ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 165
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;Қышыма
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі- ауру адам немесе үй жануарлары, ит , мысық, жылқы, қой.
Беріліс механизмі: жанасу.
Инкубациялық кезең 7-10 күн.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Қышыманы емдеу. Қышыма емдеудің негізгі әдісі— қышыма жерлерді ғана емес барлық тері қабаттарына қышымаға дәрімекті өңдеу қажет. Емдеу үшін бензилбензоат және Демьянов әдісі қолданылады.
Алдын алу. “ Қазақстан Республикасында қышыма кезіндегі алдын алу және дезинфекция жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қышымаға медициналық тексеру жүргізіледі:
1. Алдын алу медициналық тексеру кезінде
2. Бала- бақшада, мектеп- интернаттарды әр бір 10 күн сайын
3. Мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, колледждерде- коникулдан кейін
4. Балаларды сауықтыру лагерінде- барар алдында
5. Студенттерді жатаханаға орналастылар алдында
6. Науқастарды емдеу сауықтыру ұйымдарға барған кезде
7. Ошақта қарым қатынаста болғандарды медициналық қадағалау кезінде
Науқаспен қарым қатынаста болған барлық адамдарды мұқият тексеріп 1,5 ай медициналық бақылау, алдын ала емдеу қажет.
Ағымдағы дезинфекция үйде емделіп жатқан науқастың үйінде, емдеу кабинеті, станционарда, мектеп және балалар мекемелерінің оқшалау бөлмелерінде жүогізіледі. Үй жағдайда науқас үшін жекелеген төсек орны мен отбасының басқа мүшелері қолданатын заттардан бөлек тұратын жеке пайдаланатын заттарды бөліп беру керек. Науқастың заттары жұғу қауіпін төндіреді, сондықтан науқастың киімін күн сайын міндетті түрде дезинфекциялау, дезинсекциялау қажет. Күн сайын үй жайды ылғалды тазалау. Жиһаз, тұрмыстық заттарды өңдеу 1-2% сабын сода ерітіндісімен сүрту жолымен дезинфекция жүргізіледі.
11. Науқас Ерлан 32 жаста. Банкир, бактериоциттік сүзгісі жоқ кондиционер орналасқан кеңседе жұмыс істейді.Сүзгінің ауыстырылмағанына 6 ай уақыт болған. Қызметкер банк клиенттеріне депозиттерді рәсімдеу және банк карталарын беру бойынша қызмет көрсетеді. Күнделікті шашты сәндеу әдісімен ылғал шашты қолдануға арналған бизнес стиліне сүйенеді. “ЖРВИ” диагноз ауруының 2 күні клиникаға түсті. Өмірлік анамнез: әйелі балалар ауруханасында мейірбике болып жұмыс істейді, 1 айдан астам уақыт бетпердесіз жұмыс істеген, соңғы кездері мұрнынын ағуына, жиі түшкіруге және бас ауруына шағымданады. Науқас Ерланды толық тексергенде және диагностикалау барысында жарыққа сезімталдығы, назофарингит, жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы анықталған. Кешке екі рет құсқан, пульс тәрізді бас ауруы сақталған. Келесі күні таңертең жағдайы нашарлайды: ешнәрсе түсінбеді , жұмысқа баруға тырысты, төсектен тұруға талпынған кезінде құлап түсті. Іштің тері аймағында, бөксенің және аяқтың төменгі терісінде көк-күлгін түсті кішкентай жұлдызшалы бөртпе пайда болды.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;Менингаккок
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
1.Менингаккок
Инфекция көзі - барлық түрдегі науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Инфекция көздері 3 топқа бөлінеді: 1. Жайылған түріндегі науқас адам. 2. Назофарингиттүрі. 3. Саутасымалдаушылар. Назофарингит түрі жиі кездеседі және өте қауіпті, өйткені ауру жеңіл түрде өтетін болғандықтан диагноз кеш қойылады, ауру жұмысын жалғастырып жүріп ауруды тез таратады.
Беріліс механизмі аэрогенді, аспирациялы, берілужолы - ауа-тамшы. Қоздырғыштар қоршаған ортада төзімсіз болғандықтан ұзақ уақыт тығыз қатынаста болу арқылы таралады. Әсіресе, бір бөлмеде бірге ұйықтағанда, бөлменің температурасы және ылғалдылығы нашар болғанда таралады. Қабылдағыштық өте жоғары, инфекция жұқтырғандардың 10-15% - назофарингит болуы мүмкін, 1% - менингококкцемия, 85-90% - сау тасымалдаушылық.
Иммунитет тұрақты
Алдын алу шаралары ДСМ «Менингококк инфекциясын диагностикалау, алдын алу шараларын, эпидемиологиялық қадағалауды күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Науқас адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына арнайы бөлімшеге жатқызылады. Реконвалесцент 1 рет «теріс» бактериологиялықтексеруден кейін ауруханаданшығарылады. Науқаспен үйінде қатынаста болған бала бақша балалары, бала бақша қызметкерлері медициналық тексеруден және 1 рет теріс бактериологиялық тексеруден кейін ұжымғажіберіледі. Балалар мекемелерінде, мектепте, интернаттарда 10 күн карантин жарияланады. Карантин кезінде жаңадан балалар қабылдауға, топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады. Науқаспен үйінде, ұжымда қатынаста болған адамдар 10 күн медициналық бақылауға алынады. Медициналық бақылау кезінде күнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге сынама алу қажет. ЛОР дәрігерінің тексеруі міндетті, ол назофарингит және басқа да созылмалы мұрын жұтқыншақ патологиясын анықтайды. Егер бактерия тасымалдаушылар анықталса диагноз дәлелденгенше балалар мекемесіне жіберілмейді, антибиотиктерменемдеуқажет. Бактериологиялықәдіспен тексеріледі:
1. Бала-бақшада қатынаста болған балалар және бала күтуші қызметкерлер - 2 рет, аралығы 3-7 күнде.
2. Мектеп-интернаттарда - сыныпта бірге оқитын балалар және бір бөлмеде тұратын балалар, оқытушылар, тәрбиешілер - 1 рет.
3. Жанұяда - барлық қатынаста болған адамдар - 1 рет.
4. Жатақханада бірге тұрғандар - 1 рет.
Ошақта бөлмені жиі желдету, ылғалды жинау, ауаны бактерицидтік шаммен залалсыздау. Арнайы алдын алуы ретінде менингококк инфекциясына қарсы химиялық вакцина қолданылады. Вакцина эпидемиологиялық қажеттілікке байланысты сырқаттанушылық 100 мың халыққа 2,0 асқан жағдайда және ошақта қатынаста болған адамдарға егіледі. Вакцина 3 жылдан кейін қайта егіледі. Шұғыл алдын алу ретінде 3 жасқа дейінгі балаларға 1,5 мл, 4-7 жастағы балаларға 3 мл иммундыглобулин қолданылады. Менингококкты инфекция ошагында атқарылатын індетке қарсы шараларды ұйымдастыруәдістемесі. Ошақты эпидемиологиялық тексеру жүргізудің алдында аурудың тұратын жеріндегі, оқитын жеріндегі, жұмыс орнындағы СЭҚБ-да тіркелген менингококк инфекциялары туралы мәліметтерді жинап, алдындағы тіркелген аурулармен байланысы бар-жоқтығын немесе кездейсоқ ауру екендігін анықтау керек. Егер ошақта бұған дейін ауырғандар тіркелсе, аурумен немесе бактерия тасымалдаушымен қандай қатынаста болғандығы мұқият тексеріледі, яғни бір бөлмеде тұрады ма, жұмыста бір бөлмеде жұмыс істейді ме немесе бірге оқиды ма? Егер қатынаста болғандардың арасында ауырған адам болмаса, диагноз қойылмаған, тіркелмеген, менингиттің басқа түрлерін анықтау қажет болады. Сонымен қатар, менингококк инфекциясы әртүрлі клиникалық түрінде өтетінін, назофарингит, менингококкцемияның түрлі варианттары, орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен өту мүмкіндігін де ескерген жөн. Егер тексеру барысында тасымалдаушылар немесе бұрын ауырғандар анықталса дәрігер-инфекционисттің бақылауына, кеңес алуға жіберукерек. Эпидемиологиялық тексеру барысында ошақтың санитарлық жағдайын, тығыздығын, ауа температурасын және ылғалдығын зерттеу қажет. Ошақта науқаспен қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау барысында күніне екі рет дене қызуын өлшеу, мұрын- жұтқыншақты тексеру (назофарингитке қарсы), сыртқы теріні (бөртпелерге қарсы) тексерукерек. Бактериологиялық тексеруге материал аш қарынға немесе тамақтанудан кейін 3-4 сағаттан кейін алынады. Сынама алу үшін ұзын,3/4 бөлігінде 45 градусқа бүгілген тұзақша қолданылады. Бактериологиялық тексеруге сынама алу үшін 2 медицина қызметкері
қатысады, біреуі баланы тізесіне жарыққа қаратып отырғызады, бір қолымен баланы құшақтап қолын ұстайды, екінші қолымен басын ұстап отырады. Жағынды алатын медицина қызметкері шпательмен баланың тілін басып тұрып, тұзақшаны жұмсақ таңдайдың артына өткізіп жұтқыншақтың артқы қабырғасынан кілегейді тексеруге алады. Тұзақшаны шығарарда тіске, тілге, ұртқа тигізбей ақырын шығарып алу керек. Алынған материал қатты қөректі өсіру ортасына егіледі, алдымен аз көлемдегі жерге егіп, кейіннен барлық ортаға штрихпен егу керек. Егілген ортаны суықтан қорғап, зертханаға жеткізу қажет. Қыста тасымалдау үшін 35-40°С градус жылы грелканы қолдануға болады. Егілмеген тұзақшаларды тасымалдауға болмайды.
12. Науқас Алина. Индиадан ұшып келген «Боинг» ұшағының жерге қонғанынан кейін әуе жайдың инфекциялық изоляторынаарнайы медициналық көлікпен жеткізіліп, жатқызылды. Ұшақ бортында науқаста жедел іш өтуі басталды, ол ұшу барысында күшейе түсті, одан кейін улану белгілері пайда болып, бірақ температурасы қалыпты болды. Нәжісі және құсық массасы «күріш сорпасы» секілді.Науқастың шөлдеу сезімі күшейіп,ауыз қуысы құрғап, аяқ-қолдарының тартылулары байқалды. Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасың бокс бөлмелерінде диогностикалағанда науқастан «кір жуушы қолы» симптомы, еріннің және мұрынның цианозы, көз алмасының ішке кіріп орналасу симптомдарын байкады. Науқас жағдайы нашарлап, «күннің шығуы» симптомы мен «қара көзілдірік »синдромы байқалды. Науқас қайтыс болды. Клиникалық материал тексеру барысында құсық массасынан вибрион алынып, қосымша лабороториялық ПТР арқылы гендік эндотоксин анықталып, оң нәтиже көрсетті.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тырысқақ
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі-науқас адам және вибрион тасымалдаушы. Тырысқақ ауруы барлық кезде қоздырғышты сыртқы ортаға көп мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл түріндегі науқастар және сау вибрион тасымалдаушылар таратушы ретінде өте қауіпті, өйткені олар тырысқақ қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы сыртқы ортаға шығарып, ластап отырады. Өт жүйесінде қалып қойған вибриондар тасымалдаушылықтың себепкері болады. Эль Тор вибрионын тасымалдаушылық 9 жылға дейін жалғасуы мүмкін.
Берілу механизмі - нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы. Тырысқақ су арқылы таралса ауырғандар саны 1-2 күн ішінде күрт өседі. Аурудың одан әрі таралуы індетке қарсы шаралардың жылдамда дұрыс, уақытылы ұйымдастырылуына байланысты болады. Тұрмыстық заттар арқылы ыдыстар, лас қол, есік тұтқалары, төсек жабдықтары, шыбындармен таралады. Соңғы кездері Эль-Тор тырысқағы тағам өнімдері арқылы, әсіресе сүт тағамдары, ет, балық, нан, жеміс-жидекпен жиі таралады. Инкубациялық кезеңі: бірнеше саған – 5тәулік.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Тырысқаққа қарсы шаралар 27.09.2010 жылғы ҚР ДСМ Тырысқақ ауруының таралуын алдын алу және індетке қарсы іс шараларын жүргізу мен ұйымдастыру, кешенді шараларды жоспарлау әдістемелік нұсқауына сәйекс жүргізіледі.Тырысқақ ауруы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бокстарға оқшауландырылады, тырысқақ ауруына күдіктілер – провизорлық мақсатта госпитализацияланады. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, жұқтыру жолдарын, аурумен қатынаста болғандарды толық анықтау, ошақтың шекарасын анықтау, және жою шараларын ұйымдастыру қажет. Тырысқақ ошағында төтенше эпидемияға қарсыкомиссия ЧПЭК, медициналық штаб жұмыс істейді, оның мақсаты: аурудың таралу аймағын, шекарасын анықтау, жою шараларын қйымдастыру: