ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 322
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
•барлық қосымша жұмыстарды фасовщиктерге тапсыру және оларға жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру;
•кіші механикаландыру құралдарын, салмақты өлшеу прибор, аппараттарын қолдана білу;
•жұмыс орнына керекті құрал-жабдықтарды алдынала дайындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
•жұмыс орнында санитарлық ереже талаптарын сақтау;
•дәріханада жүргізілетін материалды-құнды заттарды инвентаризациялауға қатысу;
•өзінің кәсіптік мамандық деңгейін үнемі жоғарлату, жұмысында озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді қолдану.
Дәрі-дәрмекті аяқтағаннан кейін бірден провизор мен фармацевт қолданылған ингредиенттердің дұрыстығын және рецепттің өзін тексеруі керек. Осыдан кейін ғана рецепт бойынша нөмір қойылады және фармацевттің қолы жазылады. Дайын препаратты беру кезінде фармацевт бақылау талонын береді.
Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі.18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.
2.Стационарлық науқастарға дәрілік көмекті ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығы. Ауруханаларда клиникаларда, диспансерлерде және басқа да емдеу-профилактикалық ұйымдарында (ЕПҰ) стационарлық жағдайда емделіп жатқан ауруларды дәрі-дәрмектермен қамту тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар, ЕПҮ дәріханалары (ауруханалық дәріханалар) немесе ауруханалық дәріханалар арқылы жүргізіледі.
Тұрғындарды қамтамасыз ететін дәріханалар емдеу-профилактикалық ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды медицина бұйымдарын, басқа да фармацевтикалық тауарларды босатуды қор сақтау бөлімі арқылы жүргізіледі. Емдеу-профилактикалық мекемелері диагностикалық және емдеу жұмыстарын жүргізуге керекті дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды бекітілген тәртіпке сәйкес безендірілген сұрау-талап қағаздарымен дәріханалардан алады. Құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарға сұрау-талап қағаздары бекітілген үлгіде жазылады. Сұрау-талап қағаздарында денсаулық сақтау ұйымының атауы, штампысы құрамында есірткілік, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттардың айналасымен байланысты фармацевтикалық қызметті атқару құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі көрсетілген дәріхананың атауы, қолданылу мақсаты, алушы қызметкердің Т.А.Ә., дәрілік заттардың атаулары, өлшем бірліктері, қажетті саны жазумен көрсетіледі, босатылған саны, емдеу орыны басшысыныңқолы қойылады.
Ауруханалық дәріханалар негізгі міндеттерін жүзеге асыруда келесі қызметтерді атқарады:
•емдеу-профилактикалық мекемелердің емдеу бағыты мен ерекшелігіне сәйкес қажетті дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, басқа да фармацевтикалық тауарлардың ассортиметтін анықтау;Емдеу-профилактикалардың бөлімдерінен дәрілік заттарға, басқа да фармацевтикалық тауарларға сұрау-талап қағаздарын қабылдайды;бекітілген емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындайды, олардың сапасына бақылау жүргізеді;дәрілік заттардың басқа да фармацевтикалық тауарлардың бекітілген емдеу орындары бөлім, кабинеттерінде қолданылуын және сақталуын үнемі бақылайды;
Ауруханалық немесе ЕПҰ дәріханалары денсаулық сақтау мекемесіне жатады. Ауруханалық дәріханалар (АД) арнайы фармацевтикалық білімі бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылып ашылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерде төсектер саны 100-ден асса, емдеу орыны құқығына ие ауруханалық дәріханалар ұйымдастырылады. Емдеу-профилактикалық мекеме дәріханалары емдеу орының құрылымдық бөлімдері мен кабинеттерін дайын және дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, басқа да босатуға рұқсат етілген фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етеді.
Ауруханалық дәріханалардың емдеу орындарының медициналық көмек көрсету қызметтерінің бағыттарына қарай жұқпалы аурулар емдеу орыны дәріханалары, диспаселер дәріханалары, клиникалар дәріханалары, т.б. болып бөлінеді.
Билет №15
1.Дәріханалық ұйым жағдайында дәрілерді дайындауды ұйымдастыру тәртібі.
Дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды дайындау жұмысын жоғарғы және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар жүргізеді.
