Файл: Халы денсаулыы жне денсаулы сатау жйесі туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 324

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


• ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);

• маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);

• әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және жеңілдетілген бағамен босату);

• медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу);

«Дәріханалардың, дәріханалық қоймалардың құрылымын және категорияларын анықтау Ережесіне» сәйкес үш категорияларға бөлінеді.

1 категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатқызылады:

• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізіміне кіретін дәрілік заттарды, есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

• дәріханалық жағдайда дәрілік формаларды, оның ішінде асептикалық және стерилдік дәрілерді жасауды жүзеге асыратын дәріханалар.

ІІ категориялы дәріханаларға келесі дәріханалар жатады:

• негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың толық тізімінің 70%-ен аз емес және есірткілік әсері бар және психотроптық заттарды, прекурсорларды қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар;

• медициналық бұйымдарды және көзілдіріктік оптиканы қабылдауды, сақтауды, босатуды жүзеге асыратын дәріханалар.

І және ІІ категориялы дәріханалар өздерінің фармацевтикалық қызметтерін атқаруда келесі бөлімдерін ұйымдастырады:

І категориялы дәріханаларда:

• дәрілік заттардың қоры бөлімі;

• рецептуралық – өндіріс бөлімі;

• дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;

• дәрігерлердің рецептінсіз дәрілік заттарды босату бөлімі;

• көзілдіріктік оптика бөлімі;

ІІ категориялы дәріханаларда:

• дәрілік заттардың қоры бөлімі;

• дайын дәрілік заттарды, оның ішінде дәрігердің рецептерінсіз дайын дәрілік заттарды босату бөлімі;

• көзілдіріктік оптика бөлімі.

ІІІ категориялы дәріханаларға фармацевтикалық қызмет лицензиялауға қойылатын квалификациялық талаптарға сәйкес келетін қалған барлық дәріханалар жатады.

ІІ және ІІІ категориялардағы дәріханлар жүзеге асыртын фармацевтикалық қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша жоғарырақ категорияға сәйкес келген жағдайда, олар денсаулық сақтау саласының аккредитациялау құзырлы органына категорияларын жоғарылату туралы өтініш – тапсырыстарын бере алады.



Билет №13

 

1.Дәрілік заттарды дәріхана жағдайында сандық-сапалық есепке алу тәртібі қандай нормативті құқықтық құжатқа сәйкес анықталады.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген: Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығында берілген: Дәрілік заттардың есебі дәріханада өнім берушінің бағасымен сомалық (ақшалай) және сандық түрде атаулары және есеп тобы бойынша жүргізіледі. Дәрілік заттардың есебі есеп кітабында жүргізіледі, оның парақтары нөмірленуі, тігілуі, мөр басылуы және ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қол қойылуы тиіс. Дәрілік заттардың әр саудалық атауына, қапталуына, түріне, мөлшеріне жеке парақ арналады.

Өнім берушінің есеп шоттары, жөнелтпе құжаттары дәріханаға келіп түскен дәрілік заттар кірісінің негіздемесі болып табылады, жөнелтпе құжаттар (талап қағаздар), есептен шығару актілері және өзге құжаттар шығыс негіздемесі болып табылады. Дәріханаға келіп түскен дәрілік заттардың есебінде жауапты тұлға дәрілік заттарды ілеспе құжаттарға сәйкес қабылдайды. Өнім берушілердің алынған және тексерілген кіріс құжаттарын жауапты тұлға есепті кезеңнің кіріс құжаттар тізіміне тіркейді. 

Дәрілік заттардың дәріханадан босатылу есебі денсаулық сақтау ұйымы басшысының мөрі, мөртаңбасы қойылған жөнелтпе құжаттар (талап қағаздар) бойынша жүргізіледі.
      Жөнелтпе құжаттар (талап қағаздар) үш данада толтырылады. Бірінші данасы дәріханада қалады, екіншісі дәрілік заттарды босату кезінде бөлімшеге (кабинетке) қайтарылады, ал үшіншісі бухгалтерияға есептен шығару үшін жіберіледі. 

2.Дәріхананың тауарлық қорымен жұмысын істеу тәртібі.

Қор бөлімі дәріхананың дәріхана ассортиментінің тауарларына деген сұранысын анықтайды, дәріхана қоймасына тапсырыс-сұраныс жібереді. Дәріхана тауарларын қабылдайды, сақтайды және дәріхананың бөлімшелеріне, шағын бөлшек сауда желісіне, денсаулық сақтау мекемелеріне және басқа ұйымдарға қосылады.

Тауарлар коры тауарайналымынын манызды болімі және өтім

функциясьнын курамдас бөлігі болып табылады. Доріханаларда тауарлар коры турғындар мен емдеу алдын алу ұйымдарын ДП жоне ММБ-мен тускен кезінен сатуга дейін уздіксіз жабдыктауды қамтамасыз етеді. Тауарлар қорын құрудың кажеттілігі бірқатар факторлармен дәлелденеді:


ДП сұраныстың ауыткуымен; •ДП шығару мерзімдерінің ауыткуымен;

жеткізудегі интервалдың болуымен; •тапшылықпен байланысты шығынның болуымен (қордың жоқ болуы немесе жеткізудің кешігуі және т.б.) Тауарлар қоры қолдануына қарай ағымдық қажеттілік, маусымдық және мақсаттық тауарлар қоры болып жіктеледі. Ағымдық тауарлар қоры жыл бойында кәдімгі реализацияны қамтамасыз ету мақсатында толықтырылып отырылады. 

