Файл: авимед кпсалалы колледжі бекітемін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 237

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. Қозғыштық. Жүрек еті электрлік, механикалық, термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады. Тітіркендірудің нәтижесінде натрий иондары ет талшықтарының ішіне өтіп, мембрана үйексізденеді. (деполяризацияланады) де, жүректің қозған бөлігінде теріс заряд пайда болып, оның қозған жөне қозбаған бөліктерінің арасында потенциаддар айырмасы туындайды. Миокард торшаларьщда (кардиомиоциттерде) қаңқа етімен салыстырғанда әрекет потенциалы 100 есе ұзағырақ созылады (200-400 мс).

2.Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жылы қаңдылар жүрекшелері кабырғасымен ол секундына 0,8-1 м, қарыншалар қабырғасымен - 0,8-0,9м, қарыншалар өткізгіш жүйесімен 2 - 4,2 м жылдамдықпен тарайды. Салыстыру мақсатыңда қаңқа еттеріңде қозудың 4,7- 5 м/секжыддамдықпен тарайтыньш айтьп өтейік.

3.Жиырғыштық.Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.

4.Автоматия. Жүрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты.

Үлестірмелі материалдар.Кестелер,ағзамуляждары,кеспеқағаздар,презентация

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Жүрек қантамырлар жүйесінің физиологиясы дегеніміз не?

2. Жүрек бұлшықеттерінің талшықтары

3. Жүректің атқаратын қызметі

11 Тақырып.Жүйке жүйесі анатомиясы
Мақсаты. Жүйке жүйесінің құрылыстық ,жастық, жыныстық ерекшеліктерін ажыратып , қызметтерімен танысу

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері.

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оның мән-жайына қанығу үшін ми мен пси­хиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы қажетті мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйе­сінің қызметі және оның заңдылықтары — психология ғылымының табиғи- ғылыми негізін құрайтын іргетас. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі — мидың және оның бѳліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.


Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Сондай-ақ, ол түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналысын реттеп, сыртқы ортаның ѳзгеруіне бейімделіп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Нейрондардың үзын тармақты аксон, қысқа тармақты дендрит дейтін екі түрлі тармағы бар. Нейрондардың тарамдала келіп, ѳзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, шеткі (перифериялық) Және ішкі (вегетативтік) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан .

Орталық жүйке жүйесіне жұлын және ми, ал периферия- лык жүйке жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жата­ды. Орталық жүйке жүйесінің бѳліктерікѳп қатарлы үйдің құрылымына ұқсас, олар бірі- нің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бѳліктердің жоғарғысы- ның қызметі тѳменгілеріне қа­рағанда барынша күрделі бо­лып кедеді. Орталық жүйке жүйесінің тѳменгібѳлімі — жұлын жуандығы 1 см-дей омыртқа қуысының ішіне орналас­қан, оның ұзындығы ересек адамдарда 45 см-ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшығы тарайды. Олардың бір тобы ортаға те- бетін, екінші бір тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің аяқ-қолымызды жинау, керіп-созу сияқты басқа да қарапайым қозғалыстары- Адамның ортмыздың орталығы болып саналық (перифериялық) жүйке жүлгесі болады.Бас миы жұлын шеті.Орталық жүйке жүйесінің(перифериялық жүйке жүйесі) жоғарғы бөлігі ми оның орташа салмағы — ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұнда сопақіпа, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып, ми бағанасын құрайды. (8-сурет). Омыртқалы жануарлардың ми бағанасының атқаратын қызметі ерек­ше. Сопакша мидың сырт жағында формасы ағаш жапырағына ұқсас мишық (қарақұс) орналасқан. Мишық организмнің қозғалысына, оның бірқалыпты жүріс-тұрысы. Шартты және шартсыз рефлекстер «Рефлекс» деген ұғымды ғылыми тұрғыдан қарастырып,оның табиғатын ашып көрсеткен-И.М.Сеченов пен И.П.Павлов. Өзінің «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде И.М.Сеченов: «Өмірдің саналы және санасыз әрекеттерінің барлығы да шығуы төркіні тұрғысынан -рефлекстер» деп анықтайды. Ал И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жайындағы идеяларының бәрі тұтасымен рефлекторлық теория. «Рефлекс» латын сөзі,қазақша-сақ,бұл сөздің мағынасы-бейнелеу. Рефлекс-организмнің және оның жеке оның жеке мүшелерінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын жауабы. Қозу процесінің рецептордан орталықтарға жетіп,организмнің реакциясына дейінгі жүрген жолы рефлекс доғасы деп аталады




Үлестірмелі материалдар.кестелер,ағза муляждары, тесттер, кеспе қағаздар

Бақылау сұрақтары (кері байланыс).

1. Жүйке жүйесі анатомиясы

2. Орталық жүйке жүйесі қызметі

3. Рефлекс қызметі

12 Тақырып. Жүйке жүйесі физиологиясы

Мақсаты.

Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастырушылық кезеңі: Аудитория тазалығын тексеру, студенттерді түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау

б) Жаңа сабақты түсіндіру

Дәріс тезистері. Жүйке талшықтары деп нейрон өсінділерін айтады, олардың көмегімен нейрондар өзара және басқа атқарушы жасушалармен байланысады. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері: 1) қозғыштығы – тітіркендіруге жауап қайтарудағы қозу жағдайында болу қабілеті; 2) өткізгіштігі – тітіркендіру әсер еткен жерден пайда болған қозуды ӘП түрінде әрі қарай өткізуі; 3) рефрактерлігі (қозбаушылығы)– қозу кезіндегі жүйкенің қозғыштық қасиетінің уақытша күрт төмендеуі. Жүйке тіндерінің рефрактерлік кезеңі өте қысқа болады. Рефрактерлік кезеңнің маңызы – жүйке тіндерін шамадан өте жоғары қозудан сақтандыру, тек биологиялық маңызды тітіркендіруге жауап қайтару. 4) лабилдігі – жүйке тіндерінің тітіркендіруге белгілі бір жылдамдықта жауап беру қабілеті. Жүйке талшықтары өз алдына (немесе бөлек) жүйке тіндерінің құрылымдық элементтеріне жатпайды, олар құрамында белгілі бөлімдері бар кешенді құрылым болып есептеледі: 1) жүйке жасушаларының өсінділері – осьтік цилиндр; 2) глиялық жасушалар (мидың дәнекер тіндері); 3) дәнекертіндік (базальдық) табақша. Жүйке талшықтарының негізгі қызметі – жүйке серпіндерін (импульс) өткізу. Жүйке жасушаларының өсінділері жүйке серпіндерін өткізеді, ал глиялық жасушалар олардың өтуін қолдайды.Жүйке талшықтары құрылымы мен қызмет ерекшеліктері бойынша екі түрлі болады: миелинсіз және миелинді. Миелинсіз жүйке талшықтарының миелинді қабығы болмайды, оның диаметрі 5-7 мкм, серпінді өткізу жылдамдығы 1-2 м/с. Миелинді жүйке талшықтары, Шванн жасушаларынан жасалған миелинді қабықпен қапталған осьтік цилиндрден тұрады. Осьтік цилиндрде мембрана мен аксоплазма бар. Миелин қабығының 80% жоғары кедергілі (Ом) липидтерден және 20% нәруыздан (белок) тұрады. Миелинді қабықпен осьтік цилиндрдің тұла бойы түгел жабылмайды, арасында миелині жоқ ашық учаскелері болады, олар Ранвье үзілістері деп аталады.


Үзілістер арасындағы бөлімше ұзындығы әртүрлі, ол жүйке талшығының жуандығына тәуелді: талшықтар қанша жуан болса, үзілістер арасы сонша ұзын болады. Диаметрі 12-20 мкм талшықтарда қозудың өту жылдамдығы 70-120 м/с болады. Қозуды өткізу жылдамдығына байланысты жүйке талшықтары үш түрлі болады: А, В және С (Дж. Эрлангер, Х.Гассер, 1937). А және В типтері миелинді талшықтар. А-талшықтар – денелік (сомалық) жүйке жүйесінің афференттік және эфференттік талшықтары; вегетативтік жүйке жүйесінің ганглийға дейінгі (преганглиялық) талшықтары – В типке қарайды. Сталшықтарымиелинсіз – оған ВЖЖ-нің ганглийдан кейінгі (постгангиялық) талшықтары мен кейбір ауырсыну, жылулық және ішкі ағзалар қабылдағыштарының афференттік талшықтары жатады.

Миелинсіз және миелинді жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Тыныштық жағдайда миелинсіз жүйке талшығы мембранасының ішкі жағы теріс, ал сырты – оң зарядты болады. Мембрананың сыртқы және ішкі беттерінің арасында электр тоғы өтпейді, себебі мембрананың липидтік қабының электрлік кедергісі өте жоғары. Қозудың дамуы (ӘП) кезінде мембрананың қозған жерінде зарядтың кері өзгерісі (реверсия) нәтижесінде деполяризация байқалады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі күшейеді де, оның сыртқы беті теріс зарядталады, ішкі беті оң зарядты болады. Содан кейін осы қозған жерде қозудың реполяризация кезеңі басталады, бұл К+ иондарының сыртқа шығуымен байланысты. Осылай мембрананың қозған жері мен қозбаған жері арасында пайда болған потенциал айырмасы (айналмалы ток – оң зарядтан теріске қарай) жүйке талшығының бойымен жаңа учаскеге қарай үзіліссіз жылжып отырады. Мұндай қозудың (ӘП-ның) миелинсіз жүйке талшықтары мембранасының бойымен үзіліссіз өтуі кейбір ет талшықтары мен С-типті жүйке талшықтарында кездеседі. Миелинді жүйке талшығы (А және В типті) мембранасының миелинмен қапталған учаскесі қозбайды, қозу тек Ранвье үзілістерінде дамиды. Қозу (ӘП) пайда болған Ранвье үзілістерінің бірінде зарядтардың кері өзгерісі (реверсия) болады. Мембрананың электрлік-теріс және электрлік-оң учаскелер арасында пайда болған электр тоғы мембрананың көршілес аймақтарында тітіркендіреді. Бірақ қозу жағдайына, тек келесі Ранвье үзілісінің мембранасы келе алады. Қозу пайда болған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na+ иондарына өткізгіштігі күшейіп, теріс зарядталады, яғни серпініс қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді (секіреді). Кейде қозу бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін. Сөйтіп миелинді жүйке талшығында қозу секірмелі (сальтаторлы) түрде өтеді. Осындай миелинді жүйке талшығымен қозудың секірмелі таралуы оның жылдам өтуін (70-120 м/с) қамтамасыз етеді және оған жұмсалатын энергия мөлшері де аз болады. Миелинсіз және миелинді жүйке талшықтарының қозуды өткізу механизмі бірдей емес. Тыныштық жағдайда миелинсіз жүйке талшығы мембранасының ішкі жағы теріс, ал сырты – оң зарядты болады. Мембрананың сыртқы және ішкі беттерінің арасында электр тоғы өтпейді, себебі мембрананың липидтік қабының электрлік кедергісі өте жоғары. Қозудың дамуы (ӘП) кезінде мембрананың қозған жерінде зарядтың кері өзгерісі (реверсия) нәтижесінде деполяризация байқалады. Бұл жердегі мембрананың Na+ ионына өткізгіштігі күшейеді де, оның сыртқы беті теріс зарядталады, ішкі беті оң зарядты болады. Содан кейін осы қозған жерде қозудың реполяризация кезеңі басталады, бұл К+ иондарының сыртқа шығуымен байланысты. Осылай мембрананың қозған жері мен қозбаған жері арасында пайда болған потенциал айырмасы (айналмалы ток – оң зарядтан теріске қарай) жүйке талшығының бойымен жаңа учаскеге қарай үзіліссіз жылжып отырады. Мұндай қозудың (ӘП-ның) миелинсіз жүйке талшықтары мембранасының бойымен үзіліссіз өтуі кейбір ет талшықтары мен С-типті жүйке талшықтарында кездеседі. Миелинді жүйке талшығы (А және В типті) мембранасының миелинмен қапталған учаскесі қозбайды, қозу тек Ранвье үзілістерінде дамиды. Қозу (ӘП) пайда болған Ранвье үзілістерінің бірінде зарядтардың кері өзгерісі (реверсия) болады. Мембрананың электрлік-теріс және электрлік-оң учаскелер арасында пайда болған электр тоғы мембрананың көршілес аймақтарында тітіркендіреді. Бірақ қозу жағдайына, тек келесі Ранвье үзілісінің мембранасы келе алады. Қозу пайда болған үзілістің екі жағындағы үзілістер мембранасының Na+ иондарына өткізгіштігі күшейіп, теріс зарядталады, яғни серпініс қозған үзілістен қозбаған үзіліске көшеді (секіреді). Кейде қозу бір үзілістен ғана емес екі үзілістен де секіруі мүмкін. Сөйтіп миелинді жүйке талшығында қозу секірмелі (сальтаторлы) түрде өтеді. Осындай миелинді жүйке талшығымен қозудың секірмелі таралуы оның жылдам өтуін (70-120 м/с) қамтамасыз етеді және оған жұмсалатын энергия мөлшері де аз болады.