Файл: аза тілі пнінен жаратылыстануматематикалы баыттаы 11сыныпа арналан мемлекеттік емтихан (эссе) жауаптары 20212022ж.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.11.2023
Просмотров: 413
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы үшін зор маңызға ие болатын әрбір жарқын оқиға немесе өзекті мәселе студенттердің, магистранттардың да санасынан орын алуы олардың ел өміріне жауапкершілікпен қарауына тірек болып табылады. Сондықтан елдік сананың қалыптасуы мен дамуында белгілі бір орын алатын тарихи мәселелер жастардың білім алу үдерісімен өріле меңгертілуі керек. Елімізде жаңа қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен орын алатын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен мақалаларының мәтіндерін қазақ тілін оқыту үдерісінде қолдану - тіл мен қоғамның байланысын және білім алушы жастар мен өмір тынысын сабақтастырудың бір жолы.
Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген тиімді әдістемелік жүйелерді жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, қазақ тілін Қазақстандағы барлық өмір сүріп отырған мемлекеттік тілі ретінде үйрету жүйесін, екінші жағынан, қазақ тілін осы тілдің иегері - қазақтардың болмысын, тарихын, мәдениетін, жан-дүниесін танытатын ақапарт көзі ретінде лингвоелтанымдық бағытта үйрету мүмкіндіктері танылады. Бұл бағыттағы сабақтар қазақша сөйлеу мен жазуды үйретудің тиімді бастау көздері ұлттық дүниетаным иірімдерін танытудан басталатыны белгілі.
Қазақ елінің әлемдік бейбіт қарым-қатынас жүйесіне енуі, атом полигонын жабуы, әлем діндер съездерін өткізуі бейбітсүйгіш саясатын анықтап берді. Ішкі жүйеде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, сапалы жұмыс жасап келе жатқандығы да әрбір қазақстандықтың санасындағы «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық», «ұрпақ», «болашақ» деген маңызды ұғымдардың сеніммен қалыптасуына зор тірек болып келеді.
Ұлттық өзіндік сананың дамуында қазақстандық қоғамның даму көкжиектерінің қарқындап кеңейіп келе жатқандығы да үлкен орын алады. Ал осының өзі, біртіндеп, рухани мәдениет саласында жаңа құбылыстардың туындап отыруының табиғи үдеріс ретінде қабылдауға алып келеді.
Рухани салада жаңа құбылыстар пайда болуымен бір мезетте ұлттық сананың қуатты тарихи қабаттары да қозғалысқа түсіп, өткен өмірді танудың жаңа арналары, жаңа көзқарастар мен жаңа қажеттіліктер пайда болады.
Осыдан келіп, ұлттың дүниетанымның, ұлттық сананың дамуы дегенді болашақ пен өткенді бірдей танитын екі жаққты қамтитын құбылыс тануға болатын шығар. Жаңалық қаншалықты қарқынмен алға қарай бағытталса, сол қарқындағы қуат өткенді де қамтиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласы мен 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттарды қамтыған алып ойдың нәтижелері. Мақалалардағы еліміздің әлеуметтік-рухани дамуы және тарихи сананың жаңғыруы туралы айтылған маңызды мәселелерді дер кезінде бүгінгі білім алып жатқан жастардың санасына жеткізу – әрбір оқылатын пән мен оқытушының міндеті.
Қазақстандық жастар үшін өнегелі нәрі мол аутентикалық мәтін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы сабақтың негізгі оқу материалы ретінде алынды. Елбасы мақаласының қазақы ұлттық дүниетанымның болмысына жасалған терең талдаулары негізінде қазақ тілі сабағының рационалдық сипаты тереңдейді. Мақаланың аксиологиялық болмысы және қазақша сөйлеу мен жазу дағдыларын саналылық принципке сүйене отырып дамыту бағыты магистранттарға өткізілген қазақ тілі сабағының мазмұнын құнды ете түседі.
Елбасы мақаласын магистранттарға таныстыру, тілдік талдаулар жүргізу, өзіндік пікірлерін айтқызуда мәтінді аксиологиялық құрылым ретінде қарастырып, аксиологиялық талдау әдістерін қолдану ұсынылды.
Мәтіннің құрылымын анықтау үшін мынадай сызба ұсынылып, оларды толтыру тапсырылады.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақтың мәдениет, тарих, болмыс құндылықтарын көрсететін, сақтайтын, оқыған адамға жеткізетін тұтастық ретінде өзі де құндылық болып табылады. Мақала мәтініндегі екі тарау бойынша әрбір бөлімді магистранттарға дауыстап оқыта отырып, тірек сөздер сөздігін жасау тапсырылады.
10. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңызды дәлелдеп жазыңыз.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздік жылдарында ешбір қиындыққа мойымай әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды.Бұл еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, жалпы қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.
Бүгінде күллі әлем жаһандық әлем дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт басшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік ел» идеясы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды. Міне, осы жолда, еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын
қоғамдық дерт – сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсыкүресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады». Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу
керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсытұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
«Жемқорлыққа қарсыкүрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуімізқажет.
11. «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» деген позицияны ұстана отырып, ойыңызды дамытып жазыңыз
Ұлттық тарихымызға назар аударсақ, қазақ халқының қаншама буын ұрпақ өкілдері елі мен жерін қорғау жолында күресті, сол жолда жанын беріп, қанын төкті. Сол ата-бабаларымыздың арманы азаттық, бастандық болатын. Бірақ олар тәуелсіздіктің сағымында көреалмай кетті. Дегенмен, кейінгі ұрпақтың сол азаттыққа жететініне сеніп кетті. Олардың бар арманы елдің тұтастығы мен бірлігі, тәуелсіздігі болатын. Қазақ елі тәуелсіздік алған уақыттан бері, өзіндік мемлекеттік немесе ұлттық идеясын іздестірумен болды. Түрлі пікірлер, сан алуан ұсыныстар болды. Бірақ, ұзақ уақыт бір ортақ тоқтам жасалған жоқ. Енді, міне халықты ортақ мақсатқа топтастырушы