ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 175
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мысалы, a=0.452, b=25.12, c= 45.7896, d=7.126 сандарына формат тағайындау арқылы экранға шығару.
Program candar1;
var a,b,c,d:real;
begin
a:=0.452; b=25.12; c= 45.7896; d=7.126
Writeln(‘a=’,a);
Writeln(‘b=’,b:7:2);
Writeln(‘c=’,c:1:4); {M кем, оның үлкейгенң көреміз}
Writeln(‘d=’,d:3:2); {N кем, сан дөңгелектенеді}
end;
Нәтиже:
a:=4.5200000000E-01
b:=25.12
c:=545.7896
d:=7.2
Writeln; - операторы параметрсіз жазылса бір бос жол қалдырылып, келесі программаның нәтижесі шығатын жолына курсорды көшіреді. Шығару операторына қатысты мысалдарды 4-кестеден көре аласыз.
Мәліметтерді экранға шығару мысалдары
Берілгендер | Шығару операторының жазылуы | Нәтиже |
a=-7.86 | WriteLn(‘a=’, a:5:1) | a= -7.9 |
x=25.9014 | WriteLn(‘x=’, x:4:0) | x=26 |
x=25.014 | WriteLn( x:5:1) | 25.0 |
b=-7.86 | WriteLn(‘b=’, b:0:0) | b=-8 |
d=5.0 | WriteLn(‘Ұзындық=’, d:2:0) | Ұзындық=5 |
d=5.0 | WriteLn(‘d=’, d:0:0) | d=5 |
a=-7.86 d=5.0 | WriteLn(a:0:0‘_ _ _ _’, d:0:0) | -8 5 |
c=2; k=3 | WriteLn(c,k) | 23 |
a=’Сәлем’ | WriteLn( a) | Сәлем |
| WriteLn(‘Информатика’) WriteLn; WriteLn(‘*Turbo Pascal*’) | Информатика Turbo Pascal |
a=12, b=5 | WriteLn(‘a=’, a); WriteLn(‘b=’,b); | a=12 b=5 |
4-кесте
Мәліметті экранға шығару үшін Writeln командасынын орнына Write командасын да қолдануға болады айырмашылығын төмендегі мысалдарда көрсетілген.
Бағдарламада «Біз бағдарламалауды үйренеміз» мәтіні шығатын болсын. Егер Write операторын қолданлсақ:
Write(‘Біз’);
Write(‘бағдарламалауды’);
Write(‘үйренеміз’);
Онда бағдарлама орындалғанда нәтижесінде барлық сөздер бір қатарда жазылады:
Біз бағдарламалауды үйренеміз
Егер осы үш сөзді Writeln операторының көмегімен ендірсек:
Writeln(‘Біз’);
Writeln(‘бағдарламалауды’);
Writeln(‘үйренеміз’);
Нәтижесінде сөздер жеке – жеке жаңа қатардан басталып жазылатын болады:
Біз
бағдарламалауды
үйренеміз
Мәліметтерді еңгізу.
Программада орындалатын алғашқы іс-әрекет берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу – программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадысына өңдеуге жіберу болып табылады. Енгізудің негізгі құрылғысы- пернетақта және дискілік файл. Turbo Pascal-да берілгендерді енгізуге read – «оқу», readln (read line) «жолды оқу» операторлары қолданылады. Енгізу операторының жалпы жазылуы:
Read(x1,x2,…,xn);
Readln(x1,x2,…,xn);
Мұндағы: x1,x2,…,xn – мәні пернетақтадан енгізілуге тиісті айнымалылар тізімі.
Енгізу операторы орындалғанда программаның орындалуы уақытша тоқталады. Тізімде көрсетілген айнымалалардың сандық мәні пернетақтадан теріліп, Enter пернесі басылғанда орындалуы әрі қарай жалғасады. Тізімдегі айнымалалар санынан енгізілген мәндер саны кем болмауы керек.
