ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 152
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. [1]
Өнеркәсіптегі өзгерістер:[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
Несие берілетін болды.
«Қосшы Одағы» құрылды.
1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
** Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел:
1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды.
2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді.
3. Жәрмеңкелер ашыла бастады.
Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.
4. Жеке саудаға рұқсат берілді.
** Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы:
Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.
Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.
Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.
Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.
Саяси өмірде демократия бұрмаланды.
Еркіндік мүлде болмады.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.
1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам,
1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам аштыққа ұшырады.
Орал, Ақтөбе , Орынбор, Бөкей губернияларын аштық жайлады. 1922 ж маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.
700 мыңнан астам адамдар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
-
Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары.
Байлар мен кулактарды тап ретінде жою — Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру барысында меншік иелерін, ауқатты шаруалар қожалықтарын күшпен жою шаралары. 1929 жылы 20 ақпанда КСРО ОАК мен Халық Комиссарлар Кеңесі “Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында қолдану тәртібі туралы”, 21 мамырда “Еңбек туралы заңдар қолданылуға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы” қаулылар қабылдады. Қазақстанда ірі байлар шаруашылықтарын тәркілеу 1928 жылдан жүзеге асырыла бастады. Аталмыш құжаттар негізінде 1929 жылы 10 қазанда
Қазақ АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесі қабылдаған қаулысы бойынша бай-кулактар қатарына жылдық табысы 300 сомнан асатындар, саудамен айналысатындар, диірмені барлар, т.б. жатқызылды. И.В. Сталин 1929 жылы сәуірдегі БК(б)П ОК мен Орталық бақылау комиссиясының пленумында “кедей — жұмысшы табының тірегі, орташа шаруа — одақтасы, кулак — тап жауы” деген тұжырымды ұсынды. Сол жылы 29 желтоқсанда өткен марксшіл аграршылар конференциясында Сталин кулактарды тап жауы ретінде жоюды күн тәртібіне қойды. 1930 жылы 15 қаңтарда БК(б)П ОК В.М. Молотов басқарған арнайы комиссия құрды. Жергілікті жерлердің партия комитеті жанында “үштіктер” ұйымдастырылды. Қазақстандағы республика “үштіктің” құрамына Ж. Құрамысов (төрағасы), А. Альшанский мен А. Асылбеков (мүшелері) енді. Ол 1930 жылы 23 қаңтардағы мәжілісінде Қазақстандағы 20 мыңға жуық байлар мен кулактар шаруашылықтарын тәркілеп, жаппай ұжымдастыру жүріп жатқан аудандардан көшіріп, өнеркәсіп құрылыстарынан, темір жолдардан шалғай жатқан аудандарға тарата қоныстандыру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, ол жерлерге сырттан жер аударылып әкелінетін 30 мыңдай кулактардың отбасыларын орналастыру көзделді. 1930 жылы 30 қаңтарда БК(б)П ОК бюросының “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулактар шаруашылықтарын жоюға байланысты шаралар туралы” қаулысы қабылданып, онда бай-кулактарды жою жолдары нақтыланды. Жергілікті жерлердегі өкімет орындарына “кулактарға қарсы күресте барлық қажетті шараларды қолдануға” рұқсат етілді. 1930 жылы 10 ақпанда Қазақ өлкелік партия комитетінің арнайы комиссиясы республикада бай-кулактары жойылуы тиіс 20 ауданды белгіледі. Науқанды жергілікті жерлерде жүзеге асыру ОГПУ органдарына жүктелді. Бай-кулактарға жазалар белгілеу Мәскеуде шешілді. КСРО Заң халық комиссариатының төрағасы Н. Янсеннің 1930 жылы 3 ақпандадағы нұсқауы бойынша “кулактардың контрреволюцияшыл белсенді тобы” тез арада қамауға алынып, олар “қастандық актілерін ұйымдастырушылар” ретінде ату жазасына кесілетін болады. Жазалауға ұшыраған байлар мен кулактар Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерінен айырылды. Кулактардың өз беттерінше басқа жаққа көшулеріне, мал-түліктерін сатуларына тиым салынды. Байлар мен кулактарды жоюды 4 айдың ішінде аяқтау міндеттелді. Кулактар мен байларды тәркілеу барысында көптеген заңсыздықтар орын алды. Кейбір жерлерде кулактар қатарына орташа шаруалар ғана емес, кедейлер де жатқызылды. Тіпті әскерилерді, агрономдарды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кулак ретінде қабылдап, қуғын-сүргінге ұшырату оқиғалары да кездесті. Науқанды жүзеге асыру барысында Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді деген бір адамға қатысты іс бойынша бірнеше адамды топтап соттату әдетке айналды. Контрреволюциялық топтар мен ұйымдар құрғаны жөнінде ешқандай мәліметтер болмаса да, олар
РКСФР Қылмыс кодексінің 58-бабының 11-тармағымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Қазақстанда 22 мың адам қамауға алынды. 1930 жылы 1 шілдеге дейін олардың 12 мыңы (кедейлер мен орташалар) түрмеден босатылды. 4 мыңдайы жер аударылды. Қазақстанда барлығы 54625 шаруашылық бай-кулакқа жатқызылып, тәркіленді. 1930 жылы қараша-желтоқсан айларында бай-кулактар, ауқатты шаруалар шаруашылықтарын қайта айқындау жұмысы қарқын алды. 1931 жылы 3—7 ақпан аралығында өткен Қазақ өлкелік партия комитеті мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен пленумы байлар мен кулактарға қарсы күресті онан әрі күшейте түсуді ұсынды. Нәтижесінде 1931 жылы Қазақстаннан тыс жерлерге 5500 шаруа бай-кулак ретінде жер аударылды. Кеңес өкіметі жер аударуды 1932 жылы ғана тоқтатты. Байлар мен кулактарды тап ретінде жою Қазақстан ауыл шаруашылығына орасан зор апат әкелді. Шаруалардың ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер бөлігі күшпен жойылды, мұның өзі, әсіресе, дәстүрлі мал ш-н күйзеліске ұшыратты. қ.
-
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.
Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді.