Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 664

Скачиваний: 12

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Балл қою кестесі
Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған.

Ұсынылған тақырып бойынша көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізген, қателерді жібермеген.


7-8

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымын сақтаған.

Ұсынылған тақырып бойынша келісу-келіспеу эссесін өз деңгейінде орындаған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізген, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды.


5-6

Жазба жұмысының (эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес.

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған.

Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ келісу-келіспеу эссесі бір жақты болмаған, жіберілген қателер жалпы әсерді бұзады.

Ойын анық жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген.

3-4

Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы жүйесіз.

Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған.

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (келісу-келіспеу эссесінің) құрылымы сақталмаған.

Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерді бір жақты тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы.

Көркем тіл құралдары аз қолданылған.

Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөз және сөйлем ішінде дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, мин

Балл

1-2

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 100-120 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) идеясын анықтайды.

Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында жан-жақты тұжырымдап, көтерілген мәселені түсіндіреді. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беруі, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруі қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін лексикалық бірліктерді көркемдік ерекшелігіне сай қолдануын бағалайды.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға

3-5 минут беріледі)

5

5

3-4

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу.

Ашық жауап, ақпаратты детальді анықтау

Мәтіндерді оқып, А және Ә мәнідерінен негізгі және қосымша ақпараттарды детальді анықтайды. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме немесе құттықтау құрастырып жазады.

15

8

2

5

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп «келісу, келіспеу» эссесін жазу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша жазба жұмысын орындайды. «Ата-ана отбасының ұйытқысы дегенге келісесіз бе?» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша айқын көрсетіп «келісу, келіспеу» эссесін жазады.

Көлемі 100-120 сөзден тұратын құрылымы сақталған эссе жазғаны бағаланады.

25

10

Барлығы

40 минут

30


Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа

Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

1. Мәтінді мұқият тыңдап, құрылымдық ерекшелігіне назар аударыңыз.

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Негізгі ойын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
А мәтіні.

Салт-дәстүр – тәрбие бастауы

Дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдеи-ғұрып, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары. Дәстүр адамдардың өмірлік қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Ұлтты рухтандырып, оның ішкі-сыртқы келбетін көрсететін сипаттарының бірі – дәстүр. Ол да тіл сияқты ұлттың қанында, жанында, рухында жүретін, ұлт үшін аса қажетті, қасиетті нәрсе. Әр ұлттың көрнекті, ғұлама адамдары өз халқының салт-дәстүрін жақсы білген. Дәстүрді жақсы білгендіктен, олардың шығармалары оқырмандары үшін тартымды, қызықты, халықтың көкейіне қонымды. Сондай-ақ ел басқаратын адамдарға дәстүрді жақсы білгендіктің артықтығы жоқ. Халықпен тіл табысуына жақсы. Әр ұлттың өзіндік дәстүрлері болады. Қазақ халқында дәстүр мәселесін терең меңгерген адамдар билер болатын. Олар әдет-ғқрып, салт-сананы терең біле отырып, әділ билік жасаған. «Дәстүр» деген ұғым – жалпы ұлт рухының негізгі бөлігі. Ұлттың мінез-құлқын, психологиясын танытатын тамаша салт-дәстүрлер сол ұлттың рухын байытып отырған. (133 сөз)

http://redo.kz/publ/1210-mzh-6-synyp-aza-tl-azaty-salt-dstr-ltty-ndylyy.html

Сұрақтар:

1. Дәстүр мәселесін терең меңгерген кімдер?

2. Дәстүрдің адам баласына пайдасы бар ма?
Ә мәтіні.

Болашақ ұрпақ

Оның – адам тұрмысын ұйымдастырудың қаайнар көзі. Жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты. Жас ұрпаққа бесіктен бастап беріулген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Абай былай деген: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Ұрпақ – әр жанұяның бақыты. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі, тәрбиеге бастар басты өлшем. Бір тұтасып, үшеуін біріктірсе адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Жақсы қасиеттір кез келген адамның жан дүниесінен табылады. Дүниеге келісімімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастыру ата-ананың міндеті. Отбасы адам баласының өсіп өнетін ұясы. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.

(150 сөз)

http://redo.kz/publ/1210-mzh-6-synyp-aza-tl-azaty-salt-dstr-ltty-ndylyy.html

Сұрақтар:

1. Бесіктен бастап берілген тәрбиенің болашағы бар ма?

2. Дана Абайдың айтқан сөзіне келісесің бе?
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10


Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.


7-8


Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.

Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.

Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1-2


Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.

Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде аз қатысады.



Оқылым


Тапсырма

Берілген тапсырманы орындаңыз.

[10]
А мәтіні.

Әлемнің жаңа жеті кереметі

Әлемде сан мың түрлі керемет бар. Тарихи тамаша жәдігерлерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес. Әлемнің жеті кереметі атауы аңыз бойынша, өзінің жаулап алған жерлерінен әлем саяхатшыларын қызықтыру мақсатында арнаулы 7 орынды белгілеген – Ескендір Зұлқарнайын заманынан қалған. Олардың қатарына: Мысыр пирамидалары, Бабылдың аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Зевс мүсіні, Галикарнастағы табытхана, Гелиос мүсіні және Александрия шамшырағы кіреді.

Алайда, қазіргі күндері әлемнің жаңа жеті кереметі пайда болды. Бұл тізім - алдыңғы тізімнің жаңғыртылған нұсқасы. Әлемнің жаңа жеті кереметі  2007  жылы Португалиядағы «Үш жетілік» күнінде көпшлік назарына ұсынылған. Олар: 1.  Қытай Ұлы Қорғаны  2. Колизей (Рим, Италия) 3. Мачу-Пикчу (Оңтүстік Америка, Перу) 4. Петра (Иордания) 5. Тәж Махал (Үндістан) 6. Иса Пайғамбар мүсіні (Бразилия) 7. Чичен-Ица (Солтүстік Америка, Мексика). (120 сөз)

https://qamshy.kz/article/22494-alemninh-dganha-dgeti-keremeti

Ә мәтіні.
Тәж Махал

Әлемдегі жаңа жеті кереметінің бірі Тәж Махал. Ақ мәрмәрдан жасалған өнер туындыларының тарихында Тәж-Махал туралы көптеген фактілер мен аңыздар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бірақ көптеген тарихшылар бұл ғибадатхана 1630-шы жылдары салынған дейді. Оны ұлы моңғол императоры Жакан шах мезгілсіз қайтыс болған жұбайы Мұмтаз Махалдың әруағына арнап салдырған. Оның құрылысы 22 жылға жалғасты.

Бұл ғибадатхананың құрылысына 20000-нан астам адам қатысқан, олардың ішінде империяның барлық аймақтарынан келген құрылысшылар, Венеция, Парсы, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген шеберлер бар. Бүгінгі таңда «үнді сәулетінің інжу-маржаны» саналатын махаббаттың символы болған ақ мәрмәр ескерткіш Үндістанның ең маңызды көрікті орындарының бірі. Төрт құбыласында төрт минареті бар, биіктігі 74 метр болатын бес күмбезді ақ мәрмәрдан салынған әйгілі кесене аңыздағыдай жасанды су қоймасының қозғалыссыз қабаттарын көрсетіп тұрады. (119 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125


А) Берілген мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.


Әлемнің жаңа жеті кереметі

Тәж Махал

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат






















[8]
Ә. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме немесе құттықтау құрастырып 7-8 сөйлем жазыңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2]
Балл қою кестесі

Оқылым



Жауап

Балл

1

Негізгі ақпарат

4

2

Қосымша ақпарат

4

3

Жазба жұмысы

2

Барлығы

10


Жазылым

Берілген тапсырманы орындаңыз. Білім алушылар ұсынылған тақырып бойынша жазба жұмысын орындайды. «Әлемге танымал Қазақстанның көрікті жерлері бар» деген тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көлемі 100-120 сөзден тұратын, келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.

[10]

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________