Айнымалылар мәнін енгізгенде арасына бос орын қоямыз немесе Tab және Enter пернелерін қолданамыз.
Қолданушы пернеліктақта арқылы еңгізген кез – келген екі саннын қосындысын есептейтін бағдарлама құрайық. Бағдарламада жеке айнымалыларды сипаттайтын Readln операторы екі рет қолданылады:
Readln(a);
Readln(b);
Бағдарламаны орындауға жіберген кезде қара экранда тек жылтылдаған курсор ғана көрінеді, қолданушы екі бүтін сан енгізіп «Enter» пернесін басуы қажет. Бұл бағдарлама жақсы орындалғанымен өзге қолданушы қолданған кезде жазуы жоқ қара экран түсініксіз болады, сондықтан бағдарламаны толықтырайық. Еңгізу операторларының алдына қолданушыға орындау керек шарттарды айтып отыратын мәлімет жазылған шығару операторларын жазайық. Мысалы:
Writeln(‘екі сан ендіріңіз’);
Writeln(‘санды ендіргеннен кейін «Enter» пернесін басыңыз ’);
Қолданушы алғаш рет компьтерде жұмыс істеген жағдайда да оған барлығы түсінікті болады. Бағдарламадағы тағы бір ерекшелік ол, шығару операторының соңынан тағы бір бос Readln операторының жазылуы. Бұл жағдайда бағдарлама орындауға жіберілген мезетте Debug меню қатарындағы User screan немесе Output командаларының көмегісіз қара экран шығады.
Program summa;
Uses crt;
var
a,b,c:integer;
begin
clrscr;
writeln(‘екі сан ендіріңіз’);
writeln(‘санды ендіргеннен кейін «Enter» пернесін басыңыз ’);
readln(a);
readln(b);
c:=a+b;
writeln(‘екі санның қосындысы’ , c);
readln
end.
Нәтижесі:
екі сан ендіріңіз
санды ендіргеннен кейін «Enter» пернесін басыңыз
42
25
екі санның қосындысы 67
Енгізілген айнымалылар мәні типіне сәйкес болуы қажет.
Мысалы: y=2i+g функциясын есептеу программасы берілсін;
Program esep;
Var y,i:integer;
g:real;
begin
readln(i,g);
y:=2*i+g;
writeln(‘y=’,y)
end.
Программаның басында сипатталғандай і тек бүтін сандарды қабылдай алады. Ал, g айнымалысына нақты сандармен қатар бүтін сандарды енгізуімізге болады. Себебі, нақты сан құрамына бүтін сан енетін болғандықтан, бүтін санды компьютер нақты санға айналдырып алады. Бұл программадағы қатені: y-ті есептеу өрнегінде g айнымалысының мәні нақты болса, нәтиже де нақты. Сондықтан y айнымалысының мәні типіне сәйкес емес.
Егер, мәндерді енгізуде тип сәйкессіздігі болса экранға төмендегідей қате хабарланады: Error 106:Invalid numeric format (Қате 106: сандық формат дұрыс берілмеген).
Тақырыпты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар:
Төменде берілген өрнектердің блок-схемасын және бағдарламасын құрыңдан:
a) x=4a+5b+sin60 ә) б)
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
-
Мәліметтерді енгізу кезінде қандай операторларды қолданамыз? -
Мәліметтерді шығару үшін қандай операторларды қолданамыз? -
Error 106:Invalid numeric format бұл нені білдіреді? -
Синтаксисті қате жіберсек қандай хабар шығады екен?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы:
-
Кубтың а қабырғасы белгілі, кубтың көлемін анықтандар. -
m массалы денені көтеру үшін қанша күш F күш жұмсалады. -
Үш бұрышты a,b,c үш қабырғасы белгілі, осы үшбұрыштың периметрін есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
№11 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Есеп шығару
Сабақтың мақсаты: Алгоритмнің құрылу түрлерімен тереңірек таныстыру. Алгоритмдік тілде қолданылатын қызметші сөздердің орнын операторлармен алмастыра отырып Паскаль тілінде бағдарламаны өз кезеңдері бойынша дұрыс құруға дағдыландыру. Сызықтық алгоритм ұғымдарымен және операторларымен таныстыру, жазылу структурасымен практикалық жұмыстар (есептер шығару) жасау арқылы меңгерту.
Үй тапсырмасын талқылау:
Үй тапсырмасын орындау барысында қандай қиыншылықтар туындағаны туралы сұраймын, түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:
-
Дано действительное число S-площадб квадрата. Составить программу определяющую его сторону и периметр. -
Дано действительное Р-периметр равностороннего треугольника. Составить программу по определению данного треугольника.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Осы уақытқа дейін біз аз көлемді сандармен жұмыс істедік енді, үлкен көлемді сандар құрайтын бағдарлама құрайық. Бұл бағдарлама мегабайт, килобайт, байт және битпен өлшенетін компьютердің оперативті жадысының көлемін анықтайды. Мұнда келесі қатынастар орындалады:
1 мегабайт = 1024 килобайт;
1 килобайт = 1024 байт;
1 байт = 8 бит
Бағдарламада mb –мегабайтты, kb – килобайтты, by – байтты және bit – битті сипаттайтын төрт айнымалылар қолданылады. Есептін қорытындысында үлкен көлемді сан алынатын болғандықтан бұл бағдарламада -32768 ден 32767 дейігі диапазондағы integer типінің орнына -2147483648 ден 2147483648 дейінгі диапазондағы longint типін қолданылған дұрыс.
Program memory;
Uses crt;
var
mb,kb,by,bit:longint;
begin
clrscr;
writeln(‘мегабайт бойынша оперативті жадының көлемін ендіріңіз’);
readln(mb)’
kb:=1024*mb; by:=1024*kb; bit=8*by;
writeln(‘жады көлемі’,kb, ‘килобайт’);
writeln(by, ‘байт’);
writeln(bit, ‘бит’);
readln
end.
Нәтижесі:
мегабайт бойынша оперативті жадының көлемін ендіріңіз
32
жады көлемі 32768 килобайт
33554432 байт
268435456 бит
Тақырыпты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар:
-
Дано два целых числа х и у. Составить программу, печатающую среднее арифметическое кубов этих чисел, а так же определить, на сколько исходные числа отличаются от найденного значения. -
Известна стоимость 1 кг конфет, печенья и яблок. Найти стоимость всей покупки, если купили Х кг конфет, У кг печенья и Z кг яблок. -
Клиент внес в банк Х рублей. Каждый месяц эта сумма увеличивается на У процентов. Сколько будет у клиента денег через два месяца, три месяца, через полгода?
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
-
Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын командалар жиыны қалай аталады? -
Егер командалар бірінен кейін бірі орындалса бұл алгоритмнің қай түрі? -
Алгоритм құруда паралелограмның мағынасы не?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
Аты-жөні
Балдық баға
Дәстүрлі баға
1
Алмаханов Нұрман
2
Зәуірбек Мағжан
3
Исмагулов Даурен
4
Қалдан Дархан
5
Кеңесбек Тұрғанбай
6
Көнебаев Бекжан
7
Мұңайтпас Гүлжан
8
Нұрхат Ерқанат
9
Орынбаева Анар
10
Өсербай Ардақ
11
Өсімжанұлы Ермек
12
Темірбектегі Нұржан
13
Төлеген Абілхайыр
Үй тапсырмасы:
Төменде берілген есептің алгоритмін блок-схема түрінде және бағдарламасын құрындар.
-
Дано действительное число а –сторона равностороннего треугольника. Составить программу, определяющую периметр и площадь данной фигуры. -
После уроков 4 ученика решали и отлаживали задачи на компьютере. Первый полностью отладил задачу за N минут (число вводится), все последующие тратили времени на 10 минут больше предыдущего. Сколько компьютерного времени им понадобилось?
№12 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Бақылау жұмысы.