Файл: Таырыбы Сзжасамды оыту барысында жаа дістсілдерді тиімді пайдалану жолдары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 129
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой шақыру стратегиясы.
«Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар , түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» Баубек Бұлқышев
М: - Ал, балалар, Баубек Бұлқышевтың бұл сөзін қалай түсінесіңдер? (оқушыларды сөйлету)
Балалар жауап береді.......
М: - Ал, еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыңдар? (ой қозғау)
М: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда ойлау сатыларына «Адам керуен, өмір жол» дегендей жолға шығамыз.
Мағынаны ашу сатысы.
М: -Сонымен, жолға шықтық. Жолдағы ережелерді сақтап, бағыт сілтеуші не? (бағдаршам). Олай болса , бағыт сілтеушілерің мен, ал сиқырлы бағдаршам түстерді сендерді ойлау сатыларына шақырады. Тақтаға түрлі-түсті қағаздан дөңгелек ойып, тақтаға іліп отырамын. Жанында әр тапсырманың атауы жазылып тұрады.
Ақ түс: - Балалар, қандай өзгерісті байқадыңдар? Ақ түсті көрген кезде қандай ой келеді? Жалпы, ақ түс шексіздік ұғымына сай келетін сияқты. Адам баласының алар ұғымы өте шексіз. Соның бірі өздерің танысып шыққан – «Сөзжасам» тарауы.
- Енді, ойлаудың алғашқы сатысы – дерек мағлұматқа тоқтаймыз.
Топтау стратегиясы (сұрақ беріледі, соған қарап білгендерін дәптерлеріне жазып шығады,ең жақсы шыққан стратегияны , тақтаға жазып шығу.)
М: - Жасыл түс . Ал балалар, келесі түс «Жасылда» қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның жасыл түсінде не істетін едік? «Жол ашық» Ендеше келесі ойлау сатысында алған мағлұматтарымызды салыстыра отырып зерттейміз.
Венн диаграммасы (зерттеу)
Сөздік қор
Ортақ белгісі
Сөзжасам
М: -сары түс – ал, балалар, келесі түс «Сары». Сары түсті көргенде қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның сары түсінде не істейміз? «Дайындал» ендеше, келесі ойлау сатысы алған мағлұматтарды іс-әрекетте тиімді пайдалана білу.
6. Өз бетімен жұмыс. (терме диктанты) Сөзжасамның төрт тәсіліне байланысты сөздерді теріп жазу.
Сергіту сәті. (халықтық педогогикамен байланыстыру). Балаларға мақалдың бастапқы бөлігін айтып , ары қарай жалғастыру ойынын өткіземін.
М: -қара түс – Ал, балалар, келесі түс-қара. «қарада» қандай ой келеді? Олай болса, қара түстен «Сақ болуымыз»керек. Ендеше, келесі ойлау сатысы – алған мағлұмат бойынша өзіміздің әлсіз жағымызды танып білейік.
7.Үлестірмелі қағазбен жұмыс. Әр топқа сөздер , одан туынды сөздер жасау.(сөз, сөз тіркесі, сөйлем, шағын мәтін)
Ой-толғаныс сатысы
Тақтада: Мәтіннен жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды сөздерді табу.
Дәптерге: Қарамен жазылған сөздердің қандай жолдармен жасалғанын түсіндіріңдер.
Қорытындылау
Қызыл түс: - Ал, балалар , соңғы түс - ....
- Ия , жарайсыңдар қызыл түс. Қызыл түсте не істейміз? «Тоқтаймыз.»
- Ендеше, келесі ойлау сатысы-
- Сабақ бойынша алған білімдеріңді жүйелеп, жоба рақылы дәлелдеу.
Коллаж әдісін пайдалану. (әр-түрлі суреттер: ата, әже, ана, әке, достардың, жеміс-жидектің, қаланың, жануарлардың т.б.)
1) сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмаларды орындау.
2) Туған табиғаттың тамашасы жайында білетін мәліметтеріңді кірістіріп, ертегі жазау.
2.2. Блум таксономиясы негізінде сөзжасамды оқыту тиімділігі
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
2. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
ІІІ. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
- Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
- Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
- Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
ІV. Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
- Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
- Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
- Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
- Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
V.Синтез (жинақтау, жүйелеу).
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Сабақтың тақырыбы | Сөзжасам | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жалпы мақсаты | фонетика бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп, пысықтау, негіздеу арқылы жаңа сабақты түсіндіру, мақал сөздің мәйегін түсінуге, табиғатты қорғауға, құс төресі аққуды аялауға, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; | |||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе | |||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижесі | Оқушыларда сөзжасамның жасалуы және олардың құрамы туралы түсінік қалыптасады. Түйінді ой қорытынды жасайды. | |||||||||||||||||||||
Түйінді идея | Нақты ойлау арқылы ой қорыту | |||||||||||||||||||||
№ | Уа-қыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Дерек көздер, көрнекілік-тер | ||||||||||||||||||
1 | 2 мин | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру | «Ең жақсы тілек» Оқушылар плакатқа салынған ағаштың бұтағына өз достарына тілектер жазылған жапырақтар мен алмалар жапсырады. | Стикерлер плакат | ||||||||||||||||||
2 | 2 мин | Топқа бөлу Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай бағыттау | Суреттер арқылы топқа бөлу Үй жиһаздары Жануарлар Көкөністер Музыкалық аспаптар | Суреттер, топ аттары жазылған парақшалар | ||||||||||||||||||
3 | 1 мин | Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
| слайд | |||||||||||||||||||
4 | 5 мин | Жаңа сабақтың ашылуы І.Білу. «Миға шабуыл» әдісі 1. Балалар сендер «сөзжасам» деген сөзді естігенде көз алдарыңа нені елестетесіңдер? | Оқушылар өздерінің түсініктері бойынша менталді карта жасайды | Плакаттар, маркерлер Слайд | ||||||||||||||||||
5 | 5 мин | ІІ. Түсіну. Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Құрамына қарай қандай түрлерін білесіңдер? Қосымша дегенді қалай түсінесіңдер? Жаңа сөздердің жасалуын қалай түсінесіңдер? |
Оқушылар топ болып тақырыпты оқиды, өз пікірлерін айтады.Сөзжасам туралы білімдерінің қай дәрежеде екенін көрсетеді. | Слайд | ||||||||||||||||||
| 2 мин | ІІІ. Қолдану. Дара сөз деген не? Дара сөздің қандай түрлері бар? Күрделі сөз деген не? Оның түрлеріне мысалдар келтіре аласың ба? | Жеке жұмыс Сұрақтарға жауап береді. |
тірек сызба | ||||||||||||||||||
| 13 мин | «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны (топтық жұмыс) (талантты және дарынды оқушыларға арналған күрделенген тапсырма) | Топтық жұмыс Оқушылар дөңгелектегі сөздерді сағат тілінің бағыты бойынша екі әріпті қалдыра отырып оқиды Түбір мен қосымшаның айырмасын табу | Үлестірме қағаздар Слайд Кеспе суреттер Слайд | ||||||||||||||||||
7 | 2 мин | Сергіту сәті «Кел, билейік!» | Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды | Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету | ||||||||||||||||||
| 5 мин | ІV. Талдау Оқушылармен бірге сабақты талдау. Біріккен сөздердің ерекшеліктері қандай? Қос сөздердің ерекшелігін айтып бер? Тіркесті сөздер туралы пікірлерің қандай? | Әр топ өз ойларын айтады. | Суреттер Слайд | ||||||||||||||||||
| 3 мин | V. Жинақтау «Нақты жауап» айдары: Сөзжасам туралы түйінді идея. «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау | Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайды Әр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады. | Тоқыма жіп | ||||||||||||||||||
| 3 мин | VІ. Бағалау
|
Блум таксономиясы бойынша бағалау парақшасын үлестіру.
| Оқушылар смайликтерді көтеру арқылы бүгінгі сабақты бағалайды J-мен көп нәрсені үйрендім K- мен аз нәрсе үйрендім L-мен ештеңе үйренбедім | Бағалау шкаласы «5»-12-15 ұпай «4»- 9-12 ұпай «3»-5-8 ұпай | ||||||||||||||||
| 2 мин | «Не үйрендім?, Не үйренгім келеді?» кері байланыс жасау Үйге тапсырма 42-жаттығу Бірігу жолымен жасалған кісі есімдерін жазып келу. Сұрақтарға жауап беру, жұмысын дәптерге түсіру | Оқушылар тақырыпты түсінгендері немесе түсінбеген сұрақтары жайлы стикерге жазады. | |
- Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
- Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
- Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
Мысалдар:
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк (ораторлық) сөз, сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну.
VІ. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.