Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде емес) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 4сынып НрСлтан, 2019 дістемелік сыныстар малімге 4сынып білім алушыларына аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 213

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма №




Оқу жетістіктерінің деңгейі




Төмен

Орта

Жоғары

Шағын мәтіннің негізгі ойын анықтайды

Мәтіннің мазмұнына

және кейіпкерлердің ісәрекетін бағалауға қатысты сұрақтарға

жауап береді

1

Мәтіннің негізгі ойын анықтауда және мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.



Мәтіннің мазмұнына/ кейіпкерлеріне қатысты сұрақтарға жауап беруде /мәтіннің негізгі ойын анықтауда қателіктер жібереді.

Мәтіннің негізгі ойын анықтайды және мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.



Сюжетті суретті сәйкес сөйлемдермен толықтырады

Сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды

2

Сюжетті суретті сөйлемдермен толықтырып жазуда қиналады.



Сюжетке сәйкес сөйлем құрастыруда/ сөйлем құрылысын сақтауда қателіктер жібереді.



Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, суретті сәйкес сөйлемдермен толықтырады. .





11

І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)



  1. І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

    1. Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 18



    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма тыңдалым, екіншісі -айтылым, үшіншісі -оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Ортақ тақырыптар

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Менің Отаным - Қазақстан

Тыңдалым

4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну



Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

1

4

Айтылым

4.2.3.1* Белгілі бір тақырыптағы сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу



Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

2

Адами құндылықтар

Оқылым

4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің ісәрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?)

құрастыру және оған жауап беру



Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

1

5

Жазылым

4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен

толықтыру

4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1

5

Барлығы




4

18


13

4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

(оқыту қазақ тілінде емес)

Тыңдалым

1-тапсырма

Берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.

  • Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.

  • Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр.

  • Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.

  • Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!

  • Біз де қуаныштымыз!





1)Сәйкестендір.







1. Аружан

А) өз елінің атауын түсіндірді




2. Энди

В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты




3. Акира

С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты

[3]



2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта. А) Акираға қазақ халқы өте ұнады.

В) Огайо штатында қазір ауа райы салқын.

С) Аружан өз елінің елтаңбасы туралы айтты. D) Энди еліндегі асқар таулар туралы айтты.

[1]

Балл қою кестесі




Сөйлеу әрекеті




Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



  1. – С

  2. – А

  3. – В




3

Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.

А)




1



Барлығы




4




Айтылым

2-тапсырма

Жұптық жұмыс

Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында диалогке қатыс.

Тірек сөздер: тәуелсіз, ұлт, мемлекет, шаңырақ, кең дала, биік таулар, рәміздер, елді сүю, мақтан ету

[4]


Балл қою кестесі




Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Білім алушының ықтимал жауабы:

  • Ажар, біз бүгінгі сабақта Қазақстан туралы айттық. Қазақстан - өте үлкен, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның даласы кең, табиғаты өте әдемі, биік таулары бар. Ал сен еліміздің рәміздері туралы білесің бе?

  • Әрине, білемін. Олар: Елтаңба, Ту, Әнұран. Туымыз көгілдір түсті. Бұл бейбітшілікті білдіреді.

  • Иә, дұрыс айтасың. Ал елтаңбаның ортасында шаңырақ орналасқан. Ол – бірліктің белгісі. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Мен өз елімді сүйемін.

1

Тақырыпқа сәйкес баламалы диалог қабылданады.

Тақырып бойынша сұхбаттасына сұрақ қояды және жауап береді.

1

Тақырыпқа қатысты мәліметтерді қамтиды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1

Диалогтік сөйлеу мәдениетін, дауыс ырғағын сақтайды.

Барлығы

4



Оқылым

3-тапсырма

Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Ертеде әтеш пен тотықұс дос болыпты. Әтештің киімі әдемі болыпты. Ал тотықұстың әдемі киімі жоқ екен.

Бір күні тотықұс әтешке:

— Досым, мен бүгін қонаққа барамын. Маған әдемі киіміңді берші, – деді.

Әтеш досына өзінің әдемі киімдерін береді. Тотықұс әдемі қиініп, қонаққа кетеді.

— Егер ертең келмесем, дауыстап шақыр, – дейді ол әтешке.

Тотықұс көп уақыт бойы келмейді. Әтеш тотықұс естісін деп, қайта-қайта шақырады. Содан бері әтеш досы мен әдемі киімін іздеп, таңертеңнен кешке дейін шақыра береді екен.



  1. Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін белгілеп көрсет (1,2,3...)


Сөйлемдер

Реті

Әтеш тотықұсты іздеп, қайта-қайта шақырады.



Тотықұс әтешке келетін уақытын айтады.



Тотықұс әтештің әдемі киімдерін сұрайды.



[3]



  1. Сұраққа жауап жаз.

Тотықұс қандай дос? Неліктен?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

[2]

Балл қою кестесі




Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат





3

Дұрыс белгіленген әр сөйлемге 1 балл қойылады.

Білім алушының ықтимал жауабы:

Тотықұсты «нағыз дос» деуге болмайды. Өйткені ол досын алдап кетті/ Досына өтірік айтады

/ Өзінің айтқанын орындамайды / Нағыз достар алдамайды/...

1

Баламалы жауап нұсқалары қабылданады.

Сұраққа қатысты пікірін айтады.

1

Өз көзқарасын негіздейді. .

Барлығы

5



Жазылым

4-тапсырма

Суретті тиісті сөздермен толықтыр. Сурет бойынша «Автобуста» тақырыбына шағын әңгіме құрастырып жаз (5-6 сөйлем).



________________________________________________________________________________