Файл: аза тілі пнінен (оыту аза тілінде емес) жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 4сынып НрСлтан, 2019 дістемелік сыныстар малімге 4сынып білім алушыларына аза тілі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 215
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Менің Отаным - Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
В) Қалада теңге соғатын ұстаханалар болды.
С) Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасты. D) Қалада сәулет өнерінің ескерткіштері көп болды.
[1]
-
Мәтіннің екінші бөлімінде не туралы айтылады?
А) әдемі кесене туралы
В) сауда орталығы туралы
С) қаланың әдемілігі туралы
D)көне ескерткіштер туралы
[1]
-
Тараз моншасының ерекшелігі неде? Жаз.
___________________________________________________________________________
[1]
-
Берілген сұрақтарға сәйкес бөлікті тауып, байланыстырып сыз.
-
1) Тараз қаласының бұрынғы атаулары қандай?
А) сәулет өнерінің ескерткіштері
В) Талас, Әулиеата, Жамбыл
2) Көне қалада нелер көп?
С) оңтүстік Қазақстанда
[2]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
| С) | 1 | |
D) | 1 | | |
Қазақстандағы ең алғашқы монша /моншаның қабырғалары ою-өрнекпен безендірілген | 1 | | |
1-В | 1 | | |
2-А | 1 | | |
Барлығы | 5 | |
Жазылым
4-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз.
Отырар – көне қала. Ол бұрын Фараб қала... деп аталған. Қазір қала... орны ғана бар. Қаланы архелог... зерттеп жатыр. Одан көптеген металл бұйым... мен әшекей. зат... табылды.
[5]
Балл қою кестесі
Сөйлеу әрекеті | | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
| қаласы | | 1 | |
қаланың | | 1 | ||
археологтар | | 1 | ||
бұйымдар | | 1 | ||
заттар | | 1 | ||
Барлығы | | 5 | |
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 4.1.4.1* Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-
салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.2.4.1* Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді -
Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Желтоқсан – қыстың басы. Қыста күннің жылуы азаяды. Терең үйшіктерде жатқан жануарла аяздан қорықпайды. Себебі қардан суық өтпейді.
Қыста кейде қатты боран соғады. Ондай кезде далаға шығу қиын. Боранды күні адасып қалуға болады. Сондықтан мұндай күні абай болу керек.
Қыс бірден түсе қоймайды. Өзенге мұз қатқан кезден бастап қыс келді деп айтуға болады. Аязды күні жауған қар құрғақ , ал жылы күні жауған қар жабысқақ болады. Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы.
Ал қар үстінде ойнау қандай керемет! Балалар қыс мезгілін жақсы көреді. Аққала жасап, қар атысып ойнау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу – балалардың ең сүйікті ісі.
-
Мәтінде қандай қысқы қауіп туралы айтылады?-
тоңу -
адасу -
құлау -
үсіп қалу
-
-
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 2 сөйлемді анықта. A) Қыста күннің жылуы азаяды.
-
Боранды күндері ешқандай қауіп жоқ. -
Жабысқақ қар домалатып ойнауға ыңғайлы. -
Қыс келді деп алғашқы қар жауған кезден бастап айтады.
-
Терең үйшіктерде жатқан жануарларға аяз неліктен әсер ете алмайды?
_______________________________________________________________________ 2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша тыңдалған мәтіннің мазмұнын айт.
-
Қыс мезгілі -
Қысқы қауіп -
Қысқы қуаныш
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді | 1 | мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді; | 1 |
мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды:
| 1 1 | ||
мәтін бойынша оқиғаның себебін түсіндіреді; | 1 | ||
Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды | 2 | мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі айтады; | 1 |
мәтіндегі негізгі ақпараттарды қамтиды; | 1 | ||
өз ойын еркін жеткізеді; | 1 | ||
сөйлемнің құрылымын сақтайды; | 1 | ||
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. | 1 | ||
Барлығы | | | 9 |
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________
Бағалау критерийі | Тапсырма № | | Оқу жетістіктерінің деңгейі | |
Төмен | Орта | Жоғары | ||
Мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді | 1 | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қиналады. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіруде қателеседі. | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіндегі оқиғаның себебін түсіндіреді. |
Мәтінді жоспар бойынша толық мазмұндайды | 2 | Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын баяндауда қиналады. | Мәтіннің мазмұнын айтады, жүйелілікті сақтауда / тілдік нормаларды/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді. | Мәтін мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі баяндайды. |
39
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Оқылым
түрлері Жазылым
Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
-
Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді -
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды -
Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады Сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Біз табиғаттың байлығын көп пайдаланамыз. Бірақ бізге табиғатты қорғау да қажет. Біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» бар. Оның басты мақсаты – саны азайып, жойылып бара жатқан аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа жазу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына жойылып бара жатқан жануарлар, ал сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады. Қазақстанның Қызыл кітабына қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, қарақұйрық, Алтай арқары сияқты сирек кездесетін жануарлар енгізілген. Бұл жануарлардың саны қорегінің азаюынан, бағалы терісі мен мүйізі үшін аулаудың салдарынан сиреп кеткен.
Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Табиғатты аялай білуіміз керек.
-
«Халықаралық табиғатты қорғау қоғамын» құрудың мақсаты не?-
саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді зерттеу -
саны көп аң-құстарды арнайы кітапқа жазу -
саны көп аңдар мен құстар туралы хабарлап отыру -
саны аз аң-құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алу
-
-
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
-
Қызыл кітаптың қызыл түсті парағына ________________________________ жазылады. -
Қызыл кітаптың сары түсті парағына _________________________________ жазылады.