Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 665

Скачиваний: 12

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқылым

Тапсырма

Берілген тапсырманы орындаңыз. А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз. Мәтінге ауызша коментарий жасаңыз.

[10]
1. Оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасап, іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз.

2. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажырата біліңіз.
А мәтіні.

Дастан: Асқар, тарихи тұлғалар дегенді қалай түсінесің?

Асқар: Тарихи тұлғаларға менің ойымша қоғам қайраткерлері мен көрнекті ақын-жазушылар, хан билер деп ойлаймын. Ал сен қалай түсінесің?

Дастан: Дұрыс. Менің де ойым осылар. Сен тарихи тұлғаларға кімдерді жатқызасың?

Асқар: Тарихқа үңілсек, Асанқайғы жерұйығымен таныс, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақан серілерді және тағы да басқалар.

Дастан: Сен Асанқайғы жерұйығымен таныс дедің, бұл кісі бойынша толық ақпарат бере аласың ба?

Асқар: Асанқайғы (Сәбитұлы Асан – ХҮ ғ.) – ұлы философ, ақын. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған.Алтын Орда ханы Ұлұғ – Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста – Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асанқайғы ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.

Дастан: Өте керемет. Сен жаттап та алғансың ба?

Асқар: Иә, себебі мен осы кісі бойынша ғылыми жоба жазып зерттегенмін.

Дастан: Өте жақсы. Айтпақшы Асқар автобусым келді сау бол, көріскенше.

Асқар: Сау бол. (166 сөз)

alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...

Ә мәтіні.

Иә, қазақ халқының шашасына шаң жұқпаған шешені де, тілінен бал тамған, қылышынан қан тамған ақындары мен батырларының болғанына халқымыздың өткені мен тарихы куә. Солардың бірі ғана емес бірегейі ауызымен орақ орған, сөзге шешен, халқының мұңын барлап, жоғын жоқтап, өзінің қара басынан гөрі елінің қамын жоғары қойған халық ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев жайында тілімізге тиек етсек. Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің шан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. «Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мазақтап шығарған «Шағым», ақындық жолына рұқсат сұраған «Әкеме» деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – сылқым бойжеткен Еркежан (Кәмшат) сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Кәрібайдың төбеті" "Жылқышы" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден туған өлеңдері шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы.
(161 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/51205/

А мәтінін іріктеп, рөлге бөліп, ауызша коментарий жасаңыз.

[6]

Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып сәйкестендіріңіз.


Мәтін

Шартты белгі

Мысал


Көнерген сөз






Пұшықтың ұрыға айтқаны


Эвфемизм




Қылыш


Дисфемизм



Еркежан


Табу



Аузымен орақ орған

[4]


Балл қою кестесі

Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А мәтінін іріктеп оқу

2




2

Рөлге бөліп оқу.

2

3

Мәтінге ауызша коментарий жасау.

2

4

Көнерген сөз – қылыш


4




Эвфемизм – аузымен орақ орған

Дисфемизм – пұшықтың ұрыға айтқаны

Табу – Еркежан

Барлығы

10




Жазылым

1. Берілген тапсырманы орындаңыз.

2. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 70-80 сөзден тұратын өмірбаян құрастырып жазыңыз.

[10]

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Балл қою кестесі
Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымын сақтаған.

Өзіне таныс белгілі бір адамды сипаттап не суреттеп жазған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді жазба жұмысында қолданған.

7-8

Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымын сақтаған.

Өзіне таныс белгілі бір адамды сипаттап не суреттеп жазған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізеді, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді жазба жұмысында қолданған.

5-6

Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздер жазба жұмысында жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (өмірбаянның) құрылымы жүйесіз.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (өмірбаянның) құрылымы сақталмаған.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған.

Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1-2

6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.


Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 190-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді.

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады.

Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет.

Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға

3-5 минут беріледі)

5

5

3-4

6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Ашық жауап, сәйкестендіру

А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқиды. Мәтінге коментарий жасайды. Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып, берілген мысалдар арқылы көркемдік ерекшеліктеріне сай сәйкестендіреді.


15

6

4

5

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу;

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар жазба жұмысын орындайды.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 80-100 сөзден тұратын құрылымы сақталған өмірбаян құрастырып жазғаны бағаланады.

25

10

Барлығы

40 минут

30



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа

Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және термин сөздерді орынды қолданыңыз.

2. Берілген мәтін бойынша пікіріңізді білдіріңіз, диалогке қатысыңыз.

[10]
А мәтіні.
Бейбітшілік пен келісім сарайы

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерінің өткізілетін орнын әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс компаниясы салды. Кешеннің ең басты ерекшелігі ғимарат Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес салынған. Сонымен қатар, ғимараттың негізі биіктігі мен ені 62 метр болатын шаршымен қаланған. Бұл жерде көрме залдары, конференц-зал, қысқы бақ, 1500 көрерменге арналған концерт және опера залы орналасқан. Интерьерлері күрең алтын тонда жасалып, сапалы жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер көп. Сахна жанында 80 музыкантқа шақталған 2,8 метрлік оркестрлік орын орналасқан. Мерекелік зал 2000 шаршы метрден астам аумақты қамтиды және бір уақытта 1000 адамға дейін қабылдайды. Ауданы бойынша ең үлкен зал 2000 кв.м ауданды алып жатырған «Хеопс атриум» залы. Осы залда Елордамыз Нұр – Сұлтан қаласын 2030 жылға дейінгі дамытуға арналған басты жоспардың құрамы орналасқан. Оны «әлемнің қолын бейнелейтін» төрт тірек ұстап тұрады. Бір қабат төменінде үлкен кітапхана, әлемдік діндердің зерттеу орталығы орналасқан. Пирамиданың ортасына қарай иілген қабырғаларда Астананың аспа бақтары орнатылған. Бұл ғимарат әртүрлі діндердің бірлесетін жері екеніне тағы бір дәлел бола алатын факт бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатырған әртүрлі ұлт өкілдерін бейнелейтін 130 ұшып бара жатырған көгершіндердің тобы бейнеленген үлкен шыны күмбез қоршап тұр. Түнгі уақытта күмбез жанып, маяк секілді әртүрлі мәдениеттердің, діндердің, халықтың бірлігін бейнелейді. (197 сөз)

https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/

Ә мәтіні.

Биікті бағындырған білім ордасы

Ұлт өнерінің үлкен шаңырағын көтеру әрі оны бас шаһардың мәр­те­бесіне сай әлемдік оқу орны дең­гейіне жеткізу – ауыз толтырып ай­тар­лықтай ауқымды іс. Әрі ол кез келгеннің қолынан келе бер­мейді. Осы істі Айман Мұсақожаеваның өзі бір министр­ліктің жұмысына татитын істі ойдағыдай алып шықты. Талантты жастардың дарынын ұштауға ден қойған ол мақсатын жүзеге асыру жолында аянбай тер төкті.


Гастрольдік сапарлармен көп­те­ген мемлекеттерді аралаған кезде, олардың музыкалық білім жүйесіне ерек­ше қызығушылық танытатын едім. Өз елімізде де осындай үлкен өнер ордасын құру – көптен көкейімде жүрген жоба болатын. Бір кездесуде осы ойымды Елбасына жеткіздім. Маған бірден қолдау білдірген Елбасымызға алғысым шексіз. Бірақ жаныма жай тап­қыз­ба­ған ойымның осы шаһарда жүзеге асуға тиіс екендігіне іштей өзімді дайындап жүрдім, – дейді Айман Қожабекқызы.

Сөйтіп, қазіргі Өнер универси­теті – бұрынғы Чайковский атын­дағы №1 музыка мектебi мен Ақмо­ла­ның музыка колледжiнiң база­сында құ­рыл­ды. Қиындықтар болды. Білікті мамандар­дың тапшылығын былай қой­ғанда, олардың әлеу­меттік мәселе­ле­рін шешу оңайға соқпады. Мұ­ның сыртында құрал-жаб­дықтар мен музы­калық аспап­тардың жетіс­пеу­шілігі, оқу ауди­тория­­лары­ның аздығы, қара­жат тапшылығы тағы бар.

1998 жылы Астананың халық­аралық тұсаукесерімен бірге, Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің де тұсауы кесілді. Бұл салтанатты жиынға Елбасымыздың өзі қатысты.

Шет мемлекеттердікі сияқ­­ты, білім берудің барлық түрі бі­рың­ғай оқыту жүйесіне бірік­ті­­рілген. Яғни оқу ордасы табалды­рығын аттаған жеткіншек дипломын қолға ұстап, бір-ақ шығады. (197 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді.


7-8


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді.

Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады.

Сырттан көмек қажет етеді.

3-4


Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

Сырттан көмек қажет етеді.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2


Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады.