Файл: Саба Мерзімі Саба таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 174

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жинақтау.

Үй тапсырмасын талқылау:

Үй тапсырмасын оқушылардың дәптерлерін жинап алып тексеремін.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  2. Енгізу/шығару операторлаын ата?

  3. Шығару операторлары write және writeln екеуінің айырмашылығы бар ма? Неде?

  4. Ал енгізу операторларында ше?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:

2 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. Tурбо Паскаль бағдарламалау тілінің ерекшеліктеріне қарай символдар қандай топтарға жіктеледі.

2. Мәліметтердің қандай типтері бар.

3. Арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

а) ә)

4. Паскаль тілінде жазылған өрнекті математикалық тілде жазыңдар:

sqrt(a+b)+abs(1/(1/3-1))-sqrt(a-b)/a*b+x/(a+2b)

5. Табаны үшбұрыш болатын пирамиданың көлемін табу.

Қажетті формулалар:

V=S*h/3; p:=(A+B+C)/2; S:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c))
ІІ нұсқа
1. Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?

2. Стандартты функцияларды ата, қандай қызмет атқарады?.

3. Арифметикалық өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

а) ә)

4. Паскаль тілінде жазылған өрнекті математикалық тілде жазыңдар:

a*b/(c+d)-(c-d)/d*(a+d)-1+sqrt(cos((x+y)/2))
5. Ойық конустың толық беті мен көлемін табу:

Қажетті формулалар:

S=p(R+r)L+p(R2+r2); V=1/3P(R2+r2+Rr)h; L:=sqrt(sqr(h)+sqr(R-r))
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Бақылау жұмыстарын сабақтың аяқталуына 5 мин қалғанда жинап аламын.
Сонымен,

  1. Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не және олар қалай қолданылады?

  2. Тіктөртбұрыш және эллипс блоктары қандай мағына береді?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр









Үй тапсырмасы:

Тақырыпты қайталау.

13 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Логикалық амалдар(DIV, MOD) және стандартты функциялар.

Сабақтың мақсаты: Алгоритмдік тілде қолданылатын қызметші сөздердің орнын операторлармен алмастыра отырып Паскаль тілінде бағдарламаны өз кезеңдері бойынша дұрыс құруға дағдыландыру. Сызықтық алгоритм ұғымдарымен және операторларымен таныстыру, жазылу структурасымен практикалық жұмыстар (есептер шығару) жасау арқылы меңгерту.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:

  1. Оператор дегеніміз не?

  2. Операторлардың қандай түрлері бар?

  3. Меншіктеу операторы арқылы қандай өрнектерді жазуға болады?


Жаңа тақырыпты түсіндіру:
mod және div қолданыста келесі нәтижеге ие:

91 div 8 =11

91 mod 8 = 3

яғни, mod және div операциялары тек бүтін типті айнымалы мен тұрақтыларда орындалады.
Тек бүтін сандардан құралатын есепті шешуде mod және div әрекеттерін қолдану ыңғайлы болады. Мысал ретінде банкоматтын жұмысын қарастырайық. Банкомат клиентке қажетті ақша көлемін беру керек болады, бұл жағдайда ол купюрлерді аз көлемде қолдану керек болады. Банкоматта 500, 100, 50 және 10 теңгеліктер болсын. Онда берілген есептің алгоритімі келесі жолмен құрылады. Алдымен бағдарлама клиентке қажетті теңге көлемін ендіруді сұрайды (банкоматта майда ақша болмағандықтан 10 теңгеден төмен сұрамауын талап етеміз). Сосын бұл көлемді 500- ге бөлеміз. Қалған қалдықты 100-ге бөліп 100 теңгеліктен нешеуі керек екендігін анықтаймыз. Ұқсас жағдайда 50 теңгеліктердің қаншасы керек екендігін анықтаймыз. Қорытындысында 50-ге бөлгеннен қалған қалдықты 10-ға бөліп 10 теңгеліктердің нешеуі керек екендігін анықтаймыз. Нәтижесінде банкноттардың саны мейлінше аз пайдаланылады.

Егер, мысалы 1470 теңгені қанша купюрде бере аламыз, алдымен берілген көлемді 500-ге бөліп қалдықты анықтаймыз:

1470 div 500=2; 1470 mod 500=470

Бізге сұралған көлем екі 500 теңгеліктен құралатыны және қалған қалдық 470 теңге құрайтыны белгілі болды. Бұл көлемді 100-ге бөліп қалған қалдықты анықтаймыз:

470 div 100 = 4; 470 mod 100 = 70

Демек, бізге ең аз дегенде 100 теңгеліктен төртеуі қажет болады , ал 50 және 10 теңгеліктен берілетін ақша көлемі 70 теңгені құрайды екен. Ұқсас жағдайды қолданып бұл көлемді бір 50 теңгелік және екі 10 теңгелікпен бере алатынымызды есептедік.

Бағдарлама құру барысында келесі айнымалылар қолданылады: sum- клиентке берілетін көлем, k500 - 500 теңгелік купюрлер саны,

k100 - 100 теңгелік купюрлер саны, k50 - 50 теңгелік купюрлер саны, k10 - 10 теңгелік купюрлер саны, vspom - бөлу барысында қалған қалдықты құрайтын қосымша айнымалы.

Бағдарлама түсінікті болу үшін комментарилерді қолданайық.

Program bankomat;

var

sum, k500,k100,k50,k10, vspom:integer;

begin

writeln(’10-нан жоғары қажетті көлемді енгізіңіз’);

readln(sum);

k500:=sum div 500

vspom:=sum mod 500;

k100:=sum div 100

vspom:=sum mod 100;

k50:=sum div 50

vspom:=sum mod 50;

k10:=sum div 10

vspom:=sum mod 10;

writeln(‘500 теңгеліктен қажетті банкноттар саны – ’k500 );

writeln(‘100 теңгеліктен қажетті банкноттар саны –’k100);

writeln(‘50 теңгеліктен қажетті банкноттар саны –’k50);

writeln(‘10 теңгеліктен қажетті банкноттар саны –’k10);

readln

end.
Нәтижесі:

10-нан жоғары қажетті көлемді енгізіңіз

3280

500 теңгеліктен қажетті банкноттар саны – 6

100 теңгеліктен қажетті банкноттар саны – 2

50 теңгеліктен қажетті банкноттар саны – 1

10 теңгеліктен қажетті банкноттар саны – 3
Тақырыпты бекіту:

Деңгейлік тапсырмалар:

  1. Вычислить значение выражения:

3*7 div 2 mod 7/3-trunc(0.89)

  1. Вычислить значение выражений:

  1. 20 div 6

  2. 20 mod 6

  3. 20 mod 4

  4. 2 div 5

  5. 123 div 0

  6. 3.0 mod 3

  1. Присвоить переменной у сумму цифр натурального трехзначнего числа k.

  2. Записать данное трехзначное натуральное число в обратном порядке. Например 456 - 654

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Сонымен, балдар:

    1. int стандартты функциясы мен div арифметикалық амалының айырмашылығы неде?

    2. mod арифметикалық амалын қандай мақсатта қоланамыз?


Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр









Үй тапсырмасы:

  1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысын есептендер.

  2. Үш таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысын есептендер.



14 Сабақ

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:«Информатика әлеміне саяхат»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке шығармашылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: топ бойынша жұмыс.
Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (10 мин)

Сынып алдын ала екі топқа бөлінеді.

Саламатсындарма оқушылар! Біздің бүгінгі сабағымыз кезекті сабағымыздан бөлек сайыс түрінде өтіледі. Олай болса балдар, осы уақытқа дейін алған білімімізді қысылмай, асықпай, сабырлықпен бүгінгі сабағымызға келген қонақтарымызға көрсетейік. Жарай ма?

Жарайды, бүгін сыныпта кезекші кім айта ғой. (Сынып оқушыларын түгелдеймін)
Сайыстың кезеңдерімен бір танысып өтейік:

Жоспар:

І-кезең. Таныстыру (топ аты, эмблема) (2 мин )

ІІ-кезең. «Сұрақ жауап» (әр топтан екі оқушы) (5 мин)

ІІІ-кезең. «Ия немесе жоқ» (әр топтан бір оқушы) (5 мин)

IV-кезең. «Кімдер жылдам» (топ бойынша жүмыс) (5 мин)

(Компьютер іске қосылады)

V-кезең. 1) «Кім епті» (топ басшылар жарысы) (10 мин)

2) «Кім білімпаз» (топ мүшелері)

VI-кезең. Қорытынды. (Венн диаграммасын қолдану) (5 мин)

VII-кезең. Үй тапсырмасы. (3 мин)

IX-кезең. Бағалау.
Сайысымызды бастамас бұрын сайыс барысында тәртіп орнатып отыратын, өзінің әділ бағасын беретін, есептеу жұмыстарын жүргізіп отыратын «Компьютермен» таныс болайық:

8А-сынып оқушысы:
Ендеше, оқушылар іске сәт. Сайысымызды бастайық.

І-кезең. Таныстыру (топ аты)

Берілетін уақыт 2 минут.
Топтармен таныс болдық, олай болса келесі «Сұрақ жауап» кезеңіне көшейік. Ортаға әр топтан екі оқушыдан шықсын. (5 мин)

Сұрақ оқылып болған соң жауап беру үшін қолдарындағы түрлі түсті тақтайшаны көтересіндер, тақтайшаны алғаш көтерген оқушы алғаш жауап беру құқығына ие болады, жауап дұрыс болмаған жағдайда сол топтын екінші оқушысының жауап беру мүмкіндігі бар. Екінші мүмкіндікті пайдаланып дұрыс жауап берген топқа ұпайдың жартысы беріледі.


/ Сұрақтар: Техника қауіпсіздігі, ЭЕМ құрылғылары, санау жүйесі, ақпарат өлшем бірліктері, алгоритм, есепті ЭЕМ-де шешу кезеңдері тақырыптары бойынша /

Рұқсатсыз жауап берген оқушының жауабы қабылданбайды. /

/ Әр дұрыс жауап - 2 ұпай, барлығы 10 сұрақ /

«Сұрақ жауап» (әр топтан екі оқушы) (5 мин)

  1. Экраннан қандай қашықтықта алшақ отыру керек? (60-70 см, кем дегенде 50см)

  2. ЭЕМ нің негізгі құрылғылары? (жүйелік блок, монитор, пернетақта және тінтуір)

  3. Ақпаратты еңгізу құрылғылары және олар қандай ақпаратты еңгізеді? (пернетақта-әріптік-сандық , мәтіндік; сканер-графикалық ; микрафон – дыбыстық)

  4. ЭЕМ –нің даму тарихы қандай кезеңдерден тұрады? (Қол; Механикалық; Электромеханикалық; Электрондық)

  5. Санау жүйесі дегеніміз не? түрлері? (сандардың белгілі бір тәртіп бойынша орналасуы. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық)

  6. ОЖ дегеніміз не? Түрлері? (командалық, терезелік)

  7. Алгоритм дегеніміз не?

  8. Windows ОЖ негізгі элементі не? Түрлері? (терезе)

  9. Алгоритм қасиеттерін ата?

  10. Есепті ЭЕМ-де шешу барысында Есептің құрылымы кезеңінің маңызы неде?


Келесі, 3-кезең «Ия немесе жоқ» Ортаға әр топтан бір оқушыдан шықсын. (5 мин)

Бұл кезеңде оқылған сұрақты мұқият тыңдап сол сұраққа келісетіндеріңді не келіспейтіндеріңді қолдарындағы «Ия» немесе «Жоқ» деген жазулары бар тақтайшаларының бірін жоғары көтеру арқылы жауап береміз. Түсінікті ме?

/ Сұрақтар: ЭЕМ құрылғылары, ОЖ, санау жүйесі, ақпарат өлшем бірліктері, алгоритм тақырыптары бойынша /

Ауызша жауап берген оқушының жауабы қабылданбайды.

/ Әр дұрыс жауап - 1 ұпай, барлығы 15 сұрақ /
Сұрақтар: (5 мин)

  1. Принтер баспа құрылғысы. (Ия)

  2. 1 килобайт 8 битке тең (Жоқ)

  3. Компьютер екілік санау жүйесінде жұмыс істейді. (Ия)

  4. ОЖ бұл адам мен компьютер арасында байланыс орнатушы жүйе. (Ия)

  5. СD дискінің көлемі 1,44 Мбайт. (Жоқ)

  6. Монитор ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы. (Ия)

  7. Екілік санау жүйесі 0 мен 9 аралығындағы сандардан тұрады. (Жоқ)

  8. Пернетақта әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы. (Ия)

  9. Терезе бұл жақтаушалармен шектелген үшбұрышты аймақ. (Жоқ)

  10. 1 мегабайт 1024 килобайтқа тең (Ия)

  11. Процессор ақпаратты шығару құрылғысы. (Жоқ)

  12. Дискжетек Флеш карталарды оқитын құрылғы. (Жоқ)

  13. 8 бит 1 байтқа тең. (Ия)

  14. Enter бұл ақпаратты жою пернесі. (Жоқ)

  15. Файл атауы 1-ден 255 ке дейінгі символдардан құралады. (Ия)