ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-ошақтан шығуға, ошаққа кіруге тыйым салынады
-әрбір үйді аралау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы науқастарды және ауруға күдіктілерді ере анықтау.
-тырысқақ ауруларын арнайы көлікпен ауруханаға жатқызу.
-іші өткен, құсатын тырысқаққа күдікті адамдарды провизорлық ауруханаға жатқызу, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру
-аурумен қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау, 5күн медициналық бақылау, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру.
-шұғыл алдын алу ретінде 5күн антибиотикпен емдеу.
-көшіп қону арнайы көлікпен жүргізіледі, қызметкерлер 3 типті обаға қарсы киіммен жұмыс істейді
- қорытынды дезинфекция
Жіті ішек инфекциясынан қайтыс болған ануқастарды тырысқаққа қарсы бактериологиялық әдіспен тексеру
-Қоршаған орта обьектілерін тексеру көлемін көбейту, бактериологиялық әдіспен тексеру
Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі | |
Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда: | 1.медициналық қызметкерлерінің қорғану шаралары: қорғану киімін кию, қолды жуу, 0,2% хлорамин ерд 2.СЭҚБ хабарлау 3.антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес |
Инфекция көзіне бағытталған шаралар:. | науқас адамды, ауруға күдікті адамды, вибрион тасымалдаушыны шұғыл ауруханаға жатқызу |
Берілу механизмдеріне бағытталған шара- дезинфекция. | Құсық, нәжіс. Құрғақ хлор әгімен 1:5- 1 сағат залалсыздау Құрғақ ДТС ГК 1:10-1сағат залалсыздау Құрғақ кальций гипохлоридімен 1:10-1сағат 5% лизол ерд-мен залалсыздау 1:2-1сағат Ыдыстар. 2% сода ерд-мен 15 мин қайнату 0,5% хлорамин ерд-е 15 мин залалсыздау 0,25% ДТС ГК ерд-е 15мин залалсыздау Төсек заттары. 0,2% сода ерд 15мин қайнату 2% хлорамин ерд 2 сағат залалсыздау Тұрғын бөлмелер. 2,5% ДТС ГК ерд 30мин тазалау Хлор әгі ерд 30мин тазалау 3% лизол ерд 30мин тазалау |
Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау: | Оқшауландыру немесе медициналық бақылау-5күн Нәжісті бактериологиялық зерттеу Антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес |
13. 32 жастағы жүргізуші 1 жарым ай ауылда астық жинауға көмектесіп үйіне оралған. 4 күннен кейін қалтырап, бас ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа, қатты шуға сезімтал болған, іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37.5-37.8, 4 күні 38.5 жеткен. Іс сапар кезінде жатақханада тұрған, асханада тамақтанған, ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген. Жанұясында бала бақшаға баратын 3 жасар баласы бар, әйелі – асханада аспазшы болып жұмыс істейді.
1.Болжамды диагнозды табыңыз; Іш сүзегі
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
Инфекция көзі. Іш сүзегінін инфекция көзі - наукас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және омiр бойы коздыргышты болiп шыгаруы мүмкін немесе белгiсi жок формада өтеді.
Эпидемиологиялык тұрғыдан іш сүзегiнiн созылмалы тасымалдаушылары, жеңіл формадағы, атиптік формадагы науқастар кауіпті, өйткені олар аурулын белгілері болмағандыктан уақытылы емделмейдi, жекешеленбейді, кызметтiк мiндеттерiн жалғастырады, тамактану, сумен қамтамасыз ету мекемелерiнен аластатылмай калады. Ал жiтi түрiндегi науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта iшiнде бөліп шығарады, уакытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленiп, толық емделiп шығады.
Беріліс механизмі.
Іш сүзегінін беріліс механизмі - нəжiс-ауыз механизмi.
Берілу жолдары:
- су арықлы
- тағам арқылы
- -тұрмыстык қатынас және қолданылатын заттар
Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар. микробтармен ластанған кiр колдар, шыбындар. Инфекциянын берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялык процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстык типтi болып бөлiнедi.
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Іш сүзегі ошағында індетке карсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі
Ошакта эпидемиологиялык тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу журналы кажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу және бактерия тасымалдаушылардын картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, кай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жүру жолдарының байланысын, кездейсоқ сыркаттанушылық немесе эпидемиялык өршу екендiгiн анықтау керек.
Ошакты эпидемиологиялык тексеру барысында анықтау қажет:
1. Аурудың айналасындағы адамдар iшiнде 15-25 күн аралығында қызуы көтерілгендердi аныктау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялык әдiспен 1 рет тексеру.
2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі, парасүзекпен ауырғандарды анықтау
3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу максатында ет пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана байланыс бар екендігін дәлелдеуге болады.
4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамак өнімдерінен және сырткы орта объектiлерiнен зертханалык тексеруге сынама алу (қоздырғыштын табылмауы материалдын тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін).
5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигиенасын сақтау жағдайын анықтау.
6. Аурумен бірге үйiнде, жұмыс орнында, оку орнында бiрге қатынаста болғандардын тiзiмiн жасау, олардың iшiнде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерiнде жұмыс iстейтiндерге ерекше назар аудару.
7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардын іш сүзегiне егiлгендiгiн, егiлген болса препараттын атауын, егу мерзiмiн, егу себебін аныктау
8. Ошақтың санитарлык жағдайын, тазартылуын, сумен камтамасыз ету жағдайын, шыбындардын бар-жоқтыгын анықтау.
9. Ошақтын эпидемиологиялык жағдайына байланысты алдын алу, күресу шараларынын жоспарын құру
10. Ошақта қатынаста болған адамдарга іш сүзегiне бактериофаг 3 рет аралыгы 5 кунде беру.
11. Егер iш сүзегiмен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6 жоғары болса аймақ тұрғындарына iш сүзегiне вакцина егу.
Іш сүзегі, Індетке қарсы шаралардың бағыты, көлемі | |
Инфекция көзі | Ауру адам- міндетті түрде ауруханаға жатқызу |
Бактерия тасымалдаушы- емдеу алғашқы анықталғандарды ауруханаға жатқызу | |
Беріліс механизмі | Дезинфекция Қорытынды- дезстанция қызметкерлерімен Күнделікті- тұрғындардың өз күшімен |
Инфекция көзімер қатынаста болғандар: | Медициналық бақылау 21 күн (парасүзекке 14 күн) Термометрия күніне 2 рет Бактериологиялық тексеру- нәжісті 1 рет (гемокультура) Сералогиялық тексеру- ГАЕР 1 рет (Видаль реакциясы) Іш сүзегіне бактериофаг беру. |
14. 5 жасар бала анасымен коммуналдық пәтерде тұрады. Анасы-төменгі сыныптар оқытушысы , 10 күн бұрын баспамен ауырған, дәрігерге бармаған, емделмеген, жұмысын жалғастыра берген. Көрші бөлмеде 4 адамнан тұратын басқа жанұя тұрады, оның ішінде сүт сатушысы және 2 жасар бала бақшаға баратын бала бар. Бала егулерін жасына сәйкес толық алған.
1.Болжамды диагнозды табыңыз;
2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;
3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.
Дифтерия
Инфекция көзі - ауру адам және бактерия тасымалдаушылар.
Эпидемиологиялық тұрғыдан көмей, көмекей, мұрын дифтериясықауіпті болып табылады. Өйткені, қоздырғыш тыныс шығарукезінде көпмөлшерде ауаға таралады. Көз, тері, жарақат, жыныстық мүшелердифтериясы таратушы ретінде қауіптілігі төмен. Сау тасымалдаушылар және жеңіл не симптомсыз формадағы науқас адамдар тек жаппайтексеру барысында, зертханалық тексеру кезінде кеш анықталады, деркезінде ауруханаға жатқызылмайды, емделмейді, ауруды белсенді түрде таратыпотырады. Дифтерия ауруының 90% сау тасымалдаушылармен байланысты екені анықталған. Бактерия тасымалдаушылықтың түрлері:
- транзиторлы ( 1 ретлабораторлықтексеру кезінде анықталған);
- жіті 15 күнге дейін;
- орташа уақыт ( 3 айға дейін);
- созылмалы ( б айдан астам);
- саутасымалдаушы (аурудың белгілері жоқ).
Ұзақ уақыт тасымалдаушылық тонзиллит, ринит науқастарында кездеседі. Инфекция көзі ретінде сауыққан адам да болуы мүмкін, реконвалесцент қоздырғышты 2 аптаға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт бөліп шығаруы мүмкін.
Беріліс механизмі - негізгі берілу механизмі аэрогенді, аспирациялы. Берілужолдары:
1) ауа-тамшы, ауа-шаң;
2) тұрмыстық заттар - ыдыстар, бет орамал, сүлгі,
төсек жабдықтары, ойыншықтар;
3) алиментарлы - сүт және кремдік тағамдар арқылы.
Инкубациялықкезеңі: 3 -7 - 10 күн.Алдын алушаралары ДСМ «Дифтерия ауруымен күресушараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар: Ауру адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық ауруларауруханасына жатқызылып емделеді. Науқас бокстарға немесе арнайыбөлімшелерге жатқызылады, жатқызған күні мұрнынан,жұтқыншағынан бактериологиялық тексеруге сынама алынады, күлге қарсы антитоксикалық сарысу, антибиотик беріледі. Клиникалық түрдежазылғаннан кейін және бактериологиялықтексеру қорытындысы 2 рет теріс болғанда ауруханадан шығарылады. Бактерия тасымалдаушыларауруханадаантибиотиктерменемделеді, ұжымнан аластатылады.
2. Беріліс механизміне бағытталған шаралар: Тиімді вентиляция орнату, ауаны жиі желдету, тағамдарды ластануданкорғау, дезинфекциялық шаралар жүргізу.
3. Қабылдағышорганизмге бағытталған шаралар: Ең тиімді алдын алу шаралары - бұл жоспарлы түрде вакцина егуДСМ «ҚР халықты инфекциялық ауруларға қарсы вакциналаудыжақсарту жөнінде шаралар» бұйрығына, егу күнтізбесіне сәйкесжоспарлы түрде вакцина егіледі:
АКДС - 2, 3, 4 айда, қайта егу 18 айда;
АДС- 6-7 жаста;
АД-М - 11-12 жаста;
АДС-М - 16 жаста және әр 10 жылда.
АКДС вакцинасының құрамында тазартылған сіреспе мен дифтериялық анатоксин (алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған) және көкжөтелдің мұқият шайылған микробтары бар. Вакцина сұйық және құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін қалыпты реакция 2 тәулік мерзімді қамтиды, дене қызуы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Енгізгендердің 1%-да температура 38,5°С-тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақтіндерінде диаметрі 5 см-дей ісік, 2 см-дей инфильтрат пайда болатын жергілікті күшті реакция 4%-тен аспауы керек. Егер де АКДС бірінші инъекциясына патологиялық реакция байқалса, кейінгі егулер АДС-Манатоксин енгізу арқылы жасалады Вакцина егу туралы мәліметтер егу құжаттарына тіркеледі. Егуменқамту 95% кем болмау керек. Егулердің уақтылы жасалғанын картотекабойынша, №63 үлгідегіегукарталарын талдауарқылы анықтайды. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялықтексеру төтенше хабарлау алғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі кажет.Ошақта тексеру барысында науқас адамның соңғы 7 күн ішіндекімдермен жақын қатынаста болғанын анықтап, оларды 7 күнгемедициналық бақылауға алу қажет, оның ішінде: жанұя мүшелері, достары, туыстары, мектепте, бала бақшада, т.б. оқу мекемелерінде қатынаста болғандар, мекемеде бір бөлмеде жұмыс істейтіндер,медицина қызметкерлері. 7 күн медициналық бақылау барысындакүнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншағын тексеру, бактериологиялық тексеруге 1 рет сынама алу қажет, 5 күн антибиотик -
эритромицин тағайындалады.
Наукаспен катынаста болған адамдардың егу карталарын (Ф.63)тексеріп, иммунизациялау:
- алғашқы комплексті толық алмағандарға (3 ретегу және қайта егу);
- егу құжаттары болмаса;
- соңғы қайта егуден кейін 5 жылөтіп кетсе;
Науқас адамға сауықканннан кейін. ауруханадан шықпай тұрыпвакцина егіледі, егер:
- бұрын вакцина алмаған болса - алғашқы мөлшері және ревакцинация жасалады;
- толық егілген болса, бірақ соңғы егуден 5 жыл өтіп кетсе – бустерлі қосымша доза егіледі;
- егер соңғы егуден 5 жылдан аз уақыт өтсе - вакцина егілмейді.
Бала-бақшаға толық сауыққаннан кейін және бактериологиялықтексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін баруға рұқсатберіледі. Балалар мекемелерінде карантин 7 күнге беріледі. Карантин кезіндетоптан топқа ауыстыруға және жаңадан балаларды қабылдауға тыйымсалынады. Ошақта күнделікті дезинфекция жүргізіледі: ыдыстар 15 мин, қайнатунемесе 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат батыру арқылызалалсызданады. Төсек жабдықтары, ойыншықтар кайнату немесе 2%хлорамин ерітіндісіне 2 сағат батыру арқылы залалсызданады. Көрпе, матрас, төсектер камералықәдіспен залалсызданады