ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 738

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Кәсіпорын өз проблемасын шешу үшін және нарықта өз қызметін кеңейту үшін қандай концепцияны ұстауы қажет ?

  2. Маркетинг көзқарасы бойынша компания қызметін қалай сипаттауға болады ?

  3. Компания қызметін алға қарай кеңейту үшін тағы қандай мақсаттарды орындауы керек ?


Ұсынылатын әдебиеттер:

н/2/,/3/,/4/,/5/,/7/,/8/,10/,/11//12/,/23/,24/ қ /2/,/3/.
Тәжірибе сабағы-3

Тақырыбы: Маркетинг зерттеулері және маркетингтік ақпарат жүйесінің мысалдары.

Сабақтың мақсаты: Маркетингтік ақпарат жүйесінің түсінігі, түрлерін, оның ролін ашып зерттеу.

Сабақтың жоспары:

  1. Маркетингтік ақпаратты жіктеу, оның ақпараттық жүйесінің құрылымын қарастыру

  2. Маркетингтік зерттеулерді талдау

- Ақпарат –маркетингтік зертеулері барысында жиналған мәлеметтердің жиынтығы. Әр фирма өз менеджрлерін қажетті маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.

-Маркетингтік зерттеулер дегеніміз- маркетингтің дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәлеметтер жинау, оларды өңдеу, талдау процесі болып табылады.

Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Ақпарат туралы ұғым

  2. Ақпараттың қандай түрлері болады?

  3. Ақпаратты ұйымдастыру кезінде қандай талаптар қойылады ?

  4. Ақпараттың шығу мерзіміне қарай жіктелуі

  5. Ақпараттың міндеттіне байланысты жіктелуі

  6. Ақпараттың өңдеуге қарай жіктелуі

  7. Маркетингтік ақпарат жүйесі түсінігі

  8. Маркетинг зерттеулер нәтижесі тиімді болу үшін, қандай шарттар орындалу қажет ?

  9. Маркетинг зерттеу процесінің сатыларын ата

  10. Бастапқы ақпарат жинаудың тәсілдері

Талқылауға арналған сұрақтар:

Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағытттары

ҚР-ғы маркетингтік зерттеулер қажеттілігі
Есеп 3.1

Дмитрий Н.-маркетинг саласында мамандандырылған, экономика факультетінің соңғы курс студенті. Ол оқу аяқталғаннан кейін маркетинг зерттеулермен айналысуды ойлайды. Дмитрий практикалық тәжірибе алуға құштарлы. Себебі, бұл конкурстық негізде жұмысқа орналасуда қажет. Дмитрий осыны ескере отырып, «LG» компаниясына стажировкаға алынды. Сұлтанова Қымбат-Дмитрийдің бастығы, 9-бетті сұрақты жасақтап дмитрийге ұсынды.

Дмитрийдің бірінші тапсырмасы, сұрақтардың шамалаушы апробациясын жүргізу болды. Сұрау пошталық жіберу негізінде жүзеге асуы тиіс. 2 жыл ішінде «LG» компаниясы таңдауға қажетті 70 комерциялық ұйымдардан тұратын каталог құрды.


2 аптадан кейін толтырылған бір сұрақтама алынды. Онымен қоса мұндай ұйым жоқ деген таза 2 сұрақтама алынды. Ол құжаттардың 2-ші жинағын жіберді. Тағы 2 апта өтті, бірде-бір жауап алынбады. Телефон арқылы байланыс та нәтиже бермеді. Дмитрий қалғандарымен байланысқа шыға алмады. Ұйым жетекшілері сұрақтаманы толтырғылары келмеді. Жоба бойынша өздерінің қызметтерін толықтыру үшін Дмитпий мен Қымбат кездесуді шешті
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

  1. Дмитрий мен Қымбат деректердің қай түрін алғылары келді ?

  2. Олар ақпаратты жинаудың қандай әдісін қолданды ?

  3. Дмитрий мен Қымбатқа сұрақтамаға қатысушылармен байланыстың басқа әдісін қарастыру қажетпе ?

  4. Қажет болса қандай және неге ?

  5. «LG» үшін ақпараттарды жинаудың тиімді жоспарын ұсыныңыз!


Ұсынылатын әдебиеттер:

н/2/,/3/,/4/,/5/,/7/,/8/,10/,/11//12/,/23/,24/ қ /2/,/3/.
Тәжірибе сабағы-4

Тақырыбы:Нарықты сегменттеу, принциптері, критерилерін талдау.

Сабақтың мақсаты: Нарықты сегменттеу, принциптері,критерилерін оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

  1. Нарықты сегменттеудің, сегменттеудің негізгі принциптері мен критерилері

  2. Нысаналы нарықты таңдау

  3. Тауар нарығының топтасуы

  4. Рынок сыйымдылығын және коньюктурасын анықтауға мысалдар келтіру

  5. Маркетингті жүргізу тәсілдерін қарастыру, жайғастыру


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Нарықты сегменттеу дегеніміз не ?

