» ойыны. Сұрақтарға жауап алу.
1 Сөз неден тұрады?
2 Түбір дегеніміз не? Мысал келтір
3 Қосымшаның екі түрін ата.
4 Сөздер құрамы жағынан нешеге бөлінеді?
5 Дара сөз дегеніміз не? Мысал келтір
6 Күрделі сөз дегеніміз не? Мысал келтір
7 Біріккен сөздер дегеніміз не?
8 Қос сөз дегеніміз не? Мысал келтір
9 Қос сөздің неше түрі бар?
10 Қайталама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
11 Қосарлама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
12 Қысқарған сөздер дегеніміз не?
13 Тіркесті сөздер дегеніміз не? Мысал келтір
-
«Кім жылдам» ойыны. Берілген сөздерден 1 - топ дара сөздерді, 2 - топ күрделі сөздерді теріп жазыңдар.
Әке, ауыл, жолдас, аялдама, ауыл - аймақ, бозторғай, қара торы, көк ала, қараторғай, ағаш, гүл, отыз, отыз - қырық.
3. Біріккен сөздермен, қос сөздерге байланысты тапсырмаларды орындау.
4. Терме диктанты.
5. Көру диктант
Арасында құлын - тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары - төмен үйрек – қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз – келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап.
Абай
6. Тақтамен жұмыс. Берілген қысқарған сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазыңдар.