Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 121
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Арнаның төл туындыларының танымалдығын арттыру. Қазіргі таңда отандық бағдарламалар өз алдына жеке хэштег ұсынып, соны жалпы шоу үшін ресми хэштег етуді әдетке айналдырып келеді. Яғни бағдарламаны жарнамалайтын адамдар мен көрермендер белгілі бір телеөнім жайында жазба жариялайтын болса, сол хэштегті қолданатын болады. Осылайша қызыққан адам өзіне керек бар ақпаратты, тіпті одан да көп жаңа мәліметтерді осы бір жаңа әлеуметтік медианың мүмкіндігі арқылы таба алады. Мысалы, жоғарыда айтып өткен «Жетінші арнаның» төл туындысы, екінші экран технологиясын алғаш енгізген «BOOM!» шоуының ресми хэштегі - #boomkz болатын. Сәйкесінше арнаның басқа да жеке өнімдері: «7NEWS», «Моя история», «Айна-online», «СвиДЕТИли», «Шәй ішейік», «Қыздар арасында», «Страсти у плиты», «Күнбастар», «Я - шопоголик», «Q-елі» және т.б. жеке хэштегтермен #7NEWS, #Мояистория, #Айнаonline, #СвиДЕТИли, #Шәйішейік, #Қыздарарасында, #Страстиуплиты, #Күнбастар, #Яшопоголик, #Qелі әлеуметтік желілерде жарияланып тұрды. Аталған хэштегтердің барлығы эфирге енгізілді, яғни бағдарлама боп жатқанда титр ретінде жазылып қана қоймай, басып шығарылып, жүргізушілер қолдарына ұстап, көрерменге ұсынды. Осылайша эфирге фиджитал элементтер енгізілді.
Twitter хэштегтерінің және теледидар бағдарламаларының арасындағы алғашқы ресми интеграция 2011 жылы Дональд Трамп шоуы кезінде сыналды. Бұл өте нәтижелі шешім болды, яғни сол күн арнаның тарихындағы ең көп қаралған сейсенбісіне айналды. Хэштег #trumproast шоудың бастапқы таратылымы кезінде Twitter желісінде 27000-нан астам рет қолданылды [26].
Интерактивтілік. Әлеуметтік медианың интерактивтілігі кәсіпорын немесе белгілі бір ұйым мен тұтынушы арасындағы қашықтықты жақындата түсуге қабілетті. Мұны интерактивтілік деп атайды. Дәстүрлі БАҚ арқылы берілетін жарнама тұтынушымен кері байланыс орната алмайды. Бірден орнатылмағандықтан мекеме мен адамдар арасындағы өзара байланыс берік бола алмасы анық. Ал әлеуметтік желі арқылы сатушы тұтынушының қалдырып кеткен ой-пікірін көріп, жауап қайтара алады және ұйымның жұмысын бақылауға мүмкіндік алады. Жекелеген адамдар болсын, кішігірім мекеме тіпті үлкен холдинг болса да – әлеуметтік желіде барлығы тең. Осы теңдік пен қарым-қатынас орнатудың жеңілдігінің арқасында белгілі бір брендтің жақсы қоғамдық имилджін қалыптастыруға септігін тигізеді. Одан бөлек, әлеуметтік медиа мен телевизияның қатар жүруі өнімді шығарушылар үшін аса пайдалы. Компаниялар әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметтерін өңдеп,
сараптама жасайтын болса, кіріс көлемі ұлғаятыны сөзсіз. Қоғамдық платформалардағы ақпаратты өңдеу мен нарықты зерттеу нәтижесіне байланысты кәсіпорындар тұтынушының қалауын біліп, жаңа өнім жасап шығарарда сол мағлұматқа сүйеніп жасайтын болды.
«Жетінші арнаның» экс бас директоры Қуат Бахридиновтың: «Біз телеарна жұмысын Интернетпен барынша біріктіруге тырысамыз. Арнаның өнімі жайлы әрбір жаңалық, кез келген бағдарлама, бейнеролик бірден әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда пайда болады. Тағы бір айта кетерлігі, «Жетінші арна» Қазақстандық БАҚ-рының әлеуметтік желілердегі жазылушылардың саны бойынша үздігі. Қызметкерлердің көбісі, оның ішінде жүргізушілер және тілшілер Интернеттің күшін жақсы түсінеді, және сол себептен Фейсбук және Инстаграм парақшаларында өз сюжеттері мен бағдарламаларын белсенді түрде жариялап отырады» [27] деген сөздеріне қарап, оның жаңа ақпараттық қоғамда интернеттің телевизия өміріне сіңісіп, оның айнымас бөлігіне айналғанын аңғаруға болады.
