Файл: Дріс тезистері дріс Девиантты жне суицидті мінезлы психологиясы туралы теориялыдістемелік тсінік.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 238
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ата-анасына, кейін ұстаздарына деген жағымды эмоционалды қарым-қатынас жағдайында бала қарым-қатынас үрдісінің нақты мазмұнын меңгерумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың заттарға, құбылыстарға және т.б. деген қарым-қатынастарын да түсіне, ұғына бастайды.
Психологиялық шиеленісушілік атмосферасы, отбасындағы жиі орын алатын кикілжіңдер балаға теріс және қатты әсер етеді. Бұндай күйде балалар жағымсыз ықпалға тез еліктейді, көнеді, себебі олар ішкі күйзелісінен арылуға тырысады. Отбасындағы сәтсіз жағдайлар әртүрлі ұрыс-жанжал мен өзара түсініспеушіліктер, жасөспірімге қатысты ата-ананың мейірімділік сезімінің жетіспеушілігі. Осыған байланысты әртүрлі әлеуметтік келесі ұғымдар қолданылады: «қиын», «тәрбиелеуге қиын», «дағдарысты», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған», «дезадаптивті», «қалыпты жағдайы бұзылған», «асоциалды», «делинквентті» және т.б.
Қорыта келгенде, отбасындағы ата-ананың қарым-қатынасы, балаға деген отбасылық жылу сезімдер, баласының тұлғалық қасиеттерін қастерлеу, бағалау, рухани жан дүниесін түсіну, бүгінгі болашақ азаматтарды тәрбиелеуде өте маңызды, девиантты мінез-құлықтың алдын алуға нәтижелі ықпалын тигізеді.
3. Құқықтық әлеуметтенудің тағы бір маңызды нысаны мектеп. Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқу-тәрбиелеу үдерісінде және педагогикалық-психологиялық түзету іс-шарасында ең басты тұлға болып табылады. Ол оқушылар мен ата-аналардың арасында байланыс орнатады, қарым-қатынасты түзетуге тырысады, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және оңалтуға бағытталған нақты әдістер мен амалдарды іріктейді, қолданады.
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық әрекеті көпжақтылығымен және көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Ұстаз балалардың әртүрлі категорияларымен ауытқыған мінез-құлық, психикалық дамудың кешігуі, тәрбиелеуге қиын және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жұмыс істеу барысында келесі қызмет түрлерін атқаруға мәжбүр болады: дефектолог, педагог-реабилитолог, әлеуметтік педагог т.с.с. Бұл тұрғыда ерекше көңілді әлеуметтік-педагогикалық факторларға аударған жөн, оның ішінде мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктер. Ауытқу мінез-құлық баланың оқудағы үлгермеушілігінен басталады. Олар көбінесе мектеп үрдісіндегі талаптарға дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларын орындамау және ата-ананың бақылауы жеткіліксіз, баланың оқуға деген бейімсіздігі мен қызығушылығының нашар екендігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің қалыптасуы келесі сатылардан өтеді:
-
оқу процесіндегі кедергілер – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары болғанымен, ол бір немесе бірнеше пәнді меңгеруде қиыншылықтарға тап болуы; -
мектептік бейімсіздік – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақты босатуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды; -
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды; -
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.
Жасөспірімдердің психологиялық жағдаяттарын ескеру өте маңызды факторлардың бірі. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінез-құлқындағы кейбір қасиеттердің басым болуы әсер етеді. Мысалы, түрлі ауытқушылықтар жүйелік-психикалық аурулар, психопатия, неврастения, мінез акцентуациясы т.б., денсаулыққа қатысты көріністер. Мұндай балалармен міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация және арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік-психологиялық жаттығу жұмыстарын жүргізу қажет.
Педагогикалық қызметтің тағы да бір маңызды аспектісі мұғалімнің әрекеті метаәрекет екендігінде және ол көбіне оқушының әрекетіне икемделінеді. Сондықтан да, оқу-тәрбие үдерісі барысында баланың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын алу және оңалту міндеттерін жүзеге асыру мақсатымен тәрбиелеуші-ұстаз педагогикалық үдерістің қатысушысы ғана болып қоймай, осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ол педагогикалық, физикалық, интеллектуалды, адамгершілік және кәсіби тұрғыда дайын болуы қажет.
Жоғары кәсіби мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде, оқу бітіруші кәсіптік педагогикалық әрекетке дайын болуы шарт. Білім беру үдерісінің субъектісі ретіндегі тұлға болғандықтан, ол жас және индивидуалдық ерекшеліктерді, дамудың әлеуметтік факторлары туралы білімдер жүйесін меңгеруі қажет. Сонымен қоса, балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, ағзаның қалыпты дамуын, функционалдық бұзылулар мен балалық шақ кезеңіндегі әртүрлі өзгерістердің орын алатындығы туралы түсінігі болуы қажет. Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептің әр мұғалімі оқушылармен кәсіби-педагогикалық әрекетке дайын болумен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізуге дағдылануы керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жасөспірімдердегі ауытқы мінез-құлықтың қалыптасу себептері.
2.Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық ерекшеліктері.
3. Тұлғаның ауытқы мінез-құлқының психологиялық механизмдері
(Шетелдік тұжырымдамалар).
4. Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі педагогикалық және әлеуметтік жолдан ауытқуының теориялық-әдіснамалық негіздері.
5. Девиантты мінез-құлықтың бағыттары және жіктелуі.
6. Жыныстық жетілудің негізгі сатылары.
7.Девиантты мінез-құлық себептерін айқындаудағы мектеп психологының міндеттері.
Дәріс 5. Ауытқыған мінез-құлықтың қалыптасуындағы әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалы
Жоспары:
1. Шетел ғалымдарының әлеуметтік девиацияға қатысты тұжырымдары.
2. Биологиялық факторлар сипаттамасы.
3. Психогенетика және ауытқыған мінез-құлық мәселесі.
1. Девиантты мінез-құлық себептерінің түсініктемесі әлеуметтік-психологиялық құбылыстың табиғатын түсінумен тығыз байланысты. Адамның мінез-құлқында әртүрлі деңгейдегі компоненттер, атап айтқанда, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сыңарлар үндесіп жатады. Осыған сәйкес биологиялық детерминанттарға себептерге басты және біркелкі назар аударатын тұжырымдамалар; психологиялық факторларды ерекше дәріптейтін тұжырымдамалар және девиантты мінез- құлықты ғана әлеуметтік себептермен түсіндіретін концепциялар бүгінгі күні белгілі.
Адамдардың мінез-құлқына әсер ететін қоғамдық үрдістер мен әлеуметтік топтардың ықпалын әлеуметтік тұрғыдан тәсіл аясында қарастырған ең танымал өкілдер: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон т.б.
Ең алғаш аномия теориясы арқылы әлеуметтік девиацияны толық және терең түсіндірген – Э. Дюркгейм. Француз тілінен аударғанда «Аномия» термині «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл әлеуметтік құлдыраудың жағдайы – әлеуметтік вакуум, ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмейді, ал жаңалары әлі бекітілмеген. Бұл тұжырымдаманы ғалым өзіне-өзі қол жұмсаудың мәнін түсіндіруге арналған классикалық зерттеуінде қолданған .
Р. Мертонның көзқарасы бойынша, аномия – бұл «мәдениет» пен «әлеуметтік құрылым» арасындағы келіспеушіліктің, тартылыстың қалыпты нәтижесі. Жетістікке жету жолында барлық адамдардың жағдайлары бірдей емес, бірақ кездесетін кедергілерге олар әртүрлі тәсілдердің көмегі арқылы бейімделе алады.
Р. Мертон мен Э.Дюркгейм девиантты мінез-құлықты мәдениетпен анықталатын ұмтылыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін әлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нәтижесі ретінде қарастырады. Мәселен, қазіргі американ мәдениетінде ауқаттылық идеясы басым, бұл өз кезегінде сәттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Әлеуметтік нормалар арқылы мәдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға жетудің заңды тәсілдерін де анықтайды. Сонымен егер адам табанды еңбек етсе, оның «американдық арманы», әйтеуір бір орындалуы тиіс.
Әлеуметтік девиацияның басқа да объективті факторлары ретінде келесілер мақұлданған: әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа қатысушылар арасындағы айырмашылықтар мен күтулерді орындамау Т.Парсонс; берекемен бөлісу және адамдардың тұлғалық қасиеттерінің арасындағы сәйкессіздік П.Сорокин; девиантты субмәдениет нормалармен оқытудың әсерлері Р.Клауорд, Л.Оулин. Сонымен, жастық жақтан бастап девиантты қылмыстық, қақтығыстық немесе ретристік субмәдениеттің ықпалына түскен тұлға көп жағдайда девиантты мінез-құлықтың осындай формаларын байқатуы әбден мүмкін.
И. Гофман стигманы үш түрге бөледі: физикалық стигма туа біткен ауытқушылықтар және денедегі зақымдар; ерік-күштің кемшіліктері ішімдікке салыну, нашақорлық, жан күйзелістері; нәсілдік стигмалар «қаралар».
Қазіргі заманғы ресейлік зерттеуші Ю.А.Клейберг жасөспірімдердің девианттылығын зерттей отырып, жеке тұлғаның мәдени нормаларға қарым-қатынасы арқылы девиантты мінез-құлықты айқындайды. Оның берген анықтамасы бойынша, «ауытқыған мінез-құлық бұл әлеуметтік нормалар мен күтулерді соларға деген тұлғалық құндылықты қарым-қатынасын көрсету арқылы өзгертудің арнайы тәсілі». Бұл үшін ерекше амалдар қолданылады: сленг, символика, сән, манера, қылық және т.б. Жас- өспірімдердің девиантты мінез-құлқы алға қойылған мақсатқа жетудің, өзін-өзі танытудың және бәсеңдік құралдары ретінде көрініс табады.
2. Тұлғаның мінез-құлқына әсер ететін маңызды факторлардың бірі ішкі, биологиялық жағдайлар, яғни кез келген сыртқы жағдайлармен бірлесіп әрекет ететін табиғи өріс. Биологиялық алғышарттарға мыналар кіреді: мұралықгенетикалық ерекшеліктер, индивидтің туа біткен қасиеттері ана құрсағында даму барысында игерген қасиеттер, импринтинг онтогенездің ерте кезеңдеріндегі қабылданған мәлімет.
Биологиялық фактор жеке тұлға тұрмысының төмендегі сипаттамаларын реттейді:
-
Онтогенез үрдісінің индивидуалдық өзгешелігі соның ішінде, пісіп жетілу, қартаю қарқыны; -
Гендерлік жыныстық айырмашылықтар; -
Жас ерекшеліктері; -
Дене бітімі; -
Денсаулық және төзімділік;
6. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері мен күйі.
Девиантты мінез-құлық табиғаты мен себептерінің биологиялық түсіндірмесінің көне тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық дәрігер-психиатр әрі криминалист Чезаре Ломброзо биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-әрекетін оның анатомиялық құрылымымен байланыстырды. Ч. Ломброзо теориясы тарихқа ғылыми ой ретінде енгенімен, кейіннен ғылыми тұрғыда жарамсыз деп танылды.