Файл: Таырыбы Сзжасамды оыту барысында жаа дістсілдерді тиімді пайдалану жолдары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 128

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-шы--
лық (тап-шылық, бар-шылық, адам-гер-шілік тәрізділер
сияқты)күрделі жұрнағы қосылып тұр.

Синтетикалық модельдер, типтері мен түрлері. Синтетикалық модельдер қазақ тіл біліміндегі түбір
морфема және қосымша морфема деп танылатындарды
қамтиды. Синтетикалық сөзжасам тұргысынан келгенде,
түбір морфема мен қосымша морфеманы одан әрі қарай
егжсй-тегжейлі зерттеп, нақпа-нақ сипаттау қажет бола-
ды. Өйткені лексикалық толық мәнде, соған сәйкес белгі-
лі сөз табына телінетін негізі түбірлер қосымшалар тә-
різді морфема деп есептелгенмсн, бұл екі түрлі морфема-
ның бірінен бірін ажыратып танитын ерекшеліктері ба-
сым түсіп жатады. Оның үстіне төрт деңгейлі қабаттан
тұратын тіл-тілдің морфемалық құрылымы тілді типо-
логиялық топтастырғанда, ең негізгі өзіндік сипаты бо-
лып табылады. Ол сырттан тигізетін экстралингвисти-
калық әсерлердің қандайына болса да бой бермей, өз
бастапқы қалпын сақтайды. Бұл жағына келгенде, әсіре-
се қосымша морфеманың жәнс бөлек. Қосымшалар, олар-
дың ішінде сөз тудыратын жұрнақтар, тіл даму тарихи
кезендерінің өте әріден келе жатқан категорняларының
қатарына жатады. Әрбір қосымша басында белгілі сөз
болған, одан бірте-бірте көмекші сөз — шылауларға ай-
налып, тап бүгінгі жағдайына жеткен деген жалпы қағидаға сүйенгенімізбен, ертеден бері сақталып келе жатқан көне қолжазба нұсқаларының жеткіліксіздігінен, үздік-создық сақталғандарының өзі бертін келе өңделіп, оңдалып отырандықтан да, өзіміз куә боп, жаңадан жасалған қосымша мынау дерлік факті-жоқтың қасы.

Түбір морфемалар, олардың мағыналық және құрылымдық сипаты

Синтетикалық сөзжасамның тірегі де, ұйтқысы да— түбір морфемалар. Әрбір түбір морфема деп танылған буын одан әрі лексика-грамматикалық единица есепті кіші бөлшектерге бөлшбейді.

1.Қазіргі қазақ тілі тұрғысынан келу мен тарихи негізде тереңге үңіле қараудың бұл арада белгілі мәні де, өзіндік өзгешелігі де бар. Күй (отқа күйді) меи күн-ді (күн шыжып кетті) жағылған оттың қалдығы күл-ді, басқа бірсыпыра түбірлес сөздерді ілкі түбірлеріне нсгіздеп:


й ай й н

Кү- л ұз- ар то- қ жа- қ

н ын л л-ын

ақ й

тағысын тағы осы тәріздендіріп, тұтас морфема деп танудан одан кіші морфтарға бөлшектеуге болады. Бірақ мұның қай-қайсысы да қазіргі қазақ тілі тұрғысында: күй, ұзай; ұзар, той, жан, жақ деген етістік түбірлері, күй, күн, күл, жай, жалын, жалқын, той деген түбір зат есімдер, ұзын, ұзак деген түбір сын есімдер болып табылады. Мұндай морфема есепті танылатын мыңдаған түбір сөздер ішінде:күй деген: дауыссыз+дауысты+дауыссыз (СГС) дыбыстардан тұратын бір буынды лексикалық единица: 1) Күн куйіп кетті, 2) нақақ күйме,3)домбырада күй тартты, 4) малдардың күйі жақсы еді деген тәрізді, іштей мағыналарына қарай одан саны әлдеқайда арта түсетін омонимдер тобын құрайды. Мұны: 1) той кызды, 2) тамаққа тойып ал, 3)қиянатты өмір тойдырды; 5) от жанды, 6)жаны тәтті, 7) жанына ұлын ертіпті, 8) Бақытжан келді, 9) жан қалтасына қол салды, 10)бір үйде он жан т.т толып жатқан омоним сөздер дәлелдей түседі.

2.Бұл келтірілген мысалдарға сырттай ұқсас (СГС) бірақ соңғы дауыссыз дыбысы орфема, морфтар да емес, фонема болып келетін; бау

-ла, бау-лы, бай-ла, бағ-ын; саз (әсем сазбен), саз-ды, сай-ра, жаз, жай-ла-у, жад-ыра; сөз, сөй-ле түбірлері: бау- ̴ бай- ̴ бағ; саз-, сай-; жаз-,жай-, жад; сөз-, сөй түрлерінде үш дыбыстан құралатын бір буындыларға жатады. Көне түркң дәуірінен бері қарай сақтаған жазба нұсқаларды қазіргі тілдік фактілермен салыстыра зерттеген көрнекті ғалымдар сөз бастарындағы жер-йер, дурт-төрт, тарвуз-дарбыз, қарбыз-арбуз, ғана емес, сөз ортасы дыбыстарыың да; й-ж-з-д; г-у-й т.б түрлерде балама болып қолданылатынын дәлелдеп берген. Сөйтіп бір буын, үш дыбыстан тұратын түбір морфемалардың соңғы дыбыстары түрлі фонемалы болып келуіне қарамай, бау-ла мен бай-ла, сөз бен сөйле, аяқ пен адақ,ада, құй мен құдық, жаздық пен жай-ла-у тағысын тағы бірсыпыра сөздер өзара түбірлестер тобын құрайды.

Түбір морфемалардың басым көпшілігі: а) ал, ай, үй, ұқ, ек, аһ, үһ, аң, аз, ер, өрт, от, үн, ұқ т.т дауысты мен дауыссыздардан тұрады; б) же, де, мә, мө тәрізді дауыссыз және дауысты болып келетіндер де кездеседі.

3.Екі дыбысты негізгі түбірлерді ауызекі сөйлеуде үнемделіп барып, көбіне л дыбысы түсіп қалып: ке-, қа-, бо-, қы-, со-, бұ- т.б осы түрлерде жиі қолданылатындармен шатыстыруға болмайды. Бұл тәрізділерді толық түрлеріндегі: кел, қыл, қол, бол, сол, бұл деп, дыбыстарын нақтылап барып, СГС түбір морфема тобына қосып тану қажет болады.

4. Бір дыбыстан, оның өзінде дауыстылардан тұратын а,е,о,ы тәрізді одағайлар бар. Осылардың әрқайсысы қазақ тілі түсіндірме сөздігінің белгілі томдарында анықтамасы, мысалдармен дара да, сөйлем ішінде тұрақты тіркестер ретінде де сипатталады.

Бір дыбысты дегенде: барған е-ді, көрген е-кен, білген е-мес т.т еркін тіркестерде жиі қолданылатын е- көмекші етістігі жайлы да айта кету керек болады.Бұлар қазақ т.б туыс тілдерге ер- етістігінен қысқарып, жалаң дауысты дыбыс түрінде қалыптасқан.

5. Қазіргі қазақ тілінде жазылуына қарағанда өзі бір буынды: рет, шек, рай, рең, сек т.т санаулы түбір морфемалар бар. Шындығында бұлар: ірет, ішек, ырай, ірең.

6. «қай сөз?», «қай үй?» тәрізденіп, тіркесе айтылуда сұрау есімдігі қай түбірінде, дербес айтылғанда, қайсы, қайсысы, қайда түріннде, мұнымен омоним етістіктер: қай-т, қай-ыр, қай-қай болып екі ұдай қолданылатын түбір морфемалар да бар.

7. Мен, сен, ол, сол, бұл есімдіктерін септелгенде: менің, сенің, оның, соның, бұның, мұның болып кететіндігін ескеріп, осылардағы –ның, -нің ілік жалғауы делінетін болса, онда түбірлері
–ме, -се, -о, -бұ тәрізденіп қалады.

