Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 427

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ пен қазанатты айыру – ұлттың ар-қасиетіне сына қағу. Жылқыны сүю – Тә­ңір­ді әспеттеумен тең бе дерсің қазаққа. Жыл­қыға құмарлықтың өзі рухтың, ойдың да Жаратқанымен табысуға аңсары емес пе екен? «Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мін­се, бір дене, бір жанға айналып кетеді». Жазу­шының көркем шығармаларында, эс­селік әдеби толғаныстарында жылқы жануары туралы тәтті тамсаныс, ерен көзсіз ма­хаббат жырдай есіледі. Бұл тақырыпқа қа­лам тербеуінің өзі – қазақтың ежелгі өмір­лік құндылықтарын қайтарып алып, бүгінгі санасы тұтас тамұқтай ұрпаққа уыздай ұсынбақ болғандай.
« – Бұрынғы көнекөз жұрт көкірегі ерен көркем еді, толған ай көрсе шашты, жазғы сәуле құйылса түкті деп жатушы еді». Жазушы құдайға қараған қазақтың жұпар аң­қыған сәуле санасын аңсармен сағынып, бет­­тескендей, бөрілі қазақты құшақ бас­қан­дай жазуы ненің сипаты? «Ойсыз, доссыз, бақытсыз» қорқытты ма екен?
«Түрікпен Қорқытқа көр қазба дейді. Мен айтамын, Қорқытқа көр қазылсын, уа­қыты келсе даяр тұрады!». Шығармада «бастары қосылмайтын ақырзаман жаста­ры­ның» ойсыз, бақакөзденген ұландардың бөрігін алып түсіп, төсінен басып, ұйқылы ояу ұлт­тың намысына тиер бұзаутіс қам­шы­ның ащы шықпыртындай сөздер көп-ақ. Түрікпен «аш құлақ та тиыш құлақ» дер, бірақ «мен» – мен қазақпын – «Тұрлаусыз өскен құлан­дай қыпшақ қаныңды сатпа!» дейді. Жазу­шының ішкі дүниесі ышқынып, ызалы қолы уақытынан кеш сермегендей, адуынды мінезбен Кенжебектей ұландарын қайрап, түйреп өтеді.
Шығарма сәтті аяқталған. Пессимизм біздің буынға түскен буынқұрт, жазушы осы­ны жақсы ұғады. Ата сертке, қазақтың жомарт жүрегінің дұғалы лебізіне иланады. Батасы ердің көгермейтінін біледі.
Жазушының стиліндегі төкпелі жырдай алақұйын сөйлем легі, асқақтап шапшитын елірме пафос ерен рух қанатын байлайды, жайдақ аттай сылбырлықпен ел мен жердің аңысын шертіп, қазақтық кемел дүниета­ным­ға бөктіреді. В.Шукшин: «Мен «теле­граф­тық стиль» дегенді білмеймін, тартпайтын әңгімені ғана білемін» депті. А.Кемел­баеваны оқу – қарысып қатқан қол­ты­ғыңды сөгу, қамау теріңді алу, зиялы зердені талап ете­ді. Әуелгі туындыларынан-ақ, шұбалаңқылау, энциклопедиялық ірі біліммен танылған шығармагердің бар міні сол – ұлан-ғайыр төгілген тіркестерге бар білімін сарқып жұмсау шығар. Бірақ әде­биет­тің негізі көр­кем тіл, көмбеленген ас­тарлы тіл деп ұқсақ, Айгүлде бұл олқылық қайта өз бағын асырып отыр. Жұлдызын жарқыратып тұр. Тіпті, диалогтарындағы ежелгі сөйлеу мәнерін­де ақпараттық ны­ғыздық бар. А.Кемелбаева эпостық емеу­рін­нен таза стиль қалыптас­тыра алған өз жолы бар қаламгер



19. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын талдап жазыңыз.

