ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 735

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұсынылатын әдебиеттер:

н/3/,/4/,/5/,/6/,/7/,10/,/11//12/,/13/, қ /3/,/5/,/7/.


Тәжірибе сабағы -7

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі тауар айналымы.

Сабақтың мақсаты:Маркетинг әрекетіндегі тауардың орны, тауардың өмірлік циклын зерттеп, оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

1. ТӨЦ кезеңдерін зерттеу

2. Тауардың өмірлік циклының тұжырымдамасы

  1. Тауардың белгісі

4. Тауарды орау
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Тауар, тауар бірлігі туралы түсінік

  2. Тауар жасауда фирма пікірі

  3. Тауардың өмірлік циклі дегеніміз не ?

  4. Тауардың өмірлік циклі қандай мүмкіндіктерді ашады ?

  5. ТӨЦ-құрылымы кезеңдерін ата, сипаттама бер

  6. ТӨЦ-тегі құлдырау кезеңін түсңіндір

  7. ТӨЦ ерекшеліктері

  8. Тауар таңбасы дегеніміз не ?

  9. Таңбалық ат, таңбалы белгі, тауар белгісіне сипаттама бер

10. Таңбалық белгінің қандай түрлері болады ?

11. Тауардың оралуы неге байланыстыдеп ойлайсың ?

12. Тауардың оралуы қандай қызметтер атқарады ?
Тапсырма 7.1

Сапалы тауарға арналған кәзіргі заманғы упаковка

Өндірушілер жаңа тауар көзге түсу үшін сатылымға шығарар алдында сапалы, есте қалатындай упакоывка қолданулары қажет. Кәзіргі кезде упаковкалар тұтынушы қызықтыратындай болу керек. Пластиктен жасалған упаковкалар бүгінгі күннің аса қызықтытыратын упаковкалардың бірі, өйткені олардың формасын, түсін,көлемін, сыртқы келбетінтүрлі етіп әр өнімге байланысты шығаруға болады. Мысалы. Пластик ыдыстар мөлдір, жинақы, жеңілжәне оларды кейінде пайдалануға болады. Пластик ыдыс шығаратын компаниялар өз тауар ассортиментін кеңейтуді көздеп отыр. Бірақ кәзіргі кезде бұл компанм\иялар негізгі базарларды жаулап алып ,басқа мемлекеттердің нарығына шығуға ұмтылады.

Жүргізілген зерттеулер негізіндежеке сұраныстарға байланысты пластиктенде ұзақ қоллданылатын шыны ыдысын шығаруды шешім қабылдады. Сондықтан негізгі қиындық жаңа өнімнің базарға шығуын ұйымдастыруда болып отыр.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Ассортименті анықтап, оларды өткізу стратегиясын бағалаңдар

  2. Ұсынылған өнімнің жаңалығы барма, бәсекелестері ше ?

  3. Компания қандай сигмент бойынша жұмыс істеуі керек, тауардың базарда жоғарғы позиция алу әдісін ұсыныңдар.


Ұсынылатын әдебиеттер:


н/3/,/4/,/5/,/6/,/7/,/12/,/18/,/19/,/23/,24/ қ /3/,/9/,/11

Тәжірибе сабағы -8

Тақырыбы:Тауар саясаты

Сабақтың мақсаты: Тауар ассортименті, жаңа тауарларды жоспарлау және тауар сапасы мен бәсекеге қабілеттігін зерттеп оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

  1. Тауар ассортименті

  2. Тауар өткізу арналарының мәні, мақсаты

  3. Жаңа тауарды жоспарлау

  4. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттігі

  5. Тауар саясатындағы сервис


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тауар ассортименті түсінігі

2. Тауар ассортиментінің көрсеткіштерінің түсіндір

3. Тауар өткізу дегенімізді қалай түсінесің ?

4. Жаңа тауар түсінігі, қандай факторлармен анықталады ?

5. Жаңа тауарды жоспарлау қандай сатылардан тұрады ?

6. Жаңа тауарды сатып алушылар тұтынушы ретінде қандай түрлерге бөлінеді ?

7. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттігі

8. Тауар саясатындағы сервис түсінігі, түрлері

9.Сервис қызметін жүргізу түрлілігі

10. Тауардың бәсекеге қабілеттігін зерттеу жұмыстары неден тұрады ?

11. Сервисті тиімді ұйымдастырудың қандай ережелері бар ?
8.1-тапсырма

Тауарды жаңартып базарға шығару.

Балмұздақты өндірісі сүт өнімдері мен салқын сусын өндіретіндерді аса қызықтырады. 90-шы жылдардың басында бірнеше Қазақстандық компания осыны игеруге кірісіп,осы өнім ассортименті біраз түрленді.Сүт және сүт өнімдерін өндіретін компаниялар бастапқыда ең көп тараған пломбир түрін еш қоспасыз дайындаудан бастады.Біраз уақыт өткен соң глазурлер мен басқа қоспалар қосу арқылы балмұздақ ассортименті кеңейді.Сонымен қатар отандық өндірушілер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін ескере отырып балмұздақтың сыртқы орамына маркировкасына,сату орындарының безендірілуіне басты назар аударылатын болды.

