Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 138
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.Дүниетану сабақтарының материялдық базасы
№20 Мемілекеттік емтихан билеті.
1.Тәрбие үрдісінде өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Өзін - өзі тәрбиелеуді - көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Мақсат қою, күш - жігер жұмсау, өзін - өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін - өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс.Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады.Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар.Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері:1) өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою.2) өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау.3) әдістерін анықтау.4) аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі.5) өзін-өзі бақылау.Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамн ың моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру. Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа іс-әрекетке көндіктіру, күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты әдіс-ер қолданылады.
2.Эмоция мен сезім.Түрлері
3.Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері.
№21 Мемілекеттік емтихан билеті.
1.Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар: 1)-оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ шегінде жобалау;2)-сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;3)-оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке құралдарын қадағалау. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:1)-температуралық режім;2)-ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);3)-кабинетті дұрыс жарықтандыру;4)-шаршағандықтың алдын алу;5)-іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:-1)білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;2)-оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың үйлесімді мазмұнын анықтау;3)-сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау;4)-оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;5)-барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге асыру;
2.Балада эмоция мен сезімнің дамуы.
Мектеп жасына дейінгі балалар эмоцияларының басты ерекшелігі- тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі. Мектепке түсу- бала сезмдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы.
Төменгі сынып оқушылары да аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бала сабақ үстінде бірқалыпты отыра алмайды, өйткені өзіне ие бола алмай сещімінің жетегіне еріп кетеді. Бұлар-жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Интеллектік сезімдерінің дамауы баланың рухани Қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен лаззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасу мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларында ұялу сезімдері де одан әрі жетіле түседі. Ұялу баланы жағымсыз іс әрекеттен тоқтатып отыратын күшті морльдық сезім. Баланы орынсыз ұялта беру де дұрыс емес.
Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуда сурет, табиғаттану сабақтарының алатын орны зор.
3.Оқу материалдарын тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы принциптерінің ерекшеліктері (В.Ф.Шаталов)
№22 Мемілекеттік емтихан билеті.
1.Педагогика пәні, негізгі ұғымдары, салалары, басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы б.т. Педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.Педагогика ұғымдар: Тәрбие ұғымы - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу т Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.әрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.Басқа ғылымдармен байланысы: Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы: Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы. Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
2.Ерік. Балада еріктің дамуы.
Әрбір адам сан алуан, қарапайым және күрделі әрекеттер жасап жатады, олардың барлығы да саналы болып, белгілі бір мақсатты көздейді. Мұндай әрекеттерді ерікті немесе әдейі істейтін әрекеттер деп атайды.
Ақыл ойдан туатын және алдында тұрған мақсаты бар, ерікті түрде жасалатын барлық әрекеттері ерік әрекеттері деп атауға болады.
Шын мәнінде алға қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді адамда туатын күш арқылы жеңудегі психологиялық процесс ерік деп аталады.
3.Музыкалық білім және тәрбие берудің мектептен және класстан тыс формалары
№23 Мемілекеттік емтихан билеті.
1.Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының басты формасы
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысыны бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы талқыланып, оларды жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі – педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсаты: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.Тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата – аналарға педагогикалық білім беру. Қазір ата – аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор.
Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата - аналардың ықпалы олардың жалпы ж/е педагогикалық мәдениетіне байланысты.
2.Жас ерекшелік психологиясына кіріспе.
Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде. Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар. Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап, жас өспірімдік шаққа дейінгі аралыққа өзгерістер енгізілді. Олар жеті сатыдан тұрады:
Жаңа туған бала (туған сәттен...бір-екі айға дейін)
Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)
Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)
Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)
Жас ерекшелік психологиясы-психология ғылымының саласы. Пәннің зерттейтіні-адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, психикалық процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.
Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар психологиясы, бастауыш мектеп психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы жатады. Жас ерекшелік психологиясы пәні-жас ерекшеліктерінің психикалық процестерін, жеке даму факторларын оқытады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең. Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді. Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы, бөбектер мен жас өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.
3.Шағын жинақталған мектептердегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
№24 Мемілекеттік емтихан билеті.
1.Оқыту технологиялары, түрлері мен ерекшеліктері
1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.