8. Жаз деген омоним сөздердің ішінен «Саған не
жаздым» дегендегі етістік түбірін алайық. Бұл арада
ол — осы үш дыбысты, бір буынды түрінде толық
қанды лексикалық единица, негізгі түбір етістік морфе-
ма. Осы жаз етістігі «Құлай жаздады» дегенде -й жазда,
-а, -с жазда турінде аналитикалық формант, біртұтас
единица құрайды. Сонда ол: а) -а, -е, -й формалы көсем-
ше жұрнағы+жаз+да(-ла,-ле жұрнағының бір морфы)
деген үш бүтіннің қосындысынан тұрады. Осы арадағы
жаз-да аналитикалық бүтіннің сыңары есебінде біртұтас
морфема болып есептеледі. Ал туыс өзбек тілінде жаз (-ёз) морфемасы осы қалпында негізгі етістік болып та,
көмекшілік қызметте де (йиқила ез-дим) өзара омоним
жасап, қолданыла береді. Грамматикалық деңгейдің,
оның өзінде синтаксис шеңберіне енетін аналитикалық формат сыңары жаз-да етістігі сияқты жағдай — жатыр етістігіне де тән.

9.Түбір морфемалардың бәрі бірдей лексика-грамматикалық дербес бүтін бола бермейді. Ондайлар, көбінесе: ың-жың, ың-ыр-сы, ың-ыл-да, ың-қыл-да дегеедердегі: ың-; қың-сы т.т дағы үлп-, елп-, тәрізділер де солай. Ретіне қарай белгілі тіркестерде, сондай-ақ сол сөз табындағылармен қолданылатын –ың, -ің,-ақ, -ек, -и, -ди, -пи т.т аффикстер күйінде зат есім жасайды.

10 . Мағыналы ең кіші бөлшек морфема дегендерге екі, үш, одан да көп буынды сөздер енеді.

    1.   1   2   3   4   5


Сөзжасамның аналитикалық тәсілі

Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау — сөзжасам-
ның өте көне тәсілі және ол дүние жүзіпдегі түрлі сис-
темалы тілдерге кең тараған.

Қытай тідіндегі күрделі етістіктер туралы И. С. Гуре-
вич былай деп жазады: «...синонимдік етістік морфе-
малардың тіркестері еш нәрсемен бөлінбейді, сондықтан
оларды бір сөз деп санаймыз». [1]

Рас, аналитикалық тәсіл дүние жүзіндегі елдерге
кең тарағанымен, барлық тілде бірдей орын алмайды,
ол қытай, япон тілдерінде негізгі тісілге жатады, сон-
дықтан ол тілдердің лексикасында күрделі сөздер өте
көп. Ол жөнінде Л. Л Пашковсий былай дейді «Күрделі сөздер түрлі тілдердің лексикалық системасынан
түрліше орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді біріктіру
қосымша тәсіл болып, оның нәтижесң елеусіз болады да,
сөздіктің периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір
тілдерде ол өте кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады.
Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан
алатын сөздердің типіне қарап, оны күрделі сөздің тілі
деуге болады», — дейді. [2]

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің бір
үлкен тобына жататын ағылшын тіліндегі біріккен сөз-
дер туралы О.Д.Мешков былай деп жазған: «Сөздерді
біріктіру маңызды тәсілдердің бірі, ол арқылы және
басқа да тәсілдер арқылы тіл өзінің сөздік құрамын
толықтырады, тілдің құрылысын жетілдіреді». [3]

Неміс тілінде де аналитикалық тәсіл сөзжасамда
кең қолданылатын өте өтімді тәсіл. [4]

Орыс тілінде де аналитикалық тәсіл сөзжасам жүйе-
сінен белгілі орын алатыны бізге таныс. Дегенмен ол
жөніндегі Н.М.Шанскийдің сөзін келтірейік: «Екі я
одан да көп сөздердің бір сөзге бірігуі арқылы біртұтас
сөз жасалуын сөздерді біріктіру деп санаймыз»",—
депді. [5]

Түркі тілдерінде де бұл тәсіл көне замандардан келе
жатыр. Орхон жазба ескерткіштерінің тіліндегі мынадай
күрделі сөздерді Ғ.Айдаров осы жазба ескерткіштердің
лексикалық қоры ретіндс келтірген. Йашыл угуз — көк
өзен, күнтүз — күдіз, беңгү таш — мәңгі тас (жазулы
тас), Беш балық — Бесбалық (кала аты) т.б -[6] Келтірілген мысалдар күрделі сөздердің көне заман-
дардан қолданылғанын білдірсе, екіпшіден, күрделі сөз