Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 240

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Психологияда агрессия деп өзгелерді өзіне бағындыру немесе олардан басым болу мақсатында шынайы іс-əрекетте немесе қиялдауда көрініс табатын үрдісті (ұмтылысты) айтады. Аталмыш үрдіс əмбебап сипатта болады. Ал "агрессия" термині тұтас алғанда бейтарап мағынаға ие. Шынында, агрессия өмірлік мүдделер мен тірі қалуға қызмет етіп, жағымды мəнге ие болуы да мүмкін немесе өзінің агрессивті құштарлығын қанағаттандыруға бағытталып, жағымсыз мəнге ие болады. Агрессияның психикалық ақиқат ретінде нақты сипаттамалары бар: бағыттылық, көрініс табу формалары, интенсивтілік. Агрессияның мақсаты жəбірленушіге (қастандық агрессия) жапа шектіру (зиян келтіру) жəне басқа мақсатқа жету тəсілі (инструменталды агрессия) болуы мүмкін. Агрессия сыртқы нысандарға (адамдарға, заттарға) немесе өзіне (денеге, тұлғаға) бағытталуы мүмкін. Қоғам үшін басқа адамдарға бағытталған агрессия ерекше қауіпті болып табылады. А.Бандура жəне Р.Уолтерс бұндай агрессияны асоциалды деп атайды жəне əлеуметтік-деструктивті сипатты іс-əрекеттермен байланыстырады.

Агрессия мен делинквентті мінез-құлық өзара шарттас екендігі анық. Шынында, заң бұзушылық әрекеттер көбінесе агрессивті әрекеттермен бірге жүреді. Бұл пайдакүнемдік мақсатпен жасалған қылмыс болуы мүмкін, бұл жағдайда агрессия инструменталды сипатта болады, басқаша айтқанда, қандай да бір мақсатқа жетуге септігін тигізеді тұрғын үйді алу үшін өлтіру, тонау барысында физикалық зорлық жасау, ақша тартып алу үшін қорқыту немесе зақымдау, дұшпандылық мінез-құлық көріністері.

Зорлық-зомбылықпен жасалған қылмыстар агрессивті мінез-құлықтың ең қауіпті формасы, ондай жағдайда құқықтық қатаң жаза қолданылады және қылмыскер мемлекеттік бақылауда болады.

Тұлғаның делинквентті мінез-құлқы мен агрессияның арасындағыөзара байланыс біркелкі емес. Заңдарды бұзу деңгейіне жеткен агрессивті мінез-құлық еліктеудің салдары болуы мүмкін. Еліктеудің үлгілері туысқандар, құрдастар, басқа да маңызды адамдар бола алады. Агрессивті мінез-құлыққа еліктеуде делинквентті субмәдениет ерекше рөл атқарады. Асоциалды топ, қарақшы топ, бостандықтан айыру орыны  бұл барлық әлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез-құлық қалыптастырады.

Криминалды мінез-құлық делинквентті мінез-құлықтың бұрмаланған формасы болып табылады. Тұтас алғанда, делинквентті мінез-құлық ол қоғам ережелеріне заңдарына мемлекеттің қалыптасқан нормаларына тікелей қарсы бағытталған әрекет түрі.


Осы қарастырылып отырған термин арнайы әдебиеттерде әртүрлі мағынада қолданылады. "Делинквенттілік" ұғымын жасөспірімдік психиатрия тәжірибесіне енгізе отырып А.Е.Личко бұл ұғымды қылмыстық жауапкершілік жүктемейтін, қоғамға қарсы ұсақ әрекеттер ретінде белгілейді. Мысалы, мектептегі сабақтарды себепсіз босату, асоциалды топқа ену, ұсақ бұзақылықтар, тіл тигізу, азғантай ақша тартып алу, мотоциклдерді ұрлау т.с.с. «Делинквенттіліктің» бұндай байымдауына В.В.Ковалев қарсы шықты. Ғалым делинквентті мінез-құлық ол қылмыстық әрекет болып табылатындығын айқындап көрсетті. Шетелде бұл термин қылмыс жасау мағынада кең таралған және көп жағдайда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттері ретінде қолданылады.

3. Қазіргі психологиялық зерттеулер тұлғалардың өмірде кездесетін мәселелерді өзін-өзі өлтірумен шешуге бейім тұратындығын және генетикамен байланысты екенін дәлелдейді. Адамның психологиялық факторы, мәдени деңгейі және тоны қоршаған адамдар суицидті мінез-құлық түрлерін тудыруға мүмкіндік жасайды. Адам неғұрлым әлеуметтік ортаға жақсы бейімделсе, соғұрлым суициттік мінез-құлық деңгейі аз болады.

М. Әділбекованың мақаласында, түрлі мінез-құлық көріністері кезінде суицидке бейімділікті анықтауға болатынын атап көрсетумен қатар, төмендегідей типологиялық белгілері бар адамдар тобын ұсынады:

- өзіне деген сенімсіздік;

- өзінің бағалау деңгейі төмен;

- оптимизмнің төменгі деңгейі;

- өзін кінәлауға бейім;

- өзін қорғансыз сезінеді;

- инфантилизм (дамудағы тежеу).

Суицидентті мінез-құлықтың жіктелуі.

А.Г. Абрумова уайымның өзін-өзі өлтірушілікпен аяқталатын суициденттердің мінез-құлық жіктелуінің түрлерін ұсынады. Олар: суицидальды мінез-құлық – ол кез-келген ішкі және сыртқы психологиялық жағдайлардың өзін-өіз өлтіруді ойлауға бағыттайтын түрі.

9-тақырып бойынша сұрақтар

1. Шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі агрессия мен агрессивтілік мəселелері.

2. Тəуелді мінез−құлықтың негізгі формалары.

3. Өзіне-өзі қол жұмсау əрекетінің мотивтері мен себептері.

Дәріс 10. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерге бару себептері

Жоспары:

1. Жасөспірімдердің «қиын» мінез-құлқы

2. «Девиантты, делинквентті, асоциалды, аутодиструктивті мінез-құлық түрлері.

3. Делинквентті мінез-құлық пен акцентуация типтерінің өзара байланысы



1. Мінез-құлықтың бұзылуы немесе әлеуметтік бейімдемеушілік деп мінез-құлықтың әлеуметтік тұрғыдан мақұлданбаған формаларының пайда болуын атайды. Бұл формалар соншалықты әр алуан болғанымен, олар басқа жасөспірімдермен және үлкендермен жағымсыз қарым-қатынас құруымен сипатталады. Бұл төбелестер мен ұрсысуларда, немесе, мәселен, агрессивтілікте, бағынбаушылықта, бұзақылық әрекеттерде немесе өтірік айтуда көрініс табады. Сонымен қатар, бұлардың қатарына мектептегі сабақтан қашу, қаңғыру, өрт қою, бұзақылық жасау, ұрлық жасау және т.б. секілді қоғамдық тәртіпке қарсы және құқыққа қарсы қылықтар кіреді. Көбінесе қылмыстық әрекеттерге «қиын» жасөспірімдер барады.

«Қиын» жасөспірімдердің мінез-құлқындағы бәріне ортақ негізгі кемшіліктер: адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың өнегелі нормаларына жағымсыз көзқарас дөрекілік, қыңырлық, өтірік айту, қатігездік, тәртіпсіздік және т.б., оқу процесіндегі жағымсыз қылықтар жалқаулық, көңіл қоймаушылық, интеллектуалды енжарлық, танымдық қызығушылықтың болмауы және т.б., сонымен қатар осы екі түрдің жағымсыз қасиеттерінің бір мезгілде көрініс табуы.

«Қиын» жасөспірімдерге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары дер кезінде жүргізілмесе, олар тұрақты асоциалды мінез-құлықпен және заң бұзушылыққа бейімділікпен сипатталатын категорияға өтіп кетуі мүмкін. Заң бұзушы жасөспірімдердің типологиялары олардың асоциалды топтар мен мінез-құлықтағы кемшіліктерінің құрылымындағы рөлдерін бөлуге негізделіп құрылған:

1. Биәлеуметті топтарды ұйымдастырушылар, бойында тұрақты асоциалды мінез-құлық жиынтығы бар ұятсыздар қатігездік, агрессивтілік, зұлымдық, арамтамақтық, пайдакүнемдік, кез келген жолмен көшбасшылыққа ұмтылу және т.б.;

2. Қарапайым, мұқтаждықтардың тағамдық, жыныстық, ішімдік, нашақорлық және т.б. үстемдігіне бағынушылар;

3. Биморальдық және позитивті ниеттердің арасындағы қақтығысты сезінетін тұрақсыздар. Олар өздерінің мінез-құлықтарының құқыққа қарсы екендігін жете түсінуге қабілетті, бірақ өзімшілдік пен болған жағдайға тойтарыс бере білмеу қоғамға қарсы қылықтарға баруға мәжбүрлейді;

4. Өздеріне тән өнегелі сезімдер мен ұстанымдары жоқ және толық конформистер және өзгенің қалауын орындаушылар ретінде жүретін еріксіздер;

5. Үнемі реніш, фрустрация сезімінде болатын, өздерін тым жоғары бағалайтын және әрдайым кекіреюшілік, менсінбеушілік, айналасындағыларға агрессивтілік және т.б. әрекеттер көрсететін аффективтілер;


Топтастырылудың әртүрлі жоспарлығы мен көп болуы «қиын» жасөспірімдерді қайта тәрбиелеудің жекелеген міндеттерін шешумен және олардың құқық бұзушы іс-әрекеттеріне баға берудің бірыңғай кешенді психологиялық өлшемдерінің болмауымен байланысты. Сондықтан да заң бұзушы жасөспірімдердің жеке тұлғасының жекелеген қасиеттерін анықтаудың тар прагматикалық әдістерінен бас тартқан жөн.

2. «Девиантты, делинквентті, асоциалды, аутодиструктивті мінез-құлық түрлері.

Ауытқыған мінез-құлық табиғаты алуан түрлі. Мінез-құлықтағы ауытқылар тұлғаның жеке ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген, классификациясын (жіктелуін) ұсынады, балалар мен жасөспірімдердегі кездесетін девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:

1. Тәртіпке қарсылық мінез-құлық;

2. Антиәлеуметтік қоғамға қарсы;

3. Делинквентті құқыққа қайшы келетін;

4. Аутодеструктивті мінез-құлық (өз-өзіне бағытталған).

Девиантты мінез-құлықтың тәртіпке қарсылық түріне оқу-тәрбие мекемелеріндегі қалыптасқан күнтәртібін бұзу, мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту және т.б. жатады.

Антиәлеуметтік мінез-құлыққа көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларды мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек әрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық,токсикалық заттарды қолдануды жатқызады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кәмелетке толмағандардың құқықты нормаларды бұзған жағдайларда ғана қолданылады. Мысалы, біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау, қысастық, бұзақылық сынды заң бұзушы әрекеттер жатады. Бұндай жағдайда түзету мен реабилитация мақсатында дер кезінде диагностика жасап, мінез- құлықтың бұзылуының себептерін айқындап, алдын алу жұмыстарын жүргізген қажет.

Аутодеструктивті (өз-өзін қирату, бүлдіру, өлтіру) мінез-құлық бұл медициналық және психологиялық нормалардан ауытқу, тұлғаның өзіндік біртұтастығына және дамуына қауіп тудыратын мінез-құлық түрі. Заманауи зерттеулерде келесі түрлері қарастырылады: суицидалды мінез-құлық, тамаққа және химиялық заттарға тәуелділік (психобелсенді заттарды шексіз қолдану), фанатизм (діни-деструктивті ағымдарға тартылу), виктимділік (жәбірленушілікке бейімділік), экстремалды әрекеттерге тәуекелділік (көліктің жылдамдылығын қошеметтеу, жақтыру, қауіпті спорт түрлерімен шұғылдану т.с.с.).


«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кəмелетке толмағандардың құқықты бұзу əрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады: мысалы, біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау, түрлі заң бұзушы əрекеттер жатады. Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық-криминогендік жақтарын анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Осындай тұлғалық қасиеттердің бірі – мiнез акцентуациясы.

Қылмыс жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жасау жолына түсуінің себебі ең алдымен ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеуметтік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді. Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз олар объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы әсерлер жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының қалыптасуының әсері.

Деликвент – субъект, оның айқын сипаты девиантты мінез-құлық, ол әлеуметтік нормаларға, құқықтық баптарға қарсылық білдіретін индивид. Криминалды мінез-құлық дегеніміз – делинквентті мінез-құлықтың формасы. Арнайы әдебиетте қарастырылып отырған термин әртүрлі мағынада пайдаланылады. Шетелдерде бұл терминді кәмелетке толмаған жастардың қылмыстық мінез-құлқы белгісі деп қолданады. Кейбір криминогендік жағдай акцентуациясы көрініс беріп, заңсыз іс-әрекеттер жасауға себепші болады. Психикалық бұзылулар, яғни адам денсаулығының психикалық ауытқуы мінез акцентуация түрінде көрініс табады.

3. Акцентуация дегеніміз – кейбір мінез-құлық сипаттарының аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан психогендік әсер жоғарылап, күшейіп небір мiнез акцентуациясы өзінің осалдылығын байқатады (А.Е.Личко). Ғалым келесі патомінездік диагностикалық әдістеме сипаттамасын ұсынады:

Гипертимдік тип. Бұл типті мінез-құлықты индивид әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, әрқашан белсенді болуға тырысады, ашулануы сирек кездеседі, қарым-қатынаста тез тіл табысады. Циклоидтық тип. Көңіл-күйі жиі ауысып отырады. Ондай индивидтерде мынадай жағдай жиі кездеседі: жұмысқа қатысты төмен қабілеттілік, айналасындағы адамдарға деген қызығушылық жойылып, көзқарасы өзгеріп отырады. Өзінің жасаған кемшіліктері туралы көп ойланады, жалғыздық және керексіз сезімдерге жиі батады, сәтсіздік кезеңдерін қатты уайымдайды.