ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 719
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тауарлық ассортимент
+++ - маркетингтің басты мақсаты;
++ және + - аралас мақсаттар.
Маркетингтiң негiзгi принциптерi оның концепцияларынан қалыптасып, мыналардан тұрады:
Бiрiншiсi, фирманың нақты белгiленген нақты белгiленген коммерциялық түпкi әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес нарық үлесiне жету.
Екiншiсi, фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплекстi түрде айқындау.
Үшiншiсi, әрекеттенуге таңдап алған нарықтың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен қатар, ол нарыққа нысаналы әсер ету.
Төртiншiсi, "келешектi сезу" және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерiмен тауарын өңдеу.
Бесiншiсi, фирманың сыртқы ортасының өзгерiсiне өзiне ыңғайлы тез және тиiмдi реакция қамтамасыз ететiн белсендiлiк, бастаушылық, iскерлiк көрсету.
Маркетинг кешенi дегенiмiз- нарықтағы тұтынушыларға әсер ететiн маркетин құралдарының жиынтығы. Маркетинг құралдарының төрт факторлар тобы бар. Олар: тауар; баға; сату орны; жылжыту және коммуникация
Тауар ұғымына тауар саясаты жатады, яғни нарыққа ұсынылған тауар ассортиментi, олардың сапасы, дизайны, нарықта өмiр сүру уақыттары, орауы, таңбасы жатады.
Тауар бағасы кәсiпорын пайдасын белгiлеуде зор орын алады. Баға деңгейi нарықтағы фирманың мақсатына, тұтынушы талғамына, сұранысқа, тауарды өңдеу ерекшелiгiне, өндiру шығындарына, бәсекелес фирманың баға саясатына, басқа да факторларға байланысты болады.
Сату орны тауарды тұтынушыларға қолайлы өткiзу жүйесiмен беруi тиiс. Оған тауарды өткiзу арналары мен тауарды қозғалту жүйесi кiредi.
Көптеген ғалымдар маркетинг қызметтерiн талдаушы, өндiрiстiк, өткiзушiлiк және басқарушылық блоктарына жiктейдi.Талдаушы қызметке нарықты және тауарды зерттеу, страдегиылық және оперативтiк жоспарлау жатады, ал өндiрiстiкке – тауарды өндiрудi ұйымдастыру және олардыңсапасын жоғарлату; өткiзушiлiкке - өнiмдi жылжыту және сату қызметi жатады.
Маркетингке жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестiру мен бақылау сияқты кез келген басқарудың функциялары да жатады. Олар маркетингті мыныандай өзiндiк ерекшелiк функцияларымен нақтыланып отырады:
-
Нарықты маркетингтік тұрғыдан зерттеу; -
Маркетинтгі жоспарлау; -
Кәсiпорынның маркетинтік қызметiн ұйымдастыру; -
Тауарлық саясаттың жүзеге асуы; -
Баға саясатының қалыптасуы; -
Кәсiпорынның сату саясаты; -
Өнiмнiң жылжыуы мен коммукикациясын ұйымдастыру; -
Кәсiпорынның маркетинг тік қызметiн бақылау;
Маркетингтiк зертеудiң негiзiнде страдегиялық және оперативтiк жоспарлар құрылады.Тауар саясаты тауардың ассортименттiк тұжырымдамасын, олардың сапасын және бәсекеге қабiлеттiгiн жоғарлатуды өнiмнiк өмiрлiк циклын талдауды және ескi өнiмдердiң байланысын анықтауды, тауар белгiлерiн иемдену страдегиясын айқындауды, ораманы жасау және сервиздi орналастыруды басқаруды қамтиды.
Баға саясаты баға жасаудың түрлi әдiстерiн қамтиды. Өткiзу саясаты өткiзу формаларымен арналарының тиiмдi жүйелерiн ұйымдастыруды көздейдi, бұған көтерме және бөлшек сауда желiсi арқылы өткiзу, тасымалдау, тұтынушыларға өнiмдi жеткiзу жатады.
Өнiмдi жылжыты жарнама (көпшiлiкпен байланыс, жеке сауда және тауарды өткiзудi ынталандыру арқылы iске асырылады.
Маркетинг әрекетiн бақылау оны өткiзi кезiнде жүргiзiледi және жүзеге асатын шараларға белгiлi түзетулер енгiзуге жағдай жасайды, сөйтiп фирманың маркетингтiк қызметiнiң жемiстi болуына мүмкiндiк бередi.
