ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 741
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Қайнар көзден бөлінбейтіндігі.
Қызмет өз қайнар көзінен, оның не адам, не машина екеніне қарамастан, одан бөлінбейді, ал материал түріндегі тауар, оның қайнар көзінің бар- жоғына қарамастан, өмір сүреді.
Қызметпен жабдықтаушы көптеген клиент топтарымен қызметтер атқаруды үйренуі мүмкін. Қызмет жасау мекемесі қызметпен жабдықтаушыларды көбірек дайындауы мүмкін, соның нәтижесінде клиенттер жағынан өзіне деген сенімді нығайтады.
3. Сапаның тұрақсыздығы.
Қызмет сапасы онымен жабдықтаушыға және де оны орындау уақыты мен орнына байланысты кең түрде өзгерісте болады. Сапаны бақылауды қамтамасыз ету үшін қызмет жасау фирмалары екі шара ұйымдастыруы мүмкін. Біріншіден, нағыз жақсы мамандарды тарту және оқытып дайындау үшін қаражат бөлу. Әуежелілері, банкілер және қонақ үйлер өз қызметкерлерін төзімді қызмет көрсету өнеріне үйрету үшін әжептәуір қызмет жасай-ды. Екіншіден, қызметпен жабдықтаушы клиенттің қанағаттану дәрежесін шағым және ұсыныс жүйелері, сұрақ беру және тексеру, сатып алуларын жүргізіп, қанғаттанғысыз қызмет атқару фактілерін ашу арқылы тұрақты бақылау жүргізуі керек.
4. Бейкоммерциялық маркетинг
Қызметті сақтауға болмайды. Көптеген дәрігерлердің қабылдауға келмеген пациенттер-ден ақы алуының себебі, қызметтік бағалық маңызы тап пациенттің келмеген кезінде бар болатын . Сұранымның тұрақтылық жағдайында қызметтің сақталмайтындығы проблема емес, өйткені мекемені қажетті түрде, алдын ала комплектеуге болады. Ал егер сұраным құбылмалы болса, фирма алдында қатаң проблема көтеріледі. Мысалға, шың сағаттарындағы тасымалдық тұтыныс қоғамдық көлік кәсіпорындарының күн ұзаққа сұраныс деңгейімен, қажетті тұрақты жағдаймен салыстырғанда, анағұрлым көп көлік құралдарын талап етеді.
Қызметтерді топтастыру.
Қызметтер бір-бірінен түр жағынан да әжептәуір айырмашылықта болады. Оларды әртүрлі нысандары бойынша топтастыруға болады. Біріншіден, қызметтің қайнар көзі адам ба, не машина ма? Қайнар көзі адам болатын қызметтер арасында қайсыбіреулері мамангерлердің болғанын талап етсе, екіншілері төселген мамандарды, үшіншілері мамандандырылмаған жұмыс күштерін талап етеді. Қайнар көзі машина болатын қызметтер арасында кейбірі не автоматтарды не мамандығы төменгі дәрежелі операторлар басқаратын қондырғыларды не жоғары білікті мамандар басқаратын құрылғыларды талап етеді. Екіншіден, қызметті орындар кезде клиенттің қатысуы міндетті ме? Миға операция жасағанда клиенттің қатысуы міндетті болса, ал автомобильді жөндерде қажет емес. Үшіншіден, қызмет пен жабдықтаушының мүддесі қандай және қызмет қандай формада беріледі? Осы екі сипаттаманы үйлестіру нәтижесінде қызметті ұйымдастыру мүлде басқа түрде болады. Жеке коммерциялық аурухананың, жеке мейірімділік ауруханасының және соғыс ардагерлері басқармасының госпиталінің маркетингілік бағдарламалары әрине, әртүрлі болады.
Мекеме маркетингі.
Көп жағдайларда мекемелер өзін-өзі «сату» үшін маркетингпен айналысады. Мекеме маркетингі – бұл нақтылы мекемені болдыру, аренаға шығаруды қолдауға не мақсатты аудиториялардың оған деген позициясын немесе мінез-құлқын өзгерту бағытындағы әрекеттер. Мекеме маркетингісімен дағдылы түрде қоғамдық пікірді ұйымдастыру бөлімдері айналысады. Бұл, жекелеп айтқанда, мынадай қоғамдық пікірлерді ұйымдастыру әрекеттерінің анықтамасынан туындайды: қоғамдық пікірді ұйымдастыру – басқару процесі нәтижесінде қоғамдық қатынастарға баға беру, жеке адамдардың не мекемелердің ұстамды әрекеттерінің қоғам мүдделерімен ара-қатынасын анықтау, қоғамның осы қатынастарды түсінуін және қабылдауын ұйымдастыруды жоспарлау және жүзеге асыру. Мекеме маркетингі оның қазіргі бейнесін бағалауды және осы бейнені жақсарту маркетинг жоспарын дайындауды талап етеді.
Жеке адамдар маркетингі.
Қызмет және мекемелер маркетингісімен қатар, жеке адамдар маркетингі өткізіледі. Жеке адам маркетингі – бұл жеке адамдарды аренаға шығару, қолдау не оған деген позицияны не мінез-құлықты өзгерту үшін қолданылатын әрекеттер.
Орын маркетингі.
Орын маркетингісімен демалу үшін жаңа үйлер не аудандар іздеп жүрген адамдар таныс. Орын маркетингі – бұл нақтылы орынға қатысты сипаттамаларды, өзгерістерді қолдау мақсаттарында әрекеттер жүргізу. Орын маркетингісінің 4 түрі бар: үй маркетингі, шаруашылық құрылыстары зонасының маркетингі, жер жеке меншілігін инвестициялау маркетингі, демалыс орыны маркетингі. Үй маркетингі құрамына үй салу не бір жанұяға арналған үйлерді, пәтерлерді және басқа үй бірліктерін сату не жалдау жатады. Бұл әрекет дағдылы түрде рубрикалы жарнама, құлақтандыру және жылжымайтын мүліктерді сатушы агенттер көмегімен орындалады. Шаруашылық құрылыстары зонасының маркетингісінің құрамына зауыт, дүкен, кеңсе, қойма, т.б. учаскелерді шаруашылыққа игеру, сату не жалға беру кіреді. Ірі құрылысшылар фирмалардың жер учаскелеріне деген тұтыныстарын зерттеп, өндіріс зоналарын, сауда орталықтарын, жаңа әкімшілік ғимараттарды тұрғызу сияқты жылжымайтын мүлік проблемаларын кешенді шешуді ұсынады. Жер жеке меншілігін инвестициялау маркетингісі құрамына жер учаскелерін капитал орналастыру объектілері ретінде құру және сату кіреді. Мұндай учаскелерді сатып алушыларға корпорациялар, дәрігерлер, майда салымшылар
, демек, жер қажетті түрде қымбаттанғанда қайтара сату үшін сатып алатын саудагерлер жатады.
Идеялар маркетингі – бұл нарықта идеялар ұсыну жұмыстары. Егер әңгіме қоғамдық сипаттамалы идеялар туралы болса, мұндай маркетингті қоғамдық деп атайды және ол мақсатты топтың қоғамдық идеяны, қозғалысты, тәжірибені қолдануына қол жеткізу мақсатында бағдарламаны дайындау, жүзеге асыру және бақылау болып саналады.
Тексеру сұрақтары:
-
Жаңа тауарға баға белгiлеудiң „қаймағын алу” стратегиясын түсiндiр ? -
Нарыққа тауарды баянды енгiзу стратегиясында ненi ескертуi тиiс ? -
Әр түрлi тауардың бiр-бiрiмен байланысына қарай баға қалай белгiленедi ? -
Географиялық принцип бойынша баға қалай белгiнедi ? -
Тұтынушыларға баға арқылы қандай жеңiлдiктер бері леді ? -
Тауар өтiмiн ынталандыру үшiн баға қалай қойылады ?
| Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Атырауский инженерно- гуманитарный институт Atyrau engineering- humanitarian institute | |
Реферат жазудағы әдістемелік нұсқау | Жасақталды «_»__ 2015г. | Документ № ДП АИГИ-704-07-02 |
«Бекітемін»
АИГИ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры
п.ғ.д. Ж.О.Сулейменова ________________
«_____» ___________________ 2015 ж.
ПӘННІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСЫ
МАРКЕТИНГ ПӘНІНЕН
Атырау, 2015 жыл
Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсынысы, инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру пәні бойынша реферат жұмысын орындау нұсқамасын «Экономика және кеден ісі» кафедрасының оқытушысы магистр Жиенкулова Ляззат Тілеуқызы құрастырды.
«Экономика және кеден ісі» кафедрасының мәжілісінде
«_____»________________ 20___ ж. талқыланды , № ______ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі ______________________ э.ғ.к Молдашева А.К
Институттың ОӘК мақұлдады «_____»________________ 20___ ж.,
№ ______ хаттамасы
Факультеттің ОӘК-нің төрағасы _________________ п.ғ.д. Хасанова Ж.С.