А компаниясы бұл базарда алдыңғы орында келеді,өйткені ол өзіндік жеке базасы және бірнеше өндіріс және сату филиялы шетелде және отанында да бар компаниялардың бірі. .Бірақ қазіргі кезде балмұздақ өндірушілер базары кеңейді де оның жаңа маркасын табу қиынға түсуде. Екінші жағынан, балмұздақ маусымдық қажеттіліктен гөрі үнемі қолданылатын тағам түріне ауысып,салқын күндері де қажетті десерттердің біріне айналды.Сондықтан компания басшылығы ассортиментті барлық параметрлерге сай өзгертуге шешім қабылдады.



Маркетинг бөліміне тиісті зерттеулер жүргізуі тапсырылды да,соның қорытындысы бойынша бүкіл ассортимент қатарын негізгі үш топқа бөлуге: біріншісіне бұрынғы өнімдер, екіншісі үшіншісіне жаңа өнім желілерін кірістіруге шешім қабылдады.Технологиялық бөлім тұтынушы талғамына сай жаңа өнім түрін тауып, оның дизайнын, сату нүктелері мен тоңазытқыштарды безендіруге назар аударуға қолға алды.

Жаңа өнімдер базарға арасына жыл сайын шығатын болды және Б маркасы отандық өнім ал В маркасы импортты өнімі болып енді.Дұрысталған өнім бүкіл Қазақстан базарына бірден шығу мүмкіндігін туғызды. Соның өзінде де, коммуникация саясаты ескерілмеді және жарнама саясаты бір бағытта болды,көп назар пропагандалық саясатқа бөлінді.Сосын тарату орындарымен ара қатынас мүмкіндігі толығынан қамтылған жоқ.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1. А компанияның макетингтік қызметің анализін жасау арқылы оған баға беру.

2.Қазіргі замандағы жаңа тауар базарға қандай жағдайда шығу керек.

3.Маркетингті басқару арқылы өз мінездемеңізді беріп,тауар қандай түрде шығу қажет ? талқылаңдар!
Ұсынылатын әдебиеттер:

н/3/,/4/,/6/,/7/,/10/,/11//12/,/17/,/18/,/19/,/23/,24/ қ /1/,/2/,/4/,/5/.
Тәжірибе сабағы -9

Тақырыбы:Маркетинктегі баға және баға саясатын талдау

Сабақтың мақсаты: Бағаның атқаратын қызметін, әсер ететін факторларды зерттеп оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

1. Бағаның атқаратын қызметтері мен оған әсер ететін факторларды анықтау

  1. Баға белгілеу процесі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

    1. Баға мәнә және атқаратын қызметтері

    2. Бағаға әсер ететін факторларды ата ?

    3. Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды неше топқа бөлеміз ?

    4. Тауар қозғалысына қатысушылар деп кімді түсінесің ?

    5. Баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы неше түрге бөленеді ?

    6. Баға белгілеудегі мемлекеттің орны қандай ?

    7. Мемлекеттік шектеудің түрлерін ата ?

    8. Баға белгілеу ісінің сипаттамасы ?

    9. Баға мен сұраныс көлемінің байланысы сұраныс ирегі сипаттамасын көрсет ?

    10. Сұраныс икемділігіне әсер ететін факторлар ?

    11. Шығындардың қандай түрлері бар ?

    12. «Орта шығындарға пайданы қосу» әдісі сипаттамасы ?

    13. Нысаналы табысқа жетуге бағытталған әдісте баға қалай орнатылады ?

    14. Тауардың «құндылығынсезіну» әдісінің қолданылуы

    15. Кәдімгі баға әдісінің қолданылуы және оның ерекшеліктері



Тестілік сұрақтар:

  1. Қажетті қанағаттандыру жолына қарай қажеттіліктің қандай түрлері бар:

а) түгел қанағаттандырылған және жартылай қанағаттандырылған

б) бұрынғы, кәзіргі және болашақтағы

в) күрделі және оңай

г) сирек кездесетін, тұрақты кездесетін және өте жиі кездесетін

2. «Имидж» стратегиясы дегеніміз –

а) тауардың негізгі үлесіне төмен баға, ал оның басқа атаудағы немесе басқа түрдегі үлгілеріне жоғары баға белгілеу

б) негізгі тауарларға өте жоғары баға және бірін- бірі алмастыратын тауарларға төмен баға белгіленеді

в) нарыққа патенттелген жаңа тауарды ұсынған кезде бірден жоғары баға қойылады, сату көлемі төмендеген сайын баға төмендейді

г) жалпыға бірдей баға қолданылады

3. Әр түрлі баспа беттерінде жариаланатын ішкі көтерме және сыртқы сауда бағалары бұл-

а) нақты мәмілелер бағасы

б) биржалық баға

в) әлемдік бағалар

г) анықтама бағалары

4. ТӨЦ тұжырымдамасы нешінші жылы және қай ғалымның еңбегімен әзірленді ?

а) Теом Девит

б) Ч. Дарвин

в) Теодор Левитт

г) Браун Смит

5. Өнімді кеңестік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы ----

а) жаңа тауарды жоспарлау

б) өндіру

в) өткізу

г) клиентті анықтау

6.Фирма тапсырма берушінің қаншалықты қашықтықта орналасқанына қарамай көлік шығындарын бағаға қосып, бір баға белгілейтін тәсіл......

а) тауардың шыққан орнына байланысты баға белгілеу

б) көлік шығындарымен қоса баға белгілеу

в) көлік шығындарынсыз баға белгілеу

г) тұғыр орнына байланысты баға белгілеу

7. Атқарымдық жеңілдіктер дегеніміз.......

а) мол көлемде тауарды сатып алатын тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер көрсетіледі

б) сатылған тауар үшін тез арада ақшалай төлеген тұтынушыға жеңілдік баға белгілейді

в) сауда саласында әрекеттенушілерге көрсетілетін жеңілдіктер

г) сатылатын мерзімінен тыс уақытта сатып алынған заттың бағасын төмендету

8. Сатқаннан кейінгі сервис түрлері.......

а) кепілдемелі және кепілдемесіз

б) кепілдемелі және кепілдемеліден кейінгі

в) арнайы және жәй

г) тұрақты және үзіліссіз

9. Құлдырау сатысында маркетинг міндеті мынадай болып жинақталады......

а) қарқынды жарнаманы қолдану

б) тауарды нарықта көбірек ұстап тұру үшін фирма өндіріс және өткізу шығындарын қысқарту

в) өтімділігі жоғалған тауарлар нарықтан біржолата алынып тасталынады


г) а+б д) а+б+в

10. Қосымша төлем арқылы жүргізілетін сервис түрі....

а) кепілдемелі

б) кепілдемесіз

в) кепілдемеге дейінгі

г) кепілдемеден кейінгі

11. Нарықта жолы болмаған және тауардың енгізу сатысынан құлдырау сатысына өтуін сипаттайтын тауардың өмірлік циклін көрсететін сызық ---

а) әуестік қисығы

б) жаңғырту қисығы

в) сәтсіздік қисығы

г) құлдырау қисығы

12. Таңбасы бар тауарлар таңбасы жоқ тауарларға қарағанда қанша пайызға артық бағаланады ?

а) 15-35 %

б) 15-25 %

в) 10-25 %

г) 10-35 %

13. Өздерінің сатып алуымен кішігірім фирмаларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын сатып алушылар бұл ---

а) этикалық

б) үнемдеп сатып алушылар

в) дербестендірілген

г) көңілсіз сатып алушылар

14. Белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандырылуы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсететін баға қызметі........

а) бөлу

б) өндірісті ұтымды орналастыру

в) ынталандыру

г) есеп жүргізу

15. Тұтынушылар қөзқарасынан түпкі қолдануға тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортиментік топтардың арақатынасы бұл.......

а) ассортимент тереңдігі

б) ассортимент салыстырмалылығы

в) ассортимент ені

г) тауар белгісі

16.Мемлекетік мекемелер нарығы дегеніміз –

а) тауарды ары қарай сатып пайда табу үшін сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы

б) өндіру процесінде қолданатын тауарларды сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы

в) әлеументік, саяси және басқа мәселелерді шешумен байланыстыөздерінің міндеттерін атқаруға қажетті тауарларды сатып алатын ұйымдар

г) а+в

17. Сатып алу орталығы қызметкерлер саны орташа алғанда қанша болады ?

а) 5-10-ға дейін

б) 3-5-ке дейін

в) 10-15-ке дейін

г) 5-25-ке дейін

18. Кейбір уақытта ескірген болып көрінетін, бірақ бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта танымал болатын тауарларды сипаттайтын қисық ..........

а) жалғасымды әуестік

б) маусымдық қисық

в) жаңғырту қисығы

г) дәстүрлі қисық

19. Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

а) тауардың өзіндік түпнұсқасын және патентін қорғау

б) оралған ыдыстың өзін басқа мұқтажға қолдану мүмкіндігі

в) орауға кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуы

г) барлық жауап дұрыс д) а+в

20. Олигополистер арасында қолданылатын баға белгілеу стратегиясы...

а) бәсекелеске қарағанда жоғары баға белгілеу

б) нарыққа неу стратегиясы

в) нарықтық лидерге қарап баға белгілеу

бәсекелестен жоғары баға белгілеу