Файл: азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда мемлекеттік университеті жаратылыстану институты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 410
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
1.2 Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері
1.3 Нейрондық желілердің сәулеті
2.2 Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу
3.Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар
3.1 Нейрондық желі жеңілдету ережелері
3.2 Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар
4.Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы
4.1 Логикалық мөлдірліктің белгілері
4.2 Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы
5.Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері
5.1 Мәліметтердің файлдық құрылымы
7.Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер
2. Жасанды нейрондық желілер. Нейрондық желілердің элементтері.
3. Нейрондық желілердің сәулеті
Нейрондық желілердің элементтері
2. Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу.
Желіге кіріс сигналдарын беру және шығыс сигналдарын алу
Лекция №3. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар
1. Нейрондық желі жеңілдету ережелері.
2. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талап тар.
Нейрондық желі жеңілдету ережелері
Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар
Нейрондық желі жеңілдету ережелері.
Лекция №4. Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру. Нейрондық желілердің вербализациясы
1. Логикалық мөлдірліктің белгілері.
2. Желі логикалық мөлдір түрінің вербализациясы.
Нейрондық желілерді логикалық мөлдір түрге келтіру
Нейрондық желілердің вербализациясы
Лекция №5. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері
1. Мәліметтердің файлдық құрылымы.
Мәліметтердің файлдық құрылымы
Мәліметтердің файлдық құрылымы
Программаның объектілі-бағдарланған көрінісі
Лекция №7. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер
Объектілі-бағдарланған жобалау.
Тақырып №1-2. Копьютерлік желілер негіздері. Жасанды нейрондық желілер
Тақырып №5-6. Нейрондық желі жеңілдету ережелері. Элементтердің бейсызықтығына қойылатын талаптар
Тақырып №9-10. Мәліметтердің файлдық құрылымы. Кіріс және шығыс мәліметтері
Тақырып №13-14. Объектілі-бағдарланған жобалау. Кластар және объектілер
Қосымша әдебиеттер
-
Аналитические технологии для прогнозирования и анализа данных [электронный ресурс]: http://www.neuroproject.ru/neuro.htm
Бақылау сұрақтары:
-
Сымсыз желі және оның түрлері -
Сымсыз локальдық желілерде мәліметтерді тапсымалдаудың қанша түрі бар? -
Сымсыз мобильдік желі ортасы ретінде қандай желілердің жалпы қолданылу қызметтерін пайдалануға болады? -
Микротолқындық жүйеге қандай компоненттер кіреді?
Лекция 9. Біррангілік компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері. Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері. Тораптарды басқару мен талдау құралдарына шолу
-
Желілік операциялық жүйе (NOS, Nerwork Operating System). -
Желіні басқару программалық құралдары.
Лекция мақсаты: Біррангілік компьютерлік тораптарда қолданылатын желілік операциялық жүйелердің түрлері мен маңыздылығын, желіні басқару программалық құралдарын талдау.
Қарастырылатын негізгі сөздер: Сервер, біррангілік компьютерлік тораптар, желілер архитектурасы, желілік операциялық жүйе, желі администраторы, жұмыс станциясы, трафик және т.б.
Бөлінген сервері болмаса, онда желі біррангілік компьютерлік тораптардеп аталады.
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдар:
-
желілік операциялық жүйеден, -
желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялық жүйе (NOS, Nerwork Operating System)-желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Олқелілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағвлап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауд(маршруттауды), желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып ,керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады.Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орнласады да,қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап,ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады.Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып,каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп,желіні басқару функциясын жүзеге асырады.Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server,Novell Netware,Banyan Vines тәрізділер жатады.
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желінің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Желілік операциялық жүйе бағдарламалық жабдығы екі негізгі компоненттен тұрады: клиенттің БЖ және сервер.
Сервер арқылы желі администраторы қолданушы мен желіні басқарады. Оның мүмкіндігі:
• Желі қолданушы тізіміне жаңа қолданушыларды қосу;
• Желінің жеке қолданушыларына мүмкіндіктер беру және оларды алып тастау;
• Қолданушы тізімінен белгілі бір қолданушыларды өшіру.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау,басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады.Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын,желіні жеке иеленудің (TCO Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді.Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сиқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары администраторларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы туындайтын қиындықтырдың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгерулерден сақтайды. Желі администраторлары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады
,тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
-
Біррангілік компьютерлік тораптар. -
Желілік операциялық жүйелер жәнежеліні басқару программалық құралдары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет
-
Ефимов, Д.В. Нейросетевые системы управления [Текст] / Д.В. Ефимов. – М.: Высшая школа, 2002. — 184 с. -
Каллан, Р. Основные концепции нейронных сетей [Текст] / Р. Каллан. – М.: Вильямс, 2001. — 288 с.
Қосымша әдебиеттер
-
Аналитические технологии для прогнозирования и анализа данных [электронный ресурс]: http://www.neuroproject.ru/neuro.htm
Бақылау сұрақтары:
-
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты программалық құралдарды атаңыз -
Желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал қалай аталады? -
Желілік операциялық жүйе қандай қызмет атқарады? -
Желіні толықтыру және күрделендіру барысында қандай қадағалау (мониторинг) жабдықтары қолданылады?
Лекция 10. Нейрокомпьютерлер және жасанды нейронды желілер. Нейронды желілердің, ақпаратты-логикалық өңдеулердің әмбебап құралы ретіндегі қосымша артықшылықтары
-
Нейрокомпьютерлер және жасанды нейронды желілер. -
Нейронды желілердің, ақпаратты-логикалық өңдеулердің әмбебап құралы ретіндегі қосымша артықшылықтары.
Лекция мақсаты: Нейрокомпьютерлер көмегімен стандартты емес есептерді шешудің стандартты тәсілдерін зерттеу және нейронды желілердің артықшылықтарын қарастыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: Нейрокомпьютер, нейронды желілер, модельдеу, сызықтық аппроксимация, бағдарламалық орта және т.б.
Нейрокомпьютерлер көптеген стандартты емес есептерді шешудің стандартты тәсілдерін береді. Нейронды желілер жоғары параллельді компьютерлер үшін бағдарламалық жабдықтарды тиімді құруға мүмкіндік береді. Жоғары параллельді машиналар үшін өзекті мәселе: оларды қалай тиімді қолдану керек, қалай оның барлық элементтері, ешқандай қайталаусыз тиімді есептеулер жүргізеді? Нейрондық желілер базасында математикалық есебін құру арқылы, көптеген класс есептері үшін бұл мәселені шешуге болады.
Нейронды желілердің, ақпаратты-логикалық өңдеулердің әмбебап құралы ретіндегі қосымша артықшылықтары мынадай:
1. Нейронды желілер өз табиғатында сызықсыз болғандықтан, төтенше қиын тәуелділіктерді модельдеуде ауқымды мүмкіндіктерге ие. Бірнеше жылдар бойы көптеген салаларда модельдеудің негізгі тәсілі сызықтық модельдеу болып келді, себебі ол үшін тиімділік процедуралары жақсы өңделді. Сызықтық аппроксимация қанағаттандырылмайтын есептерде сызықтық модельдер тиімсіз. Сонымен қатар, нейронды желілер «өлшем» ұғымымен жақсы үйлеседі, ал айнымалылар санының үлкен жағдайында сызықтық тәуелділіктер модельденбейді;
2. Нейрондық желілерді қолданушы бастапқы берілгендерді таңдап алады, содан соң автоматты түрде берілгендер құрылымын қабылдайтын оқыту алгоритмін қосады. Бұл жағдайда қолданушыдан берілгендерді қалай таңдау және дайындау, желінің қажетті құрылымын таңдау және нәтижелерді интерпретациялау үшін белгілі бір эвристикалық білім жиынтығы талап етіледі.
Қазіргі дербес ЭЕМ-дердің жеткілікті есептеу мүмкіндіктеріне байланысты, олардың негізінде тек демонстрациялық жасанды нейрожелілер ғана емес, едәуір күрделі практикалық құнды есептерді шешуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге болады.
Біріншісі: белгілі бір ортадағы есептерді шешуге бағытталған жасанды нейрожелілер көптеген бағдарлама-эмуляторлары арқылы берілген. Мұндай бағдарламалық орта деп мыналарды айта аламыз: Cube200, NeuroOffice, негізінен кең көлемді берілгендерді жедел талдауға арналған, NeuroShell2, экономика-қаржылық талдау есептерін шешу үшін қолданылады, SOM, Neural Net Wisard және басқа да көптеген түрлері бар.
Екінші бағыт: жасанды нейрожелілердің нақты ортадағы есептеулерінің барлық мүмкіншіліктерін бейнелейді және желінің өзі мен оның жұмыс жасауына қажетті компоненттерімен бірге нейрокомпьютердің сәулетін құраушы мамандандырылған орта болып табылады.
Үшінші бағыт: қазіргі кезде жеткілікті түрде дамыған. жасанды нейрожелілердің жұмыс құралының белгілі бір компоненті ретінде ендірілген кешенді пакеттер түрінде ұсынылады. Мысал ретінде Matlab математикалық есептеулер үшін қызмет жасайтын кешенді пакетті алуға болады. Жасанды нейрожелілердің нақты процестерінің ерекшеліктерін, олар үшін берілгендерді дайындауды және т.б. жасыра отырып, осы сияқты құралдар желілермен жұмыс жасау үшін ыңғайлы интерфейсті, жұмыс жасаудағы көрнекілік, соңғы нәтиженің қарапайымдылығын береді.
Matlab пакетінің түрлі нұсқалары ауқымды ортада сандық және аналитикалық түрлендірулерді, алдымен классикалық математикалық салада жүргізуге арналған. Біртіндеп Matlab кешенінің ядросы түрлі қолданбалы салада ақпараттық-логикалық тәжірибелер және есептеулер ұйымдастыру үшін қолданылды. Жасанды нейрожелілерді модельдеу құралы еркін құрылымды желілер мен баптау параметрлерімен кешенді есептеулер жүргізуге мүмкіншілік береді.