  2. Нарықты сегменттеу қандай мүмкіндіктер береді ?

  3. Нарықты сегменттеудің қандай түрлері болад ?

  4. Сегменттеудің қандай кретерилері бар ?

  5. Нарықты сегменттеудің негізгі принциптерін ата

  6. Нарықтың нысаналы сегментін таңдау дегеніміз не ?

  7. Нарықты игеруде қандай стратегиялар қолданылады ?

  8. Тауар нарығының қандай топтары бар ?

  9. Рынок сыйымдылығы дегеніміз не ?

  10. Рынок коньюктурасы дегеніміз не ?

  11. Маркетинг жүргізудің қандай түрлері болады ?

  12. Нарықта тауарды жайғастыру дегеніміз не ?



Тапсырма 4,1

Ыдыс шығаратын маманданған «Әсем» компаниясы нарықта өз қызметін жүзеге асыруды көздейді. Тауарды өткізу алғашында өткізу бөлімшелері бойынша жүзеге асырылса, кәзіргі нарықтық экономикаға көшуге және нарықтағы бәсекелестердің көбеюуіне байланысты маркетинг қызметін ұйымдастыру керек болды. Осындай мақсатпен компания маманданған маркетинг агентіне хабарласуға тура келеді.

Өткізу бөлімінің жетекшісіне маркетинг агентінің қызметін бағалау керек болды. Тауарды өткізу менеджері өз кезегінде жеткізушілердің қызметі туралы зерттеу жүргізді және нарықтағы қызметінің жетістігі туралы телефон арқылы ақпарат беріп отырды. Осы сонғы берілген ақпарат бойынша маркетинг агенті қызметіне жоба құрылды. Берілген жоба бойынша маркетинг қызметіне қанағаттанарлық деген баға қойылып, әлі де толықтырулар енгізу қажет болды.


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

    1. Берілген қызмет бойынша маркетинг агенті керек пе ?

    2. Өткізу бөлімінде орын алған проблемаларды қалай шешуге болады ?


Ұсынылатын әдебиеттер:

н/2/,/3/,/4/,/5/,/7/,/8/,10/,/11//12/,/23/,24/ қ /2/,/3/.
Тәжірибе сабағы -5

Тақырыбы: Тұтыну нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу .

Сабақтың мақсаты: Тұтыну нарықтары және тұтынушылардың мінез-құлықтарын зерттеп, оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

  1. Тұтынушы және оның қажеттіліктрін анықау

  2. Сатып алушылар мінез- құлықтарының уәжі мен моделін анықтау

  3. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің кезеңдерін келтіру

  4. Консьюмеризм


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тұтынушы түсінігі, түрлері

  2. Тұтынушылар тобының қылықтары сипаттамасы

  3. Қажеттілік ұғымы, қандай түрлері болады ?

  4. Қажеттілікті зерттеудегікезінде қандай мүмкіндіктер болады ?

  5. Сатып алушылар мінез- құлықтарының уәжі мен моделін қалай түсінесің?

  6. Сатып алуға апаратын рационалды себептерді ата

  7. Эмоционалды себептерге нелер жатады ?

  8. Сатып алу кезінде тұтынушыларға қандай факторлар әсер етеді ?

  9. Референттік топтар дегеніміз қандай топ ?

  10. Сатып алу процесі дегеніміз не ?

  11. Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдау процесі

  12. Консьюмеризм түсінігі


Тапсырма-5.1

Бәсекелестердің маркетингтік қызметінің тиімділігін талдау

Маркетингте қолданылатын

Өз фирмаң

Бәсекелес-1

Бәсекелес-2

Өнім










Баға










Өнімді тұтынушыларға жеткізу










Өнімнің жылжуы










Өнім

  1. Өнім маркасы

  2. Номенклатурасының әртүрлілігі

  3. Сапа деңгейі

  4. Оралу сапасы

  5. Сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетілуі

  6. Нарықтағы орны

  7. Сатылу көлемінің өзгерісі

Баға

  1. Баға денгейі

  2. Баға саясатының икемділігі

  3. Жаңа тауарға бағаның қойылуы


Өнімді тұтынушыларға жеткізу

  1. Өткізу көлемі (өткізу каналдары)

  2. Сауда агенттері мен өткәзу орындарындағы қызметкерлер саны

  3. Олардың квалификайия денгейі

  4. Өткізу каналдарының тиімділігі

  5. Тікелей маркетингтік инструменттерді қолдану


-пошта бойынша сату

-телефон бойынша сату
Өнімнің жылжуы(маркетингтік коммунникация)

  1. Жарнама қызметінің денгейі

  • жарнама қызметінің бюджеті

  • жарнама түрлері

  1. Сатуды реттеу тәсілдері және денгейі) тұтынушы, сауда ұйымдары және өткізу қызметкерлеріне арналған)

  • баға үстемелері мен шегерімдер

  • премия

  • купондар

  • конкурстар және лотореялар

  • 1- рет тегін үлестіру

  • презентациялар


Ұсынылатын әдебиеттер:

н/3/,/4/,/5/,/6/,/8/,10/,/11/,23/,24/ қ /2/,/3/,/9/.

Тәжірибе сабағы - 6

Тақырыбы: Кәсіпорын нарығында сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу.

Сабақтың мақсаты:Кәсіпорын нарықтары және тұтынушылардың мінез-құлықтарын зерттеп, оқып үйрену.

Сабақтың жоспары:

  1. Кәсіпорын нарықтары

  2. Кәсіпорын тұтынушылары мінез-құлықтарын зерттеу

  3. Кәсіпорын- тұтынушыларына әсер ететін факторлар



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Нарық түрлер, өнеркәсіп тауарлар нарығы дегеніміз не ?

  2. Өнеркәсіп тауарлар нарығы салаларын ата

  3. Сатып алу орталығын қалай түсінесің ? оған жататын қызметкерлер

  4. Кәсіпорын тұтынушыларының сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің ерекшеліктерін ата

  5. Кәсіпорын тұтынушыларының сатып алу туралы шешім қабылдау процесіні қандай сатылардан тұрады ?

  6. Кәсіпорын- тұтынушыларына қандай факторлар әсер етеді ?


6.1-тапсырма:

Сіз үшін ең жақсы аяқ киім

Аяқ киім өндіруші отандық компания сауда орындары желісін кеңейтуді қабылдады.Маркетингтің зерттеулерді жүргізу нәтижесінде компания төмендегілерді анықтайды :

-Отандық өнімнің сапасы үлкен күмән туғызады

-Компания жас және кішігірім болғандықтан сауда желісінде қорқыныш туғызады.Соған сәйкес, аяқ киімнің өзіндік құны жоғары болады немесе бөлшекті бағаға әсер етеді .Фирма жетекшілердің пікірлері бойынша,негізгі мәселе қаладағы бөлшекті сауда желісінің жетіспеушілігі болып табылады. Негізінен, сауда білікті сатушы кеңесшілермен мамандандырылған фирмалық бутиктарда, қаланың ірі сауда орталығында ұйымдастырылуы мүмкін.Бірақ, қаржыны бөлу туралы соңғы шешімді қабылдамас бұрын, жетекшілік сұрақтармен жеке танысуды шешті.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Компания мамандарымен өткізу арығының қай түрі таңдалды ?

  2. Каналдың қай түрін орналастырған дұрыс ?

  3. Өтім каналын қай бағытта басқару қажет ?

  4. Осы компанияға маркетинг жиынының мүмкін болатын нұсқаларын ұсыныңдар ?


6.2- тапсырма

Маркетингтік қызмет түрі

«Идиал» атты ерлерге арналған лосьены

«сила » атты ерлерге арналған лосьены

өнім шығару

Ай сайын 270 мың дана

Ай сайын 350 дана

Өткізуді жоспарлау

Бөлшек сауда үшін тікелей жеткізу (прямая поставка)

Бөлшек сауда үшін тікелей жеткізу, сауда өкілдері (представитель) арқылы өткізу

Өткізу орындары(канал)

Делдалсыз (посредник) қоймадан тікелей жеткізу

Тікелей немесе сауда өкілдері арқылы өткізу

Сауда делдалдары

Жоқ

Сауда өкілдері

Өнімнің түрі

Тартымды хош иісті түссіз сұйықтық

Жұмсақ, хош иісті

Бумасы( упаковка)

50 даналық көкеніс жәшігінде

30 даналық қағаз жәшікте

Орамы( флакон)

Көлемі 50-100мм болатын қарапайым коробка

Көлемі 30-50 мм болпатын домалақ флаконда

Бағасы

Біркелік(орташа) баға

Көтеріңкі баға

Қызметі

Арзандатылған бағамен берілмейді

Өзінің тұрақты клиенттеріне арзандатылған бағамен (скидка)беріледі

Сатып алушылар( үнемі)

Сауда жасайтын (бөлшек) барлық саудагерлер

Бөлшек және көтерме сауцда жасайтындар

Жарнама жасауы немесе қоғамдық байланысы

«Жастар және спорт» атты бөлшек сауда жарнамалау

Журнал,газет,каталог,радио және телидидарға « өз-өзіңе сен( атты деыизбен жарнама беру.



Осы кестедегі берілген 2- өнімнің түрі бойынша олардың жетістіктері мен кемшіліктерінанықтап қортынды жаса.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:

1.Өзіңді тұтынушы ретінде алып, екі тауарды сатып алудағы мінез-құлқыңды сипатта

2. Қажеттіліктің түрлеріне қарай сипатта

3. Сатып алу процесін түсіндір