Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.11.2023

Просмотров: 421

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан,

Мол бақыт күтем жас ұрпақ сеннен жасырман.

Басқаны қайдан ұлылық күтем өз басым,

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.

Арқауы ерен ерлік дастанының,

Қайраты елге әйгі жастарының.

Желбіреп көк байрағы тұрған шақта,

Жұлдызы жарқырайды аспанының.

Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Біз бір қоғамның азғындау жолында тұрған сияқтымыз. Ойланып көрейікші, бізді қазіргі уақытты не қызықтырады? Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем. Ал осы дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жасөспірімдердің саны өсуде. Неге денсаулығымызды, жанымызды таза ұстап, талғамымыздың биіктігін білдіріп, салауатты өмір сүрмеске? Бұған не кедергі, кім кінәлі? Бұған әр адамның өзі кінәлі. Өйткені біз келешегімізді ешқашанда қабылдағымыз келмейді. Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде: Ішімдікпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым дейтін ұлағатты сөзі бар. Бүгінгі батыстық әдеттерден арыла алмай жүрген жастар адамгершілікпен баяғыда қоштасқан. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтып көктетеді? Елінің қамын қашан ойлайды? Оны қалай қорғамақ? Осының бәрін ойлағанда қоғамды түсініп болмайсын.


Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық

16. Абайдың отыз екінші қарасөзіндегі ақыл кеселдерінің зиянын дәлелдеп жазыңыз

Отыз екінші сөз. Отыз бірінші сөздің жалғасы іспеттес. Шын мерейленіп, ықылас-жігермен ізденген адам ғана ғылымға жетеді, оның түпкі рахатына кезігеді дейді. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес, «білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хүзүр хасил болады», сонығана көздеу керек дейді. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізеді. Сондай-ақ адам еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеруі де керектігін, ғылым мен ақылды сақтайтын сауыт мінез екенін баса көрсетеді. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл үшін, ар үшін болсын!» - дейді

Отыз Екінші Сөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен табылмас.

Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек

болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,

ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді

білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил¹ болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар,



махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған

шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе,

білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолга түседі. Шала мейір шала

байқайды

.Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті² зорайтады, адамшылықты зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану³ жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық⁴, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —мұлахаза⁵, екінші — мұхафаза⁶. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде⁷ болмақ керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық деген бір нəрсе бар, зинһар⁸, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар болмайды.


Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз

сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі

бұзылады.

17. «...Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге» деген Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырып жазыңыз.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» — деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бір. Ақыл — ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикалық және әлеумет­тік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғыр­ту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жү­йе­­сіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақ­стан­ның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі –  Тә­уелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.


Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біз­дің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Яғни, болашақта бә­се­кеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену мін­деті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертең­гі мемлекет тұтқасын ұс­тау­шы білікті маман, ел тағ­дырын шешуші азамат.

 

18. Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде көтерілген мәселенің маңыздылығын талдап жазыңыз

Айгүл Кемелбаеваның «Шашты» әңгі­месі өткен жылдың құйрықты жұлдызын­дай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айы­­зын бір қандырып, қапысыз баба­мұ­рат­ты бағзы заманның шежіресіне қанық ет­кен-ді. Әңгіме өрісі кең, кей тұста этног­ра­фия­­лық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жү­­­гінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әу­лие­лік­­ке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш ете­ді, кей тұста ел мен жердің аңысын аң­ды­ғандай географиялық әу-жайға қанық­ты­рып қояды. Жазушының жұрнақ пен жал­ғауға шолақ, қайыруы тез, ұғынуы күр­делі сөз байламдары кібіртіктетіп, екі үш қай­тара оқуға байлап қоятыны бар. Әйтсе де, Айгүл идеяның тінін қиялдан өрмейді, та­рихи негізі бар оқиға желісін кейінгіге шы­найы ұқтырмақ болғандай. Ұлттық құн­дылықтар мен өшпес мұраттар, дін мен діл­­ді, адамшылық пен азбандықты ту еткен шы­ғармасының кең ауқымына, терең иірі­мі­н­е қарап эпикалық әңгіме деп тануға бо­лады.
Құлдық қамытына байланған иісі қазақ, руы қыпшақ Кенжебекті түркпеннің құлақ-кес­ті құл-атбегісі «қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген» Тасқұл-қаңлы «Ай-Күн жа­рық­сыз болмас» деп жұбатады. Жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағ­ды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мі­незінен сыр шертеді. «Қазақылық заманнан үш жүз бір ту астына біріксе, ер түрікпен­нен бөлек, Өр Алтайдан Еділге өтіп, қырғи­дай тиген құба қалмақтан, Ысық көлдің ар­ғы жағынан жөңкіліп тиісетін жауынгер тай­па қырғыздан. Ормандай кәпір орыстан, сірә да жеңілмес еді». Алты бақан алауыз бол­ғанымен, «кертағыдай бұл қазақ бүлік­шіл, өлермен халық екенін көрсет!» деп ба­ланы түрікпен ат бәйгесінде қаракөк тұ­қым, аузымен құс тістеген хас жүйрікпен қа­шырмақ болады. «Жылқы әулие, әулиеге тап­сырдым!». Көз алдыңызға көкірек ке­нересін даналық кемсерген, әулие-абыз қа­рияның зор пішіні келе қалады. Ғазиз, абы­ройлы өлімнің алдында құлқамыт өмір­дің түк мәні жоқ. «Өмір мен өлім деген не тәйірі!». Құлдықтан қашу зор үрей, алдын то­сып құмдақ шөл, сусыз шөлейт, алаөкпе­дей көбік құсқан ағынды дария тұр, бірақ, ата балаға қанат береді, құлдықтың түбі тек­сіздік, тамырсыздық деп көрсетеді. Тек­сіз­дік үлкен таңба, қала берді жұтылу. Жазушы қазақтық санадағы тексіздікті бүгінгі құл­дыққа да саяды, санаң құлдықтан азат бол­сын деп үгіт етеді.