Жарнама. Әлеуметтік медиа және теледидар маркетингінің негізгі мақсаты - қарым-қатынас орнату. Қоғамның құраушы элементтері адамдар мен ұйымдар болып табылады, сондай-ақ әлеуметтік қоғамдастықтың негізі адамдар мен адамдар, және ұйымдар мен ұйымдар. Осы әлеуметтік желілер дәуірі мен өсіп келе жатқан интернет қоғамында, қарым-қатынас жүйесі сөзсіз әлеуметтік медианың ең маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік желілердің елеулі ерекшелігі - пайдаланушылар туралы толық ақпарат алуға болатындығында. Қолданушылар әлеуметтік қарым-қатынас құрудың артықшылығын бағалағанда ғана әлеуметтік медиа және телевизиялық маркетингінен пайда табу мүмкіндігі бар. Мысалы, көптеген кәсіпорындар Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер арқылы өнімнің халық арасында кең қолданысқа енуіне қол жеткізеді. Статистикаға сүйенсек, «маркетологтар 93%-ы әлеуметтік медианы бизнес құрал ретінде пайдаланатын көрінеді [28]. Біріншіден, әлеуметтік медиа пайдаланушылары туралы ақпарат көп игерілген. Қолданушылар парақшаларынан сатушылар жасы, жұмыс орны сынды қарапайым ақпараттан бөлек, оның достарымен бөлісетін жазбаларына қарап, неге қызығатынын, әдеттерін, тіпті сатып алу қабілетін анықтауға болады. Мобильді Интернеттің дамуымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылардың көп бөлігі мобильді терминалды күнделікті пайдалануға көшуде. Осыған байланысты мобильді интернет-маркетинг жарнама саласына жаңа леп енгізгелі отыр. Тұтынушының орналасқан жерін және тұрғындардың жеке қалауларын анықтайтын бұл жарнама радио, телевизия сынды дәстүрлі БАҚ-тағы жарнамаға қарағанда анағұрлым тиімдірек болмақ.
Марк Састер осы уақытқа дейін болған жарнамалардың ішінде ең тиімдісі біріктірілген жарнама деп санайды. Аудиторияны контентпен өзара байланысқа түсірудің жолын табу арқылы сәттілікке жетуге болады. Бейне-ойындардағы жарнаманың қалай жұмыс жасайтынын көрдіңіз бе? Тағы бір мысал ретінде Twitter-де жұлдыздарды белсенді түрде қолданатын Adly компаниясын айтуға болады. Фактілер:
- Біздің назарымыз ақпараттар ағымына бағытталған. Бұл бірнеше рет расталған.
- Жұлдыздарды жарнамаға еліктіру расында да тиімді жұмыс жасайды. Танымал адамдар өзі ұсынатын тауардың сипатына, сапасына көп көңіл бөледі. Қалай болған күнде де тұтынушылардың ойы осындай.
- Әлеуметтік медианың тағы бір жағымды жағы адам кез келген уақытта «unfollow» немесе «unlike» батырмаларын басып, белгілі бір парақшаны оқуын тоқтатуы мүмкін. Егерде бренд жазылушылар бейнесіндегі экономикалық құндылыққа қол жеткізсе, оны жоғалтып алмау үшін қолдан келгенін жасайды.
- Ақпарат сенімді болғаны абзал. GRIP Partners сапаны бақылайтын жүйені құрған: автоматтандырылған өлшеуіштер, қамту көрсеткіші. Осылайша біз адамдар аз назар аударатын жарнама мен тиімсіз құралдарды анықтап, жұлдыздар мен брендтерге қай құралдарды қолданғаны дұрыс екенін айтып отыруға болады.
- Overture компаниясы pay-per-search жүйесінің негізін салды, кейіннен Google оны кемеліне жеткізген болатын. Алғашқы 3 жылда сәтсіздікке ұшырап, Силикон даласынлағылардан келеке-мазақ естіген олар, ақырында шынайы тиімділікті дәлелдейтін мәліметтерді көрді.
- Технологиялар жайлы блогтарды жазатындар ақпараттар ағымындағы жарнаманы қанша сынға алса да, тұтынушылар Twitter-де жұлдыздар жариялаған сілтемелерге өтіп, өнімді сатып алуын жалғастыра бермек [29].
«ALACAST» ЖШС-нің құрамына кіретін сандық телевизия операторы IDTV осындай жарнаманы үнемі қолдануда. Яғни олар бір жарнаманы өздерінің жеке ақпараттық арналары арқылы, көрермендер сүйікті бағдарламаларын қарап отқанда баннерлік жарнаманы және барлық әлеуметтік желілерде жариялайды [30]. Осындай кешенді жарнама тұтынушының назарын өнімге аударатыны хақ.
Әлеуметтік желілердің әлеуеті рухани және экономикалық саладан ғана көрініп қоймай, мемлекет тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін зор күшке айналуы, Қазақстан сияқты жас мемлекетке ұлттық ақпарат саясатын ұтымды жүргізу үшін осы жаңа коммуникация құралдарын жедел игеру, ұтқыр пайдалану аса зәру мәселе екендігін көрсетеді.
Әлеуметтік желілердің жаңа ақпарат алмасу құралы ретінде, мемлекеттің ақпараттық саяси ұстанымына жаңа медиа құралдарының ықпалы мен пәрменділігі, тұтынушылардың белсенділігі, қоғам мүшелері мен әлеуметтік желі орталарының арасындағы қарым- қатынас, Интернет журналистикадағы ақпараттық-саяси тәрбиесі, ақпарат алмасу мәдениеті, менеджмент пен маркетинг мәселесіне қатысты әлеуметтік желілердің алатын орны қазақ журналистикасы теориясында арнайы тақырып болып кеңінен қарастырылмаған. Қазақтың әлеуметтану, саясаттану және журналистика сияқты қоғамдық ғылымдар тарихында әлеуметтік желі ұғымын қазақтың рулық жүйесінің қалыптасуымен, даму жолына байланыстыратын пікірлер айтылған болатын. Қазақ журналистика тарихында бұқаралық коммуникация құралдарының даму генезисі, олардың түрлері мен функциялары, олардың әртүрлі қоғамдық формация жағдайындағы ақпараттық қызметі жинақтала тұжырымдалды. Қазақ ақпараттық кеңістігіндегі әлемдік әлеуметтік желілерге алғаш рет салыстырылмалы ғылыми сараптама жасалды, олардың ел қауіпсіздігі мен саяси тұрақтылықта алар орны зерделенді, ондағы жарияланымдарда көтерілген мәселелерге алғаш рет талдау жасалды, олардың пәрменділігі ашып көрсетілді. Әлеуметтік желілердегі мәтіндер алғаш рет тақырыптық, жанрлық тұрғыдан жүйелене жинақталды, журналистік шеберлік ізденістері қарастырылды, конттенті талдау жасалды, жарияланымдарға журналистік жанрлар тұрғысынан баға берілді, оның практикалық журналистикада қолдану жолдары ұсынылады. Қазақ интернет журналистикасында алғаш рет ақпартты жекелеген тұтынушыға бағыттау жолдары, ақпаратты дербестендіру жолдары сараланады. Теледидар мен Интернетке тәуелді индивидтің әлеуметтенуіне ықпалы мықты қазақстандық және жаһандық медиа кеңістіктің анализі жасалынды. Қазақстандық медиамәдениет стратегиясындағы халықтардың мәдени тәжірибесі, өткені мен болашағын саналы тұлға бірегейлігін дамыту және жетілдіру мәселесіндегі зәрулік кеңмәтін контексінде тиянақталды. Медиалық білім берудің мақсаты мен мәннің айқындауда қазақстандық медиа іс-әрекеті тұңғыш рет жан-жақты қарастырылды, медиамәдениет жетістігінің көрінісіне онтологиялық тұрғыда зерттеу жүргізілді. Әлеуметтік желілерді журналистік өнім ретінде қарастыру, тележурналистика саласындағы түрлі бағдарламаларда тақырыпты тереңірек ашу мақсатында виртуалды көрермендер назарын үнемі өзіңе қаратып отыру, екінші экран технологиясын енгізу сияқты тұжырымдар қазақ журналистикасының өрісін кеңейте түседі. Онлайн журналистика өкілдерінің оқиға орнынан өз фоллуерлеріне оқиға орнынан репортаж – Twitter-репортаж жасауы туралы пікірлер журналистика жанрлары палитрасын байыта түседі. Индивидтердің қасиеттеріне қарай бағыттамалы ақпарат жолдау технологиясын енгізуге осы еңбек белгілі бір дәрежеде септігін тигізеді. Еліміздің ақпарат саясаты мен қауіпсіздігі шаралары және түрлі сайлау кампанияларына қажетті микротаргетинг технологиясын енгізуге де мұрындық бола алады. Google, Yandex порталдары сияқты отандық іздеу мегажүйесін (Big data) жасауға біздің зерттеуіміз әрі теориялық, әрі практикалық таяныш бола алады. Алайда әлеуметтік желілерді кеңінен қолдануды реттейтін заңнамалық актілерді жетілдіре түскен абзал. Әлеуметтік желілерде отандық, патриоттық сезімдерді оятатын қоғамдастықтар орнату қағидасы танымдық-практикалық өрісті кеңейтеді. Еліміздің шекаралас аймақтарындағы, шетелдегі қандастарымыздың ұлттық, елдік сезімдерін ояту арқылы оларды үнемі саяси белсенділікте ұстап отыру үшін әлеуметтік желілерде соларға бағыттамалы форумдар, топтар, қоғамдастықтар ашу және сол арқылы еліміздің геосаяси жағдайындағы балансты ұстау туралы ұсыныстың теориялық та, практикалық та маңызы бар. Қазақстандық және алыс-жақын туыстас елдерге қызмет ететін үлкен платформалы отандық әлеуметтік желі жасалуы – заман талабы деген тұжырымның да саяси-әлеуметтік мәні бар. Мемлекет тарапынан қазақстандық медиамәдениеттің барлық аудиовизуалды жүйесінің бөліктерін дамыту, техникалық, коммуникативті, әлеуметтік, өзіндік медиа шығармашылығын
арттыратын тренингтер, сондай- ақ, мәдени-әлеуметтік түрлі топтарға, әсіресе бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге замана талабына сай қолдау көрсету қажеттілігі жайында айтылған ойлар оперативті коммуникацияны одан әрі жеделдете түсуге ықпал жасайды. Мемлекеттің мәдениет саясатында журналистерді, жазушылар, режиссер мен сценаристерді шетелдік классикалық әдебиеттер сюжетінің көшірмесіне емес, Қазақ халқының мұрасындағы бай әдебиетінің сюжетіне негізделген және тұлғаның рухани дамуына септігін тигізетін, кино мен теледидарға арналған жоғарғы көркем өнерлік медиамәтіндерді жасауға бағдарлау және оларды әлеуметтік желілер арқылы насихаттау туралы ұсыныстың да қолданбалық мәні бар. Мемлекеттің медиалық білім беру саясаты, жас ұрпақты ақпараттық экспансиядан қорғайтын, оны жаһандану үдерісіндегі ақпараттық қоғам өміріне дайындау қажеттілігі хақындағы пікірлер ақпараттық қауіпсіздік саласына қосылған ғылыми-практикалық үлес болып табылады.
2.3. Аталған екі саланың бірігіп жұмыс жасау мәселелері мен болашағы
XX ғасырдың 60-шы жылдары социолог, журналист, футуролог ғалымдар өркениеттің жаңа толқынының, жаңа постиндустриалдық әлемнің туындайтындығы жайлы және ортақ ақпараттық кеңістігі бар ақпараттық қоғамның орнайтындығы жайлы болжам жасаған болатын. Компьютерлік, коммуникациялық, ақпараттық және басқа да жоғары технологиялардың қарқынды дамуымен бұл теориялық болжамдар қазіргі заманның жарқын көрінісіне айналды. Ғаламдық қоғам жалпыға ортақ ақпараттық кеңістіктің құрылуына байланысты бүгінде ақпараттық деп аталады. Ақпарат ағымы үшін географиялық, саяси, мәдени және нәсілдік шекаралар жоқ. Жаңа ақпарат қоғамының негізгі өнімі ақпарат, яғни білім де осындай мәртебеге ие. Француз Ж.Ф. Лиотар айтып кеткендей: «Білім қазірдің өзінде билік үшін ғаламдық бәсекелестікте маңыздылардың бірі, бәлкім ең елеулі фактор және болашақта да солай болмақ. Ұлттық мемлекеттер жер телімін иемдену үшін, шикізат ресурстары мен арзан жұмыс күшін өз қалауынша жұмсау үшін күрескендей, келешекте ақпараттың иегері болу үшін бақ сынасатын болады» [31]. Айта кетерлік жайт, Кеңес Одағының құлдырауының негізгі себептерінің бірі шетелдік БАҚ-тың әсері болатын. Reuters Foundation-нің бұрынғы төрағасы Майкл Нельсон айтып өткендей, «Суық соғыста» Батыс қарусыз жеңіске жетті, ал радио «қанжардан да мықты» болды. Коммунистік империяның құлауына қатысты сұрақтарға келгенде ат тонын ала қашатын танымал Лев Валенка өзінің бір сөзінде теледидарға қарап тұрып: «Бәленің бәрі осыдан шықты» дегені бар [32]. Өз егемендігіне 1991 жылы ғана қол жеткізген Қазақстан үшін ел ішіндегі ақпараттық кеңістікті құраумен қатар әлемдік даму тенденцияларына ілігу басты мақсаттардың бірі болып табылады. Оның бірнеше себебі бар – біріншіден, еліміздің жағымды имиджін қалыптастыру, екіншіден, әлемдік қауым үшін Қазақстанда орын алып жатқан оқиғалармен мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету, және үшіншіден, шетелдегі қандастарымызды қолдау үшін. Электронды БАҚ пен интернеттің, спутниктік және кабельді хабар таратудың қарыштап дамуы бүкіл әлемде жаһандық бірігу басталғанда яғни 2000 жылдардың басына тұспа-тұс келді.
Телекомпаниялар желідегі қызметін арттыруда, ал интернет-медиа телевизия сынды жұмыс жасауда. Телевидение мен Интернеттің бірігуінің мүмкіндіктері жайлы өз ойымен Magid Advisors аналитикалық компаниясының басшысы бөлісті. Майк Ворхаустың сөзіне сүйенсек, сандық медиа 2011 жылы әлеуметтік желілердің және топпен сауда жасауға арналған сервистердің қолданушыларын бағытталды. Интернеттің қоғамдағы орнының беки түсуі онлайн телевидениенің дамып, дәстүрлі телеиндустрияның кірісінің азаюына алып келеді. Алдағы даму үдерісіне ілігетіндердің алды 2010 жылы жоғары танымалдылыққа ие болған топпен сауда жасауға арналған қызмет түрі. «Жүз мыңдаған немесе миллиондаған адам онлайн сауда жасау үшін (мысалы, аяқ киім, күрте немесе азық-түлік) бас қосатын болса, бірден аса көп адам сатып алып жатқандықтан, олар үлкен жеңілдікке ие болады», - дейді сарапшы. Мысал ретінде Magid Advisors президенті Groupon ұжымдық жеңілдіктер қызметін айтып өтті. Бұл қызметтің акционерлерінің бірі – ресейлік инвестициялық фонд Digital Sky Technologies.
Майк Ворхаус алдағы жылдары сандық медиа нарығында онлайн-телевизияның дамуы басты тенденцияға айналатынына сенімді: «Адамдар әрдайым теледидар көретін болады, әрине. Біздің АҚШ-дағы «кең түрде хабар тарату» («широковещание») деп атап жүргеніміз – NBC, MBC, Fox, CBS сынджы арналар үлкен өзгерістерге ұшырайды. Кабельдік телевизия да басқалай жұмыс жасайтын болады. CNN, Discovery және т.с.с арналар өз жұмыстарын интернетпен ұштастыруға барын салып жатыр» [33], - деп өз ойын білдірді эксперт. Оның ойынша, телевизия мен интернет әлі ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүреді, алайда олар сөзсіз бірігеді. «Бізді алда теле және интернет-индустриясының көптеген жаңа түрлері, теледидарлардан компьютерлерге көшу және олардың бірігуі күтіп тұр. Осы жолда смартфондар мен планшеттік компьютерлер үлкен рөлді ойнайтын болады. Одан бөлек, blue-ray плеерлері де осы үдерістің бір бөлігі болатыны анық» - дейді Майк Ворхаус. Magid advisors президентінің ойынша, телевидение мен интернеттің бірігуінің салдарынан телеарналардың кірісі әжептәуір төмендейтін болады.
«Қазір сіз қалағаныңыздың барлығын дерлік Интернет желісінен таба аласыз және бұл сөзсіз телеарналардың кірісіне әсер ететін болады – яғни олар түседі. Телевизия саласының қызметкерлері бұрынғыдай пайда көргенімен, онлайн медиамен салыстырғанда төмендеу болады» [34], - дейді эксперт. Оның сөзіне қарағанда, алдағы 10-15 жыл хабар тарататын телевизия жарнама арқылы табыс тапса, ал кабельдік және спутниктік телевизия тұиынушылардың ай сайынғы төлемдерінің арқасында кіріске кенеліп отырады.