Тәжірибе сабағы
Тәжірибе сабағы-1
Тақырыбы: Маркетингтің мәні мен негізгі түсініктері және мазмұнын талдау
Сабақтың мақсаты: Маркетингтің мәнін, мақсаты мен тұжырымдамаларын оқып үйрену.
Сабақтың жоспары:
1. Маркетинг түсінігі ,мақсаты, принциптері, қызметтері
2. Маркетинг түрлері және салалары
3. Маркетингтің негізгі тұжырымдамалары және маркетинг концепцияларының дамуы
-Экономикалық процес ретінде маркетинг дегеніміз тұтынушыға қарай жылжытуға бағытталған тауарды кім шығарғанын (өндіруші), кімге арналғанын (тұтынушы), және осыған байланысты басқа қызметтерді атқаруға бағытталған іс-әрекет деп айтуға болады. Осы аспектіде маркетинг нарықта жүріп жатқан қатысушылардың арасында тек тауарлық қана емес, ақпараттық айырбасты жүргізуші, оны реттеуші құрал болып табылады.
Маркетингке бизнес консепциясы ретінде мынадай анықтама береді: Маркетинг- айырбас арқылы мұқтажлдық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. Бұл аспектіде маркетинг нарықты жан-жақты жүйелі зерттеуге, тұтынынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға өндірісті бейімдеуге бағытталады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Маркетинг бизнес концепциясы ретінде қандай анықтама береді ? -
Маркетингтің алдына қойған мақсаттары -
Маркетингтің негізгі принциптерін ата ? -
Маркетингтің өзіне тән қызметі ерекшеліктері ? -
Сұранысқа байланысты маркетингтің қандай түрлерін білесің ? -
Өнеркәсіп маретингі дегеніміз не ? -
Интеллектуалды өнімдер нарығындағы маркетинг дегеніміз не ? -
Маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын ата ? -
Маркетингтің негізгі тұжырымдамаларынң қолданылу шарттары -
Маркетингтің қандай қандай концепцияларын білесің ? -
Өндіріс концепциясы неге бағытталады ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
н/2/,/3/,/4/,/5/,/7/,/8/,10/,/11/,/23/,24/ қ /2/,/3/.
Тәжірибе сабағы-2
Тақырыбы:Маркетингтің қоршаған ортасын зерттеу
Сабақтың мақсаты: Маркетингтің қоршаған ортасын зерттеу.
Сабақтың жоспары:
-
Маркетингтің қоршаған ортасы туралы түсінік -
Макроорта,микроорта және медиоортаның құрылымын зерттеу
Маркетинг ортасы дегеніміз-фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиентерімен тиімді байланыс орнатып,оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субьектілердің және күштердің жиынтығы. Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол келесі түрлерге бөлінеді:
-
макроорта -
микроорта -
медиаорта
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Маркетинг ортасын қалай түсінесің ? -
Маркетинг ортасының неше түрі бар ? -
Макроорта құрылымын көрсет және факторларына сипаттама бер -
Саяси-құқықтық факторлар не үшін қажет ? -
Табиғи факторларды зерттеу немен байланысты ? -
Микроорта түсінігі және оның негізгілерін ата ? -
Маркетинг әрекеттерін ұйымдастыру құрылымы ? -
Жабдықтаушылар дегеніміз кім ? -
Маркетинг делдалдары дегніміз кім ? -
Бәсекелестер және клиентерге сипаттама бер ? -
Медиаорта дегеніміз не ? -
Медиаортаның қандай түрлері бар ?
Тапсырма -2,1
Қазақстан-Австриялық біріккен компания «Маг» ЖШС болып,шаруашылық өнімін өндіру мақсатында 1990 жылдың басында құрылған. Кәзіргі уақытта кәсіпорынның әкімшілікжәне өндіріс орындары: офисі,наубайханасы, мейрамханасы, дүкені бар. Кәсіпорын шикізатты тұрақты жеткізушілерден( өндірушілерден( сатып алады. Кәсіпорын жоғары сапалы өнім шығаратындықтан, оның өнімі нарықта үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын пайдасының бір бөлігі құрылыс жұмысын, кәзіргі заманғы техниканы сатып алуға кетеді. Кәсіпорын сонымен қатар балалар үйіне, жағдайы төмен жарұяларға,ардагерлерге көмек көрсетіп, салық пен басқа бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлейді. Кәсіпорын өндірілген өнімнің сапасына үнемі назар аударып, бақылау жасап отырады. Өнімнің жақсаруы, тауарға деген сұраныстың өсуі нарықтағы бәсекелестікте үлкен мавңыжға ие. Нарықта бәсекелестіктің көбиуі маркетингтік қызметті күшейтуге тура келді.