Маусымдық тауарлар қоры жылдық белгілі периодында, шалғайда орналасқан дәріхханаларда құрылады. 

Тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар: 

реализация көлемі (сбыта); 

д.х тауарларының ассортименті; 

тауарлармен қамту жүйесінің, ұйымдастырылды; 

жеткізудің жиілігі мен комплектілігі (поставка);

Норматив бойынша күндік тауарлар қоры неғұрлымжоғары болса, тауарлар қорының бағасы) да соғұрлым жоғары болады. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің жарамды мерзімі, қолданылуы, пайдалану жиілігі бойынша әртүрлі болды, тауарлар қорына елеулі әсерін тигізеді. Дәріханалардағы оптимальды тауар қоры қандай болуы қажет: 

Қор, дәріхананың үздіксіз жұмыс жасауына және тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті болуы қажет. Дәріхана тауарлар қоры ассортиментінің қажетті мөлшерінің болмауы, жұмыс уақытын рационалсыз жоғалтуға әкеледі. Ал тауарлар қоры көбейіп кеткенде, материалды құндылықтардың активті бөлігі азайып, тауар айналымы төмендеййді, сақтауға, анализ жүргізуге, буып-түюге тауарлардың аз мөлшері жұмсалады. (айналым шығындары өседі). 

Тауар айналғыштығы деп тауардың айналу жылдамдығын айтамыз. 

Тауар айналғыштығына әсер ететін факторлар: 

тауарларды жолда болу уақытын азайту; 

тауарларды қабылдауды жылдамдату, оларды сақтауды рационалды ұйымдастыру; 

дәрігерлерді дәрі-дәрмектер туралы мәліметтермен хабардар ету; 

тауарлардың қажетті ассортименті және т.б. Тауарлар қорының түзілу ерекшеліктеріне жатады: - Өндіріс шарты (жағдайы) — өндірістің біртектілігі, кезеңділігі және маусымдығы. Өндірісті тұтыну аудандарына жақындату тауарларды жылжытуда аралық көтерме буындардың қатысуын болдырмайды, бұл тауарлардың қоймада және жолда болу уақытын азайтады, тасымалдауды қысқартады. - Тасымалдау шарты жыл бойынша тұрақты болуы немесе тасымалдаудың маусымдылығы Мысалы алыстағы аудандарға тауарларды жеткізу жыл бойынша тұрақты бола алмайды. Тауарлар қорының шамасына дәріхана желісіне тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын тасымалдау құралдарының жай-күйі де әсерін тигізеді -Тұтыну шарты тұрақты, маусымдық және т.б


 

Билет №14

 

1.Дәріхананың өндірістік қызметін атаңыз.

Дәріхана кәсіпорнының рецептуралық-өндірістік бөлімінің негізгі міндеті-әртүрлі фармацевтикалық заттарды қолдана отырып, ұйым аумағында дәрігердің рецептілері бойынша дәрі-дәрмектерді дайындау.

•Қолмен дайындалған барлық препараттар өндірісті ұйымдастыру және сапаны бақылау ережелеріне немесе фармакологиялық стандарттарға — GMP немесе "Good manufacturing practice"сәйкес келуі керек.

Дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты ассистенттік бөлмеде бірнеше жұмыс орыны ұйымдастырылады:

●ішке қолдануға арналған дәрілік формаларды дайындау үшін;

●сыртқа қолданылатын дәрілік формаларды дайындау үшін;

●ішке қолданылатын дәрілік формаларды бөлшектеу үшін;

●емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын дайындау үшін;

●емдеу-профилактикалық ұйымдардың дәрілік формаларын бөлшектеу үшін.

Дәріхананың рецепт бөлімінің барлық қызметкерлері жұмыс орнын, жабдықтар мен жабдықтарды таза ұстауға міндетті. Жұмыс күнінің басында олар өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дәлдігін, фармацевтикалық субстанциялардың болуын және бюреттік жүйенің жай-күйін тексеруі тиіс.

Қолданыстағы ережеге сәйкес рецептілерді қабылдау бойынша провизор-технологқа мынадай міндеттер жүктеледі:

•1) рецепттер мен талаптарды қабылдауды жүзеге асыруға, олардың дұрыс ресімделуін, ингредиенттердің үйлесімділігін және тағайындалған дозалардың науқастың жасына сәйкестігін тексеруге;

•2) дәрігерлер тағайындаған рецепттердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға және дәрігерлердің рецептілерді тағайындау қағидаларын бұзуының барлық жағдайлары туралы дереу өзінің тікелей басшысының назарына жеткізуге міндетті;

•3) халыққа және емдеу-профилактикалық мекемелерге жоқ және бас тартатын дәрі-дәрмектерді тіркеуді жүргізуге, бұл туралы бөлім немесе дәріхана басшыларына күн сайын хабарлауға;

•4) Егер дәріханада мұндай қаражатты босату үшін бөлім бөлінбесе, дайын дәрілік заттарды рецепт бойынша жіберуге міндетті.

Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері:

•рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте жазылған дәрілік формаларды уақытында дайындау;

•бекітілген тәртіптерге сәйкес барлық дайындалған дәрілік формаларға жазбаша бақылау паспорттарын толтыру;

•ұнтақтарды бөлшектеу, ерітінділерді сүзу т.б.