Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі марат оспанов атындаы батыс азастан медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 247

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3.4.Мұрын маңы қойнауларының диафаноскопиясы

Диафаноскопия (грек тіліненDiaphanes - мөлдір және грек.  skopia – бақылау орны, қарау алаңы) дегеніміз – трансиллюминация, немесе тері маңындағы түзілістер мен кисталарды жарықтың шоғырымен жарықтындару. Мұрын маңы қойнауларының диафаноскопиясын, жоғарғы жақты және маңдай қуыстарының әртүрлі қабыну ауруларында, травматикалық гемосинустарда екшеу диагностикасы ретінде қолданады.

Қажетті құралдар: диафаноскоп, қараңғыланған бөлме.

Өткізу техникасы. Қараңғы бөлмеде диафаноскоп лампасын ауыз қуысына енгізіп, диафаноскоп жарығын қосады. Гаймор қойнауларына жарық түседі де, көздің төменгі жағынан қызғылт дақ көрінеді (37 сурет). Қойнауда ірің немесе ісікті түзіліс болса, қызыл дақтар анықталмайды. Қойнаудың алдыңғы қабырғасы қалың болса, жарық көрінбейді. Ол кезде көздің төменгі қабағын тарту қажет, осы кезде гаймор қойнауының жоғарғы қабырғасынан жартыай тәрізді қызғылт дақ көрінеді. Қойнау бір жақты зақымданған жағдайда асимметрия байқалады.

Маңдай қойнауының диафаноскопиясында шамды көзшарасының медиалды-жоғары бұрышына орналастырады.

Торлы лабиринттің диафаноскопиясы үшін ортаңғы мұрын кеуілжерінің деңгейіне сальпингоскопты енгізеді. Қалыпты жағдайда көзшарасының медиалды бөлігінен жарық көрінеді, ал патология болса онда жарық анықталмайды.


37 сурет – Диафаноскоп және мұрын маңы қойнауларының диафаноскопиясы
3.5.Мұрын және мұрын маңы қойнауларының рентгенограммасын және УДЗ-ін оқу

Әртүрлі проекциядағы бастың рентгенографиясы мұрын және мұрын маңы қойнауларының құрылымын бағалауға мүмкіндік береді: оның ұзындығы, пішіні, көлемі және даму варианттарын анықтайды. Томография - мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнауларының құрылымымен және ауруларын диагностикалауда нақты ақпараттар береді.

Мұрын маңы қойнауларының рентгенологиялық зерттеуі мұрын-иек проекциясында жасалады (38 сурет).


38 сурет - Мұрын-иек проекциясы
Маңдай қойнауы, торлы лабиринт және негізгі қойнаудағы өзгерістерді анықтау үшін мұрын-маңдай (39 сурет) және бүйір /қырынан/ (40 сурет), жартылай аксиалды проекцияда (41 сурет) түсіріледі.




39 сурет -мұрын-маңдай проекциясы



40 сурет - битемпоралды /бүйір/ проекция


41 сурет- Аксиалды проекция
Мұрын маңы қойнауларының ауруларының рентгенологиялық көрінісі оларға тән белгі мөлдірліктің жоғалуы және ауалық көріністің патологиялық процеспен алмасуына байланысты қараю пайда болады. Рентгенографияда мұрын маңы қойнауларының толық және толық емес қараюы кілегей қабығындағы патологиялық процеске, грануляция, полип, киста, серозды немесе іріңді сұйықтықтың және т.б. болуына тәуелді. Гаймор және маңдай қойнауы кілегей қабатының ісінуі немесе гипертрофиясында қабырғалық қараю анықталады. Экссудатта /іріңде/, вертикальды проекцияда,рентгенографияда - горизонталды ірің деңгейі көрінеді (42 сурет).


42сурет– гаймор қойнауының рентгенографиясында сұйықтықтың көлденең деңгейі көрсетілген.
Кілегей қабаттың ісінуі немесе гиперплазиясында қараю тұтас /біркелкі/ қараю болып және қарапайым рентгенографиямен анықтау мүмкін болмағанда, мұрын маңы қойнауларына компьютерлі томография немесе қойнауға йодолипол ертіндісін жіберу арқылы рентгенологиялық зерттеуге (контрастты рентгенография) жүгінеміз.

Мұрын және мұрын маңы қойнауларының тоталды /толықтай/ қараюы жиі полипозды пансинуситте байқалады. Оның рентгенологиялық көрінісі полиппен толған мұрын қуысының кеңеюімен және мұрын маңы қойнауларының құрылымсыз толықтай қараюымен сипатталады.

