Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 638

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3. Емдік шаралардағы негізгі мақсат: ағзадағы артық қышқылдардың мөлшерін азайту және HCО_3^--ның қалыпты мөлшерін қалпына келтіру.

* Этиотропты ем – газдық емес ацидоздың даму себебін жою.

* Патогенетикалық емдеу – ағзаның сұйық ортасында HCО_3^- көлемін қалыпқа келтіруге бағытталған.

* Симптоматикалық емдеу – бас ауруын, жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің бұзылуын және бұлшықет тонусын, жүрек ырғағының бұзылуын, АІЖ функцияларын және басқа да белгілерді жоюға бағытталған.

Газдық емес ацидозды емдеу әдістері:

• Дәрі-дәрмектік. Аурудың декомпенсацияланған формаларында түзету натрий гидрокарбонатын инфузиялық көктамыр ішіне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда буферлік ерітінділер қолданылмайды. Тіндердегі тотығу процестерін қалыпқа келтіру мультивитаминді кешендерді, пантотен және пангам қышқылын тағайындау арқылы жүзеге асырылады.Бауырда HCО_3^- түзілу үшін метаболизденетін лактасолды құюға болады. Электролит балансын қалпына келтіру дисол, ацесол, трисол құю арқылы жүзеге асырылады. Гипопротеинемия кезінде ақуыздарды трансфузиялайды.

• Аппараттық. Өмірлік маңызды функцияларды түзету үшін күрделі процесс кезінде қажет. Тыныс алу жеткіліксіздігі пациентті өкпені жасанды желдетуге ауыстыру үшін; бүйрек функциясының төмендеуінде гемодиализ қолданылады. АҚ төмендеген кезде вазопрессорларды аппараттық (инъектомат арқылы) құю орындалады. Қарыншалық фибрилляция кезінде электропульсті емдеу, жанама жүрек массажы қолданылады.

Тапсырма 3. Науқас Н., 42 жаста, 15 жыл бойы ішімдік ішеді. Дене салмағы 45 кг бойы 182 см.

РО2 альв.ауадағы = 108 мм сын.бағ.

РаO2 = 95 мм сын.бағ.

SaO2 = 97%

PvO2 = 78 мм сын.бағ.

SvO2 = 86%

О2 бойынша а/в айырмашылық = 0,5көл%

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 56

Тапсырма 1. Ер адам, 45 жаста, дәрігер-наркологтың көмегіне жүгінген. Пациенттің айтуынша, ол соңғы 10 жыл ішінде жүйелі түрде ішімдік ішеді. Соңғы жылдары ішімдіктерді қабылдауды тоқтатқанда ашушаңдық, жүрек айнуы, жүрек соғуы, бас ауруы, терлеу, ұйқының бұзылуы пайда болатынын байқаған. Жағдайын жақсарту үшін ол қою шәй немесе кофе ішетін болған. Алайда, соңғы жарты жыл бойы ішімдік ішпеген кезде пайда болатын және қою шәй мен кофеден кейін басылатын жайсыздық (дискомфорт) жағдайы үдеп, тек алкогольді ішкеннен кейін ғана жойылатын болған. Сонымен қатар әрдайым оның дозасын арттырып отыруға мәжбүр болған.


1. Пациентте патологияның қандай түрі дамыған? Бұл жағдайда пациентте токсикомания дамығаны туралы айтуға болады ма? Жауабыңызды негіздеңіз. Пациентте бар патологияның дамуына ықпал ететін негізгі қауіп факторларын атаңыз.

2. Пациентте патологияның дамуына ықпал еткен себепті атаңыз. Ол этиологиялық факторлардың қандай тобына жатады? Осы фактордың метаболизмін және оның әсер ету механизмдерін сипаттаңыз.

3. Осы патологияның даму сатыларын атаңыз және сипаттаңыз. Науқаста патогенездің қандай сатысы байқалады?

