Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде емес) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 4сынып НрСлтан, 2019 дістемелік сыныстар малімге 4сынып білім алушыларына аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 219
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
| | 1 | Сюжеттің мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер қабылданады. Суретті мазмұнына сәйкес сөйлемдермен толықтырады. |
Білім алушының ықтимал жауабы: Ербол мектепке күнде автобуспен барады. Бүгін де автобустағы бос орынға келіп отырды. Келесі аялдамадан автобусқа бір ата мінді. Ербол атаға орын берді. Атай Ерболға: «Рақмет, балам!Сен өте тәрбиелі бала екенсің», - деді. | 1 | Тақырыпқа сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Суреттің мазмұнына сәйкес мәтін құрайды. | |
1 | Мәтіннің құрылымын сақтайды. | ||
1 | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. | ||
1 | Лексика-грамматикалық нормаға сай жазады. | ||
Барлығы | 5 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
5. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Тыңдалым Айтылым |
Оқу мақсаты | 4.1.1.1* Анық айтылған сөзді тыңдап, қысқаша жазба (тірек сөздер) жасау және нақтылау мақсатында сұрақтар құру 4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты 1-тапсырма | 20 минут |
а) Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5-6 тірек сөз жаз.
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қаланың бұрынғы атауы – Яссы.
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы, моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ мұнда ыстық ауа мен салқын ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан – қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын қалалардың бірі.
Тірек сөздер: ____________________________________________________________________ b) Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастырып жаз.
-
____________________________________________________________________ -
____________________________________________________________________
с) Мәтінге сүйеніп, сөйлемді толықтырып жаз. Шығыс моншасындағы бөлмелердің есігі жоқ, бірақ мұнда___________________
______________________________________________________________________ 2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт.
Жоспар:
-
Көне Түркістан -
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі -
Шығыс моншасы
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтайды Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады | 1 | мәтін бойынша негізгі тірек сөздерді анықтайды; | 1 |
мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады: -бірінші; -екінші; | 1 1 | ||
сөйлемді сәйкес ақпаратпен толықтырады; | 1 | ||
Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды | 2 | мәтінді жоспарға сәйкес жүйелі мазұндайды; | 1 |
мәтіндегі негізгі ақпараттарды қамтиды; | 1 | ||
ойын жүйелі, еркін жеткізеді; | 1 | ||
сөйлемнің құрылымын сақтайды; | 1 | ||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | | | 9 |
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
23
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері | Оқылым Жазылым |
Оқу мақсаты | 4.3.1.1* Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/ шолып/ белгі қойып оқу 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру 4.4.5.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау 4.5.1.2* Көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/ жазбаша тілде қолдану |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 20 минут 1-тапсырма |
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Құрылысшы – бірнеше мамандықтың иесі. Өйткені жалғыз адам үлкен үй сала алмайды. Дайын үй жасау бірнеше кезеңдерден тұрады.
Алдымен сәулетшілер жаңа ғимараттың сызбасын жасайды. Содан соң бұл сызба бойынша тас қалаушылар ғимараттың қабырғасын тұрғызады, шатырын жабады. Бұдан кейін ағаш шеберлері терезелерін орнатады. Сылақшылар қабырғалар мен еденді бояйды.
Құрылысшылар кез келген ауа райында жұмыс жасайды. Сондықтан олардың денсаулығы мықты, олар кез келген қиындыққа шыдамды болады. Құрылысшы мамандығы – ең қажетті мамандықтардың бірі.
-
Мәтін бойынша үй салудың кезеңдерін ретімен белгілеп көрсет (1,2,3,...)
Сөйлемдер
Реті
Ғимараттың ішкі жұмыстары жасалады.
Ғимараттың қабырғалары қаланады.
Ғимараттың терезелері орнатылады.
Ғимараттың сызбасы жасалады.
-
Мәтін бойынша неліктен?не үшін сұрақтарын пайдаланып, 1сұрақ құрастыр және жауап бер.