3. Маркетинг түрлерi мен салалары
Кесте 2. Сұранысқа байланысты маркетинг түрлерi
Маркетинг түрлерi | Сұраныс түрлерi | Маркетингтiң мiндетi мен мақсаты |
Конверсиялық маркетинг: барлық немесе бiрнеше нарықтың сегменттерi тауарды қабылдамайды | Жағымсыз сұраныс | Тауарды жақсарту, бағаны төмендету, өткiзу арналарын жақсарту, қоғамның пiкiрiн өз мүддесiне сай өзгерту |
Креативтiк маркетинг (дамушы маркетинг): жасырын сұранысты әйгiлеуге бағытталған маркетинг | Жасырын сұраныс | Нарықтың сыйымдылығын бағалау, жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарды iздеп табу |
Ремаркетинг: сұраныс төмендеген жағдайда қолданылатын маркетинг | Төмендейтiн сұраныс | Жаңа нысаналы нарықты табу. Оған сәйкес тауардың қасиеттерiн өзгерту, коммуникацияны тиiмдi жүргiзу |
Синхромаркетинг: сұраныс өндiрiс күшiнен бiршама асатын болса, немесе бұл тауардың өндiрiс көлемi нарық қажетiнен көп болса қолданатын марктинг | Тұрақсыз сұраныс | Сұранысты уақыт мерзiмi бойынша реттеу, икемдi баға қолдану |
Демаркетинг: қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг | Артық сұраныс | Бағаны көтеру, өтiмдi ынталандыру шаралары мен сервистi азайту, сұраныс көлемiн төмендету |
Қарсы әрекет жасайтын маркетинг: тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы қолданатын маркетинг | Иррационалды сұраныс (өлшемге келмейтiн сұраныс) | Бағаны кенет көтеру, тауардың қол жеткiзуiне шек қою, тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушыларға ақпарат тарату |
Ынталандырушы маркетинг: ынталы әдiстер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг | Сұраныс жоқ | Бағаны төмендету, жарнаманы күшейту, тауардың ұтымды жақтарын көрсету, өтiмдi ынталандыру шараларын қолдану |
Демеушi маркетинг: сұранысты бiр деңгейде сақтауға арналған маркетинг | Сұраныс толық қанағаттанған | Тауардың сапасына және қызмет көрсету қасиеттерiне көбiрек нзар аудару |
Маркетингтiң нақты жүзеге асырылуы кәсiпорынның салалық сипатына, оның ұсынылатын тауарларының пайдалану орнына байланысты болады. Осыған байланысты маркетингтiң бiрнеше саласы кездеседi.
Өнеркәсiп маркетингi дегенiмiз өндiрiс үдерiсiнде тұтынылатын тауарлармен, қызметтермен, оларды тұтынатын және сауда-саттықпен айналысатын фирмалар шұғылданатын маркетинг түрi.
Қызмет маркетингi дегенiмiз өнiм ретiнде қызметтермен шұғылданатын маркетинг түрi.
Халықаралық маркетинг -кәсiпорныдардың сыртқы экономикалық әрекеттерiнде қолданылатын маркетинг түрi.
Банк маркетингi дегенiмiз жалпы капитал нарығында және оның жеке салаларында, соның iшiнде банк саласында, несие саласында, құнды қағаздар нарығында болып жатқан үрдiстердi зерттеудi және есепке алуды болжайтын банктi басқару жүйесiн сипаттайды.
Бейкоммерциялық маркетингтi иституционалды маркетинг деп те атайды. Оны ұйым және жеке тұлғалар өздерiнiң идеяларын тарату үшiн қолданады. Бейкоммерциялық маркетинг дегенiмiз нақты ұйымдар және олардың әрекеттерiне мақсатты аудиторияның позициясын және қатынасын ұтымды өзгерту немесе қалыптастыру үшiн қолданатын маркетинг түрi.
Инвестициялар маркетингi- бұл маркетингтiң жаңа бағыты. Оның негiзгi сипаттамасы тезхнология және өндiрiстi ұйымдастыру болып табылады.
Интеллектуалды өнiмдер нарығындағы маркетинг. Тауар ретiнде интеллектуалды өнiммен маркетинг әрекетiн жүргiзу ерекше тәсiлдердi қажет етедi
4. Маркетингтiң негiзгi тұжырымдамалары
Маркетинг нарықтық экономикалық жүйеде орны бар ойлау стилі, іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі болмақ. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты- сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде оның өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді.
Маркетингтің теориясы мен тәжірбиесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:
-
өндірістік; -
тауарлық; -
өткізу немесе саудалық; -
маркетингтік, -
қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.
3-кесте. Маркетинг тұжырымдамалары
Тұжырымдамалар | Қолдану шарттары | Мақсаттар |
Өндірістік | Сұраныс ұсыныстан елеулі түрде артық; үлкен және тұрақты нарықтың болуы | Өнімді өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету |
Тауарлық | Тұтынушының тауар сапасына қоятын талаптары | Тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру |
Өткізушілік немесе саудалық | Монополия және тауар тапшылығы жағдайы; өнімдерді өткізудің шектелген нарығы | Өндірілген тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау |
Маркетингтік | Тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін білу; мақсатты нарықтың болуы; біріккен маркетинг жүйесін құру | Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары және қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру |
Қоғамдық (әлеуметтік-этикалық маркетинг) | Экология мәселелері; әлеуметтік және этикалық мәселелерді есепке алу қажеттілігі | Фирманың пайда табуы; сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; қоғам мүддесін ескеру |
Өзара әрекеттесу маркетингі | Тұрақты сатып алушылар мен бизнес-серіктердің бар болуы | Сатып алушылар мен бизнес серіктер арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастарды орнықтыру мен қолдау |