ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 01.12.2023
Просмотров: 705
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| | | білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды. | |
II. Сабақтың ортасы (25–23 мин) | Адамзат осы уақытқа дейін көптеген ұлы істерді тындырды. Ол фабрикалар мен зауыттар, көпқабатты үйлер салды, ғарышқа зымырандар жіберді, тіпті Айда да болды. Адам тек уақытты ғана тоқтата алмайды. Уақыт өзінің жолымен алға қарай жылжиды. Ол адамға тəуелді емес жəне бір минут жылдам да емес, бір минут баяу да емес, белгілі бір қарқынмен келеді. Өзекті сұрақ. Аспан денелерін бақылау арқылы адамдар қандай уақыт аралығын анықтады? | Жауап береді. | Сұрақтардың көмегімен оқылғанды түсіну анықталады. | Интербелсенді тақта, флипчарттар (суреттер). |
| Балаларға оқулықтағы мəтінді оқып, өз болжамдарын тексеруді ұсыныңыз.
Оқушыларға иллюстрацияларды қарап, маусымдық өзгерістерді сипаттауды ұсыныңыз.
| Мəтінді оқиды, Сұрақтарға жауап береді | ҚБ: «Ауызша бағалау». Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді. | Оқулық. |
| Динамикалық үзіліс «Күн мен Түн туралы». Балаларға жұптарға бөлініп, кімнің Күн, кімнің Түн болатнын белгілеуді ұсыныңыз. | Қимылдарды орындайды. Қол ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді. | | Интернет- ресурстар |
| | Күн Түннен қашады, | | |
| | Бір-бірінен қашады. | |
| | Кезек-кезек жүрелеп отырады. | | |
Бір-бірінен қашады. | ||||
Қол ұстасып, шапалақтайды. | ||||
Телурий аспабының көмегімен Жердің өз білігін жəне Күнді айналуын көрсетіп, бірлесіп қорытындыны тұжырымдаңыз. Қорытынды. Жер Күнге біресе бір жағын, біресе екінші жағын қоя отырып, өз білігінен айналады: күн мен түннің ауысуы жүреді. Жер Күнді айналады: жыл мезгілдерінің ауысуы жүреді. Жер Күнді толық бір жылда айналып шығады.
білесіңдер ме? Жыл қай айдан басталады? Бір жылда, айда, аптада неше күн бар? | Оқушылар бақылайды, қорытынды жасайды: Жыл – Жердің Күнді толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Ай – Айдың Жерді толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Тəулік – Жердің өз білігін толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. | | Теллурий немесе шамы бар глобус. Оқу фильмін көрсетуге болады. Теллурийдің көмегімен Жердің қозғалысын көрсету. Күнтізбелердің фотосуреттері. | |
Күнтізбені пайдаланып:
Суреттерді пайдаланып, қанша уақыт өткенін болжа. | Жұптарда күнтізбемен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді. 1-2 сурет. 1-3 ай 3-4 сурет – бірнеше сағат (түн) | ҚБ: «Жетістік баспалдағы». Оқушылардың болжамдарының дұрыстығын бағалайды. | Оқулық, қалта күнтізбелері. | |
Айсұлу өлшегіш жолақ жасады. | | | |
Барлық бүтін жолақ пен оның əрбір бөлігі нені білдіреді? | Бүкіл жолақ – жыл, түрлі түсті бөліктер – жылдың 4 мезгілі, 1 тікбұрыш – бір ай. | | |
Мұғалімге арналған қосымша ақпарат: Ежелден бері адамдар уақытты есептеу үшін Айды пайдаланады. Ежелгі адам Айдың өз формасын жіңішке орақтан толық шеңберге дейін өзгертетінін байқаған. Ай туралы уақыт өлшемі осыдан туындаған. Қазақтар ежелден ай күнтізбесін білген жəне пайдаланған. Келетін жаңа ай «туарай» деп аталады. Жыл ішінде ай 12 рет қайталанады, сондықтан жыл 12 айға бөлінген. Ежелгі адамдар айдың 7 күн сайын ауысып отыратын 4 түрін анықтаған. Осылайша уақыт өлшемі – апта пайда болған. Айдың басын аспанда жіңішке айдың пайда болуымен анықтаған. Осылайша «Ай туды» деген ұғым пайда болған. Уақыт өлшеудің бірліктері – тəулік, ай, жыл. Айлардың аттарын ежелгі римдіктер ойлап тапқан. Ал біздің ата-бабаларымыз табиғаттың құбылыстарына, ырымдарға, ұлттық мереке, салт- дəстүрлерге байланысты айларды əртүрлі атап отырған Қаңтар Қаңтар – ескі түркі сөзі. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай "қаңтар" деп атаған. Бұдан кейін күн ұзара бастайды. Халық арасында "Қаңтарда күн қарға адым ұзарады" деген сөз қалған. Ақпан "Ақпан" – қазақтың "ақ ықпа", яғни боран деген сөзінен шыққан. Осы айда келетін амалды "Ақпан- дақпан алты күн, аязымен жеті күн" деген. Бұл жеті | Тыңдайды. | Жауаптың қалыбы бойынша өзара | Карточкалар: жыл, ай, апта, тəулік. |
| күн нағыз қыс ортасына келеді. Қар жауып, жел тұрып, боран, бұрқасын болады. Аяз күшейеді. Малдың жұтқа ұшырауы осы айда басталады. Олар тауды ықтап, ағашты паналайды. Наурыз Наурыз – өзіміздің төл жаңа жылымызды бастайтын ай. Парсыша "Жаңа күн" деген мағына береді. Шындығында, наурыз айдың аты емес, жыл басы мейрамының атауы. Қазақтар Наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні - жыл басы ретінде тойлау дəстүрімен ай атына айналдырып жіберген. Наурыздың 22-інде күн мен түн теңеледі. Сəуір Арабша "өгіз" деген мағынаны білдіреді. "Өгіз" – күн жолындағы шоқжұлдыздың аты. Қазақтар оны ай аты ретінде қолданған. Сəуірдің ертеден келе жатқан қазақша аты "көкек" болатын. Мамыр Жыл құстарының мамығын төгіп, көл жағасына ұя салып мамырлайтын, семіретін кезі. Ескі түркі тілінде "мамыр" тоқшылық, семіру деген мағынаны білдіреді. Осы айда мал да оңала бастайды. Маусым Арабтың "мезгіл" деген сөзі. Шөп шабу, пішен дайындау маусымына байланысты ай аты осылай аталған. Шілде Парсы тілінде (шіллə) "қырық" деген мағынаны білдіреді. Жазғы қырық күн шілденің негізгі ыстық күндері осы айда өтеді. Ол əуелде қырық күндік мезгіл ретінде айтылып, кейін отыз күндік ай ретінде қолданылып кеткен. Шілдеде күннің ұзақтығы қысқара бастайды. Тамыз | | бағалау: жыл, ай, апта, тəулік. | |
| "Күйдіру" деген мағынаны білдіреді. Тамыздық сөзі де осы мағынадан туындаған. Тамыз айында аптап ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Осы құбылыстарға байланысты бұл айды кейде "сарша-тамыз" деп қосарлап айтады. Яғни "сарша" – ежелгі түркі сөзі, арғы тегі "сары шақ" деген мағынаны білдіреді. Қыргүйек Бұл айда қой мен ешкінің төлдеу уақытын көктем айына келтіру үшін қошқар мен текеге күйек байлайды. Бұл шаруа қырда, өріс басында өткізіледі. Сол себепті "қыр" жəне "күйек" сөздерін біріктіріп, айды "қыргүйек" атап кеткен. Қазан Бұл айдың атауы парсы тілінен алынған, яғни "күз" деген мағына береді. Қазан басталысымен еккен егіннің бəрі орыла бастайды. Жерде қалса, суық соғып, үсік шалады деген қорқыныш бар. Осы орайда "Қазан соғу" тіркесін пайдаланған. Қараша Жердің оты кетіп, бет-бедері қоңырқай тарта бастайды. Ай атының "қараша" деп аталуы да осыны меңзейді. Қарашада қар түсе бастайды, мұны халық "қарашаның қары" деп атайды. Желтоқсан "Жел" жəне "тоқсан" деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Яғни, үш ай желді жəне боранды деген ұғымды білдіреді. Бір тоқсанда үш ай болатынын білеміз. Ежелгі түріктер жел айы немесе тоқсан деп те атаған. Желтоқсанның 22-де күн барынша қысқарады. Барлық айлардың атауларын қазақ тілінде айтып шығыңдар. | Əрбір топ мұғалімнің тапсырмасы бойынша уақыт бірліктерінің атаулары жазылған карточкаларды ретімен орналастырады. Балалардың міндеті – карточкаларды уақыт бірлігінің өсу ретімен орналастыру. Нұсқа ретінде тəулік бөліктері (таң, күн, кеш, түн) жазылған карточкаларды ұсынуға болады. Карточкаларды уақыт бірлігінің ұлғаю ретімен орналастырады. Қазақша ай аттарын қайталайды. | | |
ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин) | Балаларға жыл ішіндегі күндердің саны туралы мəтінмен жұмыс ұсыныңыз. Балаларға неге жыл ішінде айлардың күн саны əртүрлі болатынын түсіндіруды ұсыныңыз. Стикердегі ақпаратпен қызықтырыңыз. | Оқиды. Сұрақтарға жауап береді. | | Оқулық |
Ғылыми күнделікпен жұмыс жасауды, көмекті пайдаланып, анықтамаларды толықтырып жазуды, бос орындарды толтыруды ұсынады. – Сөзжұмбақты шешіңдер. Жауаптары: наурыз, тамыз, ақпан қыс, тəулік. | Ғылыми күнделікте тапсырма орындайды, қорытынды жасайды. Бір жылда 12 ай, 365 күн бар. Жыл қаңтар айынан басталады. Бір айда (ақпаннан басқа) 30 не 31 күн бар. Бір аптада 7 күн бар. Аптаны соңғы күні – жексенбі . Бір тəулікте 24 сағат бар. | Оқушылардың дəптердегі жұмысын көреді. ҚБ: «Ду қол шапалақ». Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді. | Ғылыми күнделік, түрлі түсті қарындаштар, қалам. | |
| Үстелүсті күнтізбесін жасаңдар. | | | |
Оқылған материал бойынша оқушыларға сұрақ қояды:
| Сұрақтарға жауап береді, Зерделенген материалды еске түсіріп, қорытындылайды. | ҚБ: «Жеңіс тұғыры». Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды. | | |
Мұғалім балаларға өз жұмысын бағалауды ұсынады. Жұлдыздарды тиісті түске бояңдар:
| Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды. | ҚБ: «Жұлдыздар». Оқушылардың əрекеттерін өзіндік бағалау. | Ғылыми күнделік, түрлі түсті қарындаштар. |
|
| | Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын қалай түсінгенін, меңгергенін бағалайды. | |
№ 22 сабақ
Бөлім | Жер жəне ғарыш | |||||
Педагогтің аты-жөні | | |||||
Күні | | |||||
Сыныбы | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан? | |||||
Оқу бағдарламасына сəйкес оқыту мақсаттары | 2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру;
| |||||
Сабақтың мақсаттары | Ғарыштағы қашықтың ерекшеліктерімен танысу, бақылау жүргізуді үйрету. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңдері | Педагогтің іс-əрекеті | Оқушының іс-əрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
І. Сабақтың басы (10–12 мин) | Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату. Оқушылардың оқу үдерісіне қосылуы үшін жағдай жасайды. Жасырылған сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндіруді ұсынады. Жауабы: шоқжұлдыз. | Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады. Сабақ тақырыбын талқылайды. Болжамдарын айтады. | Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды. | | ||
– Сабағымыздың тақырыбы – осы. Сабақтың соңында жетуге тиіс мақсатты айтайық. | Сабақтың мақсатын дауыстап айтады. | | Оқулық |