Файл: Саба Мерзімі Саба таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 178

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

А) шығаруға Ә) ендiруге Б) өзгертуге В) өзгетпеуге Г) меншiктеуге
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


х-тің квадрат түбірі қай түрде жазылады?

А) sqrt(x) Ә) ln(x) Б) exp(x) В) sgr(x) Г) sqr(x)

  1. Турбо Паскаль жүйесі ........ құрайды

А) қолданбалы ортаны Ә) графикалық режимді

Б) тұрақтыларды В) мәтіндік редакторды

Г) файлдардан тұратын комплексті

  1. Аргументтің абсолют шамасы қай түрде жазылады?

А) artctg(x) Ә) abs(x) Б) exp(x) В) int(x) Г) franc(x)

  1. Объектiлердiң аттарының атауы

А) тұрақтылар Ә) қолданушының идентификаторы

Б) стандартты идентификаторлар В) идентификаторлар

Г) қызметшi сөздер

  1. Мәзір қатары неше бөлімнен тұрады

А) 6 Ә) 10 Б) 11 В) 9 Г) 5

  1. x санының бөлшек бөлігі қай түрде жазылады?

А) artctg(x) Ә) abs(x) Б) exp(x) В) int(x) Г) franc(x)

  1. x санының бүтін бөлігі қай түрде жазылады?

А) artctg(x) Ә) abs(x) Б) exp(x) В) int(x) Г) franc(x)

  1. Символдық шамалар мән ретiнде қабылдайтын әр бiр символ қандай белгi iшiне жазылуы тиiс

А) апостроф Ә) кiшi жақшалар Б) үлкен квадрат жақшалар

В) тырнақша Г) дұрыс жауап жоқ

  1. Айнымалылар мәні символдар топтамасынан құралса .......... деп аталады.

А) айнымалы Ә) тұрақты Б) бөлшек В) бүтін Г) қатар

  1. Label қандай тарауды бiлдiредi

А) таңбалар Ә) операторлар Б) айнымалылар В) типтер Г) тұрақтылар

  1. х-тің квадраты қай түрде жазылады?

А) sqrt(x) Ә) ln(x) Б) exp(x) В) sqr(x) Г) sgr(x)

  1. Турбо Паскальда жазылғн бағарламаның ең соңғы операторы:

А) for Ә) begin Б) end В) case Г) if

Жауаптар:


Тест №1

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

вариант

В

Б

В

Ә

А

В

А

Б

Г

Г

Ә

В

Ә

Г

В

А

Г

А

В

Б



Тақырыпты бекіту:

Сабақтың аяқталуына 15 минут қалғанда тест сұрақтарымен жауап парақтарын жинап аламын.
Сонымен :

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. х-тің квадраты Паскаль тілінде қалай жазылады?

  3. Var қандай тарауды бiлдiредi?

  4. Идентификатор дегеніміз не?

  5. Есептеуіш техникасы қандай санау жүйесінде жұмыс істейді?


Үй жұмысында қате жіберген оқушыларды тақтаға шығады, қалғандары сол есепті орындарында отырып орындайды.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:

Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі


Р/с

Аты-жөні

Балдық баға

Дәстүрлі баға

1

Алмаханов Нұрман







2

Зәуірбек Мағжан







3

Исмагулов Даурен







4

Қалдан Дархан







5

Кеңесбек Тұрғанбай







6

Көнебаев Бекжан







7

Мұңайтпас Гүлжан







8

Нұрхат Ерқанат







9

Орынбаева Анар







10

Өсербай Ардақ







11

Өсімжанұлы Ермек







12

Темірбектегі Нұржан







13

Төлеген Абілхайыр








Үй тапсырмасы:

Паскаль тілінің алфавиті мен құрылымы. Стандартты типтердің сипатталын жаттау.

10 Сабақ

Мерзімі:

Сабақ тақырыбы: Сызықтық алгоритм. Мәліметтерді енгізу шығару операторлары.

Сабақтың мақсаты: Алгоритмнің құрылу түрлерімен тереңірек таныстыру. Алгоритмдік тілде қолданылатын қызметші сөздердің орнын операторлармен алмастыра отырып Паскаль тілінде бағдарламаны өз кезеңдері бойынша дұрыс құруға дағдыландыру. Сызықтық алгоритм ұғымдарымен және
операторларымен таныстыру, жазылу структурасын практикалық жұмыстар (есептер шығару) жасау арқылы меңгерту.

Үй тапсырмасын талқылау:

1. x санының бөлшек бөлігі қай түрде жазылады?

2. Тұрақтыны анықтау үшiн қолданылатын қызметшi сөз

3. х-тің квадрат түбірі қай түрде жазылады?
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:

1. Алдын ала мағынасы анықталған тiлдiң құрамының бiр бөлiгi болып табылатын сөздердiң атауы.

