Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде емес) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 4сынып НрСлтан, 2019 дістемелік сыныстар малімге 4сынып білім алушыларына аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 227
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
57
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды | 1 | мәтіннің тақырыбын анықтайды; | 1 |
мәтіннің мазмұнына қатысты сұраққа жауап береді; | 1 | ||
берілген сұрақттарға сәйкес ақпараттарды анықтайды:
| 1 1 1 | ||
Жазу барысында үндестік заңын сақтайды Сөйлемдер құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды | 2 | мәтіндегі оқиғаны жүйелі жалғастырып жазады; | 1 |
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды; | 1 | ||
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; | 1 | ||
жазу барысында үндестік заңын ескереді; | 1 | ||
лексика-грамматикалық нормаға сай жазады. | 1 | ||
Барлығы | | | 10 |
«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № | | Оқу жетістіктерінің деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |||
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды | 1 | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде және қажетті ақпараттард қиналады. | мәтіннен ы табуда | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде/ берілген ақпараттардың сәйкестігін анықтауда қателіктер жібереді. | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді және қажетті ақпараттарды табады. |
Жазу барысында үндестік заңын сақтайды Сөйлемдер құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды | 2 | Мәтіндегі оқиғаны жалғастырып жазуда қиналады. | Мәтінді толықтырып жазады, сөйлемдердің құрылымын/ үндестік заңын сақтап жазуда қателіктер жібереді. | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, мәтінді толықтырып жазады. |
59
- 1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 13
тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
-
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес)
-
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу-
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 18
-
-
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі – айтылым, үшіншісі – оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
№ | Ортақ тақырыптар | Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқу мақсаты | Тапсырманың сипаттамасы | Тапсырма саны | Жалпы балл |
1 | Болашаққа саяхат | Тыңдалым | 4.1.3.1* Тыңдалған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау | Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. | 1 | 5 |
Айтылым | 4.2.2.1 Берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. | 1 | 4 | ||
2 | Ғарышқа саяхат | Оқылым | 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/ белгі қойып оқу | Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар және ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. | 1 | 5 |
Жазылым | 4.4.2.1* Оқыған/ аудио/ бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу 4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру | Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды. | 1 | 4 | ||
Барлығы | | | 4 | 18 |
61
4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(оқыту қазақ тілінде емес)
Тыңдалым
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Елдос далада серуендеп жүрген. Кенет ол тоғай арасында жарқырап тұрған түрлі түсті оттарды байқады. Елдос ағаштардың арасымен ақырын барып қарады. Тоғай ішіндегі шағын алаңда үлкен тәрелкеге ұқсас бір ғажайып кеме тұр.
Бір кезде Елдос өзіне қарай келе жатқан екі өзге ғаламшарлықты көрді. Олардың бойы аласа, денесі ақшыл жасыл түсті, көздері үлкен екен. Елдос қатты қорықты. Бірақ олардың біреуі:
-
Сәлем, досым! Біз Шолпан ғаламшарынан келдік. Біз Жерге қарай ұшып келе жатқан үлкен метеоритті байқадық. Жерге үлкен қауіп төніп тұр. Мұны Жердегі
барлық адамдарға хабарлау керек, - деді.
-
Қалайша? Енді не істейміз? – деп айқайлап жіберген Елдос ұйқысынан оянып кетті.
-
Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?-
Елдостың түсі -
Ғажайып кеме -
Орманға саяхат -
Елдостың арманы
-
[1]
-
Өзге ғаламшарлықтар Жерге не себепті келіпті?
________________________________________________________________________
[1]
-
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
-
Елдос алаңда тұрған ____________________________________ көрді. -
Одан екі _______________________________________________ түсті. -
Олардың бойы аласа, _____________________________________.
[3]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
| А) | 1 | |
Жерге қарай ұшып келе жатқан метеорит туралы хабар беру үшін / Метеорит туралы айту үшін | 1 | Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады. | |
ғажайып кемені / тәрелкеге ұқсас кемені / ерекше кемені | 1 | ||
өзге ғаламшарлықтар / басқа ғаламшардан келген адамдар | 1 | ||
денесі ақшыл жасыл түсті, көздері үлкен | 1 | ||
Барлығы | 5 | |