Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 211
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы татулықты нығайтуға тырысу керек.
Осындай «жылы» қарым-қатынас отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал
етеді. Ал ата-аналардың хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті
түрде баланың мінезқұлқынан көрініс табады.
Тәжірибеде жұмыс істейтіндер үйде
оқыту мен тәрбиелеу процесіне қосылу үшін баланың ата-анасы мен туыстарына
дефектолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы мен психологтың білікті консультациясы
талап етіледі деп санайды. Логопед тыныс алуды, ұсақ моториканы, артикуляциялық
аппаратты дамытуға ойын жаттығуларын көрсетеді; ЕДШ нұсқаушысы буындарды қалай
дамыту, бұлшықеттерді нығайту керектігін, дұрыс отыру, тұру, ата-аналар үйде
қолдана алатын емдік уқалау жасау мен бейінді дене шынықтыру тәсілдерін
үйретеді. Мысалы, ата-аналарды ерін мен тілді өзіндік уқалау техникасымен
таныстырған логопед сөйлеу тілін меңгеруде баланың жетістіктері, көбінесе, оның
туғандарының білім беру процесіне қаншалықты қосылғанына, мектеп командасының
толыққанды мүшесі ретінде сезінгеніне байланысты деп есептейді. Маман тек
дыбыстарды қояды, ал оны үнемі бекіту керек. Егер анасы шыдамдылық танытып үйде
сабақтарды бекітуге уақыт тапса, демалыстан оқуға шыққан бала өз үйренгенін
ұмытпайды және педагогқа бәрін басынан бастаудың қажеті жоқ болады.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық
біліктілігін арттыру мақсатында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды
оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналар үшін тақырыптық лекторийлерді
өткізу ұсынылады. Мысалы, олар: «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда
ата-ананың рөлі», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас және баланың адамгершілік
тәрбиесі», «үйде оқытылатын баланы оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі»,
«Баланың тілін дамыту және бос уақытын ұйымдастыру»,
«Бала өмірінің қауіпсіздік негіздері»
және т.с.с.
1.5 Үйде оқытуды ұйымдастыру
ерекшеліктері
Ғалымдар, әлеуметтік педагогтар, балалар психологы,
балаларды үйде оқытатын пән мұғалімдері баланың ұзақ уақыт бойы үйде оқытылуы
оның қоғамнан шеттетілуіне, депривациясына, баланың патологиялық тұйықталуына,
басқа адамдармен сөйлесуден қашу мен қорқуға алып келеді деп пайымдайды
[10,11].
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру оларда
тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтармен, ондай
қарымқатынастың аз нәтижелілігімен, сәйкес емес өзін өзі бағалаумен байланысты
үнемі табысты болмайды. Егер бала үйде оқытылатын болса, құрдастар ортасынан
айырылған балада әлеуметтік маңызды білім, іскерлік, қасиеттерді игеру үшін
қолайлы жағдайлар азырақ болады. Үйде оқытылатын балалармен жұмыс жасайтын
жалпы білім беру мектебінің мұғалім педагогтарының айтуы бойынша «… біз үйде
оқыту формасындағы мүгедек балаларда танымдық қажеттілік қаншалықты жоғары,
олар үшін кейде, аптасына бір рет болса да сынып, сабақ жағдайында болу
қаншалықты маңызды екенін, оны қаншалықты бағалайтынын көреміз. Алдында
балаларға деген қызығушылығы бар ересек адам болып, басқа балалармен оқу
жағдайының өзінде үлкен терапиялық әлеует бар ...» [10]. Үйде оқитын балалардың
ата-аналары да педагогтардың пікіріне қосылып отыр. Олар сабақтарды тек қана
үйде өткізген жағдайда, балаларда әлеуметтік мүгедектікті қоздыру сияқты кері
салдары болады деп алаңдаушылық білдіруде. Ата-аналардың айтуынша «мектеп бізге
бәрін береді: сөйлесу дағдыларын, тәртіп, ереже, міндеттер нормаларын және
т.с.с. Біз үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналары кейде болса да мектепке
баруға рұқсат беруін сұраймыз!!!». Р. Валленберг атындағы арнайы педагогика мен
психология институты (Санкт-Петербург) ғалымдарының сал ауруы бар балалар мен
жасөспірімдерді үйде қашықтықтан оқытуда өзіне және айналадағыларға
қарым-қатынасын зерттеу қоршаған адамдармен қажетті және жеткілікті мөлшерде
қарым-қатынасқа түскен балаларда мектепке және сыныпқа жағымды көзқарасы басым
болатынын көрсетті. 4-кестеде «Сөйлемді аяқта» әдісі бойынша эмпирикалық
зерттеудің нәтижелері берілген [11]:
4-кесте.