Шетелдегі қандастарымыздың ұлттық-рухани, мәдени жағдайына байланысты қордаланған күрделі мәселелер жетерлік. Солардың ішіндегі ең бастысы әрі қауіптісі — болашақта өз ұлтының тарихынан, тілі мен руханиятынан, яғни қазақи болмысынан айырылған, сонымен қатар, өздері тұратын елдердің этникалық ортасына сіңіскен, түрі қазақ болса да, тілі бөтен ұрпақтың пайда болуы, шетелдегі жас жеткіншектеріміздің ассимиляцияға ұшырап кетуі. Бұлай алаңдауымызға себеп те жоқ емес.
Өйткені шеттегі бауырларымыз білім алатын көптеген қазақ мектептері жабылып, қазақ тілінің пән ретінде оқытылуы тоқтатылуда. Бұдан бөлек, қазақ тіліне қатысты шетелде оқытылатын оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік құралдардың арасында алшақтық басым. Яғни қазақ тілінің грамматикасы мен басқа да шарттары түрліше оқытылуда. Әліпби де түрліше. Бір ғана мысал, қазақ тіліндегі сауатын төте жазумен ашқан Қытайдағы қандастарымыз Отанына оралғанда қазақ жазуын оқудан қиналып қалғандарына куә болып жүрміз. Осы тектес мәселелер кесірінен шартарапқа тарыдай шашылған қазақтардың басқа елдегі бауырларымен ауызша тілдесе алғанымен, жазбаша тілде ұғынысулары өте қиын жағдайда. Қазақ тілінің елдегі қолдану аясын кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде талап күшейсе де, шеттегі қандастарымыздың ана тіліне қатысты жоғарыдағыдай мәселесі тасада қалуда. Осыған байланысты халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен еліміздегі тіл жанашырлары қатысқан «Шетелдердегі қазақтардың ана тілін сақтау мен өрісін кеңейту жолдары» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Шетелде қанша қазақ бар?
Әлі күнге шетелдерде мекендеп жатқан қазақтардың саны туралы нақты мәлімет бір ізге түспеген. Кездескен мәліметтерде олардың ұзын саны 3,5 миллион мен 5 миллионның аралығында екендігі айтылады. Шамамен айтқанда, Ресейде 1 млн. 400 мыңға жуық, Өзбекстанда 1 500 млн. жуық, Қырғызстанда 70 мыңға жуық, Түркіменстанда 80 мыңға жуық, Моңғолияда 100 мыңнан астам, Қытайда 2 млн. жуық, Еуропада 30 мыңға жуық, Түркияда 20 мыңнан астам, Ауғанстанда 28 мыңға жуық, Иранда 3 мыңға жуық, Украинада 10 мыңға жуық, Тәжікстанда 10 мыңға жуық, Әзірбайжанда 4 мыңға жуық, Грузияда 3 мың қазақ бар деп есептеледі.


20. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма? Баланың ата-ана алдындағы
парызы жайлы ойың қандай? Ойыңды «Анаңның ақ сүтін Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей алмайсың» деген халық даналығымен өз ойыңызды сабақтастырыпжазыңыз

Еріктің бар есіл-дертіақша табу, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық болу. Айнатабиғаты момын, адамгершілігі, мейірім-шапағаты мол адам. Тағанаспирант, ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз кешкен маскүнем. Ал Нүрке (Нюра) кемпіросы үш адамға қосалқы әсер ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісінбір-бірімен байланыстырып, дамытып отырады.Романның «Атау-кере» аталуында да үлкен мағына бар, өйткені «атаукере»адамның өлер алдындағы ең соңғы асы, дәмі деген мағынаны білдіреді. Қазақ арасында қатты ашуланып, ұрсысып қалған жағдайда «Атау-кереңдіішкір» деген сөз қарғыс түрінде тұрақты тіркеске айналғанЕріктің ара шаруашылығынан басқа оннан аса сиыры, бес-алты жылқысыелу шақты қойы бар.Әкесі Қандауыр Еріктің ес білмеген шағында қайтысболып кетеді. Ол әділетті, шыншыл адам ретінде суреттеледі. Шешесі Нюра Фадеевна (ауылдастары Нүрке деп атайды) – мыңдап марал өсіріп, пантысын (дәрі жасау үшін қолданылатын жас мүйіз) Қытайға сатқан сан жетпес омартасы бар кержақ-орыстың ең шонжары болған Фадейдің қызы. Нюраныңшешесі Анна Филимоновнаның жадылайтын сұңғыла өнері болғандықтанжұрт одан қорыққан. «Дұғаны оқыған кезде қара суды теріс ағызатын адамеді» деп суреттеледі.Басынан небір азапты күндерді өткізген Нюра Еріктің қолында, сал ауруына ұшырағандықтан
, орнынан тұра алмайды. Оған Еріктің әйелі Айна қарайды. Ерік пен Айна Алматыда танысқан. Қолаң шашы тізесіне түскен өтеөңді Айна қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетіне түскенімен, белгілі бір себептермен оқуын аяқтайалмай, Алматы мақта-мата комбинатына орналасады.Осы кезде сұңғақ бойлы, көгілдір көзді, бұйра шашты денешынықтыру мамандығында оқитын ересекжігіт Ерікпен танысады. Екеуі қатар жүргенде жұрттың бәрі тамашалапқарайтын әдемі жұп болады. Ерік спорт мектебінде, Айна интернат тәрбиешісі болып, аудан орталығында он жыл жұмыс істейді.Шығарма экспозициясы бас кейіпкердің қазақтар Бек-алқа, орыстарФадиха деп атап кеткен, ол жылына бір рет міндетті түрде қатынайтын ауылғасапарынан басталады. БұлШығыс Қазақстан облысының Бұқтырма менКатонқарағай өзендерінің жағасында орналасқан шұрайлы жерлерінің бірі.Жазушы Ерік туған өлкені «Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдыңмәңгі жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді. Осынау шілденіңмиқайнатар ыстығында пұшпағы шетінемей жататын, мұз құрсаулы шыңның алқымынан бұлақ болып басталып, арыны қатты арқыраған өзенге айналатын суды жергілікті қазақтар «Қатын суы» деп атағалы қа-а-а-ша-ан, одан бері де мың жыл өткен
шығар-ау.Сол, әсіресе, бас жағы ақ айран болып басталып, Таулы Алтай өлкесінежақындағанда, тау-таудың омырауынан сандаған бұлақ саулап қосылып, мөлдірленіп барып Обьқа құятын ағынды өзеннің солтүстігін алтайлықтар, оңтүстігінқазақтар жайлайтын. Катонқарағай ауданы мен