Дәріханалардың дәрілік формаларды дайындау іс-әрекеті рецентерде жазылатын дәрілік формалардың құрамы мен түрлеріне, дайындалатын дәрінің құрамының күрделігіне, дайындалған дәрілік заттың тұрақсыздығына және құрамы әртүрлі дәрілік заттарды бір жұмыс орнында дайындауды ұйымдастыру мүмкіншілігіне байланысты анықталады.
Дәріханаларда өндірістік іс-әрекеттерді жүргізу үшін арнайы ассистенттік бөлме жабдықталады. Ассистенттік бөлме арнайы дәріханалық мебельдермен, жабдықтармен, приборлармен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, дәрілік формаларда дайындау, араластыру, сүзу, бөлшектеу, орау-буу, тығындау жабдықтарымен; улы, наркотикалық дәрілік заттарды және этил спиртін сақтауға арналған арнайы сейф, шкафтармен, штангластармен, салмақ пен көлемді өлшеу құралдарымен және дәрілерге химиялық бақылау жүргізу үшін қажетті реактивтермен қамтылады.
Дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты ассистенттік бөлмеде бірнеше жұмыс орыны ұйымдастырылады:
ішке қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін;
сыртқа қолданылатын дәрілік формаларды дайындау үшін;
ішке қолданылатын дәрілік формаларды бөлшектеу үшін;
емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын дайындау үшін;
емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын бөлшектеу үшін.
Жұмыс көлемі үлкен ірі дәріханаларда рецептер бойынша дәрілік формаларды дайындауда ішке қолданылатын сұйык, дәрілік формаларды, ұнтақтар мен пилюлаларды, сыртқа қолданылатын майлар мен сұйық дәрілік формаларды және стерильді дәрілік заттарды жасау орындары бөлініп ұйымдастырылады.
Ассистенттік столда қосымша қызметтермен айналысу үшін фасовщиктердің жұмыс орындары бөлінеді. Жұмыс көлемі аз кішкене дәріханаларда дәрілерді дайындау және дайындалған дәрілердің сапасын тексеру үшін бір жұмыс орыны ұйымдастырылады.
Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы ҚР заңдылық актілерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Дәрілік формаларды дайындаушы фармацевтің, фармацевт ассистенттің рецептуралық-өндіріс бөлімінің меңгерушісіне, орынбасарына, фармацевт-аналитикке тікелей бағынуы дәріханалық ұйымның басшылығымен айқындалады.
Ассистенттік бөлмедегі дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт ассистент рецептер бойынша дәрілерді дайындайды және фасовщиктердің жұмыстарына басшылық жасайды.
Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері:
рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте жазылған дәрілік формаларды уақытында дайындау; «sito» және «statum» белгілері бар рецептер бойынша жазылған дәрілік формаларды бірінші кезекте дайындау;
бекітілген тәртіптерге сәйкес барлық дайындалған дәрілік формаларға жазбаша бақылау паспорттарын толтыру;
ұнтақтарды бөлшектеу, ерітінділерді сүзу т.б. барлық қосымша жұмыстарды фасовщиктерге тапсыру және оларға жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру;
кіші механикаландыру құралдарын, салмақты өлшеу прибор, аппараттарын қолдана білу;
жұмыс орнына керекті құрал-жабдықтарды алдынала дайындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
жұмыс орнында санитарлық ереже талаптарын сақтау;
дәріханада жүргізілетін материалды-құнды заттарды инвентаризациялауға қатысу;
өзінің кәсіптік мамандық деңгейін үнемі жоғарлату, жұмысында озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді қолдану.
Дәрілік форманы дайындау алдында фармацевт ассистент рецепті асықпай оқып, ингредиенттердің сыйымдылығын және дозаларын тексереді. Фармацевт ассистент дәрілік форманың дұрыс дайындалуына және сапасына жауапты болады.
Дайындалған дәрілік формаларға фармацевт ассистент нөмірін жапсырып, жазбаша бақылау паспортын толтырады, рецепке қолын қояды. Дайындалған дәріні рецептісімен және жазбаша бақылау паспортымен фармацевт-технологқа береді.
2.ҚР ДСМ нормативті құқықтық құжатына сәйкес дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды ұйымдастыру.
