Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 209
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
әлеуметтік педагогы оқыту семинарлары, тренингтер, ата-аналар клубы,
ата-аналарға арналған мектеп және басқа да алдын алу, ағартушылық ісшараларды
ұйымдастыра алады;
11)
тәжірибені зерделеу, яғни үйде оқытуды жүзеге
асыратын басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу, арнайы білім беру
ұйымдарына бару, арнайы педагогтардың тәжірибесін зерделеу. ҚР БҒМ Түзеу
педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» біліктілікті
арттыру ұлттық орталығымен ұйымдастырылған ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды оқыту бойынша қысқамерзімді курстар, тағылымдамалар да жалпы білім
беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін арттыруға ықпал ете
алады.
2.«Тіл және әдебиет»
білім саласының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері
Түсінік хат
Білім беру іс-әрекетінің негізгі
бағыттары:
1)
балалардың денсаулығын қорғауға қолдау жасау;
2)
білім алушылардың салауатты өмір салтының
негізін жасау;
3)
білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктерін
ескере отырып жалпы білім беруді қамтамасыз ету ;
4)оқушылардың біліктілігін көтеру.
Білім беру бағдарламасында баланың жеке басы бойынша
мақсатты бағыттар:
1)
балаға әлеуметтік-педагогикалық қиындықтарды
жеңуге көмек беру;
2)
дамуы мен тәртібінде орын алған ауытқушылықты
түзету;
3)
баланың жеке басының оң адамгершілік бастамаларына қолдау жасау;
4)
ұжымда сыныптастарымен әлеуметтік және ұжымдық
қарым-
қатынасқа бейімдеу;
5)әлеуметтік сауықтыру, ортамен қарым-қатынасын орнату.
Баланың дамуы және жеке
тұлға болып қалыптасуы үлкендермен
қарымқатынаста ғана емес негізгі іс-әрекет процесі білім алу барысында қалыптасады. Балаға
арнайы жасалған жағдайда оның дамуына зор мүмкіндіктер туады. Оқу -
тәрбие процесін ұйымдастырудың
негізгі формасы түзете-дамыту
қағидатына сәйкес құрылған сабақ болып
табылады. Сабақтың дәстүрлі емес формалары кең қолданылады: рольдік ойындар, кестемен жұмыс, дидактикалық
ойындар және өзіндік пәндік-практикалық жұмыстар,
тапсырмалар т.б.
Түзету-дамыту жұмыстарын табысты жүзеге асыру үшін:
1. Әр баланың жүрегіне оптимистік болжам бойынша жол таба білу (балаға сенім арту): Әр балаға барлығын
да үйретуге болады. Әрине, ол үшін
белгілі бір уақыт және мұғалім тарапынан да оқушы тарапынан да күш-жігер қажет,
бірақ педагог әр оқушының нәтижеге жету
мүмкіндігіне еш күмән келтірмеуі қажет.
2.Оң нәтижеге «табыстан
табысқа» жолы арқылы жетуге болады.
Бала өзінің табысын үнемі сезініп отыруы үлкен табыс болып саналады. Бұл баланың мүмкіндік деңгейіне қарай мұғалім
ұсынатын тапсырмалар сәйкес келгенде ғана болады. Білім алу процесінде осыны
ескерген мұғалім олардың табысты болуына мүмкіндік жасай алады. Оқушы жұмысын
бағалау барысында тағы да бір ескеретін жайт баланың қолы жеткен жұмысына назар
аударып , содан кейін жұмысты нақты жетілдіру жағына ұсыныстар беру керек.
3.Сабақта тілектестік
қарым-қатынас ортасын құру. Оң эмоционалдық жағдайда ғана даму болатыны
психологтермен дәлелденген. Бала өз күшіне сенсе және мұғалімнің сөзіндегі оған
деген сенімділік жылдам табысқа жеткізеді.
Педагог баланың әрбір берген дұрыс
жауабын, шамалы табыстарын мақтауға сараң болмауы қажет.
4.Әр оқушының
жұмыс жасау қарқыны оның жеке мүмкіндігіне байланысты болады. Егер оқушы үнемі
«тез, жылдам, сен тағы соңында қалдың» деген сөздерді ести берсе оқушы жұмысты
одан сайын жай жасайды немесе жылдам жасаймын деп сапасыз жасайтын болады.
Бәрінен дұрысы "аз болса да жақсы болсын» ұстанымды іске асыру.
6.Әр оқушының алға жылуын қадағалап отыру қажет.
Қазіргі уақытта қай «нүктеде» тұр, болашақтағы дамуы қалай болады соны білу
қажет. Ол үшін мұғалім оқушының нені өз бетімен, нені мұғалімнің көмегімен
орындай алатынын нақты білуі қажет.
7.Білім беруде диагностикалау процесінде шығарылған
оқушы дамуының «мықты» жағына сүйеніп отыру қажет.
Жалпы білім беретін бейімделген бағдарлама бойынша
денсаулығына байланысты уақытша
немесе үнемі білім беру ұйымдарына
бара алмайтын білім алушыларды үйде оқыту ерекшеліктеріне арналған оқу бағдарламасы анықтайды:
1)
оқу бағдарламасында 5-11 сыныптардағы апталық
саны 5-сыныпта – 32 сағат, 6-сыныпта – 33 сағат, 7-сыныпта – 34 сағат,
8-сыныпта – 36 сағат, 9сыныпта – 38
сағат, 10-сыныпта – 39 сағат, 11-сыныпта – 39 сағат көлеміндегі сағат есебіне
сәйкес саралап оқыту қағидатына орай оқу жүктемесін қайтадан бөліп, оқу
бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді (5-кесте):
5-кесте
Сынып | Сағат саны |
5 -сынып | 16 |
6 -сынып | 16,5 |
7 -сынып | 17 |
8 -сынып | 18 |
9 -сынып | 19 |
2)
үйде оқыту барысында мемлекеттік стандартты
орындау үшін жекелеген модульдерді, оқу бағдарламасының бөлімдері мен
тақырыптарын оқуға бөлінген сағат сандарын азайтып, мектептің мүмкіндігіне
қарай , мақсатты түрде білім алушының
жеке психофизикалық ерекшеліктері, білім алуға деген сұраныстары мен медициналық көрсеткіштері және дайындық
деңгейлері ескеріле отырып білім ұйымдары өздері бекіткен оқу курстары
әзірленеді;.
-
әрбір оқу пәнінің мазмұнын іске асыру мен оған
бөлінген оқу уақытының көлемі қолданыстағы білім мазмұны бойынша жасалған
бағдарламаға сәйкес анықталады;
-оқу пәндері көлемі қысқарған, оқуға
бейімделген қолданыстағы, қолданыстағы
бағдарламаларға сәйкес оқытылады;
-оқу материалын қысқарту оқу пәнінің бағдарламасымен
тәртіптеледі;
-
оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында
бірізділік жүйесі, сабақтастық принципі сақталып жасалған.
Негізгі орта білім беретін үйде оқудың бейімделген бағдарламалары
6-кесте.
«Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі, 5-сынып, апталық жүктемесі 0,5 сағат
№ | Бөлімдері | Ұсынылатын базалық білім мазмұны | Сағат саны |
1 | «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы». | Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы. Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары ауыспалы мағыналары болып табылатындығы | 1 |
2 | Сөздердің мағыналық топтары. Омонимдер.Синонимдер. Антонимдер. | Омоним сөздердің көп мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Синонимдердің тіл байлығы мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап, саралап қолданудың мәні. Антонимдердің жұпталған қарсы мәндес сөздерден тұратындығы. Антонимдердің ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құралы екендігі. | 2 |
3 | Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер) | Тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшеліктері: екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы | 2 |
4 5 6 | Сөздік қор және сөздік құрам | Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік құрам жөнінде түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы. Қазақ тілінің сөздік құрамы байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тән қарапайым сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздерден тұратындығы. | 2 |
Көнерген сөздер мен жаңа сөздер. Жаңа сөздердің жасалуы. | Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға қатыстылығы. Жаңа сөздердің тууының себептері. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы. | 1 | |
Диалект сөздер. Кәсіби | Диалектінің аймақтық ерекшеліктермен | 2 | |
7 | сөздер және терминдер. Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы. | байланысы.. Диалект сөздердің қолданылу өрісі. Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері: белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатындығы, сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсініктілігі. Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдіретіндігі. Терминдердің жасалу жолдары. | |
Фонетика. Қазақ әліпбиі | Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары; Қазақ әліпбиінің құрамы және әріптер ретін білудің мәні. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, емлесі. | 2 | |
8 | Үндестік заңы. | Буын және дыбыс үндестігінің мәні. Сингармонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын танытатындығы. | 2 |
9 | Ілгерінді ықпал. Кейінді ықпал. Тоғыспалы ықпал. | Оның ерекшелігі, қолданылатын орындары. | 1 |
10 | Сөзжасам | Сөздің жасалуы туралы: сөздердің түрлі жолдармен жасалатындығы. Жұрнақ арқылы, мағыналарының өзгеруі, тіркесуі арқылы жасалуы. | 1 |
7-кесте.
«Қазақ тілі» пәнінен білім мазмұнын жоспарлау үлгісі, 6-сынып, апталық жүктемесі 0,5 сағат
№ | Бөлімдері | Ұсынылатын базалық білім мазмұны | Сағат саны |
1 | Сөз құрамы | Түбір мен қосымша. Сөз тұлғасы. Дара және күрделі сөздер. Күрделі сөздердің түрлері. Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары. Негізгі түбір және туынды түбір. Бірігетін сөз таптары және олардың жазылуы, емлесі. Қос сөздердің қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінуі. | 2 |
2 | Сөздің топтары. Атауыш сөздер. Көмекші сөздер, Одағай сөздер | Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі; | 2 |
3 | Зат есім. | Зат есімдердің түрлері. Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары, зат есім болатын сөздердің мағыналары. | 2 |
4 | Сын есім. Сапалық сын есімдер Қатыстық сын есімдер. | Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары; Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі және т.б.). Олардың негізінен түбір сын есім болатындығы; Қатыстық сын есімдердің басқа сөз таптарының қатысуымен | 2 |
5 6 7 | | жұрнақтар арқылы жасалуы. | |
Сан есім. | Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. | 2 | |
Есімдік. | Сөз табының есімдік деп аталу себебі. Есімдіктің зат, сын, сан есімдердің орнына жүретіндігі, қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз табының сұрағына жауап беретіндігі. Есімдіктердің кейде орынбасар сөздер аталуы; | 2 | |
Етістік. Болымды және болымсыз етістіктер. Салт және сабақты етістіктер. | Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп аталатындығы. Етістіктің тұлғасына қарай негізгі, туынды етістік болып бөлінетіндігі. Көмекші етістік. Етістіктің сұраулары. Болымсыз, сабақты, салт етістіктердің жасалу жолдары. | 1 | |
8 | Етістер. Көсемше. | Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін сипаттары. Көсемше етістіктің ерекше түрі екендігі. Көсемшенің жасалу жолдары. | 1 |
9 | Үстеудің емлесі. | Үстеудің сөйлемдегі қызметі. | 1 |
10 | Еліктеуіш сөздің түрлері. Шылау. Одағай. | Еліктеу сөздер және бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар; Шылаудың өз алдында сөз табы екендігі. Шылаудың көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы, жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру. Шылаудың түрлері: Жалғаулық шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір ұғымды | 1,5 |