Файл: 1 Мемлекеттік емтихан билеті Мектеп малімі, малімдік мамандыты ерекшеліктері мен абілетері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 137

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
музыка аспаптары, т.б. мұралары туралы мағлұматтар іздестіреді.5) "Наурыз" - халық мейрамдары, әдет-ғұрыптары, халық ойындарымен танысу.6) "Орта" - балалар табиғатты қорғаудағы мәселелерге байланысты экологиялықжорыңтар, саяхаттар ұйымдастырады.7) "Ардагер" - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан жауынгерлер туралы деректер жинап, мұражай, ескерткіш тақталар ашу.8) "Достық"-әрбір мектепте ұлттық мәдени орталықтар ашу, шетелдердегі балалармен достық байланысты дамыту. Қазақстан тарихына, мәдениетіне із қалдырған әр түрлі ұлт адамдарының өмірімен, іс-әрекетімен танысып, зерттеу.9) "Алыстағы бауырлар" - шет елдерде тұратын қазақтармен және басқа ұлт балаларымен байланыс жасау: хат жазысу, кездесу, тәжірибе алмасу, бірлесіп шаралар өткізу, т.б.

2.Ес. Естің түрлері

Ес- сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Адам есінің негізгі мазмұны- сөзбен айтылатын материал, яғни сөз арқылы қайта жаңғыртылады. Естің түрлері:

а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту(коньки тебу, жазу, оқу).

б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.(9-мамыр, наурыз)

в)Бейнелі ес — заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.(музыкант, суретші)

г)Сөз логикалық ес — бұл адамның ойының түрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз(ұғым, пікір, ой).
3.Халық музыкасы және оның композиторлар шығармашылығына әсері
16 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:1) Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);2) заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);3)рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);4) бұқаралық ақпарат құралдары;5) педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.Жаттығу әдісі оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

2.Ойлау. Ой әдістері

Ойлау- таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Ол адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмай-ды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.

Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатындықтан, адамда ойлау әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау- құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу; біріктіру- құбылыстың барлық элементтерін жинақтау; салыстыру-заттар арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты белгілеу; абстракциялау- елеулі қасиеттерін бөліп алу. Ойлау әдістерінің ең күрделі түрі болып табылады. Нақтылау- жеке ұғымдарды түсіндіру; қорыту- құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру.


3.Бейнелеу өнері сабағын өткізуде көрнекіліктердің маңыздылығы
17 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Мұғалім-сынып жетекшісінің міндеті мен қызметі.

Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
•  балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;•  өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;•  оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;•  сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;•  ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;•  өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
•  тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;•  оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;•  ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
•  мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
Коммуникативтік:•  оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;•  "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;•  ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:•  баланың денсаулығы;•  отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;•  баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;•  мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;•  үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;•  моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;•  еңбекке көзқарасы;
2.Балада ойлаудың дамуы

Мұғалім оқушыларға білім беру, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Мұғалім сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының ойлануына мүмкіндік беруі керек. Балалар мектептен тыс кезде радио, теледидар, жанұядағы әңгіме, кітаптармен таныс болуы қажет. Сабақ өткізген кезде оқулықта жазылғандармен ғана шектелмеу керек. Қосымша ғылым, техникалық құралдармен жұмыс жасап, оқушыларды таныстыру қажет. Білім молайған сайын адам ақыл-ойы дамиды. Логикалық сыни көзбен қарауға үйрету керек. Өзінің атқарған жұмысына бақылау жасап, баға беруі және өз пікірін дәлелдей алуы тиіс.

3.Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс технологиясы
18 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Мектеп басшыларының қызметі

Мектепте жалпы басшылық ету. Мектеп кеңесінің (Педагогикалық кеңесті) басқару, жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру;•    мектеп жұмысын жоспарлау;•    оқу және тәрбие жұмысындағы мектеп, отбасы, жұртшылықтың ынтымақтастығын тексеру және орнату;•    ата-аналар комитетінің жұмысын қадағалау;•    мектеп директоры орынбасарларының жұмысына басшылық ету және оны бақылау;•    оқытудың барысын және оқушылардың білім сапасын бақылау;•    мектеп кітапханасымен жұмыс;•    мектептің шаруашылық және қаражат жұмысын бақылау;•    мектепшілік бақылау жүйесіне басшылық жасау;•    мектеп директоры жанындағы мәжілісті өткізу;•    мектеп асханасымен жұмыс;•    демеуші мекемелермен байланыс орнату;
•    баланың денсаулығына қамқорлық жасау;•    техникалық қауіпсіздік талабын орындауды қадағалау;•    халық арасында педагогикалық білімді насихаттау.
2.Сөйлеу. Балада сөйлеудің дамуы

Сөйлеу- тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы және сана мен ойдың көрініс формасы. Адам санасының басты белгісі. Сөйлеу ойлы да мәнерлі болуы керек. Әйтпесе ол көздеген мақсатына жете алмайды. Адам өмірінде сөйлеу маңызды рөл алады. Себебі адам сол арқылы өз ойын жетілдіру, қоғамды тану, адамдармен қарым- қатынас жасау үшін пайдаланады.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересектер-дің дұрыс және

мағыналы сөйлеуі үлкен әсер етеді. Өйткені бала-лар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен

сөз шығаруға талпына бастайды. Ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөздерінде

байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни балалардың «тіл сезімі» күшті болады. Баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі – 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Отбасында баланың сөйлеу әректінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хаттанып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалрдың ана тіліндегі сөздк қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Балалардың сөйлей бастаған кезден бастап оларды дұрыс, анық дәл сөйлеу алуынаерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу) ата –аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл аударатын мәселесі.


3.Кестелік көбейту және бөлу. Ауызша көбейту және бөлу
19 Мемілекеттік емтихан билеті.

1.Отбасы, мектеп, жұртшылық

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары : ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Жұртшылық. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады.
2.Қиял. Қиялдың түрлері

Қиял —тек адамға ғана тән психикалық процесс. Ол заттар мен қүбылыстардың образдарын қайтадан жаңартып, өндейді. Әр адамның қиялы оның қызығулары мен қасиетгеріне, алға қойған мақсатына байланысты болып келеді. Мазмұны мен формасы адамның жас және білім тәжірибесіне де байланысты. Қиял адамның өскен ортасына, табиғатына , жер-суына байланысты. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Ырықты қиял - адам алдына белгілі бір мақсат қою. Ол 3 бөлінеді: Қайта жасау қиялы –біреудің жазған-сызғанына қарап соны өңдеп, толықтырады; Шығарм қиял - өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу; Арман - болашаққа бағытталған қиял. Әрбір адам болашағы туралы армандамай білуі қажет. Бұл қиял ойын әрекетінде анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, мұғалім т.б. ойнаған кезде олар еңбектенеді, ал ырықты қиял еңбектену процесінде жақсы дамиды