Пікірдің мысалдары.Негізгі (НТ 1) және бақылау (БТ 1) топтарындағы бастауыш
мектеп жасындағы балалардың «Құрдастарға қарым-қатынас» және «Мұғалімдер мен
мектепке қарым-қатынас» шкаласы
Зерттелетін топтар | НТ1 | БТ1 |
Құрдастарға қарым-қатынас Мұғалімдер мен мектепке қарымқатынас | Бастауыш сынып оқушыларының пікірі | |
Мектептегі балалар арасында және хорда боламыз. Санаториядағы балалар арасында боламыз. Мен ойнайтын балалар мейірімді. Мен ойнайтын балалар да менімен қашықтан оқиды. Менің достарым маған телефонмен жиі хабарласады. Менің достарым мені мектепте жиі күтеді. Анаммен балалар арасында сирек боламыз. | Менімен ойнайтын балалар кейде қонаққа келеді. Ауруханада, санаторияда балалар арасында боламыз. Мен ойнайтын балалар нашар сөйлейді, олармен қиын. Менің достарым менімен бірге болғылары келмейді, түсінбейді. Мен мектепке қайтып барғанда менің достарым болады. | |
Менің мұғалімім мені мақтайды. Мектеп болмаса мен оқу мен санауды үйрене алмайтын едім. Мен мектепті ойлағанда, сонда барғым келеді. Мектеп туралы ойлаған кезде, тезірек сонда барғым келеді. Мектеп туралы ойлағанда менің досым келе ма немесе тағы да ауырып қала ма деп уайымдаймын. Менің мұғалімім мені жақсы оқытады. Мұғалімім менің басқа балалармен сабаққа барғанымды қалайды. | Менің мұғалімім маған жиі келмей қалады. Мұғалімім мейірімді, бағалар үшін ешкім көңілін түсірмегенін қалайды. Менің мұғалімім мені үйде оқытады. Мектеп болмаса маған ешкім келмейтін еді. Егер мектеп болмаса, мен қуанатын едім. Мектеп туралы ойласам, онда баруға қорқамын. Мектеп туралы ойлаған кезде, онда не істейтінін білмеймін. Мектеп туралы ойлаған кезде, онда көп әр түрлі балалар бар екенін білемін. |
Бұндай мысалдар көп, «... Полина анасы
Анастасиямен үйде оқытылып жатқанына бес жыл болды. 12 жастағы қыз жүру
арбасымен қозғалады және сүйемелдеуді қажет етеді. Бірақ ол көшеде, аулада,
қонақта құрдастармен сөйлесетін мүмкіндікті жібермеуге тырысады. Сондықтан
тезірек сауығып мектепке баруды армандайтыны сөзсіз...» [8].
Қарағанды қаласы ТҚАЗ балаларға арналған облыстық
мектеп-интернат директорының орынбасары Наукенова Қарлығаның айтуынша,
құрдастарымен қарым-қатынас бала өмірінің өте маңызды бөлігі. Сөйлесу, достық,
өзара көмек және коммуникацияның басқа да түрлері сияқты бала өміріндегі
негізгі дүниелерді мектептен басқа қай жерде тани алады? Үйде оқитын балаларда
бұл мүмкіндік жоқ болғандықтан, кейде мамандар оларды сыныптағы сабақтарға
қатыстырады. Бұл кезде ата-аналар өз балаларын қолдайтын тұлғалар және
тьюторлар ретінде жүреді. Мектеп те баланы оқуға ынталандырады. Себебі, өз
жетістігін құрдастарының жетістігімен салыстыру мүмкіндігінен айырылғандықтан
бала жетістікке деген ұмтылысын жоғалтады [8]
.
Баланың жалпы дамуында әлеуметтік бейімделудің
маңызын ескере отырып, үйде оқытылатын балалар мен олардың ата-аналарын
қатыстырып әр түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқыту мәселесі бойынша шетелдік және
отандық ғылыми зерттеулерді, денсаулық сақтау мен білім, халықты әлеуметтік
қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді талдау, сондай-ақ үйде
оқытылатын білім алушылары бар жалпы білім беретін және арнайы мектептердің
педагогикалық ұжымының тәжірибесін зерделеу үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша
бірқатар әдістемелік ұсынымдарды бөлуге мүмкіндік берді.
1.6 Үйде оқытуды ұйымдастыру
бойынша жалпы
әдістемелік
ұсынымдар
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде
оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады:
1)
үйде оқыту процесін ұйымдастыруды нормативті
құжаттармен, сондайақ жергілікті қолдану үшін әзірлеу мен енгізуді қарастыратын
ішкі актілермен қолдау. Кеңінен қолданылатын ішкі актілер:
− | үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру туралы ереже; |
− | үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары; |
− | жеке оқу жұмыс бағдарламалары; |
− | жеке оқыту кестесі; |
− | жеке оқытудың үлгерім журналы және басқалары. |
2)
үйде оқыту бойынша мектеп командасының әрбір
мүшесінің, оның ішінде ұйым басшысы мен оның орынбасарлары, мектептің
психологиялықпедагогикалық консилиум төрағасы мен мүшелері, пән мұғалімдері,
әлеуметтік және арнайы педагогтар, педагог-психолог, мектеп ата-аналары
комитетінің өкілі мен басқа да жұмыскерлердің қызметін нақты айқындау;
3)
білім алушыларды үйде оқытатын пән мұғалімдері
мен педагогтардың әдістемелік бірлестігін құру. Педагогтардың әдістемелік
бірлестігі үйде оқыту бойынша оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіріп қана қоймай,
сондай-ақ үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуде
және талқылауда, үйде оқытылатын білім алушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін есепке ала отырып оқу бағадарламаларын жекелендіру,
мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап таратуда тиімді механизм болып табылады;
4)
сабақтарда оқытудың аралас әдістерін қолдану.
Сабақтағы білім беру процесін негізгі дидактикалық қағидаларды, оның ішінде
бала дамуының қажетті жағдайы ретіндегі оқытудың түзетуге бағыттылығы қағидасын
сақтай отырып көрнекі-әрекеттік негізде ұйымдастыру керек. Әр сабақта баланың
қабылдауы, сөйлеу тілі мен қарым-қатынасы, ойлау, есте сақтау, эмоциялар, ынта
және басқа да психологиялық-физиологиялық дамуына ықпал ететін
заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру қажет.
5)
оқу материалын бөлшектеп, кезеңмен оқыту және
оны талдамалысинтетикалық жолдармен көрсету, әрбір элементті талдау және біртұтас
қабылдауды қамтамасыз ету; оқушылардың бұрын меңгерген практикалық тәжірибесіне
сүйену; сақталған шынайы байланыстарды тұрақты пайдалану; себеп-салдарлық
байланыстар мен заңдылықтарды анықтауға аса назар аудару; қысқа, әрі қарапайым
ережелер мен тұжырымдарды шығаруда бастысын бөле білу; оқу материалын меңгеру
мен қайталау үшін практикалық жаттығулардың жеткілікті саны; материалды оқу мен
бекітуде заттық-тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру; оқытылатын материалды әр
түрлі жаттығуларға қосу; көрнекілік материалдарды тиімді пайдалану; өзіндік
орындауға арналған күрделілігі әр түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды қосу;
6)
мектеп кітапханасы, мерзімдік басылымдар,
лабороториялар мен оқу құрал-жабдықтары сияқты мектептің білім беру қорларына
қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7)
үйдегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жүйелі
түрде бақылау;
8)
арнайы педагогтар, ата-анасы немесе жақындарының
қолдауымен қолайлы оқу-тәрбиелік ортаны жасай отырып оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың әр түрлі жағдайларын үйлестіру мектеп жасындағы оқушылардың
танымдық әрекетін белсендіруде сыныптан тыс және үйірмелік жұмыстың рөлі жоғары
екендігі белгілі. Сондықтан үйде оқытылатын білім алушыларды сыныптан тыс,
үйірмелік және басқа жұмыстарға тарту, мектептегі іс-шараларға қатысудың
мүмкіндігі баланың жалпы дамуында, сонымен қоса қоғамда әлеуметтенуінде жағымды
динамиканың бастамасы бола алады;
9)
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
(бұдан әрі - АКТ) заманауи мүмкіндіктерін пайдалану. Көптеген елдерде ұзақ
уақыт бойы білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады.
Ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың, сонымен қоса смартфондар,
программаланатын және механикалық lego- құрылымдардың заманауи мүмкіндіктерін
сауатты және мақсатты-практикалық қолдану оқыту процесін, оның ішінде үй
жағдайындағы оқуды тек арнайы лабороторияларда мүмкін болатын оқу-зерттеушілік
процеске айналдырады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың
АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және денсаулық сақтау нормаларын қатаң
қадағалау талап етіледі. Үйде оқытуда АКТ қолдану балаларда өзіндік оқу мен
зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыруға елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары
жүргізілген үйде оқытылатын балалардың әлеуметтену мәселесін зерттейтін арнайы
ғылыми зерттеулердің нәтижесі қашықтықтан үйде оқытудың дәстүрлі үйде оқытумен
салыстырғанда өзіне және айналадағыларға жағымды қарымқатынасты қалыптастыруда
тиімді болатынын көрсетті. Үйде оқытылатын балалар интернет-сайыстарға қатысып,
мысалы экологиялық мәселелер бойынша, жеңіп жатқан мысалдар тәжірибеде бар
[12]. Мүмкін виртуалды сөйлесу құрдастармен шынайы сөйлесуден кем түсетін
шығар, бірақ мүгедек балалардағы әлеуметтік құзыреттерді қиындықсыз дамытуға
елеулі ықпал ететіні айғақ;
10)
үйде оқытылатын балалардың ата-аналарымен (заңды
өкілдермен, жақындармен) мақсатты ағартушылық жұмыс жүргізу. Мектеп педагогпсихологы,