Файл: Билет 1 Тапсырма Науас Л., 22 жаста, о жа ла маы безіні аденокарциномасы бойынша фракциялы сулелік терапия курсы таайындалды..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 30.11.2023

Просмотров: 635

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Түскен кездегі тексеру: жалпы жағдайы қанағаттанарлық; оң жамбас ортасының үштен бір бөлігінің алдыңғы сыртқы жағында өлшемі 3,0x1,5 см ойылып-кесілген жарақаты бар. Тыныс алу жиілігі – 16 мин-1, пульсі – 70 мин-1, артериялық қысымы - 120/70 мм сын.бағ.

Сіреспені шұғыл алдын алу мақсатында науқастың терісінің астына 3000 ME дозада сіреспеге қарсы сарысу енгізілді.

Сіреспеге қарсы сарысуды енгізгеннен кейін тексеру. 5 минуттан кейін науқаста терінің қызаруы мен қатты терлеу пайда болды, еріннің және тілдің ісінуі дамыды. Науқас қозған, дауысы қарлығып шығады. Тыныс алуы - 36 мин-1, пульсі - 95 мин-1, АҚ - 160/100 мм сын.бағ. Содан кейін айқын экспираторлық ентігу пайда болды. Тері қабаттары цианозды, бозғылт, терісі суық жабысқақ. Жүрек соғу жиілігі 50мин-1-ге дейін төмендеді, артериялық қысымы 65/35 мм сын.бағ., дейін төмендеді. Науқас есінен танып, құрысулар пайда болды, еріксіз зәр шығару және дефекация байқалды.

1. Науқаста қандай экстремальды жағдай пайда болды? Осы жағдайдың дамуының негізінде қандай типтік патологиялық процесс жатыр? Бұл патология Рh.G. H. Gell және R. Coombs жіктемесі бойынша қандай түрге жатады? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Пациентте дамыған экстремальды жағдайдың патогенезін ұсыныңыз. Оның даму сатыларын сипаттаңыз. Бұл жағдайда емдеу үшін десенсибилизация әдісін қолдануға болады ма? Бұл әдістің қандай түрлері сізге белгілі? Десенсибилизацияның әсерін тудыратын негізгі механизмдерді атаңыз.

3. Анафилаксияның атопиядан негізгі айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Науқас Г., 48 жаста, ішімдікті асыра пайдаланады, үш тәулік бойы құрсақ қуысының қатты ауырсынуы және құсу мазалағандықтан стационарға жеткізілген. Осы уақыт аралығында тамақ жемеген.

рН = 7,20

РаСО2 = 30 мм сын.бағ.

SB = 14,7 ммоль/л

ВВ = 36,9 ммоль/л

BE = -10,4 ммоль/л

Кетонды денелер = 2,9 ммоль/л

ТК = 58 мл сілтілер

NH4+ = 77 ммоль/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 15

Тапсырма 1. Науқас Н., 48 жаста, қантты диабеттің 2-ші типімен ауырады, қатты салқындаудан кейін сол аяғының 2, 3 және 4 саусақтарының тұрақты қызып ауырсынуы пайда болған. Сонымен қатар, терісінің бүрісуі, нығыздалуы және түсінің өзгеруі байқалған. Басында терісінің түсі бозғылт болған, содан кейін көкшіл болып, кейіннен қарайған. Жағымсыз иіс пайда болған. Құрғақ гангренаның дамуына байланысты науқастың сол аяғының тобығына ампутация жүргізілді. Операциядан кейінгі кеш кезеңде науқасқа физиотерапиялық емшаралар тағайындалған. Алайда, үшінші сеанстан кейін олар тоқтатылды, өйткені оларды қабылдау кезінде науқаста жүрек қағу пайда болып, артериялық қысымы жоғарылаған. Сонымен қатар, пациенттің сол аяғының жіліншік көктамырының бойында қабыну белгілері пайда болған-жергілікті гиперемия, гипертермия, ауырсынуы.


1. Науқаста қандай ауру бар екенін атаңыз. Науқастың қандай патологиялық жағдай, патологиялық процесс және патологиялық реакция дамығанын атаңыз. Аурудың қандай асқынуы пайда болды. Жауаптарыңызды негіздеңіз.

2. Жалпы нозологияның басқа ұғымдары мен категорияларының мысалдарын келтіріңіз. Аурудың денсаулықтан айырмашылығын келтіріңіз және патологиялық процестің аурудан айырмашылығы неде екенін көрсетіңіз.

3. Аурудың патогенезінде "басты" тізбекті қандай мақсатта анықтайды? Аурудың патогенезінде "кері айналып соғу шеңбері" дамуының рөлі қандай? Жауабыңызды негіздеңіз, мысалдар келтіріңіз.

Тапсырма 2. Науқас Г., 48 жаста, этиологиясы аокогольдік бауыр циррозы. Қазіргі уақытта ауруханадан тыс пневмония бойынша емдеу курсын қабылдауда. Антибиотиктерді қабылдау дозасы мен жиілігіне қатысты дәрігердің ұсыныстарын орындамайды. Осыған байланысты оның жалпы жағдайы күрт нашарлаған. Ес-түссіз жағдайда пациент клиникаға жеткізілді.

Биохимиялық қан анализі:

глюкоза – 2,5 ммоль/л (норма 4,0-6,1 ммоль/л)

жалпы нәруыз - 40 г/л (норма 65-85 г/л)

альбуминдер - 18 г/л (норма 36-50 г/л)

аммиак - 89,7 мкмоль/л (норма 11-32 мкмоль/л)

жалпы холестерин - 1,8 ммоль/л (норма 2,9-5,2мммль/л)

холинэстераза - 65 ммоль/с/л (норма 108-318 ммоль/с/л)

1. Науқаста зат алмасудың қандай типтік бұзылыстары бар? Зертханалық деректерді пайдалана отырып, дәлелді қорытынды жасаңыз.

2. Науқаста анықталған зат алмасу бұзылыстарының себептері, даму механизмдері және салдары қандай?

3. Аралық зат алмасу бұзылыстарына сипаттама беріңіз.

Тапсырма 3. Науқаста қанкетумен қабаттасқан басының, кеуде, аяқ-қолдарының ауыр аралас жарақаттары бар.

РаO2 = 67 мм сын.бағ.

SaO2 = 75%

РаСO2 = 50 мм сын.бағ.

PvO2 = 35 мм сын.бағ.

SvO2 = 46%

ҚОС = 17,8 көл%

а/в айырмашылық = 8,6 көл%

ҚМК = 3,0 л/мин

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 16

Тапсырма 1. Экспериментте көлемі бірдей үш шыны ыдыстың әрқайсысына бір-бірден жыныстық тұрғыда жетілген зертханалық ақ тышқан отырғызылды. Содан кейін ыдыстарды герметикалық жауып, 1 минут ішінде жануарлардың мінез-құлқы мен жалпы жай-күйі бақыланды. Одан кейін 1-ші ыдысқа көмірқышқыл газы жіберілді, 2-ші ыдыстағы ауа Камовский сорғысының көмегімен барометрлік қысым 190 мм сын.бағ., төмендегенге дейін сорылып алынды, ал 3-інші ыдыстағы жануар сол бастапқы ауалық ортада қалдырылды. Осыдан кейін тыныс алу қозғалысының жиілігі мен сипатын, қозғалыс белсенділігін, тері жамылғысының түсін, ентігу және құрысудың пайда болу уақытын тіркей бастады. Эксперимент жануарларда құрысулар пайда болған кезде тоқтатылды. Тәжірибенің нәтижелері хаттамаларда тіркелді. Қорытындылар тұжырымдалды.



1. Жүргізілген эксперименттің мақсатын атаңыз. Эксперименттің қандай сатылары орындалғанын көрсетіңіз? Эксперимент жүргізуге қойылатын барлық талаптар осы жағдайда орындалды ма? Барлық жауаптарды негіздеңіз. Медициналық-биологиялық эксперименттерді жүргізудің жалпы принциптерін атаңыз және сипаттаңыз.

2. Жүргізілген эксперименттегі жануарлардың жалпы жағдайының өзгеру себебін (себептерін) түсіндіру мүмкін бе? Жауапты негіздеңіз. Себептер мен жағдайлардың патологиялық процестер мен аурулар туындауындағы рөлін түсіндіріңіз.

3. 2-ші ыдыстағы жануарда пайда болған өзгерістердің патогенезі қандай? Патогенездің негізгі тзбегін атаңыз. Бұл жағдайда қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін?

Екеуіде 1ші тапсырма салыстырып қарайсың

1.Жүргізілген эксперименттің мақсаты жануарлардағы тыныс алу қозғалысының жиілігі мен сипатын, қозғалыс белсенділігін, тері жамылғысының түсін, ентігу және құрысудың пайда болу ерекешеліктері, бұл тәжірибенің қалай әсер ететіндігін анықтау.

Экспериментте барлық талаптар орындалды.

Тәжірибе жасаудағы жалпы принциптері:

-жұмыс гипотезасын жасау;

-зерттеу мақсаттары, міндеттерін анықтау;

-қойылған мақсатқа сай жеке әдістеме жасау;

-тәжірибе жүргізу;

-мағұлматтарды бекіту ;

-статистикалық талдау жүргізу;

- қорытындылау

2. Себебі гипоксия болп табылады. Яғни, тіндердегі оттектің жетіспеуі. Сонымен қатар, нейро-гуморальдық, тыныс алу, гомеостаз жүйелерінің ақауларынан. Және де замкнутое пространство яғни тар кеңістіктің оттектің жеткіліксіздігімен сипатталатын себебінен туындап отыр.

3. Негізгі тізбек болып барометрлік қысым табылады. Бұл жағдайда қайта айналып соғу шеңбері гипоксияның дамуы екенін байқауға болады. Ол оттектің активті формасының синтезіне, гликолизге, липопероксидті процесстерге әкеліп соғады.

Екеуіде 1ші тапсырма салыстырып қарайсың

1.Бұл жағдайда біз бұл эксперименттің мақсаты гипоксия көрінісі бар тәжірибелік жағдайдағы экстремалды жағдайды айқын анықтау екенін көреміз. Эксперименттің барлық 3 кезеңі сақталды.Яғни, бірінші қадам (кезең) бастапқы күйде ағзаның тіршілігін бақылау болды. Дегенмен, алынған мәліметтер қалыпты болмайды, өйткені тәжірибелік виварий жағдайында. Екінші кезеңде біз патологиялық процесті модельдеуді қарастырамыз және оның патогенезін зерттейміз. 3 кезеңде біз патогенезімізге негізделген эксперименттік терапияның негіздерін іздейміз.

2. Организмнің жалпы жай-күйінің өзгеруінің себебі тіндердегі оттегінің айқын жеткіліксіздігімен гипоксия, сондай-ақ жүйке-гуморальды ,тыныс алу, жүрек-қантамыр, гемостаз және т.б. сияқты органдар функцияларының жеткіліксіздігі болды.


3. Патогенездің негізгі буыны барометрлік қысымның төмендеуі болып табылады. Бұл жағдайда біз гипоксия сияқты қарқынмен қатал шеңбердің дамуын байқаймыз. Бұл оттегінің,гликолиздің,липопероксидті процестердің белсенді формаларының түзілуіне әкеледі.

Тапсырма 2. Науқас К., 10 жаста, кардиохирургиялық бөлімшеге оперативті емдеуге жатқызылған.

Анамнезінде: терапияға төзімді және тұрақты артериялық гипертензия.

Объективті: қысқа бойлы қыз, кеуде клеткасы – кең, қанат тәрізді мойын қатпарлары байқалады. Беті гиперемияланған. Бұлшықет жүйесінің диспропорциясы байқалады – иық белдеуі мен қолдың бұлшықеттері гипертрофияланған, аяқтың бұлшықеттері гипотрофияланған. Аяқтары бозғылт, суық, пульсі әлсіз анықталады. Қолдарының артериялық қысымы - 190/100 мм сын.бағ., аяқтарының – 100/60 мм сын.бағ. Пальпация кезінде ұйқы артериясының пульсациясы және қабырға аралық артериялардың пульсациясы анықталды. Жүрек шекарасы сол қарыншаның гипертрофиясы есебінен солға кеңейген. Сыртқы жыныс мүшелері әйел типі бойынша қалыптасқан, бірақ олардың гипоплазиясы байқалады. Ақыл-ой дамуы қалыпты.

Аортограмма нәтижелері: қолқа доғасының төмендеу жолында, бұғанаастылық артериядан солға қарай қолқа саңылауының сегменттік тарылуы байқалады. Қолқа саңылауы - 15,5 мм, тарылуы тамырдың 1,5 см ұзына бойын алады. Қорытынды: туа біткен ақау – аорта коарктациясы.

Кіші жамбас ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу: аналық бездердің дамымауы және фиброзды тіндермен ауысуы.

Буккальды сынама: ұртының сілемейлі қабығының қырындысында эпителийдің интерфазалық ядроларында Барр денешігі тәрізді жыныстық хроматин анықталмады.

1. Науқаста патологияның қандай тұқым қуалаушылық түрі байқалады? Науқастың кариотипін көрсетіңіз. Бұл синдром тұқым қуалайтын аурулардың қай тобына жатады? Бұл патологияның ықтимал себептерін түсіндіріңіз.

2. Науқаста перифериялық қан айналымының қандай бұзылыстары бар ? Перифериялық қан айналымының анықталған бұзылыстарының этиологиясы қандай? Перифериялық қан айналымының бұзылуынан дамыған симптомдардың даму механизмі қандай?

3. Анықталған перифериялық қанайналым бұзылысының түрлерінің орнын толтырудың мүмкін механизмдері қандай? Тарылған бөліктерге қатысты коллатеральды қан айналым қай бөлімдерде – проксимальды немесе дистальды дамиды? Коллатералдарды дамытуға қатысатын артерияларды атаңыз.

Тапсырма 3. Ер адам, бөтелкені шатастырып, ішімдіктің орнына кездейсоқ сірке қышқылын ішкен. Науқаста ауыз қуысы мен тамақ ауыруы, жұтыну актісінің бұзылуы, тыныс алудың қиындауы байқалады.


рН = 7,1

РаСО2 = 28 мм сын.бағ.

SB = 12,7 ммоль/л

ВВ = 34,3 ммоль/л

BE = -12,4 ммоль/л

Бос гемоглобин = 22,8 г/л (норма 0,001-0,004 г/л)

Зәрдің титрленетін қышқылдығы = 62 мл сілтілі

Зәрдегі NH4+ = 80 ммоль/л

1. Көрсеткіштерді интерпретациялаңыз.

2. Қорытынды жасаңыз және дәлелдеңіз.

Билет № 17

Тапсырма 1. 5 жасар бала, бір жасқа дейін нормадан ауытқусыз өскен. Алайда, екі жасынан бастап жиі қайталанатын ЖРВИ, бронхиттер, пневмониялар, терінің ауыр іріңді зақымданулары пайда болған. Сондай-ақ балада терісінің-көзінің альбинизмі, қызба, гепатоспленомегалия, қанағыштыққа бейімділік байқалады.

Зертханалық тексеру. Лейкоциттерде пероксидазаға-оң нәтижелі жасушаішілік ірі түйіршіктердің жиналуы анықталды. Аяқталмаған фагоцитоз байқалады.

  1. Науқаста жиі қайталанатын инфекциялардың пайда болуын қандай субжасушалық органеллалардың патологиясымен байланыстыруға болады? Жауапты түсіндіріңіз. Басқа субжасушалық органеллалардың функциясының бұзылуына мысал келтіріңіз.

Менің ойымша жиі қайталанатын инфекциялардың пайда болуында яғни субжасушалық органелла лизосома. Себебі: онда ақыл – есі кемдігі, физикалық жетіспеушілігі дамиды және де жәйлап үдей бастайды, яғни сөйтіп өлімге әкеледі. Сонымен бірге неврологиялық бұзылыстар болады, сіңір рефлектерінің жоғарылауы, тырқақтар, атаксиялар, көздің құлақтың кемістіктері, жүректің аурулары болады.

Сонымен бірге митохондрияда кездесетін түрлі патологиялық бұзылыстарға мыналар жатады:

1) Митохондрия санының өзгеруі. Митохондрий санының жоғарылауы жасуша қызметінің күшеюінен хабар берсе, жасуша атрофиясында керісінше саны азайып кетеді.

2) Митохондрий көлемінің өзгеруіде болады. Тироксин гормонын үзақ қабылдауда , зат алмасу үрдісі күшейгенде, кейбір жұқпалы ауруларда жасушадағы митохондрия көлемі үлкейіп, оларда кристалар саны көбейеді →мегамитохондриялар болады→ ісіктерді келтірсек болады.

3) Митохондриядағы деструктивтік өзгерістер. Осы өзгерістердіңең жиі кездесетін түріне ісіну үрдісі кіреді. Соның нәтижесінде митохондриядның көлемі ұлғайып матриксі сұйылады, кристалары қысқарып, олардың саны азаяды. Осы өзгерістерден соң митохондриядағы сұйықтық мөлшері көбейіп, ол сырты мембранамен оралған "қапқа" айналып қалады.

2. Осы мысалда жалпы нозологияның қандай түсініктері берілген? Оларды атаңыз. Науқастағы альбинизмнің патогенезін түсіндіріңіз.