Обыр және басқа ісіктермен зақымдануда мұрын және мұрын маңы қойнаулары рентгенографиясы маңызды рол атқарады. Қатерлі ісіктерінің рентгенологиялық белгісі ретінде мұрын кеуілжерлерінің, қойнау қабырғаларының остеопорозы, деструкциясы және олардың құрылымсыз диффузды қараюы болып табылады. Мұрын және мұрын маңы қойнауларының ісіктерін ерте анықтауда және диагноз қоюда, бірнеше проекциядағы томография және компьтерлік томографияның алатын орыны ерекше.

КТ – мұрын маңы қойнауларының ісіктерінде, оның қабырғаларының деструкциясында, ісіктердің жақын анатомиялық құрылымдарға таралуын анықтауда баға жетпес тәсіл (43 сурет).




43 сурет - Мұрын және мұрын маңы қойнауларының КТ-сы
Мұрын сүйектері және қойнау қабырғасының жарақатында, бет аймағының оқ жарақатында, бөгде денесінде/металл / рентгенологиялық зерттеудің рөлі аса зор.

Мұрын маңы қойнауларын УДЗ инвазивті емес зерттеу әдісіне жатады. Ол стационарда немесе «Синускан» аппаратының (44 сурет) көмегімен жасалады.



44 сурет- «Синускан» аппараты және оның зерттеу нәтижесі
УДЗ мұрын қуысындағы түрлі патологиялық өзгерістерді анықтайды (кілегей қабатының ісінуі, киста, экссудат, полиптерді) (45, 46 сурет). Процестің верификациясы үшін басқа зерттеу әдістерін қолдану керек. УДЗ әдісін жүкті әйелдерге және сәулелік зерттеу әдісіне қарсы көрсеткіш болған пациенттерге пайдаланған жөн.


45 сурет -Жоғары жақ қойнауының қалыпты УДЗ, сагитальды проекция:

а-тері; б-жұмсақ тіндер; в-ауа, жіңішке көрсеткі-қойнаудың алдыңғы қабырғасы.



46 сурет - Жоғары жақ қойнауының жедел экссудативті синусит кезіндегі УДЗ көрінісі, горизонтальды кесінді: а-қойнаудың алдыңғы қабырғасы; жіңішке көрсеткі-қойнаудың артқы қабырғасы; б- жуан көрсеткі-қойнаудың медиалды қабырғасы.

3.6. Мұрынның тыныс алу қызметін зерттеу

Зерттеу тыныс алу бұзылысында жүргізіледі. Жіпті немесе мақтаның бір бөлік ұшын зерттелушінің мұрын кіреберісіне жақындатады. Мұрынның қарсы жағын саусақпен басады. Мұрыннан тыныс алу және шығаруындағы жіпшенің немесе мақтаның ауытқу дәрежесіне сәйкес тыныс алу қызметі анықталады.
3.7. Иіс сезуді зерттеу

Мұрынның әрбір жартысына кезекпен стандартты иістерді (сірке қышқылы, спирт, валериан тұнбасы, мүсәтір спирті) жақындату арқылы жүргізіледі. Зерттелуші құтыдан иістерді иіскейді. Дені сау адамдарда жоғарыда аталған иісті заттарға иіс сезу сезімталдығы бірдей емес, көрсетілген реттілікке сәйкес иіс сезуде арта түседі. Гипосмияда сезімталдық аталған иісті заттарға бірте-бірте төмендейді.


Жоғарыда аталған заттарға иіс сезудің нашарлауына байланысты иіс сезу сезімталдығының төмендеу градациясын анықтауға болады:

  1. 0,5 % сірке қышқыл ерітіндісі (әлсіз иісті – иіс сезу төмендеуінің І дәрежесі).

  2. Таза шарап спирті (орташа иіс – ІІ дәрежесі).

  3. Қарапайым валериан тұнбасы (күшті иіс – ІІІ дәрежесі).

  4. Мүсәтір спирті (өте күшті иіс – ІV дәрежесі).


3.8. Басында кертігі бар мұрын зәйтүніне мақтаны орау

Оң қолға кертігі бар мұрын зәйтүнін, сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасына мақтаның бір бөлігін қойып, мақтаның үстіне зәйтүн ұшын орналастырады. І және ІІ саусақпен мақтаны ұшына жұмсақ болатындай етіп орайды. Зәйтүн пайдаланылуға дайын.
3.9. Мұрын қуысынан жағынды алу

Алдын ала басында мақтасы бар 2 мұрын зәйтүні және спиртпен өңделген 2 әйнек дайындалады.

Алдыңғы риноскопия жүргізіледі. Басында мақтасы бар мұрын зәйтүнін оң жақ жалпы мұрын жолына енгізіп, мұрын қуысының төменгі жағына тигізіп басады. Содан соң мұрыннан шығарып, мұрын бөліндісін әйнекке жұқалап жағады. Әйнектің бір жақ шетіне арнайы қарындашпен «О» әрпі жазылады, ол жағынды оң жақ мұрын жартысынан алынды дегенді білдіреді. Дәл осылай жағынды сол жақ мұрын жартысынан алынады, келесі әйнекке мұрын бөлінісін жағып, шетіне «С» әрпін қояды. Жағындыны кептіріп, метил спиртінде ұстап /фиксациялап/, 5-10 минут бойы Романовский – Гимзе бояуымен бояйды (дистилденген сумен 1:10 қосылған). Бояу ағынды сумен жуылады, кепкеннен кейін жағынды дайын.

Иммерсиялы микроскоп арқылы (объектив - 90) мұрын бөлінісінің жасушалық құрамын тексереді. Мұрын және мұрын маңы қойнауларының аллергиялық ауруларында көп мөлшерде эозинофилдер анықталады.
3.10. Мұрын қуысын зәйтүнмен тексеру

Алдыңғы риноскопия кезінде басы жұмыр зәйтүн көмегімен мұрын қуысының кілегей қабатын зерттейді. Көп жағдайда зәйтүн қолдану құнды әдіс болып табылады. Зәйтүн арқылы мұрынның кілегей қабатындағы патологиялық түзілістерді (кілегей қабаттың гипертрофиясы, қатерлі және қатерсіз түзілістер, мерез секвестрлерін, остеомиелит ошақтарын, қатты бөгде денелерді), сонымен қатар ашылған сүйектердің бөліктерін және бөгде денелердің тығыздығын /консистенциясын/, пішінін, қозғалғыштығын, орналасуын анықтауға болады.
3.11. Мұрын қуысы кілегей қабатына жақпа жағу


Мұрын жолдарына жақпа ретінде пайдаланылады: тамыртарылтқыш ерітінді, ауырсынуды басатын және күйдіргіш дәрі-дәрмектер.

Басында мақтасы бар мұрын зәйтүнді тамыртарылтқыш ерітіндісіне батырады (адреналин, лидокаин және т.б.), оны ортаңғы мұрын жолына, төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжерлеріне жағады. Бұл шара көбінесе мұрын маңы қойнауларының (маңдай, гаймор, торлы лабиринттің алыңғы және ортаңғы ұяшықтары) табиғи өзегі арқылы патологиялық бөліністердің шығуын жақсарту мақсатында жүргізіледі. Гаймор қойнауларының пункциясында басындағы мақтасына жансыздандыратын ерітінділер (2% немесе 10% лидокаин ерітіндісі) сіңірілген мұрын зәйтүнін төменгі мұрын кеуілжерінің астына, яғни төменгі мұрын жолына енгізеді.

Төменгі конхотомия және мұрын полипотомиясында бұл ерітінді жалпы мұрын жолына да жағылады. Төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжерлерінің гипертрофиясында күйдіргіш ерітінділерді (10%және одан жоғары күміс азот қышқылды ерітіндісі, үш хлорлы сірке және хром қышқылы) қолданғанда, алдын ала аппликациялық анестезия жасалады.
3.12. Мұрын қуысына дәрі тамызу

Пипетка /тамызғы/ көмегімен жүргізіледі. Балаларға әр мұрын жартысына 2-3 тамшыдан, ересектерге 5 тамшыдан тамызады. Тамшыларды тамызу алдында мұрын қуысын тазалап алу қажет. Науқас басын артқа шалқайтып, иығы жағына қарай қисайтады. Сол қолдың І-ші бармағымен науқастың мұрын ұшын көтеріп, дәріні тамызады. 1-2 минуттан соң мұрынның екінші жартысына тамызады.
3.13 Дәрілік заттарды мұрынға үрлеу (инсуфляция)

Дәрі-дәрмектерді мұрынға үрлеу емдік мақсатта жүргізіледі. Себуге арналған дәрі-дәрмек ұнтақталған түрінде ыдысқа салынады (47 сурет). Ұнтақ құрамына антибиотиктер (пенициллин, неомицин және т.б.), сульфаниламидтер кіреді.

2

3

1


47 сурет - Инсуфлятор-ұнтақты үрлегіштің схемасы:

1-металл немесе эбонитті түтік; 2 — ұнтаққа арналған шыны немесе пластмасса ыдысы; 3-ауаны үрлеуге арналған резеңке баллон.
Алдыңғы риноскопия жасап, мұрын қуысын тазартады (кілегей, ірің, қабыршақтардан). Содан соң инсуфлятордың ұшын мұрын кіреберісіне енгізіп, резенді баллонды бірнеше рет қаттырақ басады. Инсуфляторды қолданылғаннан кейін ұшын спиртпен (немесе үштік ертіндімен) өңдейді. Инсуфляцияны күніне бір немесе екі рет қолданады.