2.Label қандай тарауды бiлдiредi

3. Паскаль тілінде abs қандай мағына береді?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қ олданушы Паскаль тілінде бағдарлама құрылымы қалай құрылатындығы жайында толық мәлімет алғаннан кейін, осы бағдарламада өз бетінше бағдарлама құруға дайын болады. Бұл бағдарлама сіздің компьютеріңіздің экранына мағыналы бір мәтін шығару керек болады. Мысалы, «Менің алғашқы бағдарламам». File New бағыты бойынша жаңа файл құрыңыз, File Save as , бағыты бойынша «pervprog.pas» атауын беріңіз. Пернеліктақтадан бағдарлама мәтінің теріңіз (2.4-сурет). Көк экранда терілген қызметші сөздер (Program, begin, end т.б.) дұрыс терілген жағдайда сары түстен ақ түске өзгереді. Бағдарламада терген мәтінді толығымен қарастырайық. Бағдарлама төрт қатардан құралғандықтан бұл бізге қиынға соқпайды.

Бірінші қатар бағдарлама тақырыбы міндетті түрде Program қызметші сөзінен басталады. Бос орыннан кейін бағдарлама атауы жазылады (біздің жағдайда ол pervprog). Бағдарламаның негізгі бөлімі begin қызметші сөзінен басталады. Бұл жағдайда Writeln қызметші сөзі мен жақша ішіндегі экранға шығарылатын мәтіннен құралған жалғыз оператор қолданылған. Жақша ішіндегі апострофқа алынған мәтін Паскальда тұрақты ретінде қабылданады, мұнда апострофтан басқа кез – келген символдармен орыс әріптерінде жазуға болады Бағдарлама бағдарлама соңын білдіретін соңынан нүкте қойылған end қызметші сөзімен аяқталады.

Бағдарлама мәтіні теріліп қатқыл дискте сақталғаннан кейін оны орындауға жіберуге болады. Ол үшін біз мәзір қатарындағы Run бөліміндегі аттас команданы немесе Crtl+F9 пернелерін қолданамыз. Компиляция кезінде кезекті бағдарлама мәтінінен қате табылған жағдайда экранда қате кеткен қатар мен сол қатені сипаттаған қызыл жолақ пайда болады. Мысалы, егер сіз мәтіндік қатарды апострофпен жабуды ұмытсаңыз, эранда келесі мәлімет шығады:


Error 5: Syntax error (бұл жәй «синтаксикалық қате» дегенді білдіреді)

Егер де сіз end қызметші сөзінен кейін нүкте қоюды ұмытсаңыз экранда келесі анықтама шығады:

Error 10: Unexpected end of file

Қатені туралаған соң қайтадан орындауға жіберіңіз, бағдарлама жылт етсе орындалғанды білдіреді. Бірақ нәтижені біз көре алмаймыз, көру үшін менюдің Debug бөліміндегі Output командасын қолданамыз. Егер жауапты толық экранда көргіңіз келсе сол бөлімдегі User screen командасын немесе Alt+F5 пернелерін қолданамыз.

Мәліметтерді шығару - компьютердің жедел жадысындағы өңделген мәліметтерді сыртқы құрылғыларға (экран, принтер) беру. Turbo Pascal-да мәліметтерді экранға шығару үшін write «жазу», writeln (write line) «жолды жазу» операторы қолданылады. Бұл операторлардың жалпы жазылуы мына түрде:

Write(y1,y2,…,yn);

Writeln(y1,y2,…,yn);

Мұндағы: y1,y2,…,yn - сандық мәні экранға шығарылатын айнымалылар тізімі. Шығарылатын мәліметтер туралы түсініктеме тексті апостроф ішіне жазса да болады.

Мысалы, есептелген фигура ауданы 25-ке тең болса, шығару операторы мына түрде жазылса Writeln(‘Аудан=’,S). Экранға шыққан нәтиже Аудан=25 түрінде болады.

Сонда, мәліметтерді экранға шығару операторы орындалғанда апостроф ішіндегі түсініктеме текст өзгеріссіз шығады. Ал, тізімдегі айнымалылардың орнына олардың сандық мәні экранға беріледі.

Егер, шығару операторына өрнек берілсе өрнек есептелініп, соңғы нәтиже экранға шығады. Мысалы, берілген а,в,с, үш санның қосындысын және көбейтіндісін есептеу программасын жазайық.

Program candar;

var a,b,c:integer;

begin

a:=5; b:=2; c:=3;

Writeln(‘қосынды=’, a+b+c);

Writeln(‘көбейтінді=’, a*b*c);

end.

Бұл келтірілген программаның нәтижесі:

қосынды= 10

көбейтінді=30

Шығару операторын қолдануда бүтін типті айнымалылардың мәніне қанша орын қажет болса, сонша орын бөлінеді. Содықтан, бүтін сандарды экранға шығаруда қиыншылықтар тумайды. Ал, экранға шыққан нақты сандар экспоненциал түрінде берілетіндіктен, мұндай нәтиже кез-келген адамға түсінікті болмайды. Сол себепті нақты (real, single, double, extended, comp) типті мәндерді экранға бергенде, оларға шығару форматын тағайындаған дұрыс.

Шығару форматының жазылу:

Write(y1:M:N,y2:M:N,…,yn:M:N);

Writeln(y1:M:N,y2:M:N,…,yn:M:N);

Мұндағы: М-жалпы санға берілген орын; N-санның бөлшек бөлігіне берілген орын. M және N көрсеткіштері бүтін оң сандармен жазылады. Экранға шығатын санның алатын орнынан М кем берілсе бұл көрсеткіш үлкейеді. Ал, N аз болса сан дөнгелектенеді.