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы No ҚР ДСМ-287/2020 бұйрығы. Дәріхана басшысы дәріханада дайындалатын дәрілік препараттардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты провизор талдаушыны тағайындайды. Дәріханада дайындалған дәрілік препараттар, оның ішінде дәріханаішілік дайындама, өлшеп-оралған өнім, концентраттар мен жартылай фабрикаттар дәріханаішілік бақылауға жатады.
5. Дәріханаішілік бақылау:
1) алдын ала (ескерту) іс-шаралары;
2) дәрілік препараттарды дайындау үшін пайдаланылатын бастапқы материалдарды
(дәрілік субстанция, қосалқы зат) қабылдау кезінде бақылау; 3) жазбаша бақылау;
4) ішінара сауал жүргізуді бақылау; 5) органолептикалық бақылау;
6) ішінара физикалық бақылау;
7) химиялық бақылау;
8) босату кезіндегі бақылау жүргізу арқылы орындалады.
Алдын ала (ескерту) іс-шаралары:
1) Дәрілік препараттардың асептикалық жағдайда дайындау шарттарын сақтауды;
2) таразы-өлшеу аспаптарының жарамдылығы мен дәлдігін қамтамасыз етуді, оларға жыл сайын тексеру жүргізуді;
3) тазартылған суды, инъекцияларға арналған суды алу, жинау, сақтау үшін тиісті жағдайларды, биркасында: алынған күнін, талдау нөмірі мен талдау жүргізген адамның қолын көрсету түріндегі ыдысты таңбалаудың дұрыстығын сақтауды; анықтайды
Дәрілік препараттарды дайындау үшін пайдаланылатын бастапқы материалдарды (дәрілік субстанция, қосалқы зат) қабылдау кезіндегі бақылауды жүргізу «Қаптама», «Таңбалау» және «Сипаттама» көрсеткіштері бойынша дәрілік субстанцияларды және қосалқы материалдарды сәйкестендіруді тексеруден тұрады.
«Қаптама» көрсеткіші бойынша дәрілік субстанциялар мен қосалқы заттардың тұтастығы мен физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкестігі тексеріледі;
«Таңбалау» көрсеткіші бойынша заттаңбасында өндірушінің соңғы өлшеп-орауды жүргізген кәсіпорынның атауы, дәрілік субстанцияның, қосалқы заттың атауы, оның салмағы (көлемі) көрсетіліп, олардың саны, салмақ немесе көлемінің бірлігіне құрамы, сериялық нөмірі, жарамдылық мерзімі, өлшеп-оралған күні көрсетіліп, тексеріледі.
«Сипаттама» көрсеткіші бойынша сыртқы түрі, түсі, иісі, біртектілігі, ерітінділердегі көрінетін механикалық қоспалардың болмауына тексеріледі.
Жазбаша бақылау дәрілік препарат дайындалғаннан кейін бірден ерікті нысандағы бақылау парағын толтыруды білдіреді.
Бақылау парағында: 1) дайындалған күні;
2) рецептінің нөмірі немесе бөлімше атауы көрсетілген медициналық ұйымның талабы;
3) алынған дәрілік заттардың атаулары, олардың саны, жалпы көлемі немесе салмағы, доза саны;
4) дәрілік препаратты дайындаушының, өлшеп-ораушының және тексерушінің қолдары көрсетіледі.
Бақылау парағында есірткі құралдарының, улы, психотроптық заттардың, прекурсорлар атауы қызыл қарындашпен сызылады, балаларға арналған дәрілік препараттарға – «Б» әрпі қойылады, көзді емдеу практикасында – «Көз».
Ішінара сауал жүргізуді бақылауды фармацевт кемінде бес дәрілік препаратты дайындағаннан кейін жүргізеді.
Ішінара сауал жүрізуді бақылаған кезде провизор-технолог дәрілік препараттың құрамына кіретін алғашқы затты атайды, ал құрамы күрделі дәрілік препараттарда оның санында да көрсетеді, осыдан кейін оны дайындаған адам барлық алынған дәрілік заттарды және олардың санын атайды.
Органолептикалық бақылау дәрілік препаратты, оның ішінде гомеопатикалық препаратты мынадай көрсеткіштер бойынша тексеру болып табылады:
1) сыртқы түрі;
2) түсі;
3) иісі;
4) біртектілігі;
5) ерітінділердегі көзге көрінетін механикалық қосылулардың болмауы.