ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 714

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


5. Студенттердің өздік жұмыстарының және студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

  1. Қазақстанда маркетингттің қалыптасуы және даму ерекшеліктері- Эссе

  2. Тұтынушы сұранысын талдау жүйесі – Жағдайлық тапсырма

  3. Жылжымайтын мүлік нарығын талдау - Эссе

  4. Қазақстандағы ұялы байланыс жүйесі нарығын талдау – Эссе

  5. Көрсетілген қызметтер маркетингі- Жағдайлық тапсырма

6.Туризм саласындағы маркетинг ерекшеліктері (Қазақстан мысалында) – Эссе
5.2 Студенттердің оқытушылармен өздік жұмыстарының тақырыптары

Тақырып: Маркетинг тұжырымдамасы және концепциясы

1-тапсырма

Маркетинг тұжырымдамасы ұзақ дамудан өтті. XX ғасырдың басында ғана ол өндірісті және өнімді өткізу ісін басқарудағы ерекше көзқарас ретінде қалыптасты. Алайда адамзат тарихында сатушының нарықтағы сауатты іс-қимыл танытқанының мысалы көп. Италльяндық Франческо Пеголоттидің (XIV ғасырдың ортасы) «Әр алуан елдер, тауар өлшемдері және жер шарының бөліктерінде көпес білуге тиіс басқа заттар туралы, яғни сауда дәстүрлері, ақша бағамы, бір елдің тауары өзге елдің тауарына қалай сәйкес келеді және бір тауар екіншісінен несімен артады, тауар иесі оны қайдан алады және оны қалай ұзақ уақыт сақтауға болатыны жайында кітап» атты трактатында мынадай сөз бар:

«Нағыз және адал көпестің бойында не болуға тиіс?

Адал бол да, байсалды бол.

Бәрін алдын ала біліп қой.

Уәде берсең қайткенде де орында.

Әдемі де әсем болуға тырыс-

Сауданың талабы осындай

Арзанға алып, қымбатқа сат.

Сыпайы бол, бекерге долданба,

Шіркеуге бар, кедейлерді жарылқа,

Қымбаттағанда дереу сат.

Ойын мен озудан қашанда алыс бол.

Есепте, қате жібермеуге тырыс.

Аумин».
Мынадай сұратқтарға жауап беріңдер:

  1. Қалай ойлайсыз, осы ертеде айтылған сөз бүгін мәнін жойды ма?

  2. Маркетингтік ойлаудың бүгінгі түсініктемесімен ұқсас тұстары бар ма?


Тақырып: Рынокты сегменттеу

2-тапсырма
Бүгінгі таңда Қазақстанда делдалдық тәжірибесі кең тарады. Және делдалдық операциялар арасында бірінші қатарға келешегі жағынан қарағанда станоктар рыногы шықты.

Делдалдар осындай рыноктарды іздеудің кейбір жалпы принциптерін тапты.

  1. Станоктарды кәсіби кадрлары бар «ескі» кәсіпорындарға ұсынудың қажеті жоқ.

  2. Кәсіпорындарға кәсіби станоктарды ұсынудың қажеті жоқ. Одан да қосалқы станоктарды ұсынған жөн.

  3. Станоктарға тапсырыс берушінің қарқынды еңбек етуіне және төлеуге қабілеттілігіне кепілдік беретін тұрақты өткізуі бар өндіріске бейімделу қажет.

  4. Импорт бойынша станок сатып алғанда бұрынғы социалистік елдердің арзан жабдығына көңіліңізді аудару қажет емес.

  5. Импорт станоктары жөніндегі мәміле барысында тікелей өнімді шығарушыға шығудың қажеті жоқ, өйткені ол қымбатқа түсуі мүмкін.



Аталған принциптерді талдап, шектеулердің себебін түсіндіріп көріңіз. Делдалдық қызметтің тиімділігін арттыру үшін тағы не ұсынуға болады, қалай ойлайсыз?
Тақырып: Тауар саясаты

3-тапсырма
Қазақстандық фирма дамуының стратегиясын анықтау мақсатымен жаңа өнім шығаруға кірісудің мақсатқа лайықтылығын айқындайды. Ондай өнім жайындағы идея

а) фирма басшыларының ойына келуі мүмкін;

б) фирманың сауда өкілдерінің ойына келуі мүмкін;

в) сатып алушының ұсынысы бойынша;

г) бәсекелесушілердің шақыруы түрткі болуы мүмкін.


  1. Ұсынылған нұсқаның әрқайсысын жан-жағынан түсіндіріп көріңіз.

  2. Жаңа тауар туралы идеяның пайда болуына ықпал ететін қосымша себептерді айтыңыз.


