Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 205

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде оқытылатын

бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының репетитор

жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды жалғастыру бойынша

жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген

сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге дайындық үшін жеткіліксіз болады деп

есептейді [8]. 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру

ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында

педагог-психолог лауазымын қарастырады. 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру

ұйымдарындағы педагогпсихолог

оқушылардың психологиялық және әлеуметтік қолайлы жағдайды сақтауға бағытталған

әрекетті іске асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда

психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Педагогикалық ұжымның, сонымен

қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының бағдары мақсатында

зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік

даму мәселелеріне психологиялықпедагогикалық қорытындылар жасайды. Оқушылардың

даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму

бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету

жұмыстарын жүргізеді.

Мектептегі педагог-психологтың негізгі міндеттері

мұғалімдерге, сынып жетекшілерге, мектеп әкімшілігіне үйде оқытылатын бала

мінез-құлқының қандай да бір ерекшеліктерін, оның себептерін түсіндіру; баламен

өзара әрекеттесудің белгілі бір тәсілдерін таңдауда көмек көрсету; баланың

қоғамда бейімделу динамикасын қадағалау; балада және оның ата-анасындағы,

сондайақ мұғалім мен сынып оқушыларындағы қандай да бір қиындықтарды ерте

анықтау болып табылады. Педагог-психолог мектептің психологиялықпедагогикалық

консилиум мамандарымен бірігіп өзінің психологиялық зерттеулерінің

негізінде: 

− бала

дамуының белсенді деңгейін, жақын даму аймағын анықтайды; 

− ерік-жігер

саласының ерекшеліктерін, балалардың тұлғалық ерекшеліктерін, құрдастарымен,

ата-аналармен және басқа да ересектермен өзара әрекеттесу сипатын анықтай

ды; 

− баламен

түзете-дамыту жұмысының бағытын, сипатын және мерзімін айқындайды; 

− бала

оқытылатын микроортаны ізгілендіру міндеттерін қояды және шешеді;

− мұғалімге


және басқа мамандарға үйде оқытылатын баланың атаанасымен, сондай-ақ сыныптың

басқа да білім алушыларының ата-аналарымен сындарлы өзара әрекеттестікті

орнатуға көмек көрсетеді; 

− мұғалімдер

мен педагогтардың, басқа да мамандардың, сондай-ақ атааналардың психологиялық

біліктілігін арттыруға ықпал етеді;

− мұғалімдер

мен педагогтарға, оқушылардың ата-аналарына және т.с.с.

консультация береді. 

Біліктілік талаптары бойынша бастауыш, негізгі орта

және жалпы орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогы білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін

және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді, мүдделілігі мен

қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды,

уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.

Әлеуметтік педагог мектептегі кез келген баланың, оның

ішінде үйде оқытылатын білім алушылардың құқықтарын сақтауды қадағалауды жүзеге

асырады, білім алушылар, 

тәрбиеленушілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі

әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында

байланыс орнатады. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін

білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)

білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар

кешенін жүзеге асырады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен

мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат

бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын

үйлестіреді.Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене

мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагог әрекетінің маңызды

саласы – ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың ата-анасына мектеп

қауымдастығында, басқа атааналар ортасында бейімделуге көмек беру. 

Сондай-ақ әлеуметтік педагог үй және

отбасы жағдайында қолайлы және кедергісіз орта жасауда, бала туралы керек

ақпаратты іздеуде мұғалімдерге, мектептің басқа мамандарына көмек бере

алады. 

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім

беретін мектептер тәжірибесі білім беру ұйымында мұғалім-дефектолог,


мұғалім-логопед секілді арнайы

педагогтардың болуы түзете-дамыта оқыту сапасының артуына елеулі ықпал

ететінін дәлелдейді. Үйде оқытатын педагогтар командасында

мұғалімдефектологтың, логопедтің, ЕДШ нұсқаушысының болуы үйде көрсетілетін

білім беру қызметінің сапасын арттырып, баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Олар оқушылардың психикалық, дене және физиологиялық бұзылыстарын тексеруді

жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Мұғалімдермен

және басқа да мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру

және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке

жұмыстарды жүзеге асырады.

Педагог қызметкерлерге, оқушылардың

ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дамуында ауытқуы бар

балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес

береді.

Үйде оқытуды ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің міндеттері: 

− баланы

оқытатын мұғалімдермен, ата-анасымен (заңды өкілдерімен) сабақ кестесін

келісу; 

− білім

алушылармен және олардың ата-аналарымен байланысты

қамтамасыз ету;

− үлгерім

журналы мен табельді жүргізуді қадағалау;

− ата-аналарды

(заңды өкілдерді) білім беру процесіндегі барлық өзгерістер туралы уақытында

ақпараттандыру; 

− білім

беру процесі үшін салдары бар қиындықтар туралы мектеп әкімшілігін уақытында

ақпараттандыру.

Мектеп

әкімшілігі келесі мәселелерді шешеді:   

− білім

беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер негізінде үйде жеке тегін

оқыту туралы ереже, жеке оқу жұмыс жоспарлары, жеке оқу жұмыс бағдарламалары

және басқа жергілікті актілерді дайындау; 

− оқу

жоспары мен бағдарламаларын, жеке оқыту әдістемесін орындауды, білім

алушылардың аттестациясын, құжаттарды жүргізу және рәсімдеуді тоқсанда,

жартыжылдықта бір реттен кем емес қадағалау; 

− үйдегі

сабақтардың уақытында өткізілуін, үйде оқытылатын балаларды есепке алу журналын

жүргізуді қадағалау; 

− үйдегі

оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін мұғалімдер мен мамандарды уақытылы

таңдау; 

− үйде

оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдерді уақытында қабылдау.

Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал,

ата-аналардың педагогпен әрекеттесуге құлшынысы өте маңызды болып табылатын


көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл топтағы

балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген. Балаларды оқыту мен

оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға психологиялық-педагогикалық

біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет. Отбасыға барып жүрген педагог

ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы керек. Отбасылық психология мен

педагогика саласындағы мамандар отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөледі [9]:

− құптаушылық

гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады. отбасы мүшелері оның барлық

қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан

ата-анасы баланың бастамашылдығын шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы

жетістіктеріне, табысына қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай

бастайды. Балада ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық

пайда болады. Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі

бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында

расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды және

жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан бастарту немесе

невротикалық реакциялармен жауап береді. 

− басымдық

гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты жұмсағанымен оған көптеген

шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде баланың бағыныштылық, тәуелділік,

дербестіктің болмауы сияқты тұлғалық қасиеттері дамиды;

− эмоционалдық

шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы қарағанда болады. Немқұрайлық

немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік түрінде болмайды, бірақ ол балада

эмоционалдық жетілмеушілік пен агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер

етеді. Бала мен ата-ана арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты

құндылықтарға ата-анасының немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің

өзіндік ерекшеліктерін қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз

баласының жетілмегендігінен ұялып, адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық

орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына соқтырады

және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда болады;

− ата-ананың

жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды қажеттіліктеріне назар аудармай,

балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады. Баланың жетілмегендігін


қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай, мүмкіндіктерін асыра

бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлікүмәнданғыш күйлердің пайда

болуына әкеледі;

− гипопротекция

(гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы онымен қызықпаған,

қадағаламаған жағдайда болады. ата-анасы баланың қажеттіліктерін, ең алдымен

көңіл бөлуге, жетекшілік, қорғаудағы мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды.

Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан

уақытында көмек пен қолдау көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара

әрекеттестігі бұрмаланады. Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда

дамудың одан сайын артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп

соқтырады. Соған қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп

шешу керек деп ойлайды. 

Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше,

мүмкіндігі шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды тәрбиелейтін

отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар [7]:

− ата-аналар

жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш түсу, үрей мен бала

болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;

− бала

дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей болмағандықтан, олар

ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;

− отбасы

ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар арасындағы

қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді; 

− отбасыдан

тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті өмір салтының өзгеруі,

бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы) бұзылуының салдарынан

отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;

− дамуында

бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі  отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын

қоғамдық пікір отбасылық ахуалға «залалды» әсер етеді. 

Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына

арналған қолайлы жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе

олардың нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының

психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін,

ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді. Сондықтан педагог баланы оқытумен

қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму ерекшеліктері

туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне назарын аударады.

Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін ата-аналарға өте әдепті