ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 30.11.2023
Просмотров: 154
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді.
Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.
-
Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары.
Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып келсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,- деп көрсетті. Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды жоспарлы түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930ж ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937ж террор тоталдық сипат алды. Қазақстандықтардың саяси қуғын сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.
Осындай зобалаң кезеңде қазақтың небір дарынды, небір айтулы қазақтың бетке ұстар ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері қуғынға ұшырап, жазықсыз жала жабылып, айыпталып сотталды. Сонау Итжеккенге, еңбекпен өтеу лагерьлеріне айдалып, түмеге жабылып, онда түрлі қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Бұдан басқа қарапайым халық та жаппай жазаланып, ең сорақысы ату жазасына кесіліп, талай адам бұл дүниемен қош айтысты. Осы семестрлік жұмысым аясында мен осы қуғын-сүргіннің басталуын, қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің, соның ішінде Алашордашылардың қатал тағдырын, қазақтың ұлы тұлғалары бес арысы туралы баяндамақпын Партия қатарынан шығарылып, айыпталып жазаға ұшыраған қоғам қайраткерлері жайын және қан кешті қырғын, қиыншылық, жазалау орны болған лагерьлер туралы айтып өтпекпін.
-
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау.
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.
Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
-
этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау», «сенімсіз халықтар»). -
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады. -
саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
-
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін Қазақстанға эвакуациялау.
1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. Бұл соғыста Қазақстан халқы майдан шебінде ғана емес, сонымен қатар тыл өндірісінде де ерен ерлік көрсетті. Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай 7kun.kz соғыс жылдарындағы Қазақстанның өндіріс көрсеткіштері туралы материалды назарларыңызға ұсынады.
Әскери экономика
Фашисттердің «Барбаросса» жоспарына сәйкес Қазақстан аумағы «Гросстүркістан» құрамында болуы тиіс еді.
Кеңес халқы ерлігінің арқасынды бұл жоспар іске аспады. Бірақ соғыстың алғашқы кезеңінде Гитлердің әскері тым күшті еді.
Алғашқы бес айдың ішінде жау әскері елдің 40%-ы тұратын, шойынның 68%-ы, болат пен алюминийдің 58%-ы, көмірдің 65%-ы, темір жол жабдығының 40%-ы шығарылатын аумақты жаулап алды.
Сәйкесінше «әскери экономикаға» көшу қажеттілігі туындады, яғни шығыс елдерінің Одақтың қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызы арта түсті.
Кәсіпорындар көші
Соғыстың алғашқы жылдары майдан шебі маңындағы кәсіпорындар шығысқа қарай көшіріле бастады. Республикамызға 1942 жылдың күзінде 142 кәсіпорын көшіріліп, Қазақстан қалаларында орналастырылды. Осылайша, Алматыда Луганск ауыр машина жасау зауыты орналастырылды, Семейде — Киев, Азов және Артемовск аяқ-киім фабрикалары, Шымкентте — Воронеж білдек (станок) жасау зауыты, Ақмолада — Орехов мотожөндеу зауыты, Ақтөбеде — рентген аппаратурасының зауыты және т.б.
Республикаға көшірілген кәсіпорындардың 107-сі қысқа мерзімде жұмыстарын бастап кетті.
Кен орындарының барланған қорларының негізінде жаңа тау-кен шығару кәсіпорындары салына бастады. 38 күннің ішінде Жезді марганец кеніші құрылды. 1942 жылдың маусым айында Шығыс-Қоңырат молибден кеніші жұмысын бастады, бұл кеніш сол кезде жалпы елдегі өндіріліп отырған 100 тонна молибденнің 60 тоннасын қамтамасыз етіп отырды.
Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш пен шахта, қара және түсті металлургияға арналған 11 кен байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кәсіпорны және Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
Қазақстандағы жұмыс күшінің көбісі арнайы көшіп келген мамандар болды. Солардың негізінде