Тақырып: Өткізу саясаты

4-тапсырма
Кезінде автомобиль жасайтын «Форд моторз» және «Крайслер» компанияларды басқарған американдық менеджер Ли Якокка өткізу мәселелеріне көп көңіл бөлген екен. Өзіңі «Менеджердің мансабы» атты әйгілі кітабында былай деп жазған: «Мен осы карпорацияға келгенде («Крайслер») автомобильдердің өндірісі мен өткізу мәселелерін жалғыз вице президент шешетін. Мен үшін бұл түсініксіз жай болатын, өйткені мұнда өте қиын және бір-біріне мүлдем ұқсамайтын қызметтер атқарылып жатты. Сонымен қоса және бұл ең жаманы – қызметтің екі саласы өзара тіпті байланыспайды да. Өндірушілер автомобильді өткізушінің пікіріне құлақ аспай жасай беретін. Сөйтіп автомобильдер тау болып үйіліп қалатын және қаржы саласында берекесіздік орны алатын.» Ли Якокка өндіріс пен өнім өткізудің сол кездегі ретін түбегейлі өзгертті: «Жаңа жүйе бойынша корпорацияның өткізушісі біздің дилерлеріміздің қасында отырады. Олар дилердің ең таяу айға тапсырысын белгілеп, келесі екі айға оның қажеттілігін болжауын әзірлейді. Біз дилерден тұрақты тапсырыс аламыз және олар машина өндірісі кестесінің негізін құрайды.»
Жауап беріңіз:

1. Сіз Ли Якоккидің іс-әрекетімен келісесіз бе?

2. Өнім өндірісі мен өткізудің жетілдірілген сызбасындағы іс-әрекетінің қайсысын дұрыс деп санайсыз және оның қандай кемшіліктері бар?

3. Қазақстандағы ұқсас жағдайға лайықты өз іс-әрекетіңіздің нұсқасын ұсыныңыз.
Тақырып: Өткізуге ынталандыру

5-тапсырма
«Ол уэйз» (АҚШ) шабарман компания клиенттерге құжат, сызба, қосалқы бөлшек және басқа жіберілімдерді Лос-Анжелес пен оның төңірегіне жеткізумен айналысады. Осы ауданда тағы 453 шабарман компания еңбек етеді, сондықтан ұқсас ұйымдардың арасындағы бәсекелесушілік тым жоғары болады.



Сөйтіп жарты жылдан артық әрекет еткен компания сирек кездеседі. Әйел адам басқаратын «Ол уэйз» фирмасы рынокта өз жағдайын тұрақтандыру үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Оның ішінде стандартты амалдар да бар:

  1. Ықтимал тапсырыс берушілерге тапсырыс телефоны арқылы ұсыну.

  2. Жарнама кітапшаларын жан-жаққа жіберу.

  3. Тапсырыс берушілермен олардың офистерінде (кеңселерінде) кездесу.

  4. Тапсырысты дер кезінде және сапалы орындауды қатаң бақылауға алу.

  5. Баға жөніндегі икемді саясат.


Сонымен қатар, өзінің шектеулі өндірістік мүмкіндіктеріне қарамастан, компания клиенттерге жіберілімдерін АҚШ кез келген штатына жеткізуді ұсынады.

Бұл «Ол уэйз» компаниясы елінің басқа ірі қалаларының 35 шабарман компанияларымен іскер қарым-қатынас орнатқаннан кейін мүмкін болады. Ал компанияның келешегі бірқатар мәселелерді шешумен байланысты. Ақша әдетте біршама уақыт өткеннен кейін клиенттерден түсе бастайды. Сондықтан өз айналым қаржыларына «Ол уэйз» компаниясы шығандары төлеуге мәжбүр болады, ал ол ақша жетпейді. Екінші мәселе компания дамуының тиімді қарқынын таңдау.

Фирманың қызметіне талдау жасаған тәуелсіз сараптаушылар мынадай ұсыныс жасады.

  1. Американдық банктер мұндай жағдайда сақ болса да банктен кейін түсетін ақша мөлшерінде несие алуға қадам жасау керек.

  2. Тұрақты, әсіресе ірі клиенттерден ақыны алдын ала алу.

  3. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын, иелері әйелдер немесе аз ұлттар өкілдері болған компанияларға жеңілдіктер беруді қолдану.

  4. Қалыпты қарқынға бет алу (жылына 10%), өйткені одан тез өсетін болса, қызмет көтсету деңгейі төмендеп кетуі мүмкін.

1. Сарапшылардың ұсыныстарын іске асыру мүмкіндігі және тиімділігі жағынан баға беріп көріңіз.

2. «Ол уэйз» компаниясын шабарман қызметі рыногындағы жағдайын тұрақтандыратын басқа жолдарын ұсынып көріңіз.

Тақырып: Көтерме сауда

6-тапсырма
Нарықтық экономика Ресейде алғашқы қадамын жасағанына қарамастан, рынокта еңбек ететін кәсіпорындар арасында табысқа жеткендері де бар.

Сөйтіп, азық-түлік тауарларының көтерме саудасымен айналысатын «Корпорация международных проектов» өзінің маркетингтік қызметінде мынадай тәсілдері қолданады:

  1. Тауар айналымы жылдамдығын жеделдету үшін тауар несиесін қолданады. Көтерме сатып алушы тауарға тапсырыс беріп, ақшасын аударады. Екі-үш апта мөлшерінде тауар жолда болады, сол кезде сатып алушы қоймадағы бар тауарды сатып алып, оны тез сатады. Сонан соң тапсырысын да алады.

  2. Көлік қызметінің ширақ қимылы нәтижесінде Ресейдің кез келген елді мекеніне тауарды жеткізу, сұрыптау, сертификат беру тәулік бойы жүргізіледі.

  3. Корпорациядағы тауардың мол болуы басқа жеткізушілерден қажет тауарды іздеуді керек етпейді.

  4. Маркетингтік қызмет көтерме рыноктың жағдайын күн сайын бақылап отырады.

  5. Корпорация сенімін ақтаған әріптестермен іскер қарым-қатынасты дамытуға тырысады.



Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Корпорация тәсілі басқа көтерме сауда фирмалары үшін тиімді ме?

  2. Оны тағы немен толықтыруға болады?

  3. Өз дилерлік жүйесін дамыту корпорация үшін тиімді ме?


6.Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы
Кесте 3- Пән бойынша оқу-әдістемелік картасы

Тақырыптары

Әдістемелік материалдар, плакаттар

Өз бетімен оқу сұрақтары

Бақылау формасы

Дәріс сабақтары

Практикалық(семинар)

сабақтары

1

2

3

4

5




1.Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары.

1.Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары.

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

1.5,1.6

Сұрақ-жауап

2.Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары.

2.Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары.

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

2.5,2.6

Сұхбаттасу

3.Маркетингттік орта

3.Маркетингттік орта

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

3.4,3.5

Сұрақ-жауап

4.Тұтыну нарығындағы сатып алушылырдың мінез құлқы

4.Тұтыну нарығындағы сатып алушылырдың мінез құлқы

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

4.6,4,7

Сұрақ-жауап

5.Тұтынушы ұйымдар маркетингі

5.Тұтынушы ұйымдар маркетингі

Тақта. бор, конспект,оқулықтар ситуациялық тапсырмалар

5.5,5.6

Сұхбаттасу

6.Маркетингттік зерттеулер

6.Маркетингттік зерттеулер

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

6.4

Сұрақ-жауап

7.Маркетингттік зерттеулер

7.Маркетингттік зерттеулер

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

7.3

Сұхбаттасу

8.Нарықты сегменттеу

8.Нарықты сегменттеу

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

8.4,8.5

Сұхбаттасу

9.Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

9.Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

Тақта. бор, конспект,оқулықтар

ситуациялық тапсырмалар

9.5,9.6,9.7

Сұрақ-жауап

10.Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

10.Маркетинг жүйесіндегі тауар және тауар саясаты

Тақта. бор, конспект,оқулықтар ситуациялық тапсырмалар

10.4,10.5

Сұрақ-жауап

11.Маркетинг жүйесіндегі баға саясаты

11.Маркетинг жүйесіндегі баға саясаты

Тақта. бор, ситуациялық тапсырмалар конспект,оқулықтар

11.4,11.5

Сұхбаттасу

12.Өнімдерді өткізу және тарату

12.Өнімдерді өткізу және тарату

Тақта. бор, ситуациялық тапсырмалар конспект,оқулықтар

12.3,12.4

Сұхбаттасу

13.Өнімдерді өткізу және тарату

13.Өнімдерді өткізу және тарату

Тақта. бор, ситуациялық тапсырмалар конспект,оқулықтар

13.4,13.5

Сұрақ-жауап

14. Маркетингттік коммуникация

14. Маркетингттік коммуникация

Тақта. бор, ситуациялық тапсырмалар конспект,оқулықтар

14.3,14.4

Сұхбаттасу

15.Халықаралық маркетинг

15.Халықаралық маркетинг

Тақта. бор, ситуациялық тапсырмалар конспект,оқулықтар

15.3,15.6

Сұрақ-жауап



5.4. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Мультимедиялыққұрылғылар




Компьютерлер




Слайдтар




Лабораториялықстендтар