1. Пациентте маскүнемдік дамыған Маскүнемдік – спирттік ішімдікті ұзақ және жиі көп мөлшерде қабылдау салдарынан болатын әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық үрдістерінің бұзылыстары. Маскүнемдік нәтижесінде адамның әл-қуатын, ойлау қабілеті әлсірейді, өмірге деген құлшынысы төмендейді. Ішімдікке рухани және физикалық тәуелділік дамиды, оны тоқтатқаннан кейін де доғару синдромы көрініс табады. Маскүнемдікке көбіне 20-29 жастағы жас адамдар ұшырайды. Балалар мен жеткіншектерде ішімдік салдарынан жалпы дамуы, жетілуі, білім алуға деген ынтасы әлсірейді, қандай да бір істі үйренуге және әлеуметтік жағдайларға бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Қарт адамдарда маскүннемдік аса жиі болмайды Әйелдерге қарағанда ер адамдар маскүнемдікке 5 есе жиі салынады

Бұл жағдайда науқаста токсикомания дамығаны туралы айта аламыз Себебі токсикомания – есірткіге жатпайтын заттарды қабылдау. Ең жиі қолданылатын заттар- психотроптық дәрілер, көңіл-күйді сергітетін заттар (фенамин, кофеин), химиялық реактивтер, желім, этил спирті т.б жатады. Ал кофе құрамында кофеин бар

Токсикомания себептері

-токсикомания туралы білімнің жетіспеушілігі, жаңа сезімдерді іздеуден туған қызығушылық

-стресс, қиын психологиялық жағдайлар, жарақаттар

-қоршаған орта әсері

-қиын әлеуметтік жағдай

-тұқым қуалайтын бейімділік.

2 Берілген жағдаяттық есепте пациентте маскүнемдік дамуына қандай себеп әсер еткені туралы нақты айтылып көрсетілмеген. Маскүнемдіктің пайда болуына жалпы 3 этиологиялық фактор әсер етеді: әлеуметтік, психологиялық және дара-биологиялық. Әлеуметтік факторлар – өмір сүру жағдайларының ауыр болуы, дұрыс тамақтанбау, мәдени ойын-сауықтың болмауы, үмітсіздік сезімі - маскүнемдіктің кең таралуының себептері, бұл шын өмірдегі қиындықтарды ұмытуға көмектесетін шара болып табылады. Психологиялық факторлар – мазасыздық жоғарылауы, тұрақты мүдделердің болмауы, қоғамда бейімделу қабілетінің жеткіліксіздігі, физикалық және эмоциональды стресске төзімділігі төмен, әлеуметтік-позитивті көзқарас болмауы, бос уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау, ләззат алуға деген гедонистік көзқарас және т.б. Осындай жағдайларда расымен де алкоголь қолдану көмектеседі. Себебі, алкоголь ми жасушаларындағы гамма аминомай қышқылы рецепторларын белсендіреді, нәтижесінде сол адамды тыныштандырады, эйфория қуанышты сезімін тудырады. Дара-биологиялық: алкоголизмге бейімділіктің тұқым қуалаушылығы.



Науқас 10 жыл бойы алкоголь қолданып жүргендіктен, оның организмі алкоголь-дегидрогеназа(АДГ) ферментін көп мөлшерде бөлуге үйреніп қалған, нәтижесінде АДГ ферментінің әсерінен спирт молекулаларынан қалыптыдан көп ацетальдегид түзіледі, ал ацетальдегид-дегидрогеназа ферменті ацетальдегидті ыдыратып үлгермейді. Ацетальдегидтің жинақталуы метаболизм процесстерінің бұзылысына әкеледі:

- Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы күрт диспропорциялар;

- Ацетаттың артық жиналуы, май қышқылдары мен холестериннің көбеюіне алып келеді;

- Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуы, қышқыл өнімдердің ағзада және ұлпада жиналуы;

- Тағам өнімдерінен қоректік заттардың дұрыс сіңірілмеуі.

Осындай өзгерістерден жүрек-қан тамырлық жүйе, бауыр, бүйрек, жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. Клиникалық көріністері:

- қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуынан, жүрек аритмиясы, бас айналу, бұлшықет әлсіздігі, ентігу байқалады;

- ұйқыбез қызметінің бұзылуымен, қанда глюкоза концентрациясы артады;

- бауырдағы аланинаминотрансфераза мен аспартатаминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі жоғары;

- қанда несепнәр мен креатинин анықталуы.

3 Маскүнемдіктің даму сатылары. Маскүнемдіктің үш сатысы бар. Бірінші сатысы 1 ден 4 жыл аралығында. Бұл сатыда адам көп ішеді, артық ішкеннен кейін құсу болмайды, масаю кезінде ес түсін білмейді. Рухани тәуелділік дамиды үнемі ішкісі келіп тұрады, ішпесе өзін-өзі жайсыз сезінеді. Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқала қоймайды.

Екінші сатысы (5-15 жыл) ішімдікті ішу әдетіне айналады. Көңіл-күйі қобалжуы енді басылмай, керісінше қоздырады. Память жоғалады, ішімдік ішпесе ашушаң болады. Бар ойы ішімдік ішу туралы болады. Адамгершілік ұғымдарынан алыстай түседі. Ішпеген жағдайда жұмысқа деген қабілеті жоғалады ішкеннен кейін күші артады.

Доғару синдромы: бет әлпеті ісінеді денесінің жоғары жақтары қызарады, тәбеті төмендейді, ұйқысы қашады, басы айналады, жүрек және құрсақ аумақтарында ауыру сезімі болады. Адамның құлшынысы жоғалады мастық кезінде ғана байқалатын ашушаңдық енді тұрақты боладыы. Ішімдікке төзімділік наркоздық дәрілерге де төзімділікті арттырады. Сол себепті бұл адамдарға наркоз беру үшін қолданылатын наркоздық дәрілердің мөлшері өте жоғары болу керек

Бұл сатысы кезінде жүйке жүйесінде полиневриттер, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары жүрек-қан тамырлар жүйесінің, бауырдың, ас қорыту жолдарының аурулары дамиды.


Үшінші сатысы (5-10 жыл) кезінде ішімдікке төзімділік төмендейді. Аз мөшерде ішсе де қатты масаяды. Ішімдіктің денені енді сергітпейді, тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұрады. Сосын ауыр психологиялық өзгерістер орын алады. Ішімдік адамның өмірінің бір мәні болып есептеледі. Нәтижесінде науқас адам өз шамасын бағалай алмай жиі өлімге ұшырайды.

Науқаста маскүнемдіктің 2 сатысы байқалады

Тапсырма 2. Науқас Т., 67 жаста, тік ішегіндегі аумақтың ауырсынуына, үлкен дәретке отырған кезде қанның, шырыштың бөлінуіне, жылдам жүдегеніне шағымданады.

Анамнезінде: 15 жыл бойы созылмалы проктитпен ауырған. 45 жыл бойы күніне 1-1,5 қорап темекі шегеді. Атом электр станциясында 30 жыл бойы жұмыс істеген.

Ректороманоскопия: тік ішектің орта-ампулалық бөлігінің ісігі. Биопсия жасаалды.

Биоптатты гистологиялық зерттеу: төмен дифференциалды аденокарцинома.

Кешендік емдеу жүргізу туралы шешім қабылданды: операция алдындағы радийактивті сәулемен емдеу, соңынан тік ішектің резекциясын жасау.

1. Науқаста қандай типтік патологиялық процестер бар? Науқастағы басты типтік патологиялық процесті атаңыз. Жауаптарды негіздеңіз.

2. Науқастағы басты типтік патологиялық процесс дамуының қауіп факторларын атаңыз. Осы патологиялық процесс дамуының тағы қандай этиологиялық факторларын білесіз?

3. Науқастағы басты типтік патологиялық процестің патогенезінің сатысын атаңыз және сипаттаңыз. Науқастың салмағының азаюын түсіндіріңіз.

1. Созылмалы қабыну, өспе. Басты типтік патологиялық процесс – өспе. Себебі ол қалған процестерге қарағанда күрделірек және оның өсуі аутокриндік жолмен жүзеге асады, яғни өсіп-өнуін өзі реттейді. Қатерсіз өспе экспансиялық жолмен айналасындағы ағза мен тіндерді ығыстыру арқылы өссе, қатерлі өспе инфильтрациялық жолмен қоршаған тіндерді ыдыратып, тамырын жайып өседі. Сондықтан дер кезінде диагноз қойып, емдік шараларды тағайындау керек.

2. Науқасқа физикалық канцероген атом электрстанциясынан ұзақ мерзімде қайта-қайта әсер еткен. Сонымен қатар, науқастың зиянды әдеті-темекіні ұзақ уақыт пайдалануы да қауіп факторына жатады. Науқас жасының 50-ден асуы тік ішек обыры дамуына әсер етеді.


Өспе экзогенді және эндогенді факторлардың әсерінен дамиды. Экзогенді факторлардың өзі физикалық, химиялық, биологиялық болып 3-ке бөлінеді. Физикалық: рентген сәулелері, иондағыш сәулелер. Химиялық: аминдік азоқосындылар, көпоралымды хошиісті көмірсутектер, оралымды аминдер, бейорганикалық қосылыстар. Биологиялық: ретровирус, Папова вирус, герпесвирус, цитомегаловирус, Эпштейн-Барр вирусы, Хеликобактер пилори бактериясы.Эндогенді факторлар: стероидты гормондар, холестерин туындылары, аминқышқылдарының ыдырау өнімдері, нитроксид және оның асқын тотығы.

3. Өспе өсу патогенезі 3 сатыдан тұрады. Олар: инициация, промоция, прогрессия. Науқас ІІ сатысында. Себебі әртүрлі промоторлардың әсерінен бұл сатыда өспенің қарқынды өсіп-өнуі байқалады. Өспе өсуін тежеу үшін радийбелсенді химиялық терапияны тағайындады, соңынан өспені хирургиялық жолмен алып тастамақшы.

Кахексия-өспе дамығанда қаннан глюкозаны, аминқышқылдарын, азоттық негіздерді көп мөлшерде сорып алуынан пайда болатын адамның қатты арып, жүдеуі. Өспе жасушалары мен макрофагтарда ИЛ-1, өспені жоятын фактордың өндірілуі адамның тәбетін азайтып, бұлшықет нәруыздарын ыдыратып, зат алмасуды бұзады

Тапсырма 3. Науқас Г., 32 жаста, комбустологиялық бөлімшеде жатыр. Диагнозы "Өрт жалынмен ІІБ-ІІІА дәрежелі термиялық күйік (дене бетінің 15%)".

рН = 7,36

PаCO2 = 40 мм сын.бағ.

SB = 19,5 ммоль/л

ВВ = 39,4 ммоль/л

ВЕ = -2,5 ммоль/л

Қандағы кетонды денелер = 4,75 ммоль/л

Зәрдің титрленетін қышқылдығы = 47 мл сілтілер

1. Көрсеткіштердіинтерпретациялаңыз.

рН = 7,36 теңгерілген ацидоз

PаCO2 = 40 мм сын.бағ. N

SB = 19,5 ммоль/л  газдық емес ацидоз

ВВ = 39,4 ммоль/л 

ВЕ = -2,5 ммоль/л газдық емес ацидоз

Қандағыкетондыденелер = 4,75 ммоль/л гиперкетонемия

Зәрдіңтитрленетінқышқылдығы = 47 мл сілтілер

2. Қорытындыжасаңызжәнедәлелдеңіз.

Қорытынды: Теңгерілген газдық емес метаболизмдік ацидоз.

Себебі: науқаста күйік кезінде басқа органикалық және бейорганикалық қышқылдар жиналып қалғандықтан, ацидоз дамиды. Сонымен қатар науқаста гипоксия болып, сәйкесінше кетоацидоз дамиды , яғни кетонды денелердің организмде түзілуі артып немесе